14 Билет.
1. . Тұрмыстық кызмет көрсету саласындағы дизайн интерьерін ұйымдастыру. (Тұрмыстық кызмет көрсету мекемелерінің мысалында). қонақ үйдің ішкі көрінісіне интерьер дизайны маңызды рөл атқарады. Қонақ үйдегі ішкі көрінісін интерьер дизайны арқылы безендіреді. Қоршаған заттың ортада жамандық пен жақсылықты айыруға үйретеді - ал бұл аз нәрсе емес. Қонақ үйдің ішкі көрінісі интерьер дизайнының пластикалық түрінің, сонымен қатар дизайнның заңдылықтарын меңгерген, тіршілікті және заттық ортаның формасын сана-сезімімен түйсінетін адам эстетикалық дамымаған жандарға қарағанда бірқатар артықшылыққа ие: жақсы заттарды таңдау, көркемдік - қайталанбас заттар, заттық ортаны тудыру «Дизайн» термині біздің өмірімізге салыстырмалы түрде кейін пайда болған. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі-суреттеу, салу мағынасын береді. Бұдан бұрын «Дизайн» айналысатын заттарды проектілеу «Көркемдік құрастыру» деп аталалды, ал заттарды тудыру теориясы «көркемдік техникалық эстетика». Осыдан келіп «Дизайнер» - суретші - конструктор, «Дизайн - форма» - заттың сыртқы формасы және т.б. түсініктер пайда болды. Түрлі безендірулер, тақырыптық көрме, плакат т.б. - осылардың бәрі де көркем шығарма. Мұнда да композициялық заңдылықтар бейнелеу өнеріндегімен бірдей, мұнда сондай-ақ нәзік көркемдік талғам мен шығармашылық көзқарас талап етіледі, сондықтан да бұл салада нағыз жетістіктерге ие болудың қиындығы кейде сурет салудағыдан, картина жазудан немесе мүсіндеуден ешбір кем соқпайды. Көркем безендіру жұмысы қиялдауды, дарындылықты, шеберлікті талап ететін өнер саласы. Композиция жағынан қызықты, әдемі бояулар үйлесімі, сәтті шыққан шрифітері бар плакат немесе тіпті жанды жарнама жасау тәп-тәуір этюд салғаннан жеңіл емес, әлдеқайда қиынырақ. Көркемдік безендірудің қоғамдық өнердегі алар орны зор және солай болып қала береді. Бейнелеу өнері кәркемдік безендірумен терең байланысты, оларды бір бірінен бөліп қарауға болады.
2. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.
Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.
3. Дизайн агылшынша design-ойлар шығару ,жоспарлау,мақсат дегенді білдіреді, яғни шығармашылық жұмыс. Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.Пәтер интерьерін қалыптастыру мәселесіне арналған кітаптар шығарылады, журналдарға мақалалар басылады, көрмелер ұйымдас-тырылады, ал көрмелерде осы заманғы пәтер интерьерлерінің макет үлгісі және жиһаздың, жабдықтың, әшекейдің, жабдықтауға қажетті басқа да элементтердің ең жақсы өнеркәсіптік үлгілері көрсетіледі.
