Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
123.8 Кб
Скачать

1. Фонетикалық талдау, фонетикалық жаттығу, олардың сипаты. Фонетикалық жаттығулардың міндеті – оқушылардың айтылған буындар мен дыбыстарды айыра алуын және оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар кезінде кейбір оқушылардың тілін тістеп, сақауланып сөйлеуі, кейбір дыбысты қалдырып кетуі, немесе «с» мен «ш» , «р» мен «л», «ж» мен «з», «н» мен «ң» дыбыстарды алмастырып айту кемшіліктері оқуға да, жазуға да зиян келтіреді. Фонетикадан алған білімдері мен жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймайды, сонымен қатар оқушыларды әдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрету үшін қолдануға болады.Фонетиканы өту барысында сабақта талдау жасалады. Талдауда сөздің дұрыс жазылуына ғана көңіл бөлініп қоймай, сонымен қатар сөздің дұрыс айтылуына да талдау жасап отыру керек. Себебі фонетиканы өту арқылы оқушыларға сауаттылықпен қатар дұрыс сөйлеуді де, яғни орфоэпиялық норманы меңгертеміз. Фонетикалық талдау мазмұнына қарай дыбыс жүйесі бойынша талдау, үндестік заңы бойынша талдау болып екіге бөлінеді. Фонетикалық талдау көлеміне қарай жай талдау, күрделі талдау болып бөлінеді. Фонетикалық талдау орындалу орнына қарай тақтада талдау, орнында отырып талдау болады.2. Фонетиканың зерттеу нысаны. Дыбыс, әріп, фонема, фонема жөніндегі көзқарастар.Ф.з.нысаны - тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жіктелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография, орфоэпия, олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері.

Дыбысты айтамыз және есітеміз, ал әріпті жазамыз және көреміз. А.Байтұрсынұлы еңбегінде: «Дыбыс таңбасын қаріп деп атаймыз. Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатыстырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нәрсе» деп дыбыс пен әріптің айырмасын нақтылап түсіндіреді.

Фонема гректің рhonema (дыбыс) деген сөзінен алынған термин. Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы. Лингвистикада бұл термин дыбыстық тілдегі ең кішкентай бірлік мағынасында жұмсалады. Тілде бүгінде қолданылып жүрген тілдің ең кішкене бөлшектерінен басқа біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады. Мысалы: он, өн, ұн, үн, ін, ән, ен деген сөздерде қарапайым түсінікке бір ғана н дыбысы бар. Егер мән беріп қарайтын болсақ, дауысты дыбыстардың әсерінен н дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулік болып дыбысталады.

Фонема туралы ілімнің алғаш (1870) негізін салған – орыс және поляк тілдерін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ. Түркітануда және қазақ тіл білімінде бұрын-соңды айтылған пікірлерді, зерттеулерді сараптай келе, профессор Ә.Жүнісбеков осы ұғымның түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін, ол үндіевропа тілдеріндегі фонемаға оңтүстік-шығыс тілдерінде тонема сәйкес келетінін, ал құрылым-жүйесі бұлардан мүлдем бөлек, түркі тілдерінде бұған сингармема деген атаудың лайықты болатынын дәлелдеді.

3. Дауысты дыбыстардың саны, сапасы, құрамы.

Дауыстылар немесе вокализмдер (лат. Bokalіs – дауысты) – «сөздің жаны», «сөздің жанды тамыры». А. Байтұрсынұлы еңбектерінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесіндегі 9 дауысты дыбысты көрсетеді. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і. 1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылдаған қаулысы бойынша ең алдымен жазудың принципі өзгерді. Қаулыға сәйкес қазақ тілінде а, ә, е, о, ұ, ү, ы, і, и, у, ө дауыстылары нақтыланып, саны 11-ге жеткізілді. 1940 жылы С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді. Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен бірге келген э, ю, я әріптері қосылды. 1944 жылы Ғ. Бегалиев пен Н. Сауранбаев бұрыннан келе жатқан дауыстыларға э дыбысы қосылып, дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді. С.Мырзабеков 11 дауысты дыбыс бар деген болатын.

Тілдің қатысына қарай:

1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а,о,ұ,ы,у;

2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә,ө,ү,і,е,у,и.

Еріннің қатысына қарай:

1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у;

2. Езулік дауыстылар: а, ә, ы, і, е, и.

Жақтың қатысына қарай:

1. Ашық дауыстылар: а ,ә, ө, о, е;

2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былайша жіктейді:

1. Ашық дауыстылар: а ,ә;

2. Жартылай ашық: ө, о, е;

3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.22

4. Үңдестік заңы. Ассимиляция, түрлері.

Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика – артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.

Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың бір-біріне ықпалы үш түрлі болады. 1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі. Бұл – бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) қатысы жағынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады. 2. Кейінді (регрессивті) ықпал – прогрессивті ықпалға қарама-қарсы , кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі. Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда әлсіз қатаңдар күшті дауыстылардың регресивті ықпалына ұшырайды.: тарағы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регресивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердің) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бұл күн), әкел (алып кел). Дыбыстардың акустикалық жақтан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөңген (сөн-ген). Прогрессивті және регрессивті ықпалды былай да түсінуге болады: «Түбір дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үндесу бағыты екі түрлі: бірінде – түбірдің соңғы дыбысының, не соңғы буынының ауанына қарай, қосымша дыбыстары өзгереді; екіншісінде – қосымша дыбыстарының ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді. Алдыңғысын ұмтыла үндесу дейміз де, соңғысын тартына үндесу деуміз». 3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздің арасында ұшырайды: а) Амангелді (Аманкелд), қаңғызыл (қан қызыл), оңғой (он қой).

5. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы жөніндегі көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің тарихы, әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс апуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың тел көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы женінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің апғашқы нұсқаларын V-VIII ғасырдан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына XV ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т. б.) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының орхон-енисей, талас жазбалары (V-VIII ғасыр), ерте ортағасырлық "Құтадгу білік" (XI ғасыр), кейінгі ортағасырлық "Мұхаббатнама" (XIV ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М.Қашқаридың "Диван лұғат ат-түрік" (XI ғасыр), "Кодекс Куманикус" (XIII ғасыр), "Оғызнама" (XIV ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын зерттеуде, қазақ тілінің ертедегі жайкүйін сипаттауда, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі керкемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын анықтауда маңызы айрықша. Осы тұрғыдан алғанда оларды қазақ тіліне, қазақ әдебиетіне қатысы бар үлгілер деуге болады. Бірақ бұларды халықтық негіздегі әдеби тілде жасалған тел тума деп тануға болмайды. Қазақ халқының ез алдына дербес отау тігіп, халық болып қалыптаса бастаған кезі XV ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деудің қисыны келмейді. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Осы атапған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны — Қадырғали Жалайыридың "Жамиғат тауариғы" (XVI ғасыр) мен Әбілғазы Баһадүрдың "Түрік шежіресі" (XVII ғасыр). Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандарымен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас қағаздары мен хаттарында (XVIII ғасыр) қазақ тілінің элементтерін қолдану тұрақты сипат ала бастады. Қазақ қауымында қодданылған жазба әдеби тіл көптеген зерттеулерде кітаби тіл, ап кейбір зерттеулерде (Б.Әбілқасымов) ескі қазақ әдеби тілі деп аталады. Атапған тіл бергі дәуірге жақындаған сайын бірте-бірте қазақыланып, XIX ғасырдың аяғына таман жаппы халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тілмен астасып кетті. Халықтық негіздегі жаңа жазба әдеби тіліміздің публицистика, іс қағаздары тәрізді стильдік тармақтары алғашқы кезде (XIX ғасырдың екінші жартысы) көне жазба тілдің лексика-грамматика тұлғалары мен синтаксистік құрылымдарын едәуір пайдаланды. Сондай-ақ мұсылманша оқыған кейбір арқындар да өз шығармаларында жалпыхалықтық лексикалық қорды пайдапана отырып, жазба тіл нормаларына иек артты. Бірақ бұл процесс ұзаққа созылмады. Қазан төңкерісінен кейін жалпыхалықтық тілдегі қолданыстар көне жазба тіл элементтерін бірте-бірте мүлдем ығыстарып шығарды.

