Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульма аллерго тест.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать
  • Сальбутамол ингаляциясын қайталау

  • Тиосульфат натрий көк тамырға енгізуді бастау

  • Эуфиллинді көк тамырға енгізуді бастау

  • +60мг преднизолон енгізу

  • 0.1% 1Мл адреналин енгізу

! 25 жастағы әйел ортопноэ қалпында отыр, қозулы, тыныштық жағдайындағы ентігу, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, ТАЖ 32 минутына, ЖЖЖ 110 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 60% құрайды. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Науқас жағдайы ауырлығын бағалау үшін қандай тексеруді ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

  • ЭКГ

  • Өкпенің Р-графиясы

  • Спирография

  • +Пикфлоуметрия

  • Жоғарғы қуыс венасының қысымы

! 22 жастағы ер адамда ортопноэ, қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан ысқырықты сырылдар естіледі, көп мөлшерлі көпірікті ақ түсті қақырық бөлінумен жөтел, ТАЖ 30 минутына, ЖЖЖ 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы қалыптыдан – 45%. Соңғы сағаттарда – сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Қандау зерттеу науқас жағдайының ауырлығын дұрыс бағалауға мүмкіндік береді?

  • Қанда натрий және калий деңгейін анықтау

  • Қышқыл-сілтілі жаңдайды анықтау

  • +Гемоглобиннің оттегімен қанығу деңгейін анықтау

  • Қақырық анализін эозинофилдер болуына тексеру

  • Бүйрек қызметін бағалау (зәр шығаруын)

! Реанимация бөліміне 36 жастағы бронхоспазм көріністері бар ер адам жеткізілді. Жедел көмек бригадасымен және қабылдау бөлімінде жүргілізген терапия: преднизолон - 60 мг к/т, эуфиллин - 2,4% 10 мл (2 сағат өтті). Кардиомониторда: ЖЖЖ – 110 минутына, қарыншалық экстрасистолалар 1:4, АҚ – 100/70 мм рт. ст., ТАЖ – 34 минутына, SatO2 – 88% (ауамен дем алғанда). Оттегі-ауалы қоспамен ингаляция басталды. Төменде берілгендердің ішінен жүргізілген терапияға не қосу керек?

  • Корглюкон

  • Тиосульфат натрий к/т

  • +Метилпреднизолон к/т

  • Эуфиллин 2,4% 10 мл болюсті к/т

  • Сальбутамол ингяляциясы

! 55 жастағы әйел 2 сағат бұрын шаңмен контакт болғаннан кейін пайда болған тыныс алу қиындауына шағымданып түсті. Қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде жайылған құрғақ сырылдар естіледі, ЖЖЖ – 100 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Тұншығу ұстамалары пайда болғанына 15 жыл болған, базисті терапияны қабылдамайды, өздігінен эуфиллинді таблетка түрінде үнемі қабылдайды, есепте тұрмайды. Созылмалы обструктивті бронхит бойынша кезеңді түрде амбулаторлы ем алады. Қарқынды ем көрсету кезінде төменде берілгендердің ішінде БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек?

  • +Сальбутамол ингаляциясы

  • Тиосульфат натрий к/т енгізуді бастау

  • Эуфиллинді к/т енгізуді бастау

  • Преднизолон 60 мг к/т енгізуді бастау

  • 0.1% 1Мл адреналин енгізу

! 42 жастағы әйел 3 сағат бұрын кір жуу ұнтағымен контакт болғаннан кейін пайда болған тыныс алу қиындауына шағымданып түсті. Қозулы, өкпенің ортаңғы бөлігінде тыныс шығару кезінде жайылған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығару ұзарған, ЖЖЖ – 98 минутына, ТАЖ – 28 минутына. Тұншығу ұстамалары пайда болғанына 15 жыл болған, тек күр жуу ұнтағының белгілі түрімен контакттан кейін пайда болады, базисті терапияны қабылдамайды, есепте тұрмайды. Қарқынды ем көрсету кезінде төменде берілгендердің ішінде БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ не істеу керек?

  • +Сальбутамол ингаляциясы

  • Тиосульфат натрий к/т енгізуді бастау

  • Эуфиллин к/т енгізуді бастау

  • Преднизолон 30 мг к/т енгізу

  • Дексаметозон 4 мг б/ет енгізу

! Қабылдау бөліміне 67 жастағы науқас айқын экспираторлы ентігумен жеткізілген. Ентігуден науқас сөйлей алмайды (қысқа сөздермен сөйлейді), цианоз, алшақтан естілетін құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ - 32 минутына, ЖЖЖ – 120 минутына. Осы жағдайының ауырлауы ЖРВИ кейін дамыған, бронхиальды демікпе 25 жыл бойы. Серетид және преднизолон таблеткада (20мг) қабылдайды. Қарқынды көмекті қай препараттан және қандай мөлшерде бастау дұрыс?

  • Дипроспан 1 мл

  • Преднизолон 60 мг

  • +Метилпреднизолон 120 мг

  • Эуфиллин 2,4% 10 мл в\в

  • Сальметерол ингаляциясы

! Қарқынды терапия бөлімінде 56 жастағы демікпелік статус жағдайында түскен науқас жатыр. Қарқынды көмек көрсеткеннен кейін науқас жағдайы қалыпты: дем шығарудың шыңдық жылдамдығы - 57%, сатурация - 95%, ЖЖЖ – 80 минутына, ТАЖ – 24 минутына. Науқасты ары қарай жүргізудің қай тактикасы дұрыс болып табылады?

  • Интенсивті терапия бөлімінде емді жалғастыру

  • +Аллергология немесе терапия бөліміне ауытыру

  • Амбулаторлы бақылаумен уйіне шығару

  • Күндізгі стационарда емді ары қарай емдеу

  • Емді үйінде ұйымдастыру – уйде стационар

! Демікпелік статус жағдайында түскен науқаста 6 сағат бойы ем нәтиже берді: ОФВ1 70-75%, сатурация – 99%. Науқас гормон тәуелді, ұстамаға дейін флюнисолид 400 мкг/сут қабылдаған. Қай емдеу тактикасы науқасқа жүргізуді тиімді болады?

  • +Базисті терапияға преднизолон 40 мг/тәулігіне қосу, 5 күнге

  • 3 күн бойына преднизолонды 30мг к/т енгізуді жалғастыру

  • Флюнисолид мөлшерін жоғарылату және емге магний сульфат қосу

  • Флюнисолид мөлшерін жоғарылату және емге натрий тиосульфат қосу

  • 5 күн бойы эуфиллин к/т тамшылатып және сальметерол ингаляциясын қосу

! Науқас 27 жастағы әйел, ӨТС 87%, ОФВ1 44%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 50,6%, МВЛ 59%, МОД 230%, ТАЖ – 24 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

  • Обструктивті 1 деңгей

  • +Обструктивті 2 деңгей

  • Обструктивті 3 деңгей

  • Аралас 2 деңгей

  • Аралас 3 деңгей

! 47 жастағы науқас, ӨТС 69%, ОФВ1 77%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 98%, МВЛ 68%, МОД 205%, ТАЖ – 20 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

  • Обструктивті 1 деңгей

  • Обструктивті 2 деңгей

  • Обструктивті 3 деңгей

  • +Аралас 1-2 деңгей

  • Аралас 3 деңгей

! Науқас 47 жаста, ӨТС 61%, ОФВ1 45%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 85%, МВЛ 67%, МОД 182%, ТАЖ – 32 минутына. Тыныс алудың бұзылу түрін және деңгейін анықтаңыз.

