12. Негізгі сөздік қор мен сөздік құрам. Сөздік құрамның баю жолдары.
Негізгі сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты болады. Қазіргі қазақ тілінің Негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, 5 ғасырдағы Талас, Орхон-Енисей ескерткіштерінде сіз, ұғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, ат, күн, т.б.; 11 ғасырдағы Ж.Баласағұнмен М.Қашқари еңбектерінде ат, қой, күн, кел, өкін, т.б. сөздер кездеседі. ә) Сөз тудыруға ұйытқы болады; сөздік құрамның дамуына байланысты Негізгі сөздік қор да өзгеріске ұшырайды. Негізгі сөздік қордағы бір буынды түбірлерден көптеген туынды сөздер жасалады. Туынды сөздер жаңа сөз тудыра алғанымен, Негізгі сөздік қордағы сөздердің сөзжасамдық қабілеті бірдей емес. б) Жалпыхалықтық сипаты; Негізгі сөздік қорға енетін сөздер бүкіл халыққа түсінікті және үнемі қолданыста болып, баршаға ортақ қызмет атқарады.[1]
Негізгі сөздік қор — сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағынапы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, тун, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, уш, төрт, көк, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы,
туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;
мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;
хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;
ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;
киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;
жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз;
сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. Б
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік қордың сөздік құрамынан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандай сөздер енетінін анықтауға болады.
1. Негізгі сөздік қорға тән басты белгі — тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қордағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Ү ғасырдан қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тул, отыз, уғлан, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, қыз, бар, кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. б.; XI ғ. Қашғаридыңсөздігінде: мен, сен, ол, екі, уш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн, тун, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздер сақталып қалған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайында сөз болғанда, мынандай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның дамуы барысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің негізгі сөздік қор — тарихи дамып отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтық сипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда келтірілген мысалдарды қараңыз).
2. Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі - оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнсу, күнім, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік, күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ, күншығыс, күнбатыс, күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б.; жер сөзінен: жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жер- төле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, жер үй, жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарғыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндік; жи сөзінен жасалған жинақ сөзіненжинақты, жинақтылық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.
3. Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі — оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызмет, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлшеріне байланысты шек қойылмайды.
4. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені оллексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.
Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады. Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,
1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздср ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған. Әдстте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қа-лыптаеқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөз-дсрдің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.
а) Морфологиялық (аффикстік) тәсілдің сөздік қүрамды байтудағы ролі. Негізгі сөздік қорға жатағьш сөздер бір буын-ды, көп мағыналы болып кследі дедік. Сөздің әрі қарай бөлшек-теуге келмейтін ең түпкі мағыналы бөлшегін түбір деп қарасақ, ең алғашқы кезде сөздсрдің бәрі дс бір буынды болғандығы бел-‘ғілі. Ал туынды сөздер тубірге түрлі қосымшалар қосу арқылы кейіннен пайда болған. Мәселен, ат—атақ—атақты—атақсыз— атау—атастыру. ек—егін—егінші—егіншілік тәрізді бір түбірден таралған сөздердің бәрі бірдей бір кезеңде пайда болмаған, әр кезең жасалған. Туынды сөздің семантикалық кұрылымындағы басты нәрсе қашан да негізгі түбір болмақ. Түбір сөз семантикалық жағынан да, морфологиялык жағынан да туынды сөзге тірек, таяныш, негіз болып тұрады. Ал түбірге қосылған жұрнақ түбірге арқа сүйеп, соған көмекші қызмет атқарады. “Ескі сөз- жаңа сөздің казығы”— дейді халык. Мәселен, революциядан бергі кезеңде ғана оқы деген сөздсн оқу, оқушы, оқушылық,оқту. 25. Сөзжасамдық ұя, құрылымы.Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.
Сөзжасамдық тұлға-сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөз жасауға қатысатын ерекше тұлғалық және семантикалық суффикс түрінде де болуы ықтимал. Айталық, суффикстік тәсілде негізге суффикс жалғанса, мұнда екі сөзжасамдық тұлға қатысып тұрады.
Қазақ тіліндегі, сөзжасамдық ұя мәселесін зерттеу 1989 жфлға жарияланған «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі» атты монографиялық еңбектен басталады.
Сөзжасамдық ұяның өзіндік құрылымы бар, өте жүйелі құбылыс. Сөзжасамдық ұяның қалыптасқан өзіндік құрылымы сөзжасамдық ұя атаулының бәріне ортақ және ол бұзылмайды, оның құрамын басқаша өзгерту мүмкін емес. Сөзжасамдық ұяның мүшелері белгілі, олар белгілі тәртіпке қолданылады. Сөзжасамдық ұяның мүшелері ұяға толық қатысады. Сондықтан алдымен сөзжасамдық ұяның құрылымына кіретін мүшелерді анықтап, сол арқылыы сөзжасамдық ұяның құрылымын, олардың орналасу тәртібін анықтап, сөзжасамдық ұяның жүйесін белгілеу керек.
Сөзжасамдық ұяның ең кіші мүшесі сөзжасамдық жұп, ал сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектен орын алады. Яғни сөзжасамдық тізбек те сөзжасамдық ұяның негізгі мүшесі. Сөзжасамдық тізбектің мүшелері сөзжасамдық саты арқылы өсіп, көбейіп отырады, сондықтан сөзжасамдық сатысыз сөзжасамдық тізбек, яғни сөзжасамдық ұя болмайды. Олай болса, сөзжасамдық тарам да – сөзжасамдық ұяның құрылымына жататын негізгі мүше. Міне, сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның құрылымын құрайды, сөзжасамдық жүйесін жасайды. Сондықтан да сөзжасамдық ұяның белгілі құрылымы бар, оны құрайтын тұрақты мүшелері бар, ол мүшелер сөзжасамдық ұяда белгілі бір тәртіппен орналасады, және олар бір-бірімен байланысты.
26. Сөзжасамдық бірліктер, сипаты, қызметі. Сөзжасамдық мағынаны оны жасауға қатысқан сөзжасамдық бірліктерсіз қарау мүмкін емес. Негіз сөз бен оған қосылған сөзжасамдық жұрнақ не лексикалық екінші сөзден (күрделі сөздерде) туынды сөз жасалатын болса, олар туынды мағынаны жасаушылар, өйткені оларсыз туынды сөз жасалмайды. Сондықтан да олар сөзжасамдық бірліктер болып саналады. Сөзжасамдық бірліктер:
Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық ұя - сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады.
Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, она сөзжасамдық жұп болады. Сөзжасамдық ұяның ең кішісінде бір, екі туынды сөз болып саналады. М: пай-пайшы, пән-пәндес...Негізгі сөз бен туынды түбір сөздің жиынтығы сөзжасамдық жұп болып саналады.
Сөзжасамдық тізбек – сөзжасамдық ұяның мүшесі, бір бөлігі. Бір түбірден тараған, біріне-бірі негіз болатын негізгі сөздердің тобы сөзжасамдық тізбе д.а. С.т. түп негіз сөзден өрбиді, яғни сөзжасамдық тізбектің құрамында міндетті түрде негіз сөз болуы шарт.
Сөзжасамдық тарам термині словообразовательная парадигма мәнінде қодданылды. Осы термин орыс тіл білімінде де кейінгі кезде қолданыла бастады. Бұрын тарам термині морфологияда ұзақ уақыт қолданылғаны белгілі, мысалы септік тарамы (парадигмасы), жіктік тарамы (парадигмасы) сияқты қолданыс ғылымда әбден таралған, таныс ұғымға айналған. Бұл термин барлық тіл біліміндік сөздіктердің бәрінде сөз түрлендіру жүйесі мәнінде түсіндірілген.
Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік аталады. Мысалы, ой-ойла-ойлан-ойландыр-ойландырт деген туынды түбірлердің әрқайсысы бір саты саналады. 27. Сөзжасамдық мағына, түрлері. Сөзжасам өмірде пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қызмет етеді. Жаңа аталымар (номинациялар) сөзжасамдық түрлі тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі болды. Тәсілдердің түрлілігіне байланысты сөзжасам үрдісіне түрлі сөзжасамдық бірліктер жаңа мағына, жаңа аталымның жасалуына түрлі дәрежеде қатысады. Мысалы, әнші, жұмысшы, малшы, суретші, жыршы, биші, орманшы, балықшы, саяхатшы, сыбызғышы, қобызшы т.б. осы типтегі туынды сөздерді алсақ, олардың құрамындағы негізгі морфема да, көмекші морфема да олардың мағынасының жасалуына қатысып тұр. Ғылымда сөзжасамдық мағына туралы ғалымдар пікірі де түрліше. Оларды ғалымдар екіге топтастырып қарап жүр. Олар: жиынтық мағына (суммарное значение), айырма мағына (разностное значение).
Сөзжасамдық айырма мағына деп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөздің арасындағы мағыналық айырмашылық аталады. Жиынтық мағына деген бағыттағы ғалымдар сөзжасамдық мағына деп негіз сөз бен жұрнақтың мағынасының қосындысынан шыққан мағынаны атайды.
Сөзжасамдық мағына туынды сөздің құрамындағы тұлғалардың мағынасының қосындысы деген ұғым бойынша олардың әрқайсысының мағына жасауға қатысы анықталады. Ал тілдегі сөзжасамдық бірліктер түрлі-түрлі, әсіресе, олардың бір-бірімен қатысы алуан түрлі. Ол жағдай сөзжасамдық мағынаға әсер ететіні сөзсіз. Сондыктан сөзжасамдық бірліктердің қай түрлері қандай жағдайда бір-бірімен қандай карым қатыста болуын анықтау қажет, ол туынды мағынаны айқындауға көмектеседі.
Мағынаның негізділігі жалғамалы, қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл үлкен орын алатыны белгілі. Қазақ тілі әрі қосымшалы, әрі жалғамалы тіл болғандықтан, біздің тілімізде жүрнақ арқылы сөз жасау ең өнімді тәсілердің бірі екені айтылды. Олай болса, бұл тәсілде негіз сөз бен жұрнақ арасында сөзжасамдық қатыс болады. Осы екі бірліктің сөзжасамдық қатысында екі бірлік екі түрлі қызмет атқарады. Негіз сөз жасалатын туынды сездің лексикалық мағынасына өзек болады. Осымен байланысты туынды мағына негіз сөздің мағынасымен байланысты болып шыға-ды. Мысалы, балтала, қарала, жақсыла, тазала.
28. Етістік сөздің туындылық дәрежесі. Тусинбедим рендимендер бирнарсе таптым тусинбеген сон кате бола ма деп жазбадым. 29.Сөзжасамның синтетикалық тәсілі. Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар. Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші түлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.
Синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жүрнақ екінші орында тұрады.
Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.
Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.30. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрынғы қолданылып жүрген мағынасынң үстіне жаңа мағына қосып алады, тілде жаңа мағынасында да қолданыла бастайды. Сөздің тек мағынасында өзгеріс болғандықтан, бұл тәсіл лексика-семантикалық тәсіл д.а. Бұл сөзжасамдық тәсіл көне заманна бері қарай қызмет атқарып келеді. М: тіліміздегі ақ деген сөз түсті білдіретін сын есім екені белгілі: ақ орамал, ақ жаулық, ақ, көйлек т.с. Осы ақ сөзінің тілде басқа да толып жатқан мағынасы бар: ақ – адал мағынасын білд. Ақ – сүт,айран, ағарған мағынасында.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші бір сөз табына ауысады, оны ғылымда коверсия д.а.
Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі;
Сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей өз сөз табының құрамында қалуы.
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, сөз мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. 31. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі синтетикалық тәсілден өзінің сөзжасамдық бірліктері арқылы ерекшеленеді. Егер синтетикалық тәсілде туынды сөз жасауға лексикалық бірлік пен жұрнақ қатысатын болса, аналитикалық тәсілде жұрнақ қатыспайды, тек екі я онан да көп лексикалық бірліктер ғана сөз жасаушы тұлға қызметін атқарады. Аналитикалық тәсілде екі (я онан да көп) сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Мысалы, ортан жілік, шекара, өнеркәсіп, аққу, темір жол, қызыл ала, алпыс бес, қара торғай т.б. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар. Аналитикалық тәсілдің сөзқосым түрі қазақ тілінде екі я онан да көп сөздің біртұтас дыбыстық құрамға кірігіп, бір лексикалық мағына беріп, бір ұғымды білдіріп, бір екпінмен айтылып, бір лексикалық бірлік яғни бір сөз (лексема) жасайды. Сонда сөзқосым тәсілі арқылы құрамындағы сыңарлардан басқа дербес сөз жасалады. Сөзқосым тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады.