1930-50 жылы қазақ әдебиетінің тарихы XIX ғасырдың екінші жартысынан бастапады деген көзқарас қалыптасып, одан кейінгі жылдары әдебиет тарихын XVIII ғасырдың екінші жартысынан, яғни Бұхар шығармаларынан бастау идеясы басым болды. Ал 1960-80 жылы XV-XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген тарихта аты мәлім ақын-жыраулардың мұралары жинақтапып, жарияланып, жүйелі зерттеу объектісіне айналғаннан кейін, қазақ әдебиеттану ғылымында XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар творчествосы бір-бірімен сабақтасып жатқан, желісі үзілмеген профессионал әдебиет деген дұрыс тұжырым қапыптасты. Әдеби тіл тарихын зерттеушілер тарапынан да XV-XVIII ғасыр ақын-жыраулар шығармаларының тілін қазақ әдеби тілінің алғашқы үлгілері ретінде тану бағыты үстемдік алды. Қазіргі, қазақ әдеби тілінің қалыптасуы XV ғасырдан басталады деген нақты пікір қалыптасты. Ол кезде (XV ғасыр) қазақ ру-тайпаларының халық болып біріге бастауы, бір орталыққа бағынған қазақ хандығының құрылуы қазақ әдеби тілінің қалыптасуына тарихи қолайлы жағдай туғызды. Қазақ әдеби тілінің әуелде бастау алған негізгі қайнар көздері жалпыхалықтық тіл мен аса бай фольклор тілі болды. Әдеби тілдің жаппы халық тілі негізінде дамуында поэзия тіл үлгілерінің рөлі ерекше. Сол кездегі көркем поэзияның көрнекті өкілдері жыраулар мен ақындар халық тіліндегі тілдік жүйелерді, сөз асылдарын өз шығармапарына таңдап, талғап енгізу арқылы ауыз әдеби тіл нормаларын қалыптастыра түсті. XV-XVIII ғасырда ауыз әдеби тілінің құрылымдық жүйесінде тағы бір тармақтың публицистикалық стильдің ауызша түрі қызмет өткендігі байқалады. Әдет-ғұрып заңдарын жүргізудегі, қоғамдық мәні бар мәселелерді шешудегі атақты билердің шешендік сөз толғауларында мақал-мәтел, қанатты сөз орамдары мен фразеологиялық тіркестер молынан қолданыла, сомдала келіп, әдеби тілдің саралана түсуіне жағдай жасады. Әдеби тіл кезеңдерін анықтауда белгілі бір көркем сөз шеберлерінің шығармаларындағы тілдік материалдар, яғни олардың халықтық тілдің мол байлығын қаншлықты дәрежеде игеруі, оларды жаңа сапада жұмсауы, бөгде тіл элементтерін әдеби тіл мүддесіне жарату тәрізді жайттар тірек болады. Осы тұрғыдан апғанда, қазақ әдеби тілінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарастырып жүрміз.

XV-XVII ғасырдың aрaсын қамтиды. Асан Қайғы, Қазтуған, Шалгез, Доспамбет, Жиембет т. б. жыраулардың толғаулары, ел арасына ауызша тараған шежірелер, шешендік сөз немесе билер сөзі осы кезеңдегі әдеби тілдің үлгілері деп танылады. Бұлар өз дәуіріне тән лексика-грамматикалық ерекшеліктерді біршама сақтап қалған. Мәселен, Шәлгездегі "сындырау арқа", "сырт соқпақ", "түнде жүріп түлкі өтер" сияқты сөз тіркестері мен сақалына сары шіркей ұялап, миығына қара шыбын балалап" тәрізді реалистік суреттер, Қазтуғандағы "Буыршынның бұта шайнар ауызы, бидайдықтың кел жайқаған жалғызы" сынды теңеу образдар уақыт өзгерісіне төтеп беріп, бізге дейін жеткен. Сол сияқты астана, жұрт, аруұл, қом су, алаңжұрт сияқты фразеологизмдер мен байрақ, адырна, жезайыр, шора аға (басшы), азамат (жасақ) тәрізді әскери лексика бұл кездегі әдеби үлгілерде жиі кездеседі. XV-XVII ғасырдағы ауызша әдеби тілдің лексикалық құрамы негізінен жалпыхалықтық тілдің есебінен толығып, молайып отырды. Дегенмен, әдеби тіл айналымында діни тақырыпқа қатысты халил, қағба, шаһид, ғазрейіл, бәйтолла тәрізді араб тілі сөздерінің болғандығын байқаймыз, бірақ олардың саны әдеби тілдің кейінгі кезеңдерімен салыстырғанда тым аз. Сол тұстағы грамматика норманың мысалы ретінде шығыс септігінің дың/дің түрінде келуін ("Бұл Бұзылдін қайтпассың") ілік септігінің ьш/ім тұлғасында (бізім, менім), етістіктің өткен шақ мағынасы ғай-гей формасында ("қалға қабылан жау тигей ме?") берілуін, екінші жақ буйрық райдың ғыл түрінде ұшырауын келтіруге болады.

Әдебитілдің XVIII-ғасырдан XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі үлгілеріне Бұхар, Тәттіғара жыраулардың шығармалары жатады. Әдеби тілдің лексикалық құрамында бұрынғы кезеңдегі жаугершілік тақырыптан гөрі күнделікті тұрмыс салт тақырыптарына байланысты лексик. топтар актив жұмсалады. Семіз жарау байда бар, құйрығы бітеу қойда бар (Бұхар); Көз болып қой бұзауға шамаң келсе, біреуге тамақ үшін жағынарсың (Шал) т. т. Жыраулар туындыларының негізі ақыл-өсиет айту, адамзат, қоғам туралы толғану болғандықтан, әділдік, адамдық, жарлылық тәрізді дерексіз ұғымды білдіретін атаулар мен араб, парсы сөздері бұл кезеңде молырақ кездеседі. XVIII ғасыр және оған дейінгі дәуірлерге жыраулық дәстүр басым болса, ендігі жерде ақындар әлеуметтік үнге ие бола бастайды, олардың тақырыбы қуаныш, реніш мұң-мұқтаж, арман-тілек, өз ортасы, айналадағы табиғат көріністері болды. Бұл кезеңде бел ала бастаған ақындық дәстүр поэзияның тақырып ерісін кеңітіп, сөзді әдеттегі номинатив мағынасында жұмсау epic алды. Кірме сөздердің көбі араб, парсы және орыс тілдерінен алынды.

XIX ғасырдың екінші жaртысы. Бұл дәуірде қазақтың жазба әдеби тілі халықтың мәдени өмірінде кең қолданыс тапты. Әдеби тілдің нормалану процесін танытатын үлгі нұсқалардың түрлері кебейді. Бұл кезеңдегі әдеби тіл үлгілері өзінің мазмұны жағынан азаматтық, діни функциясы жағынан көркем әдебиет және оқубілімге, іс-қағаздарына қатысты әдебиет болып түрлене түсті. Әдеби тіл функциянальдық стильдерге тарамдала бастады. XIX ғасырдың екінші жартысы қазақтың ұлттық әдеби тілі үшін күрес кезеңі болды. Яғни, ұлттық әдеби тіліміздің (көне жазба әдеби тілі негізінде ме, әлде жалпы халықтық ауыз әдеби тілі негізінде ме деген) даму бағытын айқындау қажет болады. Міне, осы кезеңде қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев жалпы халықтық тіл негізіне арқа сүйеді, халықтың көп ғасырлық сөйлеу тілі мен ауыз әдеби тілін көркем тіл кестесіне түсіріп, жаңа өң беріп, қуатын арттырды. Сөйтіп, Ыбырай мен Абай халықтық тілдің тұрақты әрі ортақ белгілерін өздерінің көркем туындыларында молынан пайдаланды. Ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалап, әдеби тілдің жаңа сапа дамуына жол сапды. Ыбырай Алтынсарин жалпыхалықтық тіл мен ауызша қызмет өткен төл әдеби тілдің нормаларын арқау ете отырып, проза жанрының, ғылыми стильдің, ап Абай өз қара-сөздері мен поэзиясында публицистика мен көркем әдебиет стилінің негізін салды. Сөйтіп, олар әдеби тілдің жанр жағынан түрлене түсуіне зор үлес қосты.

