Қалыпты және қалыпсыз сабақ.
Қалыпты сабақ түрлері көп. Ол әбден жетілген, бірнеше сыннан өтіліп, экспериментік нәтижесі қалыптасқан негізгі сабақтың түрлері жатады.
Қалыпты немесе дәстүрлі сабақ түрлері:
Жаңа сабақ
Бекіту сабағы
Пысықтау сабағы
Қорытындылау сабағы
Жинақтау сабағы
Жаттығу сабағы
Аралас (біріккен) сабақ
Есепке алу сабағы
Лекция
(дәріс сабағы)
Практикалық сабақ ЖОО өтілетін сабақ
Лабораториялық сабақ
Мектеп практикасында жүргізілетін дәстүрлі сабақ түрлері
Жаңа сабақты түсіндіру
Бекіту сабағы
Жаттығу сабағы
Есепке алу сабағы
Қайталау сабағы
Түзету сабағы
Тексеру сабағы
Бақылау сабағы
Пысықтау сабағы
Жинақтау сабағы
Талдап – қорыту сабағы
Аралас сабақ (бірікке сабақ)
Сын сабақ т.б.
Бұл сабақтар әбден қалыптасқан, жылдар бойы эксперименттен өтілген, нәтижелері әбден анықталған, білім саласында әбден көрінген сабақ түрлері, сондықтан оларды қалыпты сабақ делінеді.
Қалыпты немесе дәстүрлі сабақ дегеніміз – бұл сабақтың әрқайсысының өзіндік құрылысы ба, мақсаты бар, міндеті бар, белгілі бір жүйеде жүргізілетін сабақ. Яғни өз ретімен, бір бағытпен жүретін сабақ. Мысалы, үй тапсырмасын сұраудың өз жүйесі, өз реті бар, жаңа сабақпен байланысатын сұрақтар қойып, сабақтың түсіндіру жүйесі арқылы жүргізіледі. Мұның өзінің өз алдына жұмысы жасалады.
Қалыпсыз немесе дәстүрлі емес сабақ түрлері:
Сайыс сабағы («Болашағымыз – білімді ұрпақ»)
Саяхат сабағы («Тіл жеткізбегенді үн жеткізеді»)
Сын сабағы («Ел болам десең, бесігінді түзе»)
Танымдық сабағы («Елдіктің, ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай»)
Аукцион сабағы
Дует (кіріктіру) сабағы
Понорамалық сабақ (үзінділермен көрсету)
Интеграциялық (кіріктіре) оқыту
Дифференциалдық (саралап) оқыту
Қалыпсыз немесе дәстүрлі емес сабаққа мұғалімнің іс-тәжірибесіндегі ойлап тапқан түрлі-түрлі шығармашылық әдіс-тәсілдері, амалдары жатады. Бұған арнайы сағат бекітілмейді.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Саяхат сабағы экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді. Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия нәтижелері сыныпта шығарылады. Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10 оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут.Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар оқылады. Мұғалім алдын ала экскурсия болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын анықтап, экскурсияның мақсатын және міндеттерін, түрін және құрылымын анықтайды, оқушылар үшін проблемалық сұрақтар, тапсырмалар әзірлейді, экскурсияның әдіс, тәсілдерін белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды, блокнот, қарындаштарды, гербарийлерге арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты) әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік ережелерін, өзін-өзі ұстау жөнінде айтады , экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді. Кіріспе әңгімеде мұғалім экскурсияның мақсатын айтады, содан кейін оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды. Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ өткізуге болады. Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан, оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру керек.
Алғашқы сабақ – әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы – жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
Қайталау-қорыту сабағы – өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Аралас сабақ – жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету сабақтары.
Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