  • Обструктивті 1 деңгей

  • Обструктивті 2 деңгей

  • +Обструктивті 3 деңгей

  • Аралас 1-2 деңгей

  • Аралас 3 деңгей

! Будесонид 200мкг/тәулік және теотард 200мг күніне 2 рет қабылдайтын науқасқа қандай ұсыныстар берук керек, соңғы апта көлемінде пикфлоуметрияның келесі көрсеткіштері тіркелген: 200-400-320-180-380-320 л/мин (ең жақсы көрсеткіш - 420 л/мин)?

  • Теотард мөлшерін жоғарылату

  • +Шұғыл госпитализация

  • Емге сальметерол қосу

  • Будесонид мөлшерін 2 есе жоғарылату

  • Препараттармен көрсетілген мөлшерде емдеуді жалғастыру

! 29 жастағы ер адам, ортопноэ қалпы, қатты қозулы, ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады, қысқа сөздермен сөйлейді, алшақтан естілетін ысқырықты сырылдар, қөп көлемді көпірікті ақ түсті қақырық бөлінетін жөтел, ТАЖ – 30 минутына, ЖЖЖ – 105 минутына, дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 45%. Соңғы сағаттарда - сальбутамолдың 3 ингаляциясы тиімсіз. Қозуды төмендету үшін дәрігер науқасқа седативі препарат енгізген. Дәрігер іс-әрекетінің дұрыстығын бағалаңыз.

  • Дұрыс, тиімді қарқынды көмек көрсету үшін қозуды төмендету керек

  • Дұрыс, мидың оттегіге қажеттілігін төмендету үшін қозуды төмендету керек

  • Дұрыс, седативті заттар миды гипоксия салдарынан қорғауға көмектеседі

  • Дұрыс емес, седативті заттар кортикостероид тиімділігін төмендетеді

  • +Дұрыс емес, седация жүргізіліп жатқан терапияға жауапты дұрыс бағалауға мүмкіндік бермейді

! 45 жастағы науқас күніне 1-2 рет болатын тұншығу ұстамаларына, аптасына 2-3 рет таңертең тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянады, мұрын бітуіне, ринореяға шағымданады. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен контакт, физикалық күшетме. 600мкг/тәулік будесонид және сальметерол тағайындалды. Тиімділігін жоғарылату үшін емге қай препаратты қосқан дұрыс?

  • Рибомунил курс

  • Эуфиллин таблеткада

  • Преднизолон 20 мг peros

  • +Бетаметазон эндоназальды

  • Ксиметозолин эндоназальды

! 55 жастағы науқас күніне 1-2 рет қайталанатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет қайталанатын таңертенгі уақытта тыныс алу қиындауынан және жөтелден ұйқыдан оянуға, мұрын бітелуіне шағымданады. ЛОР-қарауында полиптер анықталды. Әсер көрсететін факторлар – шаң, мысықтармен контакт, физикалық күшетме. Назначен будесонид в дозе 600 мкг/сут и сальметерол. 600мкг/тәулік будесонид және сальметерол тағайындалды.Тиімділігін жоғарылату үшін емге қай препаратты қосқан дұрыс?

  • Рибомунил курсы

  • Эуфиллин таблеткада

  • Преднизолон 20 мг peros

  • +Бетаметазон эндоназальды

  • Ксиметозолин эндоназальды

! 38 жастағы әйел 20 жыл бойы бронхиальды демікпемен дәрігерде есепте тұрады, соңғы 6 айда демікпе жақсы реттеледі, нәтижесінде ингаляциялық препараттарды мөлшерін төмендетуге негіз болған: будесонид 200 мкг/тәулік, сальметерол – тәулігіне 1 мөлшерге дейн. Суықтап қалғаннан кейін ЖРВИ белгілері пайда болды – қызба, бас ауру, құрғақ жөтел. Алып жатқан кортикостероидқа қатысты қай тактика дұрыс болып табылады?

  • Стероидтар иммунды жауапты төмендетеді – ЖРВИ жазылғанға дейін мөлшерін төмендету

  • Стероидтар иммунды жауапты төмендетеді – ЖРВИ жазылғанға дейін қабылдауды тоқтату

  • Демікпе жақсы реттеледі - мөлшерін өзгертудің қажеті жоқ

  • +ЖРВИ жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін – мөлшерін жоғарылату керек

  • ЖРВИ жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін – тек сальметерол мөлшерін жоғарылату керек

! Бронхиалды демікпе диагнозы алғаш қойылған науқаста: күндізгі ұстамалар күніне 2-3 рет, түнгі аптасына 1-2 рет, физикалық жүктемеге шыдамдығы төмендеген, тұншығу ұстамаларын тоқтату үшін соңғы ай көлемінде 2 рет жедел жәрдем шақырған. Дәрігер науқасқа сальметерол күніне 4 доза тағайындаған, ол науқас жағдауының жақсаруына алып келген: сальметеролға қажеттілік күніне 1 рет. Жүргізілген терапияның дұрыстығына баға беріңіз.

  • Әсері ұзартылған теофиллинді тағайындау дұрыс еді

  • Сальметерол дозасы демікпені реттеуге мүмкіндік береді

  • +Дұрысы – ингаляциялық кортикостероид тағайындау

  • Терапия басында бета-миметик тағайындау жетеді

  • Бета-миметиктерді монотерапияда қолданбайды - кромогликат натрий қосу керек

! 49 жастағы ер адам ұзақ жылдар бойы таңертен болатын ұстама тәрізіді аз мөлшерде шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын тыныс алудың қиындау эпизодтарына, кейде түнде жөтелден және тұншығудан оянып кетуіне шағымданады. Көп жылдар бұрын осындай ұстамалар эуфиллинмен тоқтатылған, сондықтан науқас өз бетінше эуфиллин қолданады. Суықтаудан кейін ұстама жиіледі, сонғы тәулік ішінде ол эуфиллиннің 10 таблеткасын қабылдаған. Қарау кезінде науқаста тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек айну анықталады, 2 рет желінген тағаммен құсу болған, науқас өзін тағамнан уланған деп ойлайды. ЖЖЖ – 120 минутына, АҚ – 90/65 мм рт. ст. Ұзарған дем шығару фонында ортаңғы бөлімдерінде құрғақ сырыл естіледі. Асқазан ішек жолдарының зақымдану симптомдарының себебі не?

  • Тағамдық токсикоинфекция

  • Жедел ішек инфекциясы

  • +Эуфиллинді артық мөлшерде қабылдау

  • Қатты жөтел салдарынан құсу

  • Беталепсия

! 59 жастағы әйел көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Көп жылдар бойы преднизолон, эуфиллинді ретсіз қабылдайды. Соңғы апта көлемінде жағдайы нашарлаған, сондықтан вентолин (сальбутамол) инголяторын күніне 10-15 рет қолданған. Қарау кезінде тыныс алудың қиындауы, қатты жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ЖЖЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм рт.ст. ұзарған дем шығару фонында ортаңғы бөлімдерінде құрғақ сырылдар естіледі, пульс ретсіз. ЭКГ: f толқындар. Жүрек-қан тамыр жағынан симптомдардың себебі не?

