40Сұрақ-Болымды және болымсыз етістіктері. Болымсыздық мағынаның берілу жолдары .
Етістіктің болымдылық, болымсыздық мағынасы – бүкіл етістік атаулыға қатысты жалпы грамматикалық мағына. Сондықтан ол етістіктің өзінше жеке категориясы болып саналады. Грамматика категориясы болу үшін грамматикалық мағынасы болу керек. Бұл шартқа етістіктің болымды болымсыздық категориясы жауап береді. Өйткені оның өзіндік 2 мағынасы бар.ол болымды және болымсыздық мағына. Тілді болымдылық мағына 0 дік жұрнақта арқылы беріледі де ,болымсызыдық мағына –ма,-ме,-ба,бе,-па,-пе жұрнағы арқылы жасалынады. Қарама қарсылы мағыналы болымды ,болымсыз етістіктер синтетикалық және аналитикалық жолмен жасалады.
Етістіктің болымсыздық мәнін беретін аналитикалық жолдары бартап айтқанда, -ған,ген,-қан,кен, тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің ған,ген,-қан,кен, -атын, -етін,итін, -ар,-ер,р, -мақ, мек, бақ –пек, тұлғалы негізгі етістіктерге емес, көмекші етістігі тіркесіп жасалады. Қарама қарсылы мағыналы болымды ,болымсыз етістіктер синтетикалық және аналитикалық жолмен жасалады.
а) Синтетикалық тәсілмен етістіктің болымсыз түрінің жасалуы Іс қимылдың болуы болмауы –ма,-ме,-ба,бе,-па,-пе қосымшасына қатысты.
Б) Аналитикалық тәсілмен етістіктің болымсыз түрі іс әрекеттің орындалу , орындалмауы жалғыз жұрнақ арқылы емес, тіркес арқылы да болады. Болымсыздық категориясы етістіктің лексика-грамматика категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады: 1,бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, онымен омоформа жасайды;
2.тікелей жіктелмейді;
3.сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есміше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.
Болымсыздық қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-йжүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістікке бірдей жалғанса, онда ол болымдылық мәнді білдіреді де әдеттегі болымдылықтан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б Профессор С.А.Аманжолов қазақ тіл білімінде бірінші рет сөйлемнің болымсыз түрін атайды... М.Балақаев, Т.Қордабаев авторлығымен шыққан «Қазіргі қазақ тілі» (синтаксис) еңбегінде (1966) хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерге ортақ болатын сөйлемнің түрі болымды, болымсыз деп бөлініп, болымсыз сөйлемнің жасалу жолы, оның негізінен баяндауыш формасына қатысты екені көрсетіледі. Т.Әбдіғалиева «Қазақ тіліндегі болымсыздық мағына және оның берілу жолдары» атты мақаласында (1975) етістіктің болымсыздық түрі туралы былай дейді а)басқа тілдердегідей қазақ тілінді болымсыздық мағына тіл тарихында көне түріне жатады оғын түркі тілдерінің жазба ескерткіштері тілінде кездесетін болымсыздық жұрнақтар дәлел болса; б)тілдегі болымсыздық мағына лексикалық және грамматикалық сипатқа ие болады.
Ы.Маманов еңбектерінде толығырақ мәлімет берілгендігін атап көрсетеді. Ы.Маманов етістіктің болымсыз түрінің үш вариантының (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; -емес, жоқ) арасында әрқайсысының өзіне тән семантикалық ерекшелігі барын аңғара білген. Сондай-ақ етістіктің болымсыздық жұрнақтарына байланысты айтқан тағы бір маңызды тұжырымы – ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшаларының сөзге жалғану ретімен байланысты айтылған.
Болымсыздық мағына етістікпен қатар сөз таптары арқылы да көрінеді. ЫСқақов оның ішінен сын еіммен етістікке қарсы қарастырып, -сыз,-сіз – есім сөздерден болымсыздық мағынаны білдіретін қосымша.осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы –лы,-лі формасы тіркесіп, жасалып заттың жоқтығын білдіретін сын есім жасайды. 41-сұрақ Сөз тіркесі .Сөздердің байланысу формалары мен тәсілдері Синтаксистік қатынас пен түрлері ,тіркесу қабілеті. Сөз тіркесінің негізгі белгілері : а)кемінде толық лекикалық мағынаны екі сөзден құралады б)ол сөздер бірі екіншісіне сабақтаса мағыналық және синтаксистік байланыста айтылады.яғна басыңқы және бағыныңқы компоненттерден құралады. С) өзара тіркескен сөздер белгілі синтаксистік қатынаста жұмсалады.Сөз тіркесі дегеніміз – толық лексикалық мағыналы сөздердің байланысқан тобы. Мыс қызық кітап деген тіркесті алсақ, қызық сөзінің лексикалық мағынасы -белгілі сапаны білдіреді. Ал грамматикалық мағынасы сапалық сын есім екендігі,кітап сөзінің лексикалық мағанасы –оқулық,басылым, грамматикалық мағынасы зат есім,атау септігі.Көркем әдебиеттерде жаралы жүрек, асау сезім, тәтті қиял деген сөздер бұлар бір заттың қасиетін бір затқа теңеу сияқты тіркестер.