Қазан теңкерісінен кейінгі кезең. Әдеби тіл халыққа білім берудің, мәдени, рухани мұраларды жасаудың қуатты құралына айналды. Қоғамдық емірдің барлық саласында дерлік қызмет етті. Көркем сөз зергерлерімен қатар ғылым, мәдениет қоғам қайраткерлері де әдеби тіл нормасының тұрақ,талуы, қызметінің жан-жақты күшейе түсуіне белсене ат салысты. Әдеби тілдің жазбаша түріне сәйкес шаршы топ алдына (жиналыста, радио мен теледидар алдында, сахнада т. б.) сөйленетін ауызша түрінің де қызметі кеңейе түсті. Әдеби тілдің бірсыпыра нормалары кодификациялау арқылы тұрақты сипат алды: қазақ тілінің грамматика жазылып, емле ережелері белгіленді, орфографиялық, орфоэпиялық және түсіндірме сөздіктері құрастырылды. Сөйтіп, әдеби тіл нормапарының тұрақталуына саналы түрде арапасу жан-жақты сипат алды. Соңғы кезеңдегі әдеби тіліміздің даму қарқыны біркелкі емес, сондықтан оны да бірнеше белестерге бөліп қарауға болады.

6. Сөзжасамдық уәждеме, оның түрлері. Сөзжасамдық мағының құрылымы күрделі.Ол өзін құрайтын сөзжасамдық тұлғалардың мағыналары арқылы негізделеді.Кез келген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы құрамындағы тұлғалар мағынасымен белгілі дәрежеде уәжделеді.Төл ұғым негізінде жасалған кез келген туынды сөздің уәжсіз болуы мүмкін емес.Сондықтан да,уәжділік сөзжасам теориясының негізгі ұғымдарының бірі ретінде саналады. Тіл адам танымының жемісі болғандықтан,туынды сөз мағыналары құрамындағы сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарына негізделеді.Тілдің әмбебаптық қасиеті оның жалпы заңдылықтарын негіздей алады.Осы ретте әлемдік тіл білімінде қалыптасқан ғылыми-теориялық ойлардың қазақ тіл білімінде қабылдануының мүдделілігі анық.Қай тілде болса да, атау негізінде жатқан ұғым арқылы уәжделіп,себепші негіздің мағыналық құрылымының мағыналық сыңарлары туынды сөздің семантикасын құрайды.Сондықтан да уәждеме теориясының типологиялық кешені болуы ықтимал.Бұл кешенді зерттеуді қажет ететін күрделі жеке мәселе.Уәжділік барлық қабаттағы сөздерге тән.Айталық,сөздің,атаудың жасалу уәжі бар,фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым,сөз тіркесінің жасалуында семантикалық негіз бар, сөйлем құрлысында да сөйлеуге тән валенттілік заңына бағынатын өзіндік уәжі бар.Осының бәрі тілдің негізгі нысаны-сөз болуымен байланысты. Уәждеме дегеніміз- туынды атаудың семантикалық және құрылымдық жағынан өзін құраушы сыңарларының мағынасына негізделуі.Яғни жаңа номинациялық атаудың мағынасы құрамындағы себепші негіз бен сөз тудырушы тұлғалардың мағынасы арқылы ерекше мәнге ие болады.Ана тілінің төл бірліктері арқылы жасалған кез келген туынды сөздің сол тілде сөйлейтін адам үшін уәжділігі айқын.Ал кірме сөздердің уәжділігі сол тілде айқын болғанымен,өзге тіл үшін көмескіленіп, «уәжсіздік» сипат алуы ықтимал. Уәждеме сөздің тұлғалық және мағыналық сипатын негіздейді. Атаудың жасалуының мағыналық себебін көрсете алады.Уәждеме –сөздің ұғымымен байланысын,болмыс пен қарым-қатынасын айқындайтын болғандықтан ,әрі осы процесс кез келген тілдегі атаудың жасалуына негіз болатындықтан ,тілде жалпы заңдылықтардың орнығуы заңды. Мотивология- тіл мен ойлаудың, зат пен болмыстың расындағы қарым-қатынасты,байланысты айқындауға арналған пән болмаса да,мұны айналып өте алмайды.Өйткені кез келген атау заттың заттың ұғымдағы бейнесі,көрінісінің таңбалануы. Болмыстың маңызды,ерекше белгілері арқылы ұғым қалыптасып,атау пайда болса,сол атаудың ішкі мағыналық құрылымында зат не құбылыстың маңызды белгілерінің сақталуы-тілдегі номинативтік атаудың жасалуының басты шарты.Таным болмастың қай белгісін маңызды деп бағаласа, сол номинативтік белгі арқылы атау жасалады.Сондықтан номинативтік белгілер тілдік уәжді (уәждемелік) таңба ретінде таныла алады. Сөздің уәжділігін анықтау үшін номинативтік белгілерді анықтау қажет.Кез келген ұғым пайда болғанда ,болмыстың ішкі қасиеттері бағаланады,сондай-ақ ,атаудың ішкі мағынасында ішкі белгілер таразыланып,туынды сөздің ішкі мағынасын құрайды.Яғни,кез келген туынды сөздің жасалуында қажеттілік,себептілік,негізділік болуы шарт. Қажеттілік- адам баласы өзінің таным-білігі жеткен болмыстың қасиеті мен белгісін анықтап,анықталған ұғымға атау беру қажеттілігі туындағанда пайда болады.Атау туғызу қажеттілігі арқылы зат не құбылыстың негізгі ерекше,мәнді белгілері таңдалып алынады да,оның бұрын танылғын затқа не құбылысқа ұқсастығы,жақындығы,ерекшелігі т.б. ескеріледі.Сөйтіп себепші негіз таңдалады.Атаудың себептілігі-туынды сөз құрамындағы сыңарлар жаңа мағынаның жасалуының себебін айқындай алады.Жаңадан пайда болған атау осы себепші негіз мағынасына негізделіп барып туындайды. Туынды сөз себепші негіздің мағыналары арқылы негізделіп,өзіндік ерекше сема иеленеді. Біз туынды сөздің құрамындағы тұлғаларды себепші негіз (себепші тұлға) ретінде танимыз да,жаңа атауды негізделген атау деп бағалаймыз.Себепші негіз туынды сөздің жасалуының таңбалық және мағыналық негізін құрайды.Дей тұрғанмен,бұл туынды сөз бен себепші негіз мағынасы сәйкес келеді деген сөз емес.Егер туынды сөздің мағынасы себепші негіз мағынасымен барабар болса,ол туынды сөз ретінде таныла алмайды.Туынды сөз болу үшін себепші негіз арқылы негізделе отырып,ерекше номинативтік белгілер арқылы екіншілік мәне ие болуы қажет. Тіл білімінің қазіргі теориялық дамуында уәждемес ұғымы мен сөзжасам тығыз байланыста қарастырылады.Кей жеке тіл білімінде сөзжасамдық уәждеме жеке сала ретінде де танылады.Сөзжасамдық уәждеме бір жағынан ұғымдық түсініктермен астасып жатады.Туынды сөздің номинативтік қызметі оның семантикалық мағынасының болуымен, ұғымдық мән беруімен байланысты,ал туынды мағынаның өзі себепші негіз арқылы негізделеді. Сөзжасамдық уәждемес өзіндік метатіл арқылы ерекшелене алады.Түбір сөз немесе негіз «себепші негіз» ,туынды сөз «негізделген атауға» сәйкес келеді.Тілдегі екіншілік мағынадағы бірліктің уәжділік қатынасының мәні мен ерекшелігін анықтау- сөзжасамдық талдаудың маңызды бөлігі. Сөзжасамдық уәждеме дегеніміз-екі түбірлес сөздің бірінің мағынасы екіншісінің жаңа мағынасының тууына негіз болатын,мағыналық себептілікке негізделген сөзжасамдық қатынас.Сөзжасамдық-уәждемелік қатынас орындалу үшін кемінде екі түбірлес сөз болуы шарт.Түбірлес сөздердің бірінің мағынасы екіншісіндегі жаңа мағынаның жасалуының басты шарты болып,ондағы туынды семаға негіз болады.Сөйтіп себепші негіздер мен туынды сөз арасында мағыналық ерекшелік пен сабақтастық пайда болады.Бұл ерекшелік туынды,екіншілік мағыналы сөздің семантикалық ерекше көрсеткіші ретінде бағаланады. Адамның дүниетанымында бұрыннан таныс денотат пен оның өзіндік номинативтік белгілері арқылы,жаңа ұғымның атауы негізделіп,екіншілік мағыналы туынды сөз жасала алады.Сөзжасамдық-уәждемелік қатынаста пайда болатын тілдік бірліктің қасиеті-тұлғалық және мағыналық жағынан себепші негіз арқылы негізделетіндігі.Сондықтан сөзжасамдық-уәждемелік қатынаста тіл бірліктері тек мағыналық жағынан ғана емес,тұлғалық жағынан да жақын болады.Сөзжасамдық уәждеме- тек номинативті туынды атауларға ғана қатысты анықталады.Еркін сөз тіркестері уәждемелік аядан қарастырыла алмайды,өйткені еркін сөз тіркестері атаулық мағына туғызбайды.Атаулық мағына болмаған жерде уәждеме болуы да мүмкін емес.Сөзжасамдық-уәждемелік қатынас –деривация негізінде себепші негіз бен туынды сөз арасында болатын сөзжасамдық қатынас. Уәждеме процесі- жаңа мағыналы туынды сөздің жасалу ,қалыптасу процесі үстінде болатын күрделі процесс.