  • Артериалды гипертензия

  • Өкпелік жүрек

  • +Бета-миметиктерді артық мөлшерлеу

  • Жүректің ишемиялық ауруы

  • Беталепсия

! 59 жастағы ер адам көп жылдар бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 3-4 рет болатын эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, кейде түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Анамнезінде артериалды гипертензия 2 ст. ҚФ 3. Көп жылдар бойы преднизолон, эуфиллинді ретсіз қабылдайды. Соңғы апта көлемінде – жағдайы нашарлаған, қатты шаршататын жөтел пайда болған. Қатты жөтел шыңында 2 рет есінен танған. Қарау кезінде: ентігу, құрғақ жөтел, жүрек айну, жүрек қағу, жүрек соғысының тоқтау сезімі байқалады. ТАЖ – 120 минутына, АҚ – 150/85 мм рт.ст. Выслушиваются сухие хрипы в средних отделах на фоне удлиненного выдоха. На ЭКГ: ритм синусты, сол қарынша гипертрофия белгілері.Естен тану эпизодтарының себебі не?

  • +Беталепсия

  • Өкпелік жүрек

  • Артериалды гипертензия

  • Бетамиметикті артық мөлшерлеу

  • Жүректің ишемилық ауруы

! 25 жастағы әйел 2 жыл бойы таңертенгі уақытта ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тыныс алудың қиындауына және кеуде қуысында «толып тұрғандай» сезімге, аптасына 1-2 рет түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады. Жүктілік 11-12 апта. Объективті: әлсіреген тыныс фонында дем шығару ұзарған, форсирленген тыныс кезінде құрғақ сырыл есітіледі. Спирография: ӨТШ 74%, ОФВ1 72%, Тиффно индексі ОФВ1/ӨТС 97%, МВЛ 68%, МОД 205%, ТАЖ – 20 минутына. Науқастың жүкті екендігін ескере отырып, қай дәрі базисті терапияның негізгі препараты болып табылады?

  • Кромогликат динатрий

  • Преднизолон per os

  • Сальметерол

  • +Флюнисолид

  • Эуфиллин

! 27 жастағы әйел 5 жыл бойы ұстама тәрізді аз мөлшердегі шырышты-іріңді қақырық бөлінетін жөтелге, күніне 1-2 рет эпизод түрінде болатын тұншығу ұстамасына, аптасына 2-3 рет түнде жөтелден және тұншығудан ұйқыдан оянуға шағымданады, сальбутамолмен күніне 6 рет қолданады. Жүктіліктің 18-20 аптасында. Жүктілік басынан бастап ұстамалар жиіледі. Науқас корикостероидтарды нәрестеге зиян әсер етеді деп қабылдаудан бас тартқан. Осы жағдайда жүктілерді жүргізуде төменде көрсетілгендердің ішінде қай емдеу тактикасы дұрыс?

  • +Демікпені ингаляциялық кортикостероидтармен реттеу ғана дені сау баланы тууға мүмкіндік береді

  • Демікпе ағымын кромон препараттарымен реттеу тиімді

  • Демікпе ағымын әсері ұзартылған бета-миметиктермен реттеу тиімді

  • Жүктілік кезінде жағдай жақсарады, сондықтан стероидтарды қолданбауға болады

  • Жүктілік кезінде жағдай нашарлайды, преднизолонды жүйелі түрде қолдану керек

! 27 жастағы әйел бронхиальды демікпемен ауырады, серетид қабылдайды, жүктіліктің 15-16 аптасында. Науқасты қарайтын акушер-гинеколог гриппке қарсы егу салуға кеңес берген. Науқас сізге кеңес сұрап келіп отыр. Төменде көрсетілгендердің ішінде ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдайтын жүктілерге қатысты қай тұжырым дұрыс?

  • +Егу көрсетілген – науқас жүкті және демікпемен ауыратын науқас ретінде қауіп тобына кіреді

  • Егу көрсетілген, бірақ оның тиімділігі стериодтар әсерінен төмен болады

  • Егу көрсетілмеген – ол демікпенің асқынуын шақыруы мүмкін

  • Егу тиімділігінің төмен болуына байланысты көрсетілмеген

  • Егу жүктілікке байланысты көрсетілмеген

! 59 жастағы әйел, бронхиалды демікпемен 20 жыл шамасында ауырады.Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, өкпенің төменгі доғасы қимылы шектелген, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 72%. ӨТС және ОФВ1 қай көрсеткіштері науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?

  • ӨТС 90%, ОФВ1 – 72%

  • ӨТС 80%, ОФВ1 – 90%

  • +ӨТС 62%, ОФВ1 – 65%

  • ӨТС 50%, ОФВ1 – 72%

  • ӨТС 42%, ОФВ1 – 86%

! 62 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 25 жыл бойы ауырады. Объективті: кеуде қуысы бөшке тәрізді, өкпенің төменгі доғасы қимылы шектелген, перкуторлы қораптық дыбыс, аускультативті әлсіреген тыныс. Дем шығарудың шыңдық жылдамдығы – 72%. Өкпе ретнген суреті науқастың жағдайына көбірек сәйкес келеді?

  • Өкпе суретінің күшеюі

  • Өкпе түбірінің кеңеюі және құрылымы өзгеруі

  • +Өкпе тіні мөлдірлігінің жоғарылауы

  • Өкпенің төменгі бөліктерінде көлеңкелену

  • Бөлікаралық плевраның қалыңдауы

! 42 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 18 жыл бойы ауырады. Спирография ӨТС 64%, ОФВ1 46%, Тиффно индексі ОФВ1/ЖЕЛ 72%, МВЛ 89%, МОД 180%, ТАЖ – 19 минуты. Ешқашан ингаляциялық кортикостероид қабылдамаған, преднизолон және сальбутамол қабылдайды, жылына 2-3 рет – демікпелік статус дамуына байланысты госпитализацияланады, соңғы жылдары преднизолон мөлшерін жоғарылатқан, бірақ демікпе ағымын реттеуге қол жеткізілген жоқ. ИМТ – 42, аменорея.Науқаста стероидрезистенттіліктің даму себебі не?

  • +Бронхтардың ремоделденуі

  • Бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің дамуы

  • Бета-адренорецепторлар сезімталдығының төмендеуі

  • Дисгормонады бұзылыстар

  • Семірудің дамуы

! 48 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 15 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда. Соңғы жылдары таңертеңгі уақытта 30-40мл иісі жағымсыз сұр түсті шырыш-іріңді қақырық бөлінумен жөтел қосылған. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болған, тыныс алу қиындау ұстамалары жиілеген, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеген. Субфебрильды қызба эпизодтары және тершеңдік 10-12 күн жалғасады, осы кезде тағайындалатын антибиотиктердің әсері аз ғана. Кеуде қуысының Р-графия: созылмалы бронхит белгілері. ПФМ – 62%. Науқастың жағдайы нашарлауының себебін анықтау үшін кандай зерттеулерді жүргізу керек?