Сөздердің өзара синтаксистік топ құрау үшін әртүрлі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысып, синтаксистік қатынасқа түседі. Қазіргі қазақ тілінде өзара жалғаулар арқылы ,кейде жалғаусыз арқылы байланысады.3 түрге: 1) Синтетикалық байланысу – сөздердің жалғаулар арқылы байланысу тәсілі. Қазақ тілінде сөз бен сөзді байланыстырушы жалғаулар көптік ,септік,жіктік болып бөлінеді.Ослардың ішінде ерекше қызмет атқаратыны -септік жалғаулар.
Септік жалғаулар сөз тіркесінің басыңқы сыңарына жалғанып, сөздердің грамматикалық мағынасын анықтайды.М.кітаппен дайындалды,есікті ашты.
Тәуелдік жалғау матаса байланысатын сөздің бағындырушы сыңары болып, бағыныңқы сөздіңілік септік тұлғасында тұруын талап етеді. М менің республикам, әжемнің әңгімесі сенің тілегің.
Көптік жалғаулары сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының қиыса байланысуына қызмет етеді.Сіздер жассыздар , бұлар – студенттер.
Жіктік жалғаулары сөйлем ішінде баяндауыштың жақтық тұлғасына көрсетіп, оны бастауышпен предикаттық қатынаста байланысып тұрады. Мен оқыдым, сен келдің, біз көрдік.
2) Аналитикалық тәсіл арқылы байланысу, түрлері . а) сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілі. Сөздердің белгілі тәртіппен орналасу арқылы бірінші оның синтаксистік байланысы белгіленеді , екіншіден , сөздердің синтаксистік қатынасы және мүшелік қызметі айқындалады. Сөз тіркесінің едәуір бөлігі ешбір қосымшасыз сөздер тобын құрайды. Алтын сағат,бес саусақ.
б)Сөздердің шылаулар арқылы байланысуы. Синтаксистік сөз тіркесін құрау септеулік шылаулар арқылы құрылады. М оқу үшін келдік, апта сайын барамыз.
с) Интонация арқылы. Айтылатын ойдың түсінікті болуында әр сөйлемнің, жеке сөздің , сөз тіркесінің тиісті әуенмен, дауыс ырғағымен айтылуы.Айтылу жағынан ритмикалық топ құрап, кей сөздерге ой екпіні түседі. Мыс. Көрші үйдің ауласынан шыға келді.Интонация тәсілі негізі бастауышпен баяндауыштың арасында көбіне қолданылады. Бұл – институт
3).Аналитика –синтетикалық тәсіл – бұл екеуінің аралас келген түрі. Бұл тәсілге сөздердің әрі септік жалғауы арқылы ірі шылау арқылы байланысу тәсілі арқылы жатады. М.Мектепке қарай жүрді (Барыс с+шылау). Профф. Балақаев бағыныңқы сыңардың септік жалғауы түсіріліп айтылуын осы тәсілге жатқызады.М.Алматы__ бардым,асқар__ тау көрдім.
Сөздердің байланысу түрлері:а)Қиысу – бағыныңқы мен басыныңқы сөздердің грамматикалық мағынасы мен тұлғасына қарай бейімделе байланысуы. Қазақ тілінде қиыса байланысу бастауыш пен баяндауыш қиысуы 2 түрлі : жалғаулы қиысу (мен келдім, сендер келдіңдер) және жалғаусыз қиысу (сен бар,ол келді ) б) Матасу – сөз тіркесіндегі басыныңқы және бағыныңқы сыңары бір біріне бейімделе , іліктесе байланысуы .Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысады.с) Меңгеру барыс ,табыс,шығыс,жатыс,көмектес септіктерінің жалғаулары арқылы жасалады. Меңгеретін сөз етістік, есмідік болып келеді. Маған уәде берді, көктемді жақсы көремін. д)Қабысу сөздің ешбір жалғаусыз тек іргелес орын тәртібі арқылы байланысу формасы. Көбіне анықтауыштық қатынасты білдіреді.жаңа үй,қызық кітап.е)Жанасу сөз тіркесінің алшақ тұрып та, жалғаусыз іргелес тұрып та байланыса береді.
Синтаксистік қатынас дегеніміз сөздер байланысының негізінде жасалған сөйлем құрылысындағы ұйымдастырушы тілдік тәсілдер. Яғни сөйлем құрудың ең басты тәсілі. Жеке сөздер болсын ,сөйлемдер болсын әрқайсысы синтаксистік қатынасқа түсіп, жұмсалады.Ол 2 түрлі ыңғайда болады :синтасистік единицалардың салаласа байланысуы оған:сөйлемнің біріңғай мүшелерінің арасындағы қатынас,және салалас құрмалас сөйлем компоненттернің арасындағы қатынас жатады.
а)және сабақтаса (бағына)байл. Оған :сөз тіркесіндегі басыныңқы және бағыныңқы сыңарлар арасындағы қатынас және сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы қатынас жатады. Бұдан басқа сабақтаса байланысу арқылы жасалған синтаксистік қатынас түрлері:
а) предикаттық қатынас(бастауыш-баяндауыш)
б)атрибуттық (анықтауыштық қатынас) Баласы оқитын мектепке әкесін шақырды
с) объектілік (толықтауыштық қ)
е) адвербиалдық (пысықтауыштық қ) тез жетті ,амалсыздан кетті
42 сұрақ Сөйлем және оның негізгі белгілері. Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.[1]Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.
Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;
Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;
Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;
Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;
Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.
Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:
Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;
Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.)Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:
Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;
Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.
Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.
Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемнің жасалуы[өңдеу]
Сұраулы сөйлемнің жасалуы:
сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;Лепті сөйлем[өңдеу]
Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.
Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.
Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мә
ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады. 55. Құрмалас сөйлем – синтаксистік тұлға. Оның грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі не одан көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем. Грамматикалық сипаты: Жай сөйл.ң бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай құрмаласуы – қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тәсілі. Бағыныңқы компонент баяндауышы төменгі формаларда тұрады: 1. Көсемше тұлғасынан; 2. Есімше; 3. Шартты рай және басқа етістік формалары. 1.КӨСЕМШЕ АРҚ.Ы ҚҰРМ.Ы. Көсемше – етістіктің тиянақсыз түрі болғандықтан, құрмалас сөйлемнің баяндауышы болып келген бөлшегін екінші компонентке бағындыра байланыстырады да, ол бөлшектерлдің бірлікте, тұтастықта болуын қамтамасыз етеді. Сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы есебінде ең жиі қолданылатын көсемшенің тұлғасы –ып, -іп, -п, сөйлемде тек тұлғалық жағынан өз дербестігін сақтап басыңқы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады. Жай сөйл.і құрм.да –а,-е,-й жұрнақты көсемше де қатысады. Ал –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көс.е сирек қолд.ы. 2.ЕСІМШЕ АРҚ.Ы ҚҰРМ.Ы. Бұл қызметте жиі қолд.н есімшелер: -ған,-ген,-қан,-кен. Бұл ес.р бағыныңқы комп.т баяндауышы қызм.е мынандай тұлғаларда және мағыналық қатынастарда қолд.ы. 1.Жатыс септік жалғаулы ес. (мезгілдік мағ, шартты мағ.а). 2.Көмектес септік тұлғалы ес. (өарсылықты мағ.а) 3. –ша,-ше жұрн.ы есімше (мезг.к қатынасты, салыстыру мәнінде 3.ШАРТТЫ РАЙ АРҚ.Ы ҚҰРМ.У. Жіктік жалғауы өзі жалғанға сөзге тиянақтылық беретін форма деп танылғанымен, шартты рай тұлғасына жасалғанда бұл қасиеті сақталмайды. Сіз сүңгіп көрсеңіз, одан да көп асыл табарсыз. ШЫЛАУ.Р АРҚ.Ы ҚҰРМ.У. Жалғ.қ шылаулар: а)ыңғайл.ы білд.н:және, да,де, та, те, әрі; б)қарс.ы білд.н: бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, әйтсе де,ал, дегенмен. в)кезектестікті білд.н:бірде, біресе, кейде; г) талғаулықты білд.н: не, немес, не болмаса,я, яки, әлде. Осыған сәйкес салалас құрм.ң мағ.қ түрлері қал.н. Септ.к шылаулар. Кейін,бері шылаулары өткен шақ.ы есімше тұлғ.а тұрып шығыс жалғ.н меңгереді. Бағыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлемдегі ойға мезгілдік қатынасын білд.і. Үшін шылауы тұйық етістіктен болған бағыныңқы сөйлем баяндауышынан кейін тіркесіп, басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білд.і. Соң, сайын шылаулары есімше тұлғ.ы баянд.а тіркесіп, не себептік, не мезгілдік қатынаста қолд.ы. ИНТОНАЦИЯ АРҚ.Ы ҚҰРМ.У. Құрм.с сөйлем инт.ы тиянақты, тиянақсыз болып екіге бөлінеді. Тиянақты интонация құрм.с сөйлем құрамындағы әр жай сөйл.ғ басын қосып отырады, тиянақсыз интонация құрм.с сөйлемнің әр компонентке бөлінгендігін білд.і. Семантикалық сипаты:. Құрм. с/р құрамындағы предикатив сыңарларына қарай 2 құрамды және көп құрамды болып жікт.і. 2 құрамды құрм.р салалас және сабақтас болып бөлінсе, көп құрамды құрмаластарды көп компонентті салалас, аралас және көп бағыныңқылы сабақтас деп бөл.і.