7.Сын есімнің сөзжасамы.Сын атаулары сөзжасамы бұған дейін орта және жоғарғы оқу орындарында, жеке монографиялық еңбектерде тек морфология деңгейінде қарастырылып келді.Тілдің дербес бір деңгейі ретінде енді саралана бастаған сөзжасам жүйесінде арнайы әлі зерттелген емес. ал, қамтылғандарының мағынасы көп жағдайда түбір сөзбен байланыстырылмады, яғни одан тыс жағдайда түсіндірілді. қазақ тілінде жаңа мағыналы дериват туылымдар одағайлардан басқа атау сөздердің бәрінен жасалады. Сын атауы жұрнақтары жалғанатын негіздеме сөздер өздерінің құрылымы жағынан әдетте туа түбір (май+лы),туынды түбір (ашпа+лы, қолданба+лы), күрделі (белбеу+лі) немесе тіркесті түбір (ақ шаш+ты, қыр мұрын+ды) болып келеді.

Жұрнақты сын есімдер: -лы\-лі, -ды\-ді, -ты\-ті жұрнағы. түркологияды сөзжасамдық бұл жұрнақты -лық аффиксімен тіркестіреді. сөзжасамдық бұл екі формант бірінің орнына бірі қолданыла береді, яғни семантикалық жақтан өзара сәйкестікте жұмсалады. мысалы: саулы -саулық (аулы інгендей талтаяды- саулық қойдың жасындай).

-лық, -дық, -тық. сөзжасамдық -лық, -дық, -тық форманты түркі тілдерінде жалпы өнімді жұрнақ саналады. мысалы дүниелік, ақтық, көктемдік, інілік достық.

-дақ\-дек, -тақ\-тек жұрнағы. бұлжұрнақ қазақ тілінде өнімді емес. көбіне есім негізге жалғанады. бір айта кететін нәрсе -дақ\-тақ жұрнағы арқылы жасалған сын атаулары өздерінің семантикалық құрылымы жағынан бітұтас емес: олар бірде тіліміздегі сөзжасамдық -ды формантының мәніне жуықтау мағна білдірсе, енді бірде -ғыш аффиксімен ұғымдас болып келеді. мысалы тастақ сөзі тасты сөзімен ұғымдас. ызылдақ, жеңілтек, жүрдек.

-сыз\-сіз: -лы жұрнағына қарама-қарсы жұмсалады. ол өзге сөзге жалғамалық мүмкіндігігнің кеңдігіне қарамастан түркі тілдерінде жалпы шектеулі жұрнақтар қатарында қаралады. балақсыз, жеңсіз. толасссыз, таусыз, сусыз, бұл жұрнақтар күрделі сын атауын түзу процесінде негіздеуші есім тіркестің тек екінші бөлігіне жалғанады: күрең жолсыз, баянды басшысыз.

-шыл\-шіл. жанды зат атауларына әсіресе адамға қатысты.отаршыл, ісшіл, саықшыл.

-мал\-мел: біршама ғалымдар бұны сөзжасамдық -ма аффиксінен дамып шыққан құранды форма дейді. небәрі 2-3 тістік негізге жалғанып, туынды сын атауын жасайды. ысалы: танымал, түнемел, бауырмал.

-малы\-мелі: бұл форманттың жалпы күрделі екені өз алдынабір бөлек ма+лы. тілімізде өнімді жұрнақ қатарында: орамалы, көшпелі, толғамалы, қорытпалы, ашпалы, үймелі.

-ма\-ме: сөжасамдық бұл-ма жұрнағы түркі тілдерінде -мақ жұрнағымен тектестіріледі. сырма-сырмақ.жарма, бастама, ширатпа, періп кетпе мінезі болатын.

-(ы)нды\-(і)нді: құранды. мысалы: оның тапсырынды сәлемі жоқ, асыранды, сарқынды.

-(ы)мды\-(і)мді: құранды, өнімді емес. жартымды жұмыс таппады, келімді-кетімді.

-ғы\-гі, -қы\-кі: зат атауын да сын атауын да жасайды.шеткі,жоғарғы, ойнақы, желді.

-ық\-ік\-ақ: -ғақ\-гек жұрнағымен генетикалық байланыста қаралады. толық, арық, сасық, өзық.

-сақ\-сек, -шақ\-шек. адамға байланысты кейде малға да қатысты. көңілшек, мақтаншақ, сұраншақ, еріншек.

-шаң\-шең: бойшаң, сөзшең, ашушаң.

-ы\\-і:өнімді жұрнақ. Қазақы, алтайы, былғары.

-ғын\-гін, -қын\-кін: азғын, тұрғын. Өнімсіз жұрнақ.

-аған\-еген: береген, сүзеген, қабаған.

-ғыр\-гір:ұшқыр, өткір.

-кер: айлакер, мұрагер.

-ғыш\-гіш: шапқыш, көнгіш.

-ғақ\-гек: сынғақ, жабысқақ.

-дас\-дес, -тас\-тес: тілеулес, көңілдес.

-(ы)мыр, -(і)мір: қытымыр, шекер құймыр.

-тал: жағымтал, ұғымтал.8.Туынды сөздер: дара, күрделі түрлері. Күрделі сөздің сөзжасамдық сипаты, орны.