  • Спирография

  • Метахолинді тест

  • Гистамин ингаляция тесті

  • +Өкпенің компьютерлі томографиясы

  • Өкпенің магнитті-резонансты томографиясы

! 50 жастағы әйел бронхиалды демікпемен 17 жыл бойы ауырады. Жүргізілген емге қарамастан сальбутамол қажеттілігі күніне 2-3 рет сақталуда. Соңғы жылдары таңертеңгі уақытта 30-40мл иісі жағымсыз сұр түсті шырыш-іріңді қақырық бөлінумен жөтел қосылған. Алдында жөтел тек ұстама кезінде ғана болатын, енді үнемі мазалайтын болған, тыныс алу қиындау ұстамалары жиілеген, физикалық жүктемеге толеранттылық төмендеген. Субфебрильды қызба эпизодтары және тершеңдік 10-12 күн жалғасады, осы кезде тағайындалатын антибиотиктердің әсері аз ғана. Кеуде қуысының КТ: Кіші калибрлі бронхтардың кеңею аймақтары анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?

  • Бронхтардың ремоделденуі

  • Созылмалы панбронхит

  • +Бронхоэктаздар

  • Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

  • Пневмосклероз

! Науқас 26 жаста, цефазолинді енгізген соң бірнеше минуттан соң әлсіздік, “көзінің қарауытуы”, кеудесіндегі ауыру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, жіп тәрізді пульс. Цефазолин инъекциясын пневмонияны емдеу мақсатында қабылдағанына 5-ші күн. Осыған дейін жасалған инъекциялардың орнында қышу сезімі және қызару болған. Науқаста қандай патология бар деп ойлайсыз?

  • Цефазолинге идиосинкразия

  • Анафилактоидты реакция

  • Вазовагалды естен тану

  • +Анафилактикалық шок

  • Кардиогенді естен тану

! Науқас 26 жаста, цефтриаксонды енгізген соң бірнеше минуттан соң әлсіздік, “көзінің қарауытуы”, кеудесіндегі ауыру сезімі мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысы бозарған, жіп тәрізді пульс. Цефтриаксон инъекциясын пневмонияны емдеу мақсатында қабылдағанына 5 күн. Осыған дейін жасалған инъекциялардың орнында қышу сезімі және қызару болған. Осы жағдайды болдырмау үшін қандай іс-әрекет жасау керек еді?

  • Цефтриаксонды цефобидке ауыстыру

  • Цефтриаксонды бұрын қабылдағандығы немесе қабылдамағандығы туралы сұрау

  • Цефтриаксон инъекциясын супрастинмен бірге тағайындау

  • Цефтриаксон инъекциясын преднизолонмен бірге тағайындау

  • +Цефтриаксонмен емдеуді бірінші аллергиялық көріністер көрінген соң бірден тоқтату

! 40 жастағы ер кісі, стоматолог новокаинді енгізген соң, бірден бозарып, есін жоғалтты. Тері жамылғысы бозарған, пульс жіп тәрізді. Анафилактикалық шоктың қай формасы ТӘН?

  • Кардиалды

  • Церебралды

  • +Өткінші (Молниеносная)

  • Астматикалық

  • Абдоминалды

! Әйел 40 жаста, цефазолинді енгізген соң күйдіру, жүрек айну және тыныс алуының қиындауы мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының гиперемиясы, кейіннен бозаруы, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі және әлсіз. Анафилактикалық шоктың қай формасы ТӘН?

  • Кардиалды

  • Церебралды

  • +Өткінші (Молниеносная)

  • Астматикалық

  • Абдоминалды

! 35 жастағы ер кісі, стоматолог новокаинді енгізген соң, бірден бозарып, есін жоғалтты. Тері жамылғысы бозарған, пульс жіп тәрізді. Осы жағдайдан шығару үшін қандай препаратты енгізу керек?

  • Допамин

  • +Адренилин

  • Супрастин

  • Преднизолон

  • Тиосульфат натрия

! Әйел 47 жаста, цефазолинді енгізген соң күйдіру, жүрек айну және тыныс алуының қиындауы мазалады. Қарап тексергенде: тері жамылғысының гиперемиясы, кейіннен бозаруы, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульс жиі және әлсіз. Жедел жәрдем көрсету кезіндегі бірінші енгізілу керек препарат?

  • Сальбутамол

  • Преднизолон

  • +Адреналин

  • Супрастин

  • Эуфиллин

! Әйел кісі 52 жаста рентгенконтрасты затты енгізген кезде күйдіру сезіміне, жүрек айнуға, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Күлдіреуік тәрізді бөртпе бүкіл денесінде, беттің гиперемиясы мен ісінуі, өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі, әлсіз. Контрасты затты енгізуді бірден тоқтатып, адреналин инъекциясы жасалынды. Жедел көмек кезінде екінші орында қандай препаратты енгізу керек?

  • Допамин

  • Эуфиллин

  • Супрастин

  • Сальбутамол

  • +Преднизолон

! Әйел адам 23 жаста, амоксициллинді қабылдаған соң бірнеше минут өткенде әлсіздік, жүрек айну, терінің қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасы мен қолында күлдіреуік, беттің ісінуі мен гиперемиясы байқалды. АД – 70/50 мм с.б. Науқаста қандай патология бар деп ойлайсыз?

  • Жедел есекжем

  • +Анафилактикалық шок

  • Анафилактоидты реакция

  • Аллергиялық дерматит

  • Инфекционды-токсикалық шок

! Әйел адам 23 жаста, амоксициллинді қабылдаған соң бірнеше минут өткенде әлсіздік, жүрек айну, терінің қышуы, мойнында, кеудесінде, арқасы мен қолында күлдіреуік, беттің ісінуі мен гиперемиясы байқалды. АД – 70/50 мм с.б.б. Жедел жәрдем бригадасы осы жағдайдан адреналин мен преднизолон енгізу арқылы шығарды. Келесі этапта қандай іс-әрекет жасау керек?

  • Терапия бөлімшесіне госпитализациялау

  • Аллергология бөлімшесіне госпитализациялау

  • Дерматологиялық диспансерге госпитализациялау

  • +Интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализациялау

  • Бөлімшелік дәрігерге “белгі” парағын қалдырып, науқасты үйде қалдыру

! Әйел кісі 55 жаста рентгенконтрастты затты енгізген кезде күйдіру сезіміне, жүрек айнуға, тыныс алудың қиындауына шағымданды. Күлдіреуік тәрізді бөртпе бүкіл денесінде, беттің гиперемиясы мен ісінуі байқалды. Өкпеде - дистантты құрғақ сырылдар, пульсі жиі, әлсіз. Контрастты затты енгізуді бірден тоқтатып, адреналин инъекциясы жасалынды. Науқас қанша уақыт бойы күндіз-түнгі бақылауда болуы керек?

  • 24 сағат

  • 36 сағат

  • 48 сағат

  • +72 сағат

  • 5 тәулік

! Қыз бала 16 жаста, Қазақстанның тұрғыны, көзінің қызаруына, қышуына, жас ағуына, мұрыннан су тәрізді бөліндінің бөлінуі мен бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы айтылған симптомдар науқаста мамыр айында, “терек ағашының үпелегі ұшқан кезде” пайда болады. Пациенттің айтуы бойынша, науқаста терекке аллергия. Науқаста біріншілік маңызды қандай аллергенге аллергиясы болуы мүмкін?