Біріктіру тәсілі: қолбасы, оттегі, қаракөз, бойтұмар, көлбақа. Кіріктіру тәсілі: білезік (білек+жүзік), апар (алып+бар), көгала (көк+ала) т.б .
Қосарлану тәсілі - екі сөздің бір-біріне қосақталып, біртұтас мағыналы сөз жасайтын тәсілі. Қазіргі тілімізде қосарлау тәсілі қос сөздер деп аталады. Мысалы; ата-ана, туған-туысқан, әке-шеше, ыдыс-аяқ, көрпе-жастық, азық-түлік, ине-жіп, бес-алты т.б. Қосарлау тәсілі арқылы қос сөз жасау үшін оның сыңарлары бір сөз табынан ғана болуы - міндетті шарт. Мысалы: бау-бақша, қыз-келіншек зат есім; жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы сын есім; жиырма-отыз, жүз-жүз елу сан есім; айтып-айтпай, өліп-талып етістік: Қос сөздердің сыңарлары мағыналас сөздерден: сауыт-сайман, ойнап-күліп, өсек-аян. Қайталама қос сөздер: айта-айта, тау-тау, бір-бірі, көзбе-көз: Тіркестіру тәсілінде күрделі сөз екі дербес сөзден жасалады. Тіркестіру тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің сыңарлары тілде бөлек жазылып қалыптасқан. Олар тіркесті күрделі сөздер деп аталады. Тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны білдіреді. Мысалы: қызыл ала - заттың өзінше бір түсі, ол түс бір тектес емес, қызылмен басқа түс араласқан түс. Қысқарту тәсілі - бұрын қазақ тілінде кісі аттарымен байланысты ғана қолданылған. Кісі аттарын қысқарту дүние жүзі тілдерінде бар әдіс. Бұл әдіс тілімізде қазір де өнімді. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлы өз кезінде Ақаң аталған, оны бүкіл қазақ халқының бәрі Байтұрсынов деп түсінген. Орыс тілінің үлгісі Совет дәуірінде қабылданды: теледидар, ҚазҰУ, АлМУ, АҚШ, ЕҚЫҰ. 32. Зат есім, морфологиялық қызметі, белгілері.Зат деген ұғым тек күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді қамтиды. Мысалы, құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, социализм, революция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады. Бұдан зат есімнің лексикалық - семантикалық сипаты салалы да, қарымды да екені байқалады. Зат есім деп аталатын сөздердің өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар. Олар өздерінің лексика - семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті көптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; екіншіден зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар. Зат есімдер тілдегі өзге сөздердің барлығына әрі ұйтқы, әрі өзек болып қызмет атқаратындықтан, әдетте, сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қолданыла береді. Дегенмен, зат есімдердің негізгі қызметі - бастауыш, толықтауыш, анықтауы ш болу. Зат есімдер сапаны, сынды, белгіні, санды, әр түрлі қатынасты білдіретін анықтауыштармен ғана емес, иелікті, тәуелдікті білдіретін анықтауыштармен де талғамай үнемі тіркесе береді. Өзара бір-бірімен байланысты осы үш түрлі белгіні, демек, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілерді ұштастыра қарағанда ғана, зат есім деп аталатын негізгі сөз табының сыр-сипаты толық ашылады. Өйткені зат есімнің ең негізгі белгісі заттың субстантивтік мағынасын білдіру болса, ондай заттық (субстантивтік) ұғымды білдіру қабілеті басқа сөз таптарында да болады. Мысалы: Жаманды көре берсең, ой кірлейді, жақсы сөз кірді тазартады ( Ғ. Мұстафин); Қараның ашуы келгенше, сарының жаны шығады (мақал); Білімдіден аямай сөздің майын (Абай); Әлін білмеген әлек (мақал); Шегірткеден қорыққан егін екпес (мақал) деген сөйлемдердегі сын есімдер мен есімшелер заттық ұғымдарды білдіріп тұр. Солай болса, зат есімді тек бір ғана семантикалық белгісіне қарап анықтау қателікке ұшыратуы мүмкін.
Морфологиялық сипаты: Бұл сипатты сөз еткенде,біріншіден зат есімнің құрылымы туралы, екіншіден, зат есімнің жасалу тәсілі туралы, үшіншіден, зат есімдердің түрлену (өзгерту) жүйесі туралы мәселелер талдануға тиісті. Құрылымы: түбір, туынды, күрделіге 31ді айтыңдар. Жасалу тәсілдері: Бірінші: Лексикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге байырғы зат есімдер, сондай-ақ, басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен өзге сөз таптарынан субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер. Екінші: Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге кемі екі я онан астам түбірлердің бірігуі, қосарлануы, тіркесіп құралуы, қысқарып құралуы арқылы және лексикалану негізінде пайда болған күрделі зат есімдер жатады. Үшінші: Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған зат есімдерге зат есімнің өзінен, өзге сөз таптарынан тиісті жұрнақтар арқылы туған туынды зат есімдер жатады. Мысалы: атшы, басшы деген туынды зат есімдер ат, бас деген зат есім түбірлерінен жасалса, атшылық, басшылық деген туынды зат есімдер атшы, басшы деген зат есім негіздерінен (туынды зат есімдерден) жасалған.
Есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар:
1. -шы, -ші: қойшы, әдебиетші;
2. -шылық,-шілік: оқушылық, егіншілік;
3. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық,-тік; қорлық, кісілік, батылдық, сезімдік, жоқтық, көптік:
4. -ыл,-іл,-л: тарсыл, дүріл, сыңқыл, гүріл, қаңқыл, лапыл;
5. -кер,(-гер): айлакер, дәрігер;
Есімдерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар:
1. -дақ, -дек, -лақ, -лек, -тақ, -тек: құмдақ, саздақ, жеңілтек, шаңқылда, қоңқылда;
2. -кеш, -паз, -қор, -қой, -хана, -стан; өнерпаз, арбакеш, жемқор, асхана, Қазақстан, Ташкент;
3. -т,-ат,іт,-айт,-ейт,-паң,-қал; сызат, бұйрат, шөлейт, құмайт, шатқал;
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақтар:
1. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: қырма сақал, терме бау, елірме күлкі, шаппа, сүзбе;
2. -м,-ым,-ім: төзім, келісім, ұйым, киім;
3. -қы,-кі,-ғы,-гі: бұралқы, қашанғы, қайдағы, түрткі;
4. -ыс,-іс,-с: қалтарыс, жүріс, талас;
5. -у: жүдеу, қату:
6. -қ,-к, -ық, -ік,-ақ,-ек; тарақ, күрек, сызық, қармақ, төсек;
7. -ынды,-інді, -нды,-нді; сыпырынды, үгінді, қорытынды, ертінді:
8. -ғыш, -гіш, -қыш, кіш (-қаш, -кеш, -ғаш, -геш); білгіш, байқағыш:
9. -ыш,-іш,-ш: қуаныш, өкініш:
10. -уыш,-уіш; баяндауыш, өлшеуіш:
Етістіктерден зат есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар:
1. -мақ,-мек, бақ, бек, пақ, пек; құймақ, піспек
2. -сын,-сін; кемсін, жатсын
3. -мыс, міс, мыш, піш; тарамыс, жазмыш:
4. -мал, -мел; жорамал, сүйемел т.б.
Зат есімнің реңк мәнін тудыратын жұрнақтар
1. -еке, қа, ке; ағеке, шешеке, апеке, әпке:
2. -й; апай, ағай:
3. -тай; апатай, ағатай;
4. -жан; ағажан, көкежан: т.б.
Зат есімнің түрлену жүйесі: Көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік, жіктік.
Зат есім бүкіл сөз таптарынан бола алады. Барлық сөйлем мүшесі бола алады: Мұғалім - ауылдағы мәдени күшіміз. Әбдірахман хатты ашып оқыды. Біздің болысқа қаладан өкіл келді. Біздің үйде әкем, шешем, Бағила, Ұлтуған, мен - бес жанбыз. 33. Сын есім, мағыналық түрлері, жасалуы, қызметі. Семантикалық жағынан зат есім әр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табын айтамыз. Мағыналық түрлері: Сапалық сын есімдер мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті) білдіретін және басқа да қасиет - белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз. Сапалық сын есімдерге сарырақ, сарылау, жақсырақ, ақшыл, сұрша, қуаң т.б. жатады. Ап-анық, түп-түзу, күп-күрең т.б. үстеле береді.Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді. Морфемалық құрамы: негізгі, туынды сын есімдер болып бөлінеді.
Сын есімдердің жасалуы: Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық - синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады.
Шырай түрлері және жасалуы. Шырай салыстырудан туған. Тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт түрлі қызметі бар: Жай шырай: биік тау, үлкен үй; Салыстырмалы шырай: бойшаңырақ, кішілеу, дымқыл, көкшіл, сұрғылт; Күшейтпелі шырай: жап-жарық, тап-таза, қып-қызыл; Асырмалы шырай: аса, тым, өте, тіпті, тіптен, шымқай, нақ, нағыз, ең, орасан, керемет т.б.
Синтаксистік қызметі: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды (Абай); Тоты құс түсті көбелек жаз сайларда гулемек (Абай), анықтауыш қызметін атқарып тұр. Барлық сөйлем мүшесі бола алады.
34. Сан есімнің сөз табы ретіндегі ерекшелігі, мағыналық топтары. Сан есім - заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика - грамматикалық сөз табы. Мысалы: Тек Мағашты үш күндей оңаша алып отырып, арманын есітті (Әуезов). Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер (мақал). Морфологиялық құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сан есімді негізгі, туынды деп іштей бөледі. Сан есімдерді: Бірлік, Ондық, Жүздік, Мыңдық деп беруге болады.
Қазіргі қазақ тілінде семантикалық жағынан сан есімге жақын біраз сөздер тобы бар. Олар: - салмақ өлшемі: қадақ, пұт, келі, батпан:
- көлем мөлшері: бір шымшым, бір уыс, бір тілім:
- қалыңдық өлшемі: пышақ сырты, шынашақ, бармақ;
- қашықтық өлшемі: адым, таяқ тастам, шақырым, қозы көш жер;
- ұзындық өлшемі: тұтам, сынық сүйем, кере қарыс;
- жарты мағынасын білдіретін: жарты, жарым;
- бір мағынасын білдіретін: жеке, дара, жалғыз, дара, жалқы;
- екі мағынасын: егіз, қос, пар;
- төрттен бір мағынасында: ширек сөзі;
- уақыт мөлшерін: сүт пісірім уақыт, шай қайнатым т.б. Бұлар мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, лексика - грамматикалық ерекшеліктеріне қарай басқа сөз таптарына жатады.
Мағыналық топтары: Есептік сан есімдер, бұл қатарға сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз болатын табиғи сандар жатады. Ол сандар бірлік, ондық, жүздік, мыңдық болып жікке бөлінеді. Мысалы: бір, он, жүз, мың т.б. Реттік сан есім: -ыншы / -інші жұрнағы арқылы жасалады. Құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді. Жинақтық сан есім: нешеу? деген сұраққа жауап береді. -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Бір мен жеті саны аралығы жатады. Топтық сан есім: қаншадан? нешеден? деген сұраққа жауап береді. Біз екі - үштен бөлініп кеттік. Болжалдық сан есім: қанша? неше? қай шамалы? қаншадай? секілді сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ондаған, мыңдаған, километрдей, бестеп-ондап, бірер т.б. Бөлшектік сан есім: Үштен бірі, оннан екісі т.б. жарты, жарым, ширек сөздерінің тіркесуі арқылы да жасалады. Біздің ұлы жеңісімізге ширек ғасыр толды.
Барлық сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Мысалы: Ортасында бес үлкен ақ үйлері бар көп үйлі ауыл (анықтауыш); Екеуі де жарасымды қалжың сияқты (бастауыш); Ендігі соңғы кезек - екеуінікі (баяндауыш); Аңдыстырған екеуін құдайым-ай (толықтауыш); Үстінен "бес", "төрт" деп сатылай толтырылған жиырма бес көк аттестат қолымызда отырды (пысықтауыш); 35. Есімдіктің мағыналық түрлері, септелу жүйесі. Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады.