Туынды сөздер деген терминнің қолданымға түскеніне көп болған жоқ. Ол « қазақ грамматикасында» қолданылатын мағынада « Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі» деген монографиялық еңбекте ең алғаш рет қолданылған болатын. Туынды сөздер деген термин сөзжасам арқылы жасалған туылымдардың ортақ атауы ретінде қолданылып отыр. Тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негңзгң нысаны- туынды сөздер. Туынды сөздер тілдің сөзжасамдық тәсілдері арқылы жасалған лексикалық единицалар.Мысалы: ағар, бітім, келісім,белдік,кәсіптік,қаламгер,озат сияқты туынды түбірлер сөзжасамның морфологиялық тәсілі арқылы жасалған туынды сөздер.Ал баданакөз,бірталай,жел қақты,жолсерік т.б синтаксистік тәсіл бойынша жасалған туынды сөздер.Абзал сөзінің бірнеше мағына беруі сөзжасамның семантикалық тәсілі арқылы жасалғантуынды сөз болуына жатады.Туынды сөздердің қазақ тілінің тарихында сөздікке ең көп қосылған кезі –соңғы 70-80 жыл,яғни соңғы кез. Туынды түбір деген термин – туынды сөздердің бір тобының ғана аты. Туынды түбірлерге тек сөзжасамдық жұрнақ арқылы,синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер ғана жатады.мысалы, аталас,аштық,жүзгіш,зиянды.Туынды сөздер қаншама түрлі болғанымен,олардың бәріне ортақ өзіндік белгілері бар.негізінен ол туынды сөздердің құрамы мен оның мағынасына байланысты.Туынды сөздің құрамы бір негізгі, бір көмекші морфемадан құралады немесе екі негізгі морфемадан тұрады.Туынды сөздердің жасалу тәсілінің түрлілігі оның құрамына әсер етеді.Осымен байланысты туынды сөздердің құрамындағы ерекшелікті ескере отырып,олар үлкен екі топқа жіктеледі.Олар: 1) туынды түбірлер, 2) күрделі сөздер.Туынды түбірлірдің мағынасықұрамындағы негіз сөздердің мағынасымен байланысты,бірақ негіз сөздің мағынасынан туынды түбірдің мағынасы күрделі. Туынды сөздер - тіліміздегі ең көп сөздер, өйткені олар тілдің барлық кезеңіңде үздіксіз жасалып, тілге қосылып, сөздік қорды үнемі байытып отырған.

Туынды сөздер қүрамына қарай дара және күрделі болып, екі үлкен топқа бөлінеді. Дара және күрделі туынды сөздердің осылай бөлінуі олардың синтетикалық және аналитикалық тәсілмен жасалуына байланысты. Синтетикалык тәсілмен жасалған туынды сөздер дара туынды сөздерге жатады. Мысалы, зейнеткер, тәлімгер, оралман, оқырман, айыпкер, өсімтал, оқылым, пікірлесім, сөйлем, бейнелеуіш, кәсіпкер, адалдық, намысқой т.б. Дара туынды сөздер лексикалық мағына береді, бір ғана сөзден түрады.

Дара туынды сөздерге негізінен туынды түбір сөздер жатады. Мысалы, кәсіпкер, аялдама, оқырман, көрермен, өзгер, басқар, сәлемдес, қосақта, сөйлесім, жалақор, тілші т.б.

Дара туынды сөзге лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің дара түрі де жатады. Мысалы, буын, тасымал, құн, нарық, қүқық, баға т.б. Бүл сөздердің күнделік өмірде қолданылатын бейтарап мағынасы бар, солардың негізінде кейін жасалған термин мағынасы бар. Термин мағынасында бұл сөздер туынды сөздерге жатады, бірақ мұндай сөздер туынды түбірлерге қарағанда, әлдеқайда аз. Дара туынды сөздердің негізін туынды түбір сөздер қүрайды. Қазақ тілінде күрделі сөздер кең орын алады. Күрделі сөздер барлық сөз таптарында бар. Мысалы, Ақ орда (резиденция), ас үй, әуе серігі (стюардесса), жол сілтеуші (регулировщик), кұрбан айт, нағашы жұрт деген күрделі сөздер - зат есім. Түлкі тымақты, орта бойлы, қыр мұрынды, қара мұртты, ащы судай, ессіз адамдай - күрделі сын есімдер; жеті-сегіз, жүз алпыс жеті, мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз - күрделі сан есімдер; кейбір, бірнеше, әлдебір, әлдеқалай - күрделі есімдіктер; алып кел, барып көр, алып бер, Кіріп шық, келіп кет - күрделі етістіктер; таңертең, жаздыгүні, бірқатар, биыл, бүгін, зорға-зорға - күрделі үстеулер; жалт-жұлт, адыраң-адыраң - еліктеуіш сөздер; әйткенмен, сол себепті, не болмаса, сүйтсе де - күрделі шылаулар; бәрекелді (барака аллаһу), жаракімалла (я рақым (бер) алла) - одағай.Күрделі сөздердің барлық сөз табынан орын алуы оның тілге кең таралғанының көрсеткіші ретінде қаралу керек, яғни тіліміз күрделі сөздерге өте бай. Бұл-жалғыз қазақ тілінің ерекшелігі емес, дүние жүзі тілдеріне тән жалпы құбылыс. Күрделі сөздің қолданылуы әр тілде бірдей деп карауға болмайды. Ол туралы ғалым А.А.Пашковский былай дейді: «Күрделі сөздер түрлі тілдердің лексикалық системасынан орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді бірікгіру қосымша тәсіл болып, оның нәтижесі елеусіз болады да, сөздіктің периферия бөлімінен орын алады. Келесі бір тілдерде ол өте кең тараған, негізгі тақырыпқа жатады. Соңғы топтағы тілдерге жапон тілі жатады. Лексикадан алатын сөздің типіне қарап, оны күрделі сөздің тілі деуге болады» Ф.А.Ганиев күрделі сөз неміс, ағылшын, жапон және хинди, славян тілдерінде көп қолданылады деп санайды. Түркі тілдерінің ғалымдары, оның ішінде казақ тілінің ғалымдары да, түркі тілдерін де күрделі сөзге бай тілдер деп таниды. Бұл - осы тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілінің көне замандардан бастап, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқанының нәтижесі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштері саналатын орхон жазбаларында кісі аттары мен жер-су атауларында күрделі сөздер жиі кездеседі, ол дәстүр қазір де сақталған. Мысалы, Әубәкір, Бөкейхан, Жантөре, Жанмырза, Қызылорда, Таддықорган, Ақмола, Ақгөбе, Ащысай т.б. Тіл білімінде күрделі сөздердің түп төркіні сөз тіркесі саналады. Тілде кейбір сөз тіркестері бірте-бірте мағыналық дамуға ұшырап, құрамындағы сыңарларының мағынасы жымдасып, кірігіп бір мағынаға көшкен. Олардың сыңарлары өзінің алғашқы мағынасынан алыстап, өзінің дербестігінен айрылған, сыңарлардын, мағынасының бір-бірімен кірігуінің нәтижесінде олар біртұтас сөзге айналып, белгілі бір ұғымды білдіретін күрделі сөз болып қалыптасқан. Сондықтан күрделі сөздің мағынасы берілу үшін, күрделі сөздің құрамы, құрамындағы сыңарлардың орын тәртібі ол қалыптасқан кездегі қалып сақталуы қажет.

Күрделі сөз өзінің сыңарларының мағынасының біртұтас мағынаға кірігіп, бір сөзге көшуінен бастап, бір сөз болып танылатындықтан, ол тілдегі басқа сөздер сияқгы дайын тұрған лексемалар болып саналады да, сөйлемге сол дайын тұрған қалпында кіреді. Демек, күрделі сөздер сөйлемге дайын тұрған қалпында алынатын лексикалық бірліктер болғандықтан, ол сөйлемде бір сөздің қызметін атқарады, сөйлемнің бір мүшесі болады, бір сұраққа жауап береді.

Біріккен сөздердің бір тобы сыңарларының өте ықшамдалуы арқылы жасалған. Мысалы, биыл (бүл жыл), бүгін (бүл күн), сексен (сегіз он), сөйтіп (солай етіп) т.б. Мұндай сөздер ғылымда кіріккен сөздер деп аталады.

