Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломдык жумыс. Калмырзаев Н.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.92 Mб
Скачать

2.4 Мембраналы компрессорлардың түрлері, конструкциясы

Компрессордың сыртқы бейнесі 2.5– суретте көрсетілген. Бұл машина конструкциясының кемшілігі мембраналы блоктардың бірінің үстіне бірі орналасқаны болып табылады, ол өз кезегінде жөндеу және мембрана мен клапандарын ауыстыру кезінде олардың бөлшектеуін қиындатады. Сонымен бірге, компрессор өзінің төмен шапшаңдығымен ерекшеленеді.

2.5-суретте Корблен фирмасының жоғары қысымды оттекті компрессоры көрсетілген. Жұмысшы сұйық ретінде бұл компрессорда сабынды су эмульсиясы қолданады.қозғалыс механизмін майлау гидрожетектен бөлінген. Бөліп тарату тегерік орталық бөлікте қосымша таңбалы тіректеге ие. Тұрқы-рюмка құйылған болаттан, цилиндр күпшесі қоладан жасалған, ол рюмканың жонып өңделген жеріне баспақталған.

2.5-сурет. Корблен фирмасының жоғары қысымды оттекті компрессоры

Екі сатылы компрессорлар V-типті немесе горизонтальды түрде орындалады. 2.6-шы суретте Корблен фирмасының V-типті екі сатылы компрессоры көрсетілген.

2.6-сурет. Цилиндрі V –типті орналасқан екі сатылы компрессор

Өте жоғары қысымды сығу компрессорлары көп жағдайда тік түрде орындалады. 2.6-шы суретте Корблен фирмасының 100 МПа (1000 кГ/см3) артық қысымға арналған сығу компрессоры көрсетілген.

Горизонтальды типті мембраналы компрессорлар бірқатар конструктивті артықшылықтарға ие, оның ішінде жоғары сыйымдылығын атап өту керек.

2.7-ші суретте өнімділігі 5,6 л/с (20 м /сағ.), қысымы 20 МПа (200 кГ/см2) нейтрал газдарды сығуға арналған МК-20/200 екі сатылы мембраналы компрессоркескіні көрсетілсе, ал 2.7-ші суретте – бұл компрессордың ішкі қимасы. I сатының мембраналы блогындағы газ 1,3 МПа (13 кГ.см2)дейін сығылады, содан соң аралық тоңазытқыштан өтіп, II саты блогына түсіп (20 МПа (200 кГ/см2) дейін қысылады. Бұл компрессордың сипаттамалы ерекшелігі картерде электро қозғалтқыштың орналасуы болып табылады. Мембраналардың кішкентай көлемде болған жағдайда горизонтальды компрессорлар пайдалану кезінде өздерін жақсы жағынан көрсетті.

2.8-сурет. Хофер фирмасының горизонтальды екі сатылы компрессоры

2.7-сурет. Горизонталь компрессор МК-20/200

2.8-ші суретте Хофер фирмасының өнімділігі 7,2 м3 (26 м3/сағ.), қысымы 15 МПа (200 кГ/см ) болатын горизонталь екі сатылы компрессор көрсетілген.

2.9-ші суретте – екісатылы сығу компрессор көрсетілген. Бұл екі машинада да жоғарыда сипатталған мембраналы блоктардан ерекшеленеді.

2.9-сурет. Хофер фирмасының екі сатылы сығу компрессоры

2.10-шы суретте 8 МПа артық қысымға арналған циркуляциялық компрессор көрсетілген.

2.11-ші суретте дифференциал піспегі бар мембраналы блок көрсетілген.

2.12-ші суретте өніміділігі 1 дм3/с(3,5 м3/сағ) жуық МК-3,5/38 компрессоры көрсетілген.

2.13 – суретте осы компрессордың сыртқы түрі көрсетілген. Ол циркуляциялық ретінде қолданылған. Бұл конструкцияның айрықша ерекшелігі кулиса типті қозғалыс механизмі болып табылады, бұл крейцкопфтан бас тартуға және машина ұзындығын қысқартуға мүмкіндік берді. Қозғалтқыштың компрессор кратеріне орналасуы өте шағын агрегат жобалауға мүмкіндік берді.

Горизонтальды компрессорлар аз биітктікте болады және қызмет көрсетуде ыңғайлы. Алайда мембраналардың қозғалысына сұйықтың ауырлық күшінің әсер етуі оларды қолданыста шектейді, олар тек кіші көлемді мембраналарда қолданады.

2.10-сурет. 8 МПа артық қысымға арналған циркуляциялық компрессор

Майлауды қажет етпейтін жоғары өнімді компрессорларға деген сұраныстың өсуіне байланысты соңғы жылдары компрессорлардың теңдесі жоқ конструкциялары шығарылған, ондай компрессорларда соңғы саты ретінде мембраналы блок, жұмыс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін металл емес мембраналары бар мембраналы компрессорлар қолданған.

2.11-сурет. Дифференциал піспегі бар мембраналы блок

2.12-сурет. МК-3,5/38 компрессорының жалпы түрі

2.12-ші суретте өнімділігі 33 дм3 (120 м сағ), қысымы 35 МПа (350 кГ/см2) Корблен фирмасының комбинирленген тік бұрышты компрессоры көрсетілген.

2.13-сурет. Мембраналы-піспекті компрессор

Компрессордың I және II сатысы тік қатарда құрастырылған. Олар тығыздалған піспекпен және тефлон негізіндегі композициядан тұратын соташықтардан жасалған. III саты горизонтальды, ол гидрожетегі бар мембраналы компрессор.

2.14-сурет. Резеңкелі мембраналы екі сатылы компрессор

2.14-ші суретте екісатылы компрессор көрсетілген, оның мембраналары жоғары иілгіш қасиеттерге ие, арнайы термо- және майға берік резеңкелерден жасалған. Компрессор 26 тең қысым қатынасына есептелінген. Резеңкенің жоғары иілгіш қасиеті мембрана диаметрінің қатынасын 10 иілуге дейін жеткізді, ал ол компрессордың өнімділігін күрт көтерді [1].