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады. Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен негізінде бір ізді болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегіше септеледі:
Атау |
мен |
Сен |
ол |
Ілік |
менің |
сенің |
оның |
Барыс |
маған |
саған |
оған |
Табыс |
мені |
сені |
оны |
Жатыс |
менде |
сенде |
онда |
Шығыс |
менен |
сенен |
онан (одан) |
Көмектес |
менімен |
сенімен |
онымен |
Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді.Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап беретін аттрибутивтік сөздер. Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан? Бұлардан басқа да бірнеше сұрау есімдіктері бар, бірақ олар - белгілі жолдармен жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау есімдіктерінен жасалған есімдіктер.Өздік есімдік. Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. Белгісіздік есімдіктер деп мағыналары жағынан заттар мен құбылыстарды нақтылы түрде білдірмей, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Белгісіздік есімдіктердің жасалауына бір, әр, әлде деген үш сөз ұйытқы болып қызмет атқарады, белгісіздік есімдіктер осы сөздердің кейбір басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: 1.Біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме (бірнеше). 2.Әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай. әрине 3.Әлдекім, әлдене, әлдеқайдан, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқашан (алдақашан). Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқайсы. Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).Жалпылау есімдіктері деп мағына жағынан кем дегенде екі я онан көп заттар мен құбылысатарды жинақтай атау үшін қолданылатын сөздерді айтамыз. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, бар (бар адам), күллі, бүкіл, түгел деген сөздер ғана жатады. 36. Етістіктің жақ категориясы, жасалу жолдары. Етістіктің жіктік жалғауларын қабылдап, қимылдың қай жақтағы субъектіге тән екенін көрсетуін – етістіктің жіктелуі дейді. Жіктік жалғаудың үш жағы болады:
І–сөйлеушіжақ .ІІ–тыңдаушыжақ. ІІІ–бөгдежақ.
Морфологиялық көрсеткіш ретіндегі жіктік жалғау үш жақтың әр жағында бөлек-бөлек болып түрленіп, сол арқылы, бір жағынан, бір тектес грамматикалық (жіктік) мағына білдіріп, екінші жағынан, әр жақты (жекеше, көпше) әр түрлі грамматикалық формалар арқылы бір-біріне қайшы грамматикалық мағына білдіріп, морфологиялық түрлену жүйесінің жиынтығын құрау арқылы грамматикалық категория болып танылады.
Сонымен бірге жіктік жалғаудың синтаксистік қызметі мен сөйлем құраудағы сипаты ерекше. Ол сөйлемді тиянақтап, бір жағы қимылдың иесі – бастауышпен (субъектімен) қиыса байланысып тұрса, екінші жағынан, ойды тұжырымдап, тиянақтап, сөйлемді аяқтап тұрады.
Жақ деген ұғым мен жіктелу бір-бірімен толық балама емес. Өйткені, жіктік жалғау тек жақтың мағынамен ғана шектеліп қоймайды, онда жіктік жалғаудың тәуелдік жалғаудан бөлек грамматикалық категория боларлықтай ерекшеліктері, айырмашылықтары болмас еді. Өйткені жақтық мән жіктік жалғауда да, тәуелдік жалғауда да бар.
Жақ ұғымы қимыл, іс-әрекеттің қай жақ арқылы іске асатынын білдіреді де, субъекті мен предикат арасындағы семантикалық және грамматикалық қатынасты көрсетеді. ІІ жағынан жіктік жалғау, ІІІ жақта (жекеше, көпше) әрқайсысына тән арнайы грамматикалық тұлғалары бар парадигмалық түрлену жүйесі болып табылады.
Жіктік жалғау көбіне етістікпен байланысты сипатталады. Бірақ жіктелетін тек етістік емес. Әдетте жіктік жалғау етістік түбіріне тікелей жалғанбайды, ал есім сөздерге тікелей жалғанады. Сондай-ақ етістіктің жіктелуі біркелкі емес. Етістіктің жіктелуерекшеліктері. 1. Етістіктің түбір тұлғасы тікелей жіктелмейді, ал есім сөздер тікелей жіктеледі.
2. Етістіктің жіктелетін тұлғаларының өзі бірдей, біркелкі жүйемен жіктелмейді. Қазақ тілінде етістік 5 түрлі жіктеледі, 4 түрлі жіктік жалғау жалғанады.
1. Етістіктің есімше (-ған, -ген, -атын, -ар, -р, -с), қалып етістіктері, есім сөздер біркелкі жіктеледі. -уда, -уде тұлғалы тұйық етістіктер есімдерше жіктеледі.
2. Етістіктің көсемше тұлғалы түрі (-а, -е, -й, -п, -ып, -іп) І - ІІ жақтарда есімдерше жіктеледі де, ІІІ жақта арнайы –ды / -ді жалғауы болады.
3. Шартты рай (-са, -се), жедел өткен шақ (-ды, -ді) тұлғасының түрлері шағындалған қосымшалар жалғану арқылы жіктеледі.
4.Етістік бұйрық рай тұлғасында ерекше жіктеледі.
5. Етістіктің ерекше жіктелетін түрі – қалау рай. 37 сұрақ - Етістіктің шақ категориясы, жасалу жолдары (Ә. Төлеуов «Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары» Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Бұнда болатын формалардың басым көпшілігі – іс әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың , жай күйдің өзі белгілі бір уақытта, мерзімде болатыны , болғандығы, не болып жатқандығы сол етістіктің бойынан аңғарылады. Сөздердің сөйлем ішінде грамматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты етістіктің кейбір шақ жасайтын қосымшалары сөйлемдегі басқа сөздердің ыңғайына , беретін мағынасына қарай бірде осы шақ бірде келер шақ бірде өткен шақ болып ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен колхоздан ертең келемін. Тіл білімінд шақ екі түрлі терминмен айтылады:
1.Абсолютті шақ- белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі уақытты ,және уақытпен байланысты моментті көрсететін шақ түрі
2. Қатыстық шақ- сөйлеу кезінде уақытпен тікелей қатысты емес, грамматикалық тұлғалармен байланысты қатыстық мағынаны білдіреді.
Грамматикалық осы шақ категорияы жасалу жолына , беретін мағынасына қарай 3 ке:(Оралбаева Н «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы»
I)Осы шақ - сөйлеуші хабарлап тұрған мезгілге жасалуы сай келетін етістік аталады.2 ке бөлінеді а) Нақ осы шақ б) ауыспалы осы шақ
1) Нақ осы шақ мына аналитикалық формалар арқылы жасалады.