Кіріккен сөздер - құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамай, немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес, дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер. Мысалы, әкел (алып+кел), өпер (алып+бер), әкет (альт+кет), биыл (бүл+жыл), бүгін (бүл+күн), сәресі (сахар+асы), ағайын (аға+іні), кдрлығаш (қара ала құс), білезік (білек+жүзік), сексен (сегіз+он), тоқсан (тоғыз+он), белбеу (бел+бау), қайтіп (қалай+етіп), түрегел (түра кел), белуардан (бел+буардан), ендігәрі (ендігіден+әрі), ашудас (ашу+тас), сөйтіп (срлай+етіп), өйтіп (олай+етіп), бірдеме (бір+неме), біресе (бір+ерсе), қолғанат (қол+кднат) т.б.

Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгеріске ұшыраған, бұлардың ішінде бір сыңардан бір ғана дыбыс қана сақталып, сөздің құрамындағы дыбыстары өте ыкщамдалғандары

Қос сөз деп екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса айтылатын сөздер аталады. Мысалы, ойын-сауық, ине-жіп, ыдыс-аяқ, құрал-сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, үлкен-кіші, ата-ана, әке-шеше, он-он бес, жиырма-отыз, қырық-елу, кеше-бүгін, жоғары-төмен, қызыл-жасьш, кімде-кім, келіп-кетіп, көріп-біліп, айтыс-тартыс т.б.

Қос сөздер тілдің аналитикалық тәсілінің қосарлама тәсіл арқылы жасалады. Қос сөздер - түркі туыстас тілдердің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос сөздер ең көне орхон жазба ескерткіштерден тілінде де болған.

Тілде қос сөздердің жасалуының өзіндік әбден қалыптасқан заңдылықтары бар: 1. Қос сөздердің екі сыңары да бір сөз табының сөзінен болады. Мысалы, қыз-келіншек, көрпе-жастық, қауып-катер, қарым-қатынас, тамыр-таныс, жауын-шашын деген қос сөздердің екі сыңары да зат есімдерден жасалған. Ал үлкен-кіші, қызылды-жасылды, үлкенді-кішілі, жаксы-жаман, кәрі-жас деген қос сөздер сын есім сөздерден жасалған. Сол сияқты алпыс-жетпіс, бес-алты, жеті-сегіз, он бес-он алты, сексен-тоқсан кос сөздері сан есімдерден жасалған. Келіп-кетіп, алып-беріп, кіре-кіре, ішіп-жеп, қарғап-сілеп, асыға-үсіге қос сөздер етістіктерден жасалған.

2. Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан қатысы, байланысы бар, не синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы, бір-біріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір-бірімен қосылып, қос сөз жасай алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын заңдылық. Ал осымен байланысты қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним, антоним сөздерден болады. Мысалы, ыдыс-аяқ, ине-жіп, әке-шеше, аға-іні, аяқ-қол, өкпе-бауыр, етек-жең, соқа-сайман, кқзан-ошақ сияқты қос сөздер өмірде бір-бірімен байланысы бар заттардың атынан яғни мағыналық қатысы бар сөздерден жасалған.

3.Қос сөздердің сыңарлары бір сөздің қайталануынан жасалады. Мысалы, айта-айта, тау-тау, жақсы-жақсы, үлкен-үлкен, келе-келе, дір-дір, сарт-сарт, қора-қора, өзді-өзімен, бір-бірімен, бірдең-бірге т.б.

4.Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы, қырық-елу, алпыс-жетпіс, әке-шеше, жақсылы-жаманды, ыдыс-аяқ, туған-туысқан т.б.

Қазіргі тілде қос сөздердің кейде бір сыңары, кейде екі сыңары мағынасыз сөз болып келеді. Бұл тілдің қазіргі даму сатысына байланысты, ол жағдай қос сөздердің жасалган кезіне қатысты емес, олардың бәрі алғаш мағыналы сөзден жасалған. Кейін бір сыңары, кейде екі сыңары да тілдік дамудың нәтижесінде лексикалық мағынасы солғындап, не мағынасынан мүлдем айрылып, қазіргі дәрежегеге жеткен, оған сөздің дыбыстық өзгеріске ұшырауы да қосылған. Мұндай қос сөздерге төмендегі мысалдарды келтіруге болады: бала-шаға, жора-жолдас, жүдеу-жадау, жъшау-сықгау, әуре-сарсаң, шөп-шалам, ың-жың, арық-тұрақ, некен-саяқ, тырым-тырақай, ұйпа-тұйпа, ту-талақай, әңкі-тәңкі.

5. Қос сөздердің жасалуында тағы бір зандылық бар. Ол – қос сөздердің сыңарларының буын санының үндесіп келуі. Мысалы, ән-күй, дәм-түз, ың-жың, көш-қоқ ата-ана, әке-шеше, үлкен-кіші, ыдыс-аяқ, аға-іні, өнер-білім, т.б.

6. Буын саны тең сыңарлардан қос сөздің жасалуы олардың айтылуы үнемділігін көздеуден туған. Өйткені қос сөздердің басым көпшілігінде буын үндестігі ягаи сингормонизм сақгалады. Мысалы, ақыл-айла, сауыт-сайман, ауру-сыркау, жауын-шашын, кырып-жонып, азан-кдзан, жатса-тұрса, ағал-жағал, азып-тозу, айла-амал, алай-бұлай, алал-қапас, алба-далба, алда-жалда, әрлі-берлі, бүгін-ертең, елтең-селтең, жеңіл-желпі, ине-жіп, кейіп-кескін, келіп-кетер, көйлек-көншек, көріп-білу, күйініш-сүйініш, күйіп-пісу, күдік-күмән, немере-шөбере, іркес-тіржес т.б.

7. Қос сөздердің екі сыңары да не бірыңғай жуан сөздерден, не бірыңғай жіңішке сөздерден жасалады. Мысалы, сауыт-сайман, ақыл-ой, ата-ана, көрген-білген, тәлім-тәрбие, өнеге-үлгі, үлкен-кіші, уайым-кайғы, өнер-білім, жаман-жаксы т.б. Осы заңдылықгын біраз жағдайда бүзылатыны -. бар қүбылыс. Мысалы, азық-түлік, үсті-басы, карғап-сілеп, сүріне-жығьша, іші-сырты, ойнап-күліп, алты-жеті, сексен-тоқсан, буып-түйіп, жүн-жүрка, жөн-жоба, ойын-күлкі, қыз-келіншек, көшіп -қонып, дәм-түз, көш-қон, үрыс-керіс, ерсілі-кдрсылы, өштік-кдстык, үздік-создык, ауыр-жеңіл, жоғары-төмен, оқга-текге, сатыр-гүтір, жүдеу-жамау, жаман-жәутік, көрші-қолаң т.б.

Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: 1) екі түрлі сөздін. қосарлануы арқылы, 2) бір сөздің қайталануы арқылы ясасалады. Осымен байланысты қос сөздерді казак тіл білімінде екі түрге бөлу калыптаскан: 1) қосарлама қос сөздер, 2) қайталама қос сөздер. Қос сөздерді осылай жіктеу, топтауды ғылымға кіргізген А.Ыскақов. Қос сөздердің бүл түрлері ғылымда таньшған және ол

кальштаскан.

Қосарлама қос сөздер тілде өте көп, олар мағынасы жақын екі сөзден жасалып, біртүтас лексикалық мағына береді. Мысалы, аяқ-табақ ыдыс деген мағынаны білдірсе, ине-жіп іс тігуге қажет заттардың жалпы аты, туған-туысқан деген қос сөз туыс деген мағынаны білдіреді, шай-қант-шай ішуге керек заттардың аты, қой-ешкі-үсақ малдың аты, кьіз-келіншек-әйел текті жастардың жалпы аты, өрік-мейіз-шайда қолданьшатын жеміс атаулының жалпы аты.

Қосарлама қос сөздердің мағынасында жинақгау, жалпылау мән болады. Мысалы, апа-кдрындас-әйел туыстың жалпы аты, ол сіңіліні де, апаны да, карындасты да бәрін қамтиды, кару-жарақ деген-кдруға жататын құралдардың (мылтық, қылыш, найза т.б.) бәрінің ортақ, жиынтық аты, көрпе-жастық-төсекте қолданылатын заттардың бәрінің аты. Бұл қосарлама қос сөздердің бәріне тән жалпы қасиет.