  • +Дәнді дақылдар (злаки)

  • Қайың

  • Терек

  • Жусан (полынь)

  • Кендір (конопля)

! Ер кісі 36 жаста, шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Науқаста біріншілік маңызды аллерген қандай деп ойлайсыз?

  • тал

  • +жусан (полынь)

  • саңырауқұлақ

  • дәнді дақылдар

  • жөке (липа)

! Қыз бала 19 жаста, Қазақстанның тұрғыны, көзінің қызаруына, қышуына, жас ағуына, мұрыннан су тәрізді бөліндінің бөлінуі мен бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына шағымданады. Осы айтылған симптомдар науқаста мамыр айында, «терек ағашының үпелегі ұшқан » кезде пайда болады. Пациенттің айттуы бойынша, науқаста терекке аллергия. Диагноздың дұрыс қойылғанын таңдаңыз?

  • Аллергиялық ринит

  • Аденовирусты инфекция

  • Шаң- тозаңға аллергия

  • Вазомоторлы ринит

  • +Поллиноз, риноконъюнктивит

! Ер кісі 36 жаста, Қазақстанның тұрғыны. Шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және кейде болатын мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Диагноздың дұрыс қойылғанын таңдаңыз?

  • Шаң – тозаңға аллергия

  • Маусымдық(сенная)демікпежәне риноконъюнктивит

  • Аллергиялық ринит және конъюнктивит

  • +Поллиноз: риноконъюнктивит, бронхиалды астма

  • Вазомоторлы ринит және интермиттирлеуші астма

! Әйел кісі, 26 жаста, қатты бас ауруына, (басының бір жақ жартысы сақина (мигрень) тәрізді ауырады) температурасы 37,8 дейін жоғрылауы, әлсіздік, түшкіру, ринорея, мұрын бітуі, көзінің қызаруы мен қышуына шағымданады. Осы симптомдар шілде айының ортасында басталып, тамыз айында күшейеді де, қыркүйек айының аяғына қарай кетеді. Диагноздың дұрыс қойылуын көрсетіңіз?

  • Мигрень және риноконъюнктивит

  • Шаң-тозаңға риноконъюнктивит

  • Инфекционды-аллергиялық ринит және конъюнктивит

  • +Поллиноз: риноконъюнктивит, шаң-тозаңға интоксикация

  • Вазомоторлы ринит және дисциркуляторлы энцефалопатия

! 29 жастағы әйел кісі, көздің қызаруы мен қышуына, көзден жас ағуға, ринорея, мұрынның бітелуіне, мұрын қанаттарының қышуына, құрғақ жөтелге шағымданады. Осы симптомдар мамыр –маусым айларында пайда болады. Өршу кезінде қолданылатын базисті терапияның препаратын тағайындаңыз?

  • Ксиметазолин

  • +Лоратадин

  • Димедрол

  • Псевдоэфедрин

  • Преднизолон

! Ер кісі 38 жаста, шағымдары: түшкіру, мұрнынан су тәрізді бөлінділер және кейде болатын мұрын бітуі, құрғақ жөтел, көздің қызаруы мен қышу сезімі. Жоғарыда айтылған шағымдардың мазалағанына 5 жылдай уақыт болған, шілде-қазан айларында басталып, тамыз айында тыныс алудың қиындауы мен құрғақ сырылдар қосылады. Өршу кезінде қолданылатын базисті терапияның препаратын тағайындаңыз?

  • Ксиметазолин

  • +Беклометазон дипропионаты

  • Димедрол

  • Тавегил

  • Преднизолон

! 26 жастағы әйел шағымдары: шаршағыштық, әлсіздік, түшкіру, мұрын бітуі, көздің қызаруы мен қышуы. Осы симптомдар шілде айының ортасында басталып, тамыз айында күшейеді, қыркүйек айының аяғында жоғалады. Осы симптомдардың алдын алу үшін қолданылатын препарат?

  • Ксиметазолин

  • Димедрол

  • Тавегил

  • +Натрий кромоглигаты

  • Преднизолон

! Ер кісі 30 жаста, түшкіруге, мұрыннан сулы бөліндінің бөлінуіне, кей кездерде болатын мұрын бітелуіне, құрғақ жөтелге, көздің қызаруы мен қышуына, тыныс алудың қиындауы мен құрғақ ысқырық тәрізді сырылдарға шағымданады. Осы симптомдар маусым мен қыркүйек айларының арасында болады. Цитиризин және интал препараттарын қабылдаған, бірақ тыныс алудың қиындауы толық кеткен жоқ. Қандай емдеу әдісі көрсеткіш деп ойлайсыз?

  • емге беклометазон дипропионат препаратын қосу

  • +инталды беклометазон дипропионатпен алмастыру

  • цитиризинді лоратадинмен алмастыру

  • инталдың дозасын ұлғайту

  • инталды тайледпен алмастыру

! Әйел кісі 43 жаста, түшкіруге, суық тию, кей кездерде болатын мұрын бітелуіне, құрғақ жөтелге, көздің қызаруы мен қышуына шағымданады. Осы симптомдар әсіресе жазда өршиді, әсіресе қала сыртына шыққан кезде.Цитиризин және интал препаратын қабылдаған, бірақ тыныс алудың қиындауы толық кеткен жоқ. Диагноздың дұрыс қойылуын көрсетіңіз?

  • +Жыл бойғы болатын аллергиялық риноконъюнктивит

  • Созылмалы аллергиялық ринит

  • Шаң- тозаңға риноконъюнктивит

  • Поллиноз: риноконънктивит

  • Вазомоторлы ринит

! Ер адам 23 жаста, ЖРВИ-мен ауырған,содан кейін «Терафлю» жәнебисептол препараттарын қабылдайды. Препаратты қабылдаған соң бірнеше күн бойы температура, әлсіздік, жөтел сақталған, ол симптомдар ЖРВИ-дың симптомдары ретінде бағаланған. 5-ші тәулікте қышитын, бір-бірімен қосылмаған қошқыл- қызыл түсті бөртпелер кеудеге, арқаға таралады. Еріннің қызыл ернеуінде везикулалар пайда болып, қөздің қызаруы мен жарықтан қорқу қосылды. Температура – 37,8С. Дұрыс қойылған диагнозды таңдаңыз.

  • Уртикарлы васкулит

  • Аллергиялық дерматит

  • Дәрілік аллергия, дерматит

  • +Мультиформды экссудативті эритема

  • Жедел есекжем, емдік аллергия

! Ер кісі 27 жаста, салқын тиюден соң, тамағындағы ауру сезімі мен температура мазалайды. Соған байланысты «Стопгриппан» және биопарокс препараттарын қабылдайды. Қабылданған препараттардың әсерінен алғашқы 3 күнде қызба төмендеді, кейінен қайта жоғарылады (до 38,5), сонымен бірге әлсіздік, кейіннен қышитын, бір- бірімен қосылмаған қошқыл- қызыл түсті бөртпелер кеуде мен арқаға таралып, бір күн ішінде бүкіл денеге таралады,еріннің қызыл ернеуінде күлдіреуіктер пайда болып, көздің қызаруы мен жарықтан қорқу қосылды. Температура – 38,4С. ЖҚА: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ. Емдеу тактикасы қандай?