-п отыр,-п тұр,-п жатыр, -п жүр.Нақ о.ш. қимылдың қай субъектіге қатысты екенін білдіру үшін форманттарға жіктік жалғауы тікелей жалғанады.Мен жазып отыр+мын, көріп тұр+сың . Сонымен нақ осы шақта қолданылған етістік 3 морфемадан. А)түбір етістік,б)нақ осы шақтың аналитикалық форманты с) жіктік жалғауы.
Нақ о ш болымсыздық мағынасының жасалуы 2 жолмен :
Бірі, -ма –ме болымсыз жұрнағы арқылы,бірі жоқ көмекші сөздің тіркесуі арқылы жасалады.
Ә. Төлеуов «Қазақ тіліндегі етістіктің грамматикалық категориялары» еңбегінде нақ оы шақтың 2 түрін:а)жалаң нақ осы шақ отыр, жатыр, тұр,жүр етістіктері арқылы жасалады.б)күрделі нақ осы шақ бара , апара ,әкеле, деген көмекші тіркес арқылы және көсемшеден кейін –ып,-іп, тіркесуі арқылы жасалынады.
2) Ауыспалы осы шақ –жасалу тұлғасына қарай әуелі көсемшенің –а, -е,-й жұрнағы содан соң жіктік жалғауы жалғанады.отыр-а-мын, жүр-е-мін. Ауыспалы о ш жасалуы 2 түрлі мысалы келемін деген сөзді ,мен кинодан келемін десек мұнда ауыспалы осы шақ,ал мен жиналысқа сағат екіде келемін мұнда ауыспалы келер шақ болады.
II) Келер шақ а) Болжалды келер шақ –ар,-ер,-р М:Асықпаңыз келермін
б) Мақсатты келер шақ –ғалы , -гелі,-қалы,-келі-,-мақ,-мек,-пақ,-пек,-бақ,бек,-шы,-ші.М. жазғалы отыр, кеткелі отырған жоқпын.
с) Ауыспалы келер шақ-а , -е, -й,-атын,етін,-йтін,-йтын жіне болымсыз түрі –ма, -м.М. бармайды,келмейді
III) Өткен шақ - Сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болған істі білдіретін етістіктің түрі. Беретін мағынасына, жасалуына қарай :
а) Жедел өткен шақ -ды,-ді,-ты,-ті
б) Бұрынғы өткен шақ –ған, -ген, -қан,-кен, (Ежелгі өткен шақ -ып,-іп,-п) –ген екен формантымен қимылдың бұрынғы өткен шақта жасалғанын нақтылай түседі.
С) Ауыспалы өткен шақ-атын,-етін,-йтын,-итін
Е) Қатыстық өткен шақ 3 шақтың бәріне де –еді көмекші етістігі тіркесіп, олардан қатыстық өткен шақтың аналитикалық формасын жасайды. Мыс: Жігіт сарнай бастап еді,Бұланбай тыңдамай теріс айналды.
Ы.Маманов еңбектерінде шақ темпоралдылық деп аталып, функционалды грамматика тұрғысынан арнайы зерттелмегенімен, шақ формаларының функционалдық аспектісі назардан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінде дәстүрлі грамматика мәселелерінің функционалды аясын аңғара білген бірден-бір ғалым Ы.Маманов болды. Бұған қазақ және түркі тілдеріндегі шақ категориясын арнайы зерттеген ғалымдар еңбектеріне сипаттама беру арқылы көз жеткізуге болады...
Ы.Мамановтың көзқарасын білдіретіндіктен ашық райға жатқызбайды. Дегенмен, қазіргі қазақ тіл білімінде етістіктің шақ категориясы біршама зерттелгенімен, әлі де шешуін таппаған мәселелер баршылық. Оларды оқулықтарда, лингвист ғалымдардың монографияларында шақ категориясының әртүрлі топтарға бөлініп, түрліше аталып жүргенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ж.Түймебаев өткен шақ формасы, оның жіктелуі, транспозициясы (шақ формаларының ауысып қолданылуы) және классификациялау принциптері туралы жарияланған бірнеше мақаласында оқулықтар мен зерттеу еңбектеріндегі өткен шақ түрлеріне берілген анықтамалардың тіл ғылымының қазіргі деңгейіне сай еместігін, өткен шақтың грамматикалық табиғаты жеткілікті ашылмағандығын т.б. шешімін таппаған мәселелерді сөз етеді .
38 – Сұрақ Етістіктің рай категориясы ,түрлері, жасалу жолдары мен ерекшеліктері. Рай категориясы қимылдың шындыққа қатысын білдіретін категория. Осыған байланысты райлар 2ге:а)Етістік білдіретін қимыл шындық өмірге қатысы болса (Оқып отырмын, оқимын) ол реалды қимыл яғни обьективті модальдық-ашық рай,ал б)қатысы болмаса ол неғайбіл қимыл болады субъективтік модальды білдіреді.-қалау, бұйрық, шартты райлар жатады.
I Ашық рай (индикатив) деп амал-әрекеттің өткенде, қазірде және келешекте болу я болмауын білдіретін негативті грамматикалық категорияны айтамыз. Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты. Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы аркылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Мейлі ол өтіп кеткен қимыл, іс-әрскет болсын (өткен шақ), мейлі ол болып жатқан іс-әрекет, кимыл болсын, мейлі ол әлі бола қоймаған, бірақ келешекте болуга тиісті қимыл, іс-әрекет болсын, ашык райдағы етістік әйтеуір ол туралы сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіреді.Мысалы: Әркім өз ойымен отыр (Ғ. М.). Келемін тау ішінде түнделетіп (С. С). Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ (А). Жер жырттық, қайнады еңбек, егіс салдық (Ж. Ж.). Берілген мысалдағы отыр, келемін, шашпақ, жырттық, қайнады, салдық деген етістіктер белгілі бір шақты білдірумен қатар сөйлеушінің соған байланысты пікірін, шындық деп баяндауын білдіріп тұр: әркімнің өз ойымен отыруы, (нақ осы шақ); сөйлеушінің тау ішінде түнделетіп келе жатуы (ауыспалы осы шақ); сөйлеушінің мақсаты тіл ұстартып, өнер шашпақ болуы (мақсатты келер шақ); сөйлеушінің жер жыртуы, егін салуы және еңбектің қайнауы (жедел өткен шақ). Сөйтіп, етістіктің үш шақтың (осы шақ, келер шақ, өткен шақ) бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындық деп баяндауын білдіруді ашық рай дейміз
II Неғайбіл райлар (Оралбаеваның еңбегі бойынша «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» ) Етістік тұлғалары реалды қимылдың ақиқат өмірле болған , болмағанын білдірумен, жүзеге асқан аспағанын күдікті ретінде реалсыз қимылдарды білдіреді. М.баршы , барғайсың, барса игі еді, барса екен, баруға болады деген етістік тұлғалары арқылы көрінеді.