Қосарлама қос сөздердің сыңарлары екі түрлі сөз болганымен, олар міндетті түрде бір сөз табына жататын сөздерден болады. Мысалы, аға-іні, көйлек-көншек, бас-аяқ, аяк-кол, өнер-білім, ән-күй зат есімдерден ж.асалған, қызыл-жасьш, ақ-кдра, қызылды-жасылды, үлкенді-кішілі, аумалы-төкпелі сын есімдерден, үш-төрт, бес-алты, қьірық-отыз, елу-алпыс сан есімдерден, өне-міне, анау-мынау есімдіктерден, келіп-кетіп, көрген-білген, алу-беру, келген-кеткен, алып-беріп етістіктерден, бүгін-ертең, жоғары-төмен, аңда-санда, окга-текте, ерте-кеш үстеулерден, тарс-түрс, бүрқ-сарқ, жалт-жүлт, шақыр-шүқыр, сатыр-сүтыр еліктеуіш сөздерден, ах-ух, уһ-оһ одағай сөздерден жасалған.

Келтірілген қос сөздердің екі сыңарлары да бір сөз табынан жасалумен бірге, сол сөз табының аясында қалған. Сонымен бірге осы мысалдар қосарлама қос сөздердің барлық сөз табында бар тілдік Құбылыс екенін дәлелдейді. Барлық сөз табының кұрамынан орын алатын, барлық сөз табына қатысты қосарлама қос сөздер тілдің сөздік қорынан да үлкен орьш алады.

Қайталама қос сөздер де тілге кең тараған, жиі қолданылатын сөздер тобына жатады. Кайталама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалады. Мысалы, елең-елең, тарс-тарс, қора-қора, қалш-қалш, келе-келе, айтып-айтып, сөйлеп-сөйлеп т.б.

Тіркескен күрделі сөз деп екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртүтас лексикалық мағына беретін сөздер аталады. Олар - сөйлемге дайын лексема қызметінде алынып, бір сұрақка жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесі кьізметін атқаратын, арасы бөлінбей бір ырғақпен айтылдатын сөздер. Тіркескен күрделі сөздердің де сыңарлары және олардың орны тұрақы. Тіркескен күрделі сөздер құрамы, мағынасы, атқаратын қызметі жағынан біріккен және қос сөздермен бірдей, сөзді тануға қойылатын белгілерге толық жауап береді, айырма емлемен байланысты. Біріккен сөздің сыңарлары бірге жазылады, қос сөздің сыңарлары дефис арқылы жазылады. Тіркескен күрделі сөздердің сыңарлары бөлек жазылады.

Тірек сыңар деп түрлі сөздерден күрделі сөз жасаушы кьізмет атқаратын сөз танылады. Мысалы, көріп бер, алып бер, әкеп бер жинап бер деген кұрделі етістіктерде бер деген сыңар түрлі етістікке тіркесіп, одан күрделі сөз жасап тұр. Қара торғай, боз торғай дегеңде торғай сөзі тірек сыңар болып, бірнеше сөздерден күрделі сөз жасап тұр.

Тірек сыңардың қызметі түрлі сөзден туынды түбір жасайтын жұрнақгың қызметіне ұқсас. Әр тірек сыңар кандай сөздерден күрделі сөз жасаса да, бәрінде ол бір мағына береді. Осы ерекшелік түрлі туынды түбір жасаушы жүрнақта да бар екені белгілі. Мысалы, мал қора, сиыр қора, кой қора деген түрлі затгың атын жасаған күрделі сөздердің бәрінде соңғы сыңардың мағынасы бірдей. Ал жүмысшы, етікші, малшы, оқытушы, егінші деген туынды түбірлердің бөрінде —шы /-ші жүрнағының мағынасы бірдей. Тірек сыңар да, жұрнак та түрлі сөздерден туынды сөз жасап тұр. Тірек сыңардың күрделі сөздердегі орны тұрақты, әдетте ол күрделі сөздің екінші сыңары болады. Мысалы, тоқпан жілік, асықты жілік, ортан жілік, қара көк, күлгін көк, ашық көк, алып кайт, келіп кайт, көріп кдйт, екі мың, үш мың, бес жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз т.б.

Дегенмен бүл кағидаға кайшы жағдай да кездеседі. Сан есімнін бірінші жасалу жолында тірек сыңар бірінші орында тұрады. Мысалы, он бір, он екі, он үш, отыз төрт, отыз бес, қырық алты, қырық жеті т.б. күрделі сандарда тірек сыңар бірінші сыңарда тұрады. Күрделі сөздің ауыспалы сыңары - олардан тірек сынар арқылы күрделі сөз жасайтын түрлі сөздер.

Ауыспалы сыңарларға тірек сыңар тіркесу арқьшы күрделі сөз жасалады. Мысалы, екі+жүз, үш+жүз, төрт+жүз, бес+жүз т.б. Тілде күрделі сөздің ауыспалы сыңары кызметіндегі сөздерде саны тірек сыңарлар санынан әлдеқайда көп. Өйткені бір тірек сыяар арқылы түрлі сөздерден бірнеше күрделі сөз жасалады, сондықтан1 тілдегі ауыспалы сыңар қызметіндегі сөздер мен тірек сынар қызметіндегі сөздердің саны тең бола алмайды.

Сөзді қысқартып, ықшамдап айту, жеңілдетіп қолдану тідлде көне замандардан бар. Бүл тілде кең орын алатын ықшамдау заңдылығымен байланысты. Ол заңдылық дүние жүзіндегі барлық тілдерде бар, оның түрлері, қатысты салалары да мол. Соның бірі -қысқарған сөздер.

Кеңес дәуіріне дейін сөздерді әдейі қысқарту адам аттарымен байланысты тілден орын алған.

Қазақ тілінде адам атын қысқартып қолданудың түрлі жолы бар: 1) үлкен адамды сыйлау, құрметтеу мақсатында кісі атын қысқарту: Жұмабай-Жұмеке, Бейсен-Бәке, Өмірзақ-Өмеке, Асқар-Асеке т.б. 2) бала атын еркелету ретінде қысқарту. Мысалы, Айнагүл-Айнаш, Қалихан-Қанаш, Қожабек-Қожаш, Сағынғали-Сағынжан, Өмірғали-Өміртай т.б.

1. Кеңес үкіметі кезінде бірнеше сөзден тұратын мекемелер, ұйымдар аты көбейді. Оларды бір мәтінде, сөйлеу кезінде қайталау қажет болғанда, сөз көп орын алады, уакыт кетеді. Сондықтан оны қысқарту кажеттігі туды. Осьмен байланысты оларды қысартып қолдану пайда болды. '

2. Бұнымен бірге тар көлемде де кысқартулар қолданылды. Бұл ғылыми еңбектерден көп орын алды. Ғылыми диссертацияларда, монографияларда зерттеу мәселесіне катысты кұрделі атаулардың еңбекте жиі қайталануы бар, ол — заңды құбылыс. Ондай күрделі атау еңбекте жиі қолданылатын болғандықтан, автор көп орын кетірмеу үшін, оны қысқартып қолданады. Мысалы, ТЖ - топтық жұмыс, ЖЖ - жұптық жұмыс, 3. Кісі атын, әкесінің атының басқы әрпін алып фамилиясын толық жазу. Мысалы, Р.Ғ.Сыздыкова, А.Ысқақов, А.С.Аманжолов.

Ондай сөздерді қысқартуда орыс тілінің заңдылығын пайдалану қалыптасты. Олар төмендегідей:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің бірінші әрпі алынды. Мысалы, ҚҚС - қосымша кұн салығы, ОСҚ - Орталық сайлау комиссиясы, ҰҚК - Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ;

2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің бас буыны, қалған сөздердің басқы әрпі. ҚазМҰУ - Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті, АлМУ - Алматы Мемлекетгік университеті.