  • Амбулаторлы емдеу

  • Терапия бөлімшесіне госпитализациялау

  • Аллергология бөлімшесіне госпитализациялау

  • Дерматологиялық диспансерге госпитализациялау

  • +Интенсивті терапия бөліміне госпитализациялау

! Ер кісі 27 жаста, салқын тиюден соң, тамағындағы ауру сезімі мен температура мазалайды. Соған байланысты «Стопгриппан» және биопарокс препараттарын қабылдайды. Қабылданған препараттардың әсерінен алғашқы 3 күнде қызба төмендеді, кейінен қайта жоғарылады ( 38,5 дейін), сонымен бірге әлсіздік, кейіннен қышитын, бір- бірімен қосылмаған қошқыл- қызыл түсті бөртпелер кеуде мен арқаға таралып, бір күн ішінде бүкіл денеге таралады, еріннің қызыл ернеуінде күлдіреуіктер пайда болып, көздің қызаруы мен жарықтан қорқу қосылды. Температура – 38,4 С. ЖҚА: Эр-2,9х1012/л, Гем – 110 г/л, Л- 3,2х109/л, нейтрофил – 45%, ЭТЖ – 27 мм/сағ. Науқас интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализацияланды. Төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау керек?

  • ацикловир

  • преднизолон per os

  • бетаметазон мазь түрінде

  • +преднизолон парентералды түрде

  • кең спектрлі антибиотик

! 39 жастағы әйел, буындарындағы ауру сезіміне байланысты диклофенак натрий инъекциясын қолданды. Емдеу курсынан 2 апта өткен соң, қышу мен эритематозды бөртпе пайда болады. Соған қарамастан СЕҚҚ (НПВС) пайдалануды әрі қарай жалғастырды. Әлсіздік, температураның жоғарылауы, келесі күні кеудедегі және арқадағы теріден аспайтын қышитын, бір-бірімен бірікпеген қошқыл-қызыл түсті бөртпелер пайда болды, бір күн ішінде бөртпе дененің 20% аумағын қамтып, еріннің қызыл ернеуінде ауыратын күлдіреуіктер пайда болды, жарықтан қорқу, жұтынған кездегі тамағындағы ауру сезімі, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі және диарея қосылды. Температура – 38,6С. ЖҚА: Эр-2,6х1012/л, Гем – 96 г/л, Л- 2,2х109/л, нейтрофилы – 45%, СОЭ – 37 мм/сағ.Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

  • Жүйелі васкулит

  • Аллергиялық дерматит

  • Жүйелі қызыл жегі

  • +Стивенс-Джонсон синдромы

  • Мультиформды экссудативті эритема

! 42 жастағы әйел, буындарындағы ауру сезіміне байланысты диклофенак натрий инъекциясын қолданды. Емдеу курсынан 2 апта өткен соң, қышу мен эритематозды бөртпе пайда болды. Соған қарамастан СЕҚҚ (НПВС) пайдалануды әрі қарай жалғастырды. Әлсіздік, температураның жоғарылауы, келесі күні кеудедегі және арқадағы теріден аспайтын қышитын, бір-бірімен бірікпеген қошқыл- қызыл түсті бөртпе пайда болды, бір күн ішінде бөртпе дененің 20% аумағын қамтып, еріннің қызыл ернеуінде ауыратын күлдіреуіктер пайда болды, жарықтан қорқу, жұтынған кездегі тамағындағы ауру сезімі, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі және диарея қосылды. Температура – 38,6С. ЖҚА: Эр-2,6х1012/л, Гем – 96 г/л, Л- 2,2х109/л, нейтрофил – 45%, СОЭ – 37 мм/сағ. Науқаста 5%- 70% дейінгі леталдылық көрсеткішті қандай асқыну шақыруы мүмкін?

  • +Агранулоцитоз- сепсистің дамуы қаупі

  • Жедел бауыр жетіспеушілігі

  • Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

  • Пневмония

  • Миокардит

!Науқас 70 жаста, подаграға байланысты аллопуринол тағайындалды. Препаратты қабылдаудың 2-3 тәулігінде тері қышуы мен диарея пайда болды. 3- ші тәулікте арқасында эритематозды-папулезді бөртпелер пайда болды. 5- ші тәулікте бөртпелер кеудеге, эпигастрий аймағына және аяқ-қолға жайылған. Жұтынған кездегі, кеудедегі, эпигастридегі, кіндіктің айналасында ауру сезімі болып, іші өте бастады, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі. Температурасы – 38,6С. ЖҚА: Эр-2,7х1012/л, Гем – 106 г/л, Л- 2,8х109/л, нейтрофил – 55%, СОЭ – 41 мм/сағ. Науқаста қандай патология дамыды деп ойлайсыз?

  • Псориаз

  • Жүйелі васкулит

  • Жүйелі қызыл жегі

  • +Стивенс-Джонсон синдромы

  • Мультиформды экссудативті эритема

! Науқас 70 жаста, подаграға байланысты аллопуринол тағайындалды. Препаратты қабылдаудың 2-3 тәулігінде тері қышуы мен диарея пайда болды. 3-тәулікте арқасында эритематозды-папулезді бөртпелер пайда болды. Науқас дәрігерге қаралып, гастроэнтерология бөлімшесіне госпитализацияланды, 60мг преднизолон б/е тағайындалды. 5-тәулікте (стационарда) бөртпелер кеудеге, эпигастрий аймағына және аяқ-қолға жайылған. Жұтынған кездегі, кеудедегі, эпигастридегі, кіндіктің айналасында ауру сезімі болып, іші өте бастады, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі. Температурасы – 38,6С. ЖҚА: Эр-2,7х1012/л, Гем – 106 г/л, Л- 2,8х109/л, нейтрофил – 55%, СОЭ – 41 мм/сағ. Емдеу тактикасының дұрыс нұсқасын көрсетіңіз?

  • Госпитализация дұрыс,емдеуге плазмаферезді қосу керек

  • +Госпитализация ОИТ, күйікпен жатқан науқас тәрізді емдеу

  • Госпитализация дұрыс, преднизолон дозасы жеткіліксіз

  • Госпитализация аллергология бөлімшесіне, преднизолон дозасы адекватты

  • Госпитализация аллергология бөлімшесіне, емге антибиотиктерді қосу керек

! 35 жастағы ер адам, салқындаудан кейін ЖРВИ ауырды, осыдан кейін өздігінен амоксициллин қабылдады. Препаратты қабылдаған соң, алғашқы 3 күнде қызба қайтты, кейіннен қайта жоғарылады ( 38,5 дейін), сонымен қатар әлсіздік, кейіннен кеудедегі және арқадағы теріден аспайтын қышитын, бір-бірімен бірікпеген қошқыл- қызыл түсті бөртпелер пайда болды, бір күн ішінде бүкіл денеге таралды, еріннің қызыл ернеуінде ауыратын күлдіреуіктер пайда болды, жарықтан қорқу қосылды. Инфекциялық ауруханаға госпитализацияланды, онда преднизолон б/е 60 мг/тәу, кристаллдар 4 л/тәу тағайындалды.3 күн ішінде бөртпелер дене аумағының 30% таралып, кеудедегі және эпигастрийдегі ауру сезімі қосылды. Кейін преднизолонның дозасын 120 мг/тәу жоғарылатты, ОИТ ауыстырылды. Науқастың жағдайының қиындауын немен байланыстырасыз?