III Бұйрық рай - Біреуге немесе тікелей біреу арқылы тыңдаушыға немесе сөйлеушіге бұйыра сөйлеп, істің келешекте істелуін ,орындалуын талап етіп тұрады. Бұйрық рай етістігі бұйрықты, насихатты, тыйымды және т.б. білдіреді: «Сіз барыңыз!» «Бала кетсін» «Ол жаққа барма!» «Мүмкін, мен барармын» Хинди тілінде бұйрық рай көпше және жекеше түрде 2-ші жаққа ғана қолданылады. Бұйрық рай бірнеші түрде болады: бұйрық, өтініш, қалау, рұқсат, сақтандыру, т.б. Жекеше түрдің 2-ші жағында етістік түбіріне сәйкес келеді. Өтініш жалыныш мағынасын білдіретін б.рай –шы,-ші қосымшасы қосылса екпін бұйрық райлы етістікке түседі.М. Сөйлемейін айтшы,қазір айтшы жүрегім тулап отыр. Болымсыз түріне –ма жалғап, көрмейін ,жасамайық, болмайық.
IV Қалау райы Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.іБұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді.Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді. ысалы: сен барғай едің; ол барғай еді т. б.Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды.
Мысалы: сендер барсаңдар игі еді; олар барса игі еді т. т.
Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.
Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді.
Мысалы: ол келсе еді; сіз барсаңыз еді т. т.
Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды.
Мысалы: сен ертең жүрсең екен; ол пікірін айтса екен т. т.
V Шартты рай формасы етістіктің жалаң (түбір, туынды), күрделі негіздеріне -са (-се) жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың бұл формасы мағына жағынан басқа бір амалдың я істің жүзеге асу-аспау шартын білдіреді. Осы мағынасына орай, шартты рай формалары етістік дәйім құрмалас сөйлемнің шартты бағыныңқысыныңбаяндауышы болады да, басыңқы сөйлемнің баяндауышының істелу-істелмеу шартын көрсетеді.[3]
Шартты рай формасы үнемі жіктеліп жұмсалады. Мыс: не ексең ,соны орасың
А.Байтұрсыновтың «Тіл құралында» райдың әдеттегі үш түрінен тыс бірнешеуі көрсетіледі. 1954 жылы жарияланған академиялық грамматикада райдың бес түрі (бұйрық, шартты, ашық, тұйық, қалау) берілсе, кейінгі кезде жарық көрген оқулықтарда тұйық рай деп аталатын «у» формалы етістіктерді қимыл атауы немесе қимыл есімі деп атап, жеке категория ретінде бөліп қарайды.
Етістік рай – мазмұны мен формасы жағынан аса бай категория. Өйткені ол шақ формаларымен де, есімше, көсемше, қимылдың өту сипатын білдіретін формалармен де т.б. байланысты болады [11, 312 б. ].
...Темпоралдылық – функционалды-семантикалық категория. Ол белгілі бір категориялық жағдаяттарда сөйлеу актісінде функционалды-семантикалық өрістерден көрінеді. Яғни функционалды-семантикалық категория мен функционалды-семантикалық өріс бір нәрсенің екі жағы сияқты, бірі – потенциалдық жағы, екіншісі – соның сөйлеу актісіндегі берілуі (реализациясы), олар өздерінің сөйлемдегі атқаратын қызметімен байланысты. А.В.Бондарко осы екі ұғымды потенциалдық және нәтижелік аспектілерімен байланысты қарастырады [14]. Семантикалық функциялардың актуалдануының бірнеше жолдары бар. Олар: 1) таза грамматикалық тәсіл арқылы; 2) лексикалық құралдар немесе сөзжасамдық құралдар арқылы; 3) грамматикалық және грамматикалық емес тілдік құралдардың кешені арқылы. Осы аталғандарға қоса семантикалық функциялар 4) морфологиялық ктегориялардың өз қызметінен ауытқып, жанама қызмет атқаруы арқылы да жүзеге асады.
Рай категориясы мен модальділік категориясының қатыстылығы, жоғарыда айтылғандай, В.В.Виноградовтың есімімен тығыз байланысты. Модальділік мағыналар функционалды грамматикада модаль сөздер, модаль мағынасындағы сөз тіркестері (қыстырма сөздер), етістіктер, предикативтілік, модаль мәнді есімдер, интонация, рай түрлері арқылы беріледі.