56. Салалас құрмалас сөйлем, түрлері, ерекшеліктері Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз құрамы кемінде екі немесе бірнеше сөйлемнен құралатын, құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемді айтамыз. Олар өз ішінде жалғаулықты, жалғаулықсыз болып бөлінеді. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулық шылау арқылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы арқылы жасалып тұрғанына қарай сөйлем де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Ал құрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне қарағанда жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалық тиянақтылық басым келеді. Салалас сөйлемдер мағыналық қатынастарына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Ыңғайлас /мезгілдес/ с.қ.с. Мезгілдес немесе ыңғайлас салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде я болмаса біріне –бірі жалғаса іркес-тіркес болған, іле шала болған іс-әрекеттерді, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің байланысу жолындағы ерекшелігі болмаса, мағыналық қатынасы жағынан ыңғайлас салаластың жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі бірдей. Себеп-салдар /себептес/ с.қ.с. Бір сөйлемде айтылған іс-қимылдың, жай күйдің себебі білдірілсе, екінші сөйлем сол себептен туған салдарды, нәтижені білдіретін керісінше біріншісі нәтижені, екіншісі соның себебін білдіретін болса онда ол сөйлемдер себеп-салдар немесе себептес сөйлемдер деп аталады. Бұл сөйлемдер де бірде жалғаулықты, бірде жалғаулықсыз болып келеді. Қарсылықты с.қ.с. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне құрамындағы сөйлемдердің бірінде айтылған ой, іс-әрекет екінші сөйлемде жүзеге асқан жай-күйге, іс-қимылға қарама-қарсы келеді. Сондықтан да қарсылықты салалас д.а. Жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі болады. Түсіндірмелі с.қ.с Түсіндірмелі /іліктес/ салалас сөйлем дегеніміз-бірінші компоненті жалпылық мәнінде келіп, кейінгі компоненттерінде оның мәні не болмаса себебі себебі түсіндіріліп, сараланып келген сөйлемді айтамыз. Салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік ерекшеліктері де бар. 1.Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарып тұрған, сонымен бірге екі жай сөйлемді құрмаластырушы болып тұрған сол, соншама, соншалық, сондай сөздері өз бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалайтын қимылға, жағдайға ерекше көңіл аударту мақсатымен келесі сөйлемге сілтейді де, оның мәнісі келесі немесе екінші сөйлемде ашылады. 2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы сөйлем іс-әрекет, оқиғаны жалпы көрсетеді де, қалған сөйлемдері сол іс-оқиғаның мән-жайын ашып, түсіндіріп тұрады.3. Түсіндірмелі с.тар тек орын тәртібі арқылы ғана байланысады. Яғни жалғаулықты түрі болмайды.Шартты с.қ.с. Құрамындағы компоненттер мағыналары өзара шарттас, яғни, бірінде айтылған іс-әрекеттің екіншісі шартын білдірсе, не болмаса керісінше екінші сөйлемде берілген ой алдыңғы сөйлем шартын білдірсе, ондай сөйлемді шартты салалас сөйлем дейміз. Шартты салалас сөйлемдер ара-тұра жалғаулықты болып та келеді. Салыстырмалы с.қ.с. Бұл сөйлемдер жалғаулықсыз болып келеді. Екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай күйлерін салыстыра баяндайтын құрмалас сөйлемнің түрін салыстырмалы салалас сөйлем дейді. Талғаулы с.қ.с. Талғаулы салалас сөйлем компоненттерінде баяндалған іс-әрекет, оқиға, жай-күй талғанып, екшеліп, сол іс-әрекеттің біреуінің жүзеге асатындығы білдіріледі. Талғаулы салаластың компоненттері салалас құрмаластың басқа түрлеріндей емес, тек интонациялық жағынан болмаса, мағыналық жағыналық бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды. Сондай-ақ оның басқа салалас түрлерінен өзгешелігі құрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Кезектес с.қ.с Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Бұл сөйлем үнемі жалғаулықты болады. Сөйлем компоненттері бір-бірімен кейде, бірде, біресе сынды кезектес жалғ.р арқылы құрмаласады.
57. Cабақтас құрмалас, белгілері, баяндауыш формаларына қарай жіктелуі. Сабақтас қ.с дег.з құрамындағы сөйлемдері өзара тең дәрежеде болмай, бір-біріне тәуелді, бағына байланысқан құрмалас сөйлемдерді айтамыз. Сабақтас құрмалас сөйлемді дәл тануда субъект-предикаттық қатынас ең басты белгі болып табылады. Сабақтас құрм.ң бағыныңқы компонентін тануда төмендегідей ерекшеліктер меже етіп танылады: 1. Бағыныңқы компоненттің баяндауыш формасы есімше, көсемше, шартты рай тұлғалы баяндауыштан басқасы өз бастауыштарымен жақ жағынан біркелкі болмайды. 2. Бағыныңқ компоненттің жеке, өз алдына бастауышы болады. 3. Компоненттің белгілі мөлшерлерде сөйлемдік мағына дербестігі болады, яғни бұл компонент тұлғалық жағынан аяқталып тұрмағанмен, толық сөйлемдік мағынаға ие болады. 4. Аталған компонентте тек тиянақсыз интонация ғана болады. Түрлері: Шартты б.с.