  • Плазмаферез жүргізу керек еді

  • инфузионды терапияның жеткіліксіздігі

  • +преднизолонның бастапқы дозасының төмен болуы

  • антигистаминды препараттарды қосу керек еді

  • кең спектрлі антибиотиктерді қосу керек

! Әйел 48 жаста, созылмалы пиелонефриттің өршуі фонында нитроксолин тағайындалады. Емдік курстың 2-ші аптасында науқаста қызба, шаршағыштық, әлсіздік, алғашқыда эритематозды бөртпелер, кейіннен арқада, кеудеде, санда және қолда буллалар пайда болды. Конъюнктивит, стоматит, хейлит, зәр шығару кезіндегі ауру сезімі мен жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуі қосылды. Науқаста қандай патология дамыды?

  • +Лайелл синдромы

  • Буллезды пемфигоид

  • Стивенс-Джонсон синдромы

  • Дюрингтің герпетиформды дерматиті

  • Мультиформды экссудативті эритема

! Интенсивті терапия бөлімшесіне Лайелл синдромымен госпитализацияланған науқаста төмендегідей динамика байқалды: шеткері қандағы лейкоцит: таңертеңгң сағат 8-де – 4,5х109/л, 10-да – 3,4х109/л, 12-де – 2,1х109/л. Қауіпті асқынудың алдын алу үшін қандай шара қолдану керек?

  • плазмаферез

  • лейкомасса құю керек

  • +массивті инфузионды терапияны бастау керек

  • метилпреднизолонның пульс- терапиясын тағайындау керек

  • қанның тамыр

! 42 жастағы әйелді терісінің қышуы, бөртпелер (сурет), 3 жасынан терісінің құрғауы мазалайды. Өршуі күзгі-қысқы уақытта. Көп жылдан бері – созылмалы гастрит, өт шығару жолдарының дискинезиясы, ішектік дисбактериоз. Қандай диагноз барынша тән?

  • Псориаз

  • Себореялық дерматит

  • +Атопиялық дерматит

  • Аллергиялық дерматит

  • Жильбердің алқызыл теміреткісі(лишай)

! 22 жастағы ер кісіні терісінің қышуы, бөртпелер, 2 жасынан бастап терісінің құрғауы мазалайды. Аурудың өршуі жыл бойына тән сипат алады, қыста нашар өтеді. Сонымен қатар маусымдық ринит пен тұншығу ұстамаларынан (шаңға) зардап шегеді. Егер терінің зақымдануы (сурет) 50%дан көп тері беткейін алып жатса, қандай диагноз барынша тән?

  • Эритродермия

  • Микробты экзема

  • Аллергиялық дерматит

  • +Атопиялық таралған дерматит

  • Атопиялық шектелген дерматит

! Атопиялық дерматиттің дамуы қай жас аралығына көбінесе тән?

  • +5 жасқа дейін

  • 5-10 жас

  • 11-15 жас

  • 18-25 жас

  • 30 жастан жоғары

! 22 жастағы науқаста 3 жасынан бастап терісінің қышуы, эритематозды және папулезді бөртпелер, аяқтары мен қолдарының жазатын беткейінде, мойынында, құлағының артында тері құрғақтығы мен сулануы, жиі тері инфекциялары. Анамнезінде – аллергиялық ринит, орташа ауыр ағымдағы бронх демікпесі. Тері қабынуын бақылау үшін науқасқа қандай препаратты тағайындаған барынша тиімді?

  • +Бетаметазон валерат жақпа май ретінде

  • Кең спектрлі антибиотиктер

  • Преднизолон ауыз арқылы

  • Дипроспан б\е

  • Тербинафин

! Атопиялық және аллергиялық дерматитті емдеуде төменде аталған препараттардың қайсысы жоғары емдік нәтиже көрсете отырып, қауіпсіздіктің ең жоғарғы профилі бола алады?

  • Будесонид

  • +Мометазон фуроат

  • Флуметазон пивалат

  • Фторцинолон ацетонид

  • Бетаметазон дипропионат

! Атопиялық дерматиті бар 26 жасар әйел осы аурудың жаңа туылған баласында даму мүмкіндігін ойлап алаңдайды. ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес төмендегі аталғандардың қайсысы атопиялық (аллергиялық) аурудың даму қаупін төмендетуге мүмкіндік береді?

  • Итошағанмен (череда) күнделікті шомылдыру

  • Үстеме тамақты ерте енгізу(2 айынан бастап)

  • Профилактикалық екпелерден бас тарту

  • +Анасы мен баласының пробиотиктер қабылдауы

  • Антигистаминді препараттарды профилактикалық мақсатта қабылдау

! Қышитын эритема-папулезді бөртпелерден, тері құрғауынан, лихенификациялардан, 20 жыл бойы гиперпигментациядан зардап шегетін 25 жасар ер адам триамценалонды жақпа май түрінде қолдану арқылы тиімді ем қабылдауда. Науқаста тері атрофиясы, безеу мен стриялар саны көбеюі байқалады. Науқасты ары қарай жүргізу үшін қандай емдік тактика барынша тиімді?

  • Препаратты ауыстырмай, дезлоратадин қосу

  • Препаратты ауыстырмай, жұмсартқыш лосьон қосу

  • Тиамценолонды фторциналон ацетонидіне ауыстыру

  • +Тиамценолонды метилпреднизолон ацепонатына ауыстыру

  • Тиамценолонды бетаметазон дипропионатына ауыстыру

! 33 жастағы әйел қышитын эритематозды бөртпелерден, терінің тығыздалуы мен құрғауынан, тері қатпарларының түлеуі мен сулануынан зардап шегеді. Ұзақ уақыт аралығында науқаста жыл бойына тән сипат алатын аллергиялық ринит (үй шаңы кенесіне, тозаңға) байқалады. Науқастың ауруының кешенді еміне төмендегі аталған препараттардың қайсысын қосқан барынша тиімді?

  • +Лоратадин

  • Клемастин

  • Димедрол

  • Супрастин

  • Перитол

! Экзематизациямен атопиялық дерматиті бар науқаста ұсақ пустулезді элементтер пайда болды. Осындай жағдайда жергілікті қолдану мақсатында препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

  • Микозолон (мазипредон және миконазол)

  • Дипросалик (бетаметазон және салицил қышқылы)

  • Тридерм (бетаметазон, гарамацин, клотримазол)

  • +Целестодерм В (бетамезон гарамицинмен)

  • Пимафукорт (гидрокортизон, неомицин, натамицин)

! Атопиялық дерматиті бар науқаста шектелген аймақтарында (шат қатпарларында) ұсақ жарма (отрубевидный) тәрізді қышитын, түлеген аймақтар анықталды. Осындай жағдайда жергілікті қолдану мақсатында препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді?