Ы.Мамановта функционалды-семантикалық категория принциптеріне сәйкес, райды объектілі, субъектілі тұрғыдан мағыналық жағынан топтауы, модальділіктің – етістіктер, предикативтілік, модаль сөздер арқылы берілетіндігіне тоқталғандығы функционалды грамматиканы түсінгендігін дәлелдейді. 39 сұрақ-Қимыл есімдері жасалу жолдары мен ерекшеліктері.Қимыл есімі. - етістікке тән шақтық қасиеттен де, жіктелу, райлық қасиеттерден де тысқары тұратын, есімдерше түрленетін етістіктің ерекше бір түрі. Етістіктің райлары шаққа қарай түрленіп, жіктеліп сол арқылы қимылдың иесімен жақ жағынан байланысқа түсетін болса, Қимыл есімде ондай қасиет жоқ. Ол есімдерше септеледі, тәуелденеді, бірақ етістіктерше жіктелмейді, шақ пен жаққа қатысы болмайды, мағыналық жағынан қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді. Сондықтан да бұл қимыл есім деп аталады. Қимыл есім етістіктің негізгі, туынды түбірлеріне, болымсыз түрлеріне және етістерге - у жұрнағының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, бару, келу, жүру, санау, бұрғылау, алмау, қалмау, жуыну, тарану, алғызу, сөйлесу т.б. Қимыл есім қимыл, іс-әрекеттің атын білдіріп, солардың атауы болатындықтан, заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады, тіпті кейбір Қимыл есімдер белгілі бір заттың атын білдіріп, зат есімге айналып кеткен. Мысалы: егеу, қашау, көсеу. Мұндай сөздердің бір қатары әрі етістік, әрі есім ұғымын білдіретін омонимдік сипат алған. Бұлар мағынасына қарай былайша топталады: 1. Үй бұйымдары атаулары: жабу, жасау, бояу, сабау, тіреу. 2. Құрал атаулары: егеу, қашау, көсеу. 3. Мекен-жай атаулары: қыстау, жайлау, асу. 4. Деріксіз ұғымдық қасиеті бар зат атаулары: оқу, тергеу, жоқтау, нұсқау т. б. Қимыл-есім тұлғалы омонимдердің зат есімге айналған түрі контексте айқындалады: ағашты қашау, қашау — таптырмайтын құрал, қаңылтырды бояу, дүкенде бояу сатылып жатыр, кітап оқу, оқу инемен құдық қазғандай т. с. с. Қимыл есімдер түрленуі жағынан болсын, мағынасы жағынан болсын зат есімге жақын жатқанымен, ол өзінің бастапқы етістікке тән мағынасынан қол үзбейді, яғни Қимыл есім етістік мағынасын сақтай отырып, әр түрлі қимылдық қатынастарды білдіреді. Мұндай қимылдық қатынастарды білдіруі Қимыл есімнің тұлғалық жағынан түрленуіне байланысты. Қимыл есімдер септелугебайланысты толықтауыш, бастауыш, пысықтауыш қызметін, кейде өзінің бастапқы қалпында тұрып, баяндауыш қызметін де атқара алады. Мысалы: сөйлеуді ұнатады, бояу өң береді, айтуға келді, мақсат-өнімді арттыру, тұрмысты жақсарту. Қимыл-есімдер керек, қажет тәрізді модальдық сөздермен тіркескенде, предикаттанып, баяндауыш қызметін өтей алады. Предикаттану, көбінесе қимыл-есімнің тәуелденіп, оның белгілі бір жаққа тән екендігінен байқалады. Мұндай синтаксистік құрылымда қимыл иесі ілік септігінде тұрады. Мысалы: Менің баруым керек. Сенің баруың керек. Оның баруы керек. Қымыл есімнің модальдық сөздермен тіркесуінен туындаған предикаттану оның сөйлемдегі синтаксистік қызметіне тікелей байланысты. Қимыл-есімнің керек, қажет, тиіс сөздерімен тіркескен түрі міндеттілік мәнді білдіріп, жақсыз сөйлемдер құрауға түрткі болады. Мысалы, Біздің жиналысқа баруымыз керек. Сіздің осында келуіңіз қажет. Қимыл есімдер тиіс модальдық сөзімен тіркескенде предикаттанып, баяндауыш қызметін атқара алады. Мұндай жағдайда қимыл иесі атау септігінде тұрады да, қимыл-есім көбіне барыс септік жалғауын қабылдайды. Мысалы: Біз келуге тиіспіз (тиістіміз). Сіз келуге тиіссіз (тиістісіз). Ол келуге тиіс (тиісті). Қимыл есімдерге - лық, - лік әсіресе - шы, - ші жұрнақтары жалғану арқылы туынды зат есімдер жасалады. Мұндай жағдайда қимыл-есім туынды түбірге негіз болады. Мысалы: жазушы, сатушы, оқушы, оқулық, жалғаулық т.б. Сонымен, Қимыл есімдер тиісті тұлғада түрленуіне қарай, белгілі сөздермен тіркесуіне орай сөйлемде дербес мүше де бола алады, күрделі мүшенің құрамына да ене алады.
Ы.Маманов қимыл есімі туралы да пікір білдірген. Тіл білімінде іс-әрекеттің атауы ретінде берілетін сөздер «қимыл есімі», «қимыл атауы», «у тұлғалы қимыл есімі», «тұйық рай», «тұйық етістік» сияқты терминдермен беріліп жүрді. Соңғы кездерде «қимыл есімі» деген термин тұрақталып келеді. Қимыл есімі дегенде, әдетте, -у тұлғасы негізге алынады. Бұл қазіргі қазақ тілі тұрғысынан тілдік нормаға сай, әрі жиі қолданылатын формасы Түркі тілдерін салыстырып қарағанда, бұл тұлғаның бірнеше тұлғалық көрсеткіштері барын байқауға болады. Мәселен, А.М.Щербак монографиясында (1981) қимыл есімдердің 30-40 түрі бар деп көрсетеді. Біз қимыл есім формаларының зерттелу тарихына, тілдік табиғатына тереңдемей-ақ, Ы.Мамановтың қимыл есімі туралы айтқан пікірлерін берумен шектелеміз.Ы.Маманов қимыл есімінің тұлғалық көрсеткіштері ретінде тұйық етістік формасын (-у), -ғы тұлғалы және (-с) тұлғалы қимыл есімдерін атайды сөздің атауышы болып саналады деп көрсетеді. Есімдерше түрленуіне (септелу, тәуелдену, тәуелді түрінде көптік жалғауын қабылдау) тоқталып, омонимдік қатарға көшетіндігін айтады. Зат есімге айналған тұйық етістік тұлғалы сөздерді сөздік мағынасы жағынан үй бұйымдары, құрал-сайман аттары, мекен-жай атаулары, дерексіз ұғымды білдіретін зат есімдер, грамматикалық терминдерді білдіретін зат есімдер деп бөліп қарайды. Тұйық етістік тұлғасының омоним болып зат есімге айналғандарын екі түрлі белгісіне қарап ажыратады:
1) сөйлем ішінде контекске байланысты;
2) зат есімге айналған түріне етістіктің болымсыздық формасын тудырушы –ма қосымшасы жалғанбайды. Мысалы, омоним болып кеткен «көсеу» сөзінің қимыл есім формасында тұрғандығы немесе заттық мағынада тұрғандығын, біріншіден, контекс арқылы анықтаймыз: Көсеу ұзын болса, қол күймейді (Мақал). Күні бойы отты көсеумен болды. Осындағы екінші сөйлемдегі қимыл есімге ғана –ма, -ме тұлғасы жалғанады. Сондай-ақ тұйық етістік тұлғасына –лық, лік, -шы, -ші, -лы, -лі жұрнақтары арқылы туынды түбір сөздер жасалатындығын көрсеткен..