3. Күрделі атаудың басқы буындары алынады. Мысалы, Кармет - Карағанды металлургиясы, Сеймар - (концерн) Сейсенбаев Марғүлан, Санбат - санитарлық батальон.9. Сөз мағынасының түрлері.

Сөз туралы түсінікті жақсы аңғару үшін оның мағналарын түсіну шарт. Қазақ тілі байлығына жататын барлық сөздің мағыналарын өзара жіктеп қарасақ, әуелі лексикалық мағына, грамматикалық мағына дегенге көңіл аудару қажет. Тіліміздегі көптеген сөздер затты, заттың сапасын, қимыл әрекетті, мезгілді білдіреді. Ал, осы сөздердің тағы бір ерекшелігі олардың грамматикалық пішіні, белгілері болады. Сонымен, тіліміздегі сөздер заттар мен құбылысты аңғартатын мағынасы мен грамматикалық пішіні, белгілеріне қарай сөз таптарына жіктеледі. Сондықтан сөздердің заттар мен құбылысты білдіретін мазмұны лексикалық мағына деп аталады да, грамматикалық пішінінің мазмұны грамматикалық мағына деп танылады. сөз нақтылы жағдайда бір лексикалық мағынаға ие болса, оның грамматикалық мағынасы бірнеше болуы мүмкін. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының арақатынасын ғалымдардың түрліше талдап, түрліше топтастырып жүрген пікірлерін жинақтай келіп М.Оразов оларды былай көрсетеді:

1. Лекс.мағына нақты болады да, грам.мағына абстрактілі болады.

2.Лекс.мағына ақиқат дүниедегі заттардың, түрлі құбылыстардың адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесімен не белгілі бір ұғыммен байланысты болады да, сол сөздің басқа сөздермен байланыссыз мағынасын болады. Ал, грам. мағына сөздердің сөйле ішінде, сөздермен бйланысқа түскенде білдіретін мағынасы.

3. Грам. мағына өздігінен өмір сүрмейді, лекс. мағынаға негізделіп, соған жалғасып қана өмір сүреді.

4. Лекс. мағыналар жеке сөздерге тән болады, олар сан жағынан көп болады. Ал, грам. мағына ондай қасиеттерге ие емес, сан жағынан шектелінген.

5. лекс. мағына мен грам. мағыналардың арақатынастың анықтауда сөздерде сөзсіз талап етілетін мағыналар мен жеке сөздерге тін мағыналар арасын анықтау принципін ұстану керек.

6. Түбір морфема арқылы берілген мағына лекс.мағына деп есептелінсе, грам.пішін арқылы берілген ма,ына грам.мағына деп есептелінеді.10.Қазақ тіліндегі байырғы және кірме сөздер.

Байырғы сөздер— тілдің сөздік құрамында бұрынғы заманнан қалыптасқан, негізгі сөздік қордың ұйытқысы болатын сөздер. Байырғы сөздердің құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты алуан түрлі. Байырғы сөздер қазақ халқының тіршілігі мен тұрмысына, мәдениеті мен дүниетанымына байланысты жалпыхалықтық қолданыста қалыптасқан. Мысалы: жерсужылқыаңшешеағақұдасүткеспеқазанкөкбылтырбүгінқол, т.б. Қазақтың Байырғы сөздері, негізінен, қазақ тайпаларының этникалық даралану кезеңінде 15—16 ғасырларда пайда болған. Мысалы: желғабыз (жел — Байырғы сөздер ғабыз — моңғол қабас күшті жел, дауыл). Кейбір диалектизмдер мен кәсіби сөздерде белгілі бір аймақ үшін байырғылық сипат болады. Әбден халықтық сипат алып кеткен кірме сөздер моңғол ге жатқызылады. Мысалы: араб-парсы тілдерінен енген: қорек, әрекет, астар; орыс тілінен енген: самауырын, рет, бәтіңке, т.с.с. Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыпасқан. Сондықтан да сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Кірме сөздер - тіларалық қарым-қатынас (байланыс) нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан бөгде тілдік элементтер (сөздер, сөз тіркестеріжұрнақтар т. б.). Көбінесе белгілі бір жаңа ұғым-түсініктің атауы болып келетін кірме сөздер «шет тіл сөздері», «интернационал сөздер», «варваризмдер»«калька» сияқты түрлерге сараланып зерттеледі. Кірме сөздердің кейбірінің түр-тұлғасынан, дыбысталуынан қай тілдің еншісіне жататыны белгілі болып тұрса, ал ертеден қолданылып, тілге әбден сіңісіп кеткен кірме сөздің қайсы бірінің түп төркінін айқындау үшін арнайы этимологиялық зерттеулерге жүгінуге тура келеді. Мысалы, тіліміздегі заң-закон қос сөзінің законы - орыс сөзі екені баршамызға белгілі, ал төл сөзіміздей болып кеткен заң болса - ерте замандарда қытай тілінен ауысқан лексема. Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады: 1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с. 2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль, прошение, прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады. 11. Көнерген сөздер архаизмдер, историзмдер.Көнерген сөздер – күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорына сақталған, көпшілікке түсінікті сөздер. Көнерген сөздер көнелену дәрежесі мен себебі және қолданылу сипатына қарай өзіндік лексика жүйесін құрайды. Көнеру дәрежесі бойынша: а) мағынасы түсініксіз сөздер (байыз – байыз табу, кежеге– кежегесін кейін тарту); ә) мағынасы түсінікті, бірақ сирек қолданылатын сөздер (бәйбіше, қатын, мыстан, алдаспан) болып бөлінеді. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай екіге бөлінеді: тарихи сөздер мен архаизмдер. Тарихи сөздердің көнеруі лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылылыстардың жойылуымен, сондай-ақ, әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты (болыссұлтанбарымтаақ беренайбалта). Архаизмдер халықтың күн көріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер (жаушыдағараергенексаптыаяқтүменасадалдүрияпатсайы, т.б.). Әйтсе де, қайсібір көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы, жасақ– жасақшы, төре– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күнделікті қолданысқа ие болды. Көнерген сөздер тарихи өзгеріп отыратын лексика-семантикалық құбылыс. Көнерген сөздер (Архаизмдер) Ғылымдағы және техникадағы, өнер мен мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік өмір мен әдебиет саласындағы жаналықтар лексикаға да үнемі ыкпалын тигізіп отырады. Өткен дәуірлерде болған кейбір наным-сенімдер, әдет-ғұрыптар, ескі ұғымдар, үй мүлкі, шаруашылық бұйымдары халық тұрмысының дамуына байланысты азайып, қолданудан шығып қалады. Соларға қатысты сөздер мен атаулар да ескіреді, яғни қолданудан шыға бастайды. Мысалы: шоқпар, соқа, сойыл, найза, айбалта, күрзі, қорамса, кіреуке, малта, ояз, зындан, күң, кұл, әмеңгер, болыс, жүзбасы, сарбаз, дуан, пері, періште, ысқат, азан, барымта, дабыл тәрізді сөздер бүгінгі өмірде көп қолданыла бермейді. Бұлар белгілі бір дәуірдің, тарихи кезеңнің тілдік көрсеткіші ретінде жұмсалуы мүмкін. Олар көнерген сөздер деп аталады. Және олардың кейбірі жана ұғымдардың келуімен байланысты жаңарып қолданылуы да мүмкін. Тіл — тілде көнерген сөздердің историзмдер және архаизмдер деп аталатын екі түрі бар. Кейбір заттар мен құбылыстар күнделікті өмірден шығып қалып, сол ұғымдарды білдіретін олардың атаулары — сөздер де көнеріп, тілде қолданбайды. Мысалы: сұлтан, атшабар, ояз, барымта, дуан басы, дүре, малай, күң, құл, бай, болыс т. б. Мұндай сөздерді историзмдер дейді. Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: жасак, немесе қол — әскер, қол басы — әскер басы, почтабай — хат тасушы, жатак, — отырықшы, серіктік — бірлесу, қосын — ұйым, желек — орамал т. б. Қазірде осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстардың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]