қ. Сабақтастың бұл түрінде бірінде айтылған немесе баяндалған ойдың, жай-күйдің, я болмаса қимыл-әрекеттің келесі сөйлемде қалай жүзеге асуының шарты көрініс табады. Себеп б.с.қ. Алғашқы компонентінде баяндалған іс-қимылдың, жай-күйдің себебін басыңқы компонент айқындап тұрса, немесе керісінше, басыңқы компонент істің салдарын көрсетіп, бағыныңқы компонент жай-күйдің себебін білдіретін болса, ондай сөйлемдерді себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді. Мезгіл б.с.қ. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысында көрсетілген іс-әрекеттің, қимыл, оқиғаның мезгілін, қай уақытта орындалатынын білдірсе, ондай сөйлемдер мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем деп танылады. Амал (қимыл-сын) б.с.қ Баяндалған жай-күйдің, іс-әрекеттің сабақтас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде амалын, сапасын, сынын, білдіріп тұрса, онда ол амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Мақсат б.с.қ. Басыңқыда баяндалған іс-әрекеттің бағыныңқы сөйлемі мақсатын білдіретін сөйлемді мақсат бағыныңқылы сөйлем дейді. Салыстырмалы б.с.қ. Бұл сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің баяндайтын іс-әрекет, оқиғалары салыстырыла көрсетіледі. Мезгілдес б.с.қ. Мезгілдес сөйлем компоненттерінде бір мезгілде я болмаса біріне-бірі жалғаса іле-шала, сондай-ақ сәл уақыт салып болған қимылды, көріністі баяндайды. 58. Аралас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық сипаты. Құрмалас сөйлем құрамында құрмаласудың салаласу мен сабақтасу тәсілдері бір сөйлем ішіңде қатарымен келе беретіні болады. Мысалы, Қарағандының нары биыл бүрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. Мысалдағы құрмалас сөйлем аралас құрмалас сөйлемге жатады. Өйткені оның құрамындағы жай сөйлемдер бір-бір мен салаласып та, сабақтасып та байланысып келген. Үш жай сөйлемнен құралған алдыңғы құрмаластың бірінші компоненті екінші компонентпен салаласа құрмаласқан да, екінші жай сөйлем үшінші жай сөйлеммен сабақтаса байланысқан. Осы тәріздес құрамына енген жай сейлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмала сөйлем деп аталады. Аралас құрмалас сөйлем құрамында үш немесе одан да көп жай сөйлем бола береді. Аралас құрмалас сөйлем үш жай сөйлемнен құралғанда ондағы салаласа байланысу да, сабақтаса байланысу да бір-бірден ғана болады. Ал егер ол төрт немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де бірнешеуден болуы мүмкін. Салаласа байланысу мен сабақтаса байланысу бір құрмалас сөйлем ішінде келген жағдайда, ондағы салаласа немесе сабақтаса байланысатын компоненттердің санына қарамастан бәрі де аралас құрмаласқа жатады. Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөйлемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады. Аралас құрмаластағы салаласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы; Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. Бұл айтылғандардан байқалатын нәрсе - аралас құрмалас сөйлем дегеніміз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан басқа үшінші тәсілі емес, сол негізгі екі тәсілдің — салаласу мен сабақтасу тәсілінің бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып табылады. Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз— төтенше көрініс және ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін»,— деп, Гоголь Пушкиннің орыс әдебиеті тарихындағы рөлін жоғары және соншалық әділ бағалады деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз кұрамындағы Пушкин дегеніміз—төтенше көрініс деген бірінші жай сөйлем төл сөздің еқінші жай сөйлемімен және жалғаулығы арқылы салаласа құрмаласса, төл сөздің ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған жай сөйлеммен сабақтаса байланысып тұр т.б. 59. Сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі сөз болады. Мысалы, пай-пайшы, пән-пәндес, пән-пәндік, бық-бықтыр-бықтырт-бықтырқыз, бық-быққыз. Келтірілген 3 ұяның ең азында бір сөзжасамдық жұп бар, ол пай-пайшы. Пән деген түп негізден тараған ұяда екі жұп бар: 1. Пән-пәндес, 2. Пән-пәндәк. Ал бық негізінен тараған ұяда 4 жұп бар, олар: 1. Бық-бықтыр, 2. Бықтыр-бықтырт, 3. Бықтырт-бықтыртқыз, 4. Бық-быққыз. Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады. 60. Сөзжамдық тізбек, тарам және сөзжасамдық тип пен үлгі. Сөзжасамдық ұяның мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Қазақ тіл білімінде сзжасамдық тізбек мәселесі тұңғыш "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" атты монографияда көтерілді, сөзжасамдық тізбек термині ғылыми айналымға алғаш сонда түсті. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сезжасамдық тізбек деп аталады. Сөзжасамдык тізбектің қайсысын алсақ та, оның құрамындағы туынды түбірлер бір түп негіз сөзден бастау алады. Олай болса, тізбек атаулы түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде түп негіз сөз болуы шарт. Түп негіз сөзсіз сөзжасамдық тізбек болмайды, түп негіз сөз сөзжасамдық тізбектің негізгі мүшесі. Сөзжасамдық тізбектің келесі мүшесі - түп негіз сөзден жасалған туынды түбір сөздер. Тізбектің құрамындағы туынды сөз біреу де, бірнешеуде бола береді. Мысалы, жұп-жұптық; жыр-жырла-жырлас;зар-зарла-зарлат-зарлатқыз. Осы мысалдағы 1 -тізбекте бір ғана туынды сөз бар, 2-тізбекте екі туынды түбір, 3-тізбекте үш туынды түбір бар. Бұл туынды сөздердін санының тізбекте түрлі болатынын көрсетті. Сонда тізбектегі түп негіз сездің саны тұрақты болады да, туынды сөздің саны тұрақсыз болатыны анықталды. Бұл екеуі де - сезжасамдық тізбектің негізгі мүшелері. Сөзжасамдық тізбектегі түп негіз сөз бір морфемалы сөзден болады. Ал туынды сөз екі морфемалы, я одан да көп морфемалы болып келе береді. Мысалы, ал-алым-алымды, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі деген екі тізбектің алғашқысының құрамындағы түп негіз -ал бір морфемадан тұрады, ал осы тізбектің туындылары алым -екі морфемалы, алымды - үш морфемалы сөз. Екінші тізбектегі түп негіз сөз - бәл - бір морфемалы сөз, ал осы тізбектегі бөлім - екі морфемалы, бөлімше - үш морфемалы, бөлімшелі - төрт морфемалы сөз. Бұдан тізбектің бір мүшесі ғана бір морфемалы сөз болып, қалған мүшелері екі не одан да көп морфемалы сөз болатыны анық көрінді. Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық ұяның мүшесі, бір бөлігі. Ал сөзжасамдық ұяның құрамында тек қана түбірлес сөздер болады. Өйткені сөзжасамдық ұяда тек қана бір түп негізден жасалған туынды сөздер ғана болады. Олардың бәрі бір түп негіз сөзден жасалғандықтан, сөзжасамдық ұяда тек түбірлес туынды сездер ғана болатыны түсінікті. Олай болса, сөзжасамдық ұяның құрамындағы тізбектердің бәрі де түбірлес сөздер болатыны анық. Мысалға, жүн түп негіз сөзден жасалған сөзжасамдық ұяны келтірейік. Бұл ұяда мынадай түбірлес туынды сөздер бар: жүнде, жүндел, жүндет, жүндеткіз, жүндеттір, жүндеу, жүндеуші, жүндеусіз, жүндес, жүндестік, жүнді, жүнжіт, жүнсіз, жүнше. Бір ұядағы осы туынды түбір сөздердің бәрі бір түбірден өрбіген түбірлес сөздер, олардың бәрінің құрамында түп негіз -жүн деген сөз бар. Осы туынды сөздердің бәрі бір ғана жүн деген сөзден жасалғандықтан, олар түбірлес сөздерге жатады. Бір сөзжасамдық ұядағы сөздер түбірлес сөздер болса, оның құрамындағы сөзжасамдық тізбек те түбірлес сөздерден құралады. Тізбек бірінен-бірі туындайтын туындылар болса, олардың түбірлес сөздер болмауы мүмкін емес. Сондай-ақ бір сөзжасамдық ұядағы тізбектердің бәрі де түбірлес сөздерден құралады, яғни бір сөзжасамдық ұядағы түрлі тізбектердің құрамындағы туынды түбірлердің бәрі түбірлес сөз болып та-былады, Сөзжасамдық тізбектің құрамында қанша сөз болса да, олардың бәрі бірімен-бірі мағыналық байланысы бар сөздер. Сөзжасамдық тарам (парадигма) деп тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы аталады. Мысалы, өр түп негізден жасалған ұяда 5 сөзжасамдық тарам бар, олар: 1. 1-сатыдағы: өрбі, өргіз, өрдір, өріс, 2. 2-сатыдағы: өріссіз, өрісті, өрісте, өрісшіл, өрістес, 3.3-сатыдағы: өрістел, өрістен, өрістет, 4. 4-сатыдағы: өрістік, өрістілік, 5. 5-сатыдағы: өрістетіл, өрістеңкіре. Сөзжасамдық тип деп бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы аталады. Мысалы, сын-сынақ, ат-атақ, жол-жолақ т.б.Бір сөзжасамдық типке белгілі бір жұрнақтың бір сөз табынан болған негіз сөздерге жалғанып, оларға бірдей мағына қосуынан жасалған туынды түбірлер жатады. Мысалы, қолда, майла, көзде. Бұл туынды түбірлер бір сөзжасамдық типке жатады. Олардың басын қосатын ортақ белгілері мыналар: 1) негіз сөздері бәрінде бірдей –зат есім, 2) бәрі жұрнақ арқылы жасалған, 3) туынды түбірлердің бәрінде қимыл мағынасы жасалған. Сөзжасамдық үлгі-сөзжасамның негізгі ұғымының бірі. Сөзжасамдық үлгіні анықтауда мынадай белгілерге сүйену керек:
негіз сөздің қай сөз табына жататыны;
негіз сөз бен туынды сөздің семантикалық арақатынасы;
сөз тудырушы негіз сөз бен сөзжасамдық тұлғаның сыртқы формасы мен туынды сөздің сыртқы формасының сәйкес келуі; Яғни сөзжасамдық тәсілдің бірлігі, айталық, аффикстік тәсілде сөз тудырушы аффикстің бірдей болып келуі: келе-шек, бола-шақ; оқу-шы, жүргізу-ші, жазу-шы т.б.
Сөзжасамдық тізбек-бір сөзжасамдық ұядан немесе негізгі сөзден тараған туынды сөздер тізбегі, яғни бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы. Мысалы, бөл-бөлім-бөлімше-бөлімшелі. Біл-білім-білімді-білімділік; күндіз-күндізгі-күндізгіше. 61 – сұрақ Зат есім сөздерінің туындылық дәрежесі Тілдің тұтас сөзжасам жүйесінен зет есімдік сөзжасамның алатын орны ерекше. Өйткені зат есім жасауға қатысатын жеке сөздер мен жұрнақтардың сан мөлшері өзге сөз таптарымен салыстырғанда әлдеқайда өомақты. Жасалу тәсілдеріне қарай тіліміздегі зат есімдерді негізгі 3-топқа бөліп қарауға болады. Мысалы жұрнақтық тәсіл, туынды зат есімді, сөз қосымдық және сөз қысқарымдық тәсілдер, күрделі з.е, ал семантикалық тәсіл көп мағыналы, амонимді және субстантив зат есім жасайды.