  • Микозолон (мазипредон және миконазол)

  • Дипросалик (бетаметазон және салицил қышқылы)

  • +Тридерм (бетаметазон, гарамацин, клотримазол)

  • Целестодерм В (бетамезонгарамицинмен)

  • Пимафукорт (гидрокортизон, неомицин, натамицин)

! 42 жастағы әйелді терісінің қышуы, бөртпелер (фото), 3 жасынан терісінің құрғауы мазалайды. Өршуі күзгі-қысқы уақытта. Көп жылдан бері – созылмалы гастрит, өт шығару жолдарының дискинезиясы, ішектік дисбактериоз. Терілік көріністерінің ауырлық дәрежесі мен зақымдалудың таралуын ескере отырып, базисті ем ретінде мометазон фуроатқа (Элоком) қандай препаратты қосымша тағайындаған БАРЫНША тиімді?

  • Цинк пиритионат

  • Метилпреднизолон ацепонат (Адвантан)

  • Преднизолон ауыз арқылы

  • Такролимус ауыз арқылы

  • +Такролимус жергілікті

! 21 жасар ер адам 2 жасынан бастап терісінің қышуына, құрғауына, бөртпелер шығуына шағымданады. Ауру жыл бойына дамиды, асқынуы қысқы кезеңде. Анамнезінде – маусымдық ринит және тұншығу ұстамалары (шаңға). Бөртпелер (сурет) дене беткейінің 20-30% алады. Антигистаминді препараттар және адвантан қабылдайды. Емнің тиімділігін арттыру үшін науқасқа төмендегі аталғандардың қайсысын тағайындауға болады?

  • Эбастин

  • Цинк пиритионат

  • Преднизолон

  • +Такролимус

  • Тербинафин

! Егер атопиялық дерматиті бар науқаста десквамация және суланулар байқалса жергілікті кортикостероидтың қандай дәрілік түрін тағайындаған барынша тиімді?

  • Жақпа май (мазь)

  • Майлы жақпа май(жирная мазь)

  • Присыпка

  • +Крем

  • Лосьон

! Егер атопиялық дерматиті бар науқаста лихенификациялар, тері құрғауы байқалса, топикалық кортикостероидтың қандай дәрілік түрін тағайындаған барынша тиімді?

  • +Жақпа май (мазь)

  • Майлы жақпа май (жирная мазь)

  • Присыпка

  • Крем

  • Лосьон

! Төмендегі клиникалық көріністерімен (сурет) атопиялық дерматиті бар науқасқа жергілікті кортикостероидтың қандай дәрілік түрін тағайындаған барынша тиімді?

  • Жақпа май (мазь)

  • +Майлы жақпа май (жирная мазь)

  • Присыпка

  • Крем

  • Лосьон

! 16 жасар қыз гиперемияға, қышынуға, білегіндегі күйдіру сезіміне шағымданады (сурет). Қандай диагноз барынша тән?

  • +Жанаспалы (контактный) аллергиялық дерматит

  • Атопиялық дерматит

  • Аллергиялық дерматит

  • Жанаспалы (контактный) дерматит

  • Жедел есекжем

! 56 жастағы әйел сол жақ шынтақ ойысында қышыну, қызару және күйдіру сезіміне шағымданады (сурет). Науқасқа 2 күн бұрын актовегинді көктамырға тамшылатып енгізген, енгізілген орынға тампон қойып, лейкопластырьмен бекіткен. Байқалған тері реакциясының ең мүмкін болған себебі қандай?

  • Актовегинге баяу типті жоғары сезімталдық

  • +Лейкопластырьге баяу типті жоғары сезімталдық

  • Актовегинге жедел типтегі жоғары сезімталдық

  • Лейкопластырьге жедел типтегі жоғары сезімталдық

  • Лейкопластырьге Артюс феномені түріндегі реакция

! 29 жасар ер адам қол басының қызаруына, қышуына, күйдіру сезіміне (сурет) шағымданады. Хирург болып істейді, осы көріністер 1 жыл бұрын пайда болды. Соңғы кездері қолдарының жағдайы нашарлай бастады, көріністер әр кезекшіліктен соң күшейеді (бір түнде 2-3 операция). Төмендегі аталғандардың қайсысы осы жағдайдың ЕҢ МҮМКІН себебі болып табылады?

  • Хлоргексидин ерітіндісі

  • +Хирургиялық қолғап латексі

  • Қол жууға арналған сұйық сабын

  • Қолды өңдеуге арналған спирт

  • Фурациллин ерітіндісі

! 37 жасар әйел күн астында ұзақ уақыт болғаннан кейін денесінің ашық аймақтарында (беті, мойыны, кеуде аймағы, қолдары) қышыну, күйдіру сезімі және қызаруға шағымданады. Зәр шығару жолдарының инфекциясына байланысты 2 апта норфлоксацин қабылдаған. Қандай диагноз барынша тән?

  • +Фотодерматоз фторхинолондардың жанама әсері ретінде

  • Жеделдеу терілік қызыл жегі

  • Созылмалы есекжем

  • Жедел есекжем

  • Аллергиялық дерматит

! Безеу бөртпелерінен зардап шегетін 19 жасар ер адам 1 апта ішінде жуынуға арналған безеуге қарсы жаңа көбік пайдаланған. 7-күні таңертең күйдіру сезімі мен бөртпелермен оянды (сурет). Қандай диагноз барынша тән?

  • Атопиялық дерматит

  • Квинке ісінуі

  • Созылмалы есекжем

  • Жедел есекжем

  • +Аллергиялық дерматит

! Безеу бөртпелерінен зардап шегетін 19 жасар ер адам 1 апта ішінде жуынуға арналған безеуге қарсы жаңа көбік пайдаланған. 7-күні таңертең күйдіру сезімі мен бөртпелермен оянды (сурет). Осы жағдайдың негізгі емі ретінде қандай препаратты тағайындаған жөн?

  • Левоцитиризин ауыз арқылы

  • Супрастин бұлшықетке

  • +Мометазон фуроат жергілікті

  • Преднизолон бұлшықетке

  • Преднизолон ауыз арқылы

! 34 жасар әйел мойынында, кеудесінде, арқасында және қолдарында тағам (ет, қуырылған картоп, шоколадты торт) қабылдағаннан кейін бір сағаттан кейін пайда болған қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелерге шағымданады. Қандай диагноз барынша тән?

  • Уртикарлы васкулит

  • Жеделдеу терілік қызыл жегі

  • Созылмалы есекжем

  • +Жедел есекжем

  • Аллергиялық дерматит

! 32 жасар әйел мойынында, кеудесінде, арқасында және қолдарында тағам (ет, қуырылған картоп, шоколадты торт) қабылдағаннан кейін бір сағаттан кейін пайда болған қышитын бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелерге шағымданады. Осы жағдайдың негізгі емі ретінде қандай препаратты тағайындаған жөн?

  • Левоцитиризин ауыз арқылы

  • +Супрастин бұлшықетке

  • Мометазон фуроат жергілікті

  • Дипроспан бұлшықетке

  • Преднизолон ауыз арқылы

! 30 жасар ер адам 6 ай бойы мойынында, кеудесінде, арқасында және қолдарында пайда болып, 30-60мин ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелерге шