- •Мембраналы компрессорлардың жұмыс теориясы, қолдану облысы және құрылымы
- •1.1 Мембраналы компрессорларға сипаттама
- •1.2 Мембраналы компрессорлардың типтері және құрылымы
- •1.3 Мембраналы компрессорлардың жұмыс істеу теориясы
- •Мембраналы компрессордың конструкциясы
- •2.1 Бір сатылы тік компрессор мк-25/6
- •2.2 Мембраналы бір сатылы компрессор
- •2.3 Мембраналы екі сатылы компрессор
- •2.4 Мембраналы компрессорлардың түрлері, конструкциясы
- •3 Теориялық және нақты жұмыс үдерістері. Беріліс еселіктері
- •3.1 Теориялық жұмыс үдерістері
- •3.2 Нақты жұмыс үдерістері
- •3.3 Беріліс еселіктері
- •4 Негізгі элементтерді (бұлғақ, піспек, иінді білік) беріктікке, қатаңдыққа және төзімділікке есептеу
- •4.1 Біліктердің есептік сүлбесі
- •4.2 Беріктікке есептеу
- •4.3 Біліктердің диаметрлерін есептеу
- •4.4 Біліктердің құрылымы
- •5 Арм жүйесімен жүргізілген есептеу жұмысы
- •5.2Apm shaft туралы қысқаша деректер
- •5.3 Арм Shaft жүйесімен білікке күштерді, иілу жəне бұралу моменттерін беру
- •6.3 Нeгiзгi қopлapдың aмopтизaцияcы бoйыншa eceбi
- •6.9 Будың шығыны
- •6.12 Кәciпopынның экoнoмикaлық тиiмдiлiгi eceбi
- •7.2 Ұйымдacтыpу шapaлapы
- •7.3 Қaуiптi жәнe зиянды өндipicтiк фaктopлapды тaлдaу
- •7.4 Өндipicтiк caнитapия жәнe eңбeк гигиeнacы
- •7.11 Тexникaлық қызмeт көpceту цexтaғы aдaмдapды көшipу (эвaкуaциялaу)
- •Қopытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Мембраналы бір сатылы компрессор
Бөліп таратушы тегерік астында жұмыс сұйықтығын салқындатуға қажетті икемді тұтік-тоңазытқыш орналасқан. 2.1-ші суретте МК-25/6 екі компрессорынан тұратын, өнімділігі 14 дм3/с (50 м3/сағ) болатын, 0,6 МПа (6 кГ/см2) қысымы бар УМК-50/6 қондырғысы көрсетілген. Екі компрессор да жалпы рамада орнатылған бір электр мотормен қозғалысқа келеді.
2.2-сурет. УМК-50/6 компрессорлы агрегаты
МК-25/6 және МК-20/12-200 компрессорларының қозғалыс механизмінің бөлшектері, картерлері және компенсациондық сорғылары бірдей. Газбен жанасатын бөлшектеріне қажетті материалдарды қолданған жағдайда агрессивті және токсинды газдарды сығу үшін екі компрессорды да қолдануға болады.
2.2-ші суретте көрсетілген УМ К-50/6 құрылғысы агрессивті газдарды сығуға арналған.
2.3-сурет. Сығуға арналған бір сатылы тік компрессор
МК-20/12-200 компрессорын сорудың түпкі қысымы 20 МПа аспайтын шамамен 17 қысым қатынасындағы өнімділгі төмен бір сатылы компрессор ретінде қолануға болады.
2.3-ші суретте оттегіні сығуға арналған тік бір сатылы компрессор көрсетілген. Бұл компрессорда жұмыс сұйықтығы ретінде сабынды су эмульсиясы қолданылады. Гидрожетек тығынжылы сальникпен тығыздалған және компрессордың картерінен соташық сальнигімен бөлінген.
Қозғалыс механизмі картердің төменгі бөлігіне құйылатын маймен жағылады және жағылған май қозғалыс механизмінің айналмасы бөліктеріне шашырайды. Компенсационды сорғы бактан эмульсияны сорып алады және оны трубка бойынша мембраналы блокқа жібереді, одан қысымды шектегіштен қайтадан бакқа түседі.
Тығынжыл мен соташық сальниктері резеңке сақиналардан тұрады, олардың әрқайсысы серіппелі білезікпен қысылады. Тығынжыл сальнигінің жұмысын бақылау үшін әйнектеп қойылған терезелер қарастырылған, олар тығынжыл сальнигін соташық сальнигінен бөліп тұрады. Тығынжыл және күпше арнайы қоладан жасалынады.
2.3 Мембраналы екі сатылы компрессор
2.4-ші суретте өнімділігі 0,7 дм3/с (2,5 м3/сағ), 20 МПа (200 кГ/см2) қысымы бар МК-2,5/200 екі сатылы тік компрессор көрсетілген. Біліктегі қуаты 1,54 кВт, біліктің айналу жылдамдығы шамамен 25 рад/с (250 айн/мин). Компрессор бейтарап газдарды сығуға арналған. Жұмыс сұйықтығы – минерал май. Машина картері құйылған шойыннан, алайда, сонымен қатар дәнекерленген болат конструкция қолданылады. Мембраналы блоктардың I және II сатылары бірінің үсітне бірі бекітілген. Мембраналы блоктың I сатысының тұрқы-рюмкасы машина картеріне бекітіледі. II сатының бөліп тарату тегеріктің астына майды жеткізу үшін блок тұрқысында саңыраулар бар.
2.4-сурет. Екі сатылы МК-2,5/200 мембраналы компрессор
Гидрожетектің піспегі сатылы болып келеді. Мембраналы блоктың I сатысының тұрқысындағы саңылаулар арқылы май бөліп тараут тегерік астына келеді. II сатының цилиндрінен май II саты тұрқысына жеке-жеке құбырлар бойынша келеді. Эксцентриктен иінді оттекті білікте екі компенсационды сорғылар қозғалысқа келеді, олар I және II саты блоктарына майды жеткізеді. Қысымды шектеуіштен кейін май картерге қозғалыс механизмін майлауға түседі.
Салқындататын су май тоңазытқышына беріледі, содан соң саты аралық тоңазытқышқа салқындауға барады, одан әрі қарай II сатылы мембраналы блокқа түседі. II саты блогынан өтіп, су I саты блогының тұрқысына құйылуға өткізіледі. Картердің төменгі бөлігіндегі май сыртынан сумен шайылып тұратын икемді түтікті типті тоңазытқышқа құйылады. Клапандар өзігігнен әрекет етеді, сақиналы және пластинкалы, әр мембраналы блокта соратын және ығыстыратын болып келеді,
Аралық тоңазытқыш икемді түтікті типті сатылар арасында орналасқан, газ құбырлар арқылы жүреді.