Туынды зат есім жасайтын сын есім түбірлер – қазақ тілінде үнемі сапалық сын есім болып келеді. Мысалы, аман – дық, дана – лық, кепіл –дік, өгей – лік, сақ – шы;
Т.з.е. жасайтын туынды сын есім түбірлер – қ.т-де бұлар көбінесе қатыстық сын есімнен жасалады. Мысалы, қарау – лық, толық – тық, қуаң – шылық, құрғақ – шылық, ерекше – лік, өзгеше – лік т.б.
Туынды зат есім жасайтын етістік түбірлер Етістік қ.т-де туынды зат есім жасау қабілеті жағынан ең өнімді сөз таптарының бірі. Етістік өзінің туа түбір қалпында да, туынды түбір қалпында да туынды зат есім жасай алады.
Т.з.е.ж. туа түбір етістіктер Өздерінің сөзжасамдылық өнімділігі жағынан бұлар да әркелкі. Кейбір негізгі түбір етістік бір ғана туынды зат есім жасаса, ал енді біреулері екі не одан да көп туынды зат есім жасайды. Мысалы: сыр – мақ, тая – қ, уле – с; теп- тебін, тепкі; бақ- ташы ( -ыт) –бағыт; тара – тарақ – тарау; шап - шапқы- шабуыл – шабыс т.с.с.
Етістіктің есімше түрінен жасалған туынды зат есімдер: қынжылған – дық, ұнатпаған – дық, асқан – дық, улкейген- дік т.б.
Т.з.е. жасайтын еліктеуіш түбірлер: сып-сыбыс, сып-сыпдыр, қып-қыбыр, күңк-күңкіл,қаңқ-қыңқыл т.б.
Т.з.е. жасайтын әртарап түбірлер жоқ-шы-шылық; бар – лық –шылық; көп-тік-шілік; аз – дық – шылық т.б.
Т.з.е.ж. модальді түбірлер: рас-тық, мүмкін-дік(шілік); керек-тік; аз-дық-шылық;
Т.з.е.ж. сан есім түбірлер: бір-лік-іншілік, мың-дық,жүз-дік,тоғыз-дық т.б.
Т.з.е.ж. үстеу түбірлер: басқаша-лық, өзгеше – лік, есте –лік т.\б.
Т.з.е.ж. көмекші зат есім түбірлер; аст-ар-ытр; үст-ірт т.б.
Т.з.е.ж. есімдік түбір: Өз- імшілдік –імшілік;(Оралбаева бойынша)
Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар: -шы,-ші; -шылық,- шілік; -лық,-лік, -дық,-дік,-тық,-тік; -ыл,-іл,-л; -кер, -гер: тарихшы, егінші, артықшылық,тіршілік, орындық, инелік, шикіл,қатал, дәрігер, іскер т.б.
Есімдерден зат есім тудырытын өнімсіз жұрнақтар: -дақ,-дек,-лақ,-лек,-тақ,-тек;-кеш,-паз,-қор,-қой,-қана,-стан; -т, -ат, -іт, -айт,-ейт, -паң,-қал; Мысалы: құндақ,шіңкілдек,өнерпаз, арбакеш, сызат, өткел,шатқал, құмайт т.б.
Етістіктерден з.е. тудыратын өнімді жұрнақтар: -ма,ме,ба,бе,па,пе; -ым,ім,м; -қы,кі,гі,ғы;-ыс,іс,с;-у; -қ,к,ық,ік,ақ,ек; -ынды,інді,нді.нды;-ғыш,гіш,қыш,кіш; - ыш,іш,ш; -уыш,уіш; Мысалы: саптама, бөлім, ұйытқы, тойтарыс, асу, қайрақ, көрік, шайынды, білгіш, өлшеуіш;
Етістіктерден з.е. тудыратын өнімсіз жұрнақтар: -мақ, мек, бақ, бек, пақ, пек; - мыс, міш, міс, пыш; - мал, мел,бан,бен, -ыр, ір, ар, ер, -ыт, іт, т; -уыл, уіл; -қын, кін,гін, ғын; - асы, есі Мысалы: сырмақ, бөгесін, тарамыс, сүйемел, жуарман, кетір т.б.
62-сұрақ.
Көмекші сөздер - деп нақтылы лексикалық мағыналарыя түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сойлегенде, сөйлемде жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.
Көмекші есім дегеніміз – зат есімнің кеңістік ұғымын білдіретін бір тобы. Жеке алып қарағанда, олар морфологиялық тұрғыдан зат есімдердің түрленуге бейімділігі бар дербес мағыналы сөздер. Көмекшілік қызметте жұмсалған бұл сөздер тәуелділік жалғауының үшінші жағында тұрып тәуелдеулі септеудің үлгісімен септеледі. Сан жағынан алғанда көмекші есімдер қазақ тілінде аса көп емес, оған мына секілді сөздер жатады.Мысалы: асты, үсті, алды,арты, жаны,қасы, маңы, тұсы, іші, сырты, тысы, арасы, басы ,түбі, жан-жағы, айналасы, төңірегі, бойы, соңы.
Көмекші етістіктер – грамматикалық дамудың нәтижесінде алғашқы лексикалық мағынасынан айырылып, грамматикалық қызметке көшкен етістіктер. Көмекші етістіктердің саны да аз емес, бірақ олардың тілдегі құрамы тұрақты. Қазақ тілінде отыз көмекші етістік бар. Олар: ал, бақ, бар, баста, бер, бол, біл, біт, жазда, жат, жөнел, жүр, жібер, де, еді, екен, емес, ет, кел, көр, қыл, отыр, өт, сал, таста,түс, шық. Көмекші етістіктер қазақ тілінің грамматикалық құрылысынан кең орын алады. Етістіктің грамматикалық категорияларының көбінің көрсеткіші қызметін көмекші етістіктер атқарып, категориялардың мағынасын жасауға қатысады. Атап айтқанда, нақ осы шақ (келе жатыр) қатыстық өткен шақ,( келіп еді). Ол бір сәт тағы бір айналып келер болса, бар өнерімді салар едім.(С.Мұқанов) . Көмекші етістіктер мүмкіндік модальдылықты (айта алады, келе алмайды, сене біледі) және төл сөзді жасайды.(-Кет!-деді ол). Көмекші етістіктер қимылдың қалай жасалғанын нақтылы сипаттап, дәл көрсетуге ерекше қызмет атқарады. Мысалы: құлап қала жаздап барып қалды дегенде құлау қимылының жасалуға жақындап, бірақ жасалмағаны туралы айтылған. Қимылдың жасалу тәсілін білдіруге қазақ тілінің грамматикалық құрылысының бай мүмкіндігі бар. Оған көмекші етістіктерде қосымшаларда қосылады: айта сал (немқұрайлы жасалуы), айтып бақты (ерекше ынтамен), жасаған бол (жасандылық), келе қалды (күтпеген жерден) т.б. Қосымшалар арқылы қимылдың жасалу тәсілін білдіру де бар. Жұлмала, алыңқыра, күлімсіре, қақпала, жүріңкіре т.б . Көмекші етістіктер сөзжасамға да қатысады. Мысалы: адам қыл, жәрдем ет, медет қыл, көмек бер.....Осы келтірілген мысалдарда көмекші етістіктер есім сөзге тікелей тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосып тұр. Көмекші етістіктердің бұл түрлерінің грамматикалық даму дәрежесі өте жоғары, оның көне түркі жазбаларындағы ер түрінің өзі көмекші етістік болған, ал ер көмекші етістіктің қандай толық мағыналы сөзден көмекшілікке көшкені анық емес. Көмекші етістіктердің басым көпшілік лексикалық мағынасынан айрылғанымен, дыбыстық құрамын толық сақтап қалған. Олар: ал, бақ, бер, баста, кел, көр, шық, түс, тұр, таста, қом, біт, жібер, отыр, өт, сал. Сондықтан олардың жасалуына негіз болған лексикалық мағыналы етістіктермен көмекші етістіктердің дыбыстық құрамына айырма жоқ және бұл көмекші етістіктерге негіз болған лексикалық мағыналы етістіктер тілде сақталған. Олардың тілде бірі толық мағыналы сөз ретінде, екіншісі көмекші етістік ретінде қызмет етеді. Тұлғасы бір, мағынасы басқа болғандықтан, олар омонимдік құбылысқа жатады. 63- сұрақ Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми әдістемелік негіздері 64 - сұрақ Қазақ тілі сабағы оның түрлері мен құрылымы Қазіргі сабақ түрлерінде талап оқу мазмұнын байытып, оқыту бағытын интеграциялау. Бұған жаңа білім мазмұнының тұжырымдамасы, стандарты, қазақ тілінің бағдарламасы, оқу жоспары, оқулығы және оқу құралымен мұғалім жете түсініп меңгергенде ойдағыдай нәтижеге жетеді.
Қазіргі сабақ туралы көптеген монографиялық еңбектер жекелеген ғылыми және практикалық сипаттағы мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда, Ю.Б.Зотовтың “Қазіргі сабақты ұйымдастыру” 1984, М.Махмутовтың “Қазіргі сабақ” 1985, И.Д.Звереевтің “Қазіргі сабақ ізденістері, проблемалары, шешімдері”, “Сабақ қандай болуы керек?” мақалаларын айтуымызға болады.
И. Н. Казанцевтің «Қеңес мектебіндегі сабақ» 1956 атты еңбегінде, сабақтарды жіктеу үшін үш принципті басшылыққа алады:
а) мазмұны бойынша – математика сабақтары алгебра, геометрия т.б. сабақтарға бөлінеді;
ә) дидактикалық мақсат бойынша – әрбір сабақта шешілетін нақты міндеттерге түсіну;
б) сабақты өткізу тәсілі бойынша – бұл лекция, әңгіме, кино және практикалық сабақтар.
М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері:
1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.
2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.
3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.
4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).
Б. П. Есипов, Н. И. Болдырев, Г. И. Щукина, В. А. Онищук, т.б. жасаған сабақтар жіктеуі мектептерде жиі қолданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:
– оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
– іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
– қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;
– білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау – тексеру сабақтары;
– аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Сабақ дегеніміз – бір пәнді оқытуға арналған оқу сабағы. Мектеп жүйесінде өткізілетін пән, және сол пәндерден оқушыларға берілетін тапсырма. Сабақ мектепте аса маңызды буын. Мектептегі оқу-тәртібі жұмысының бүкіл мазмұны сабақ процесімен анықталады.
Сабақ қалыпты (дәстүрлі) және қалыпсыз (дәстүрлі емес) болып екіге бөлінеді.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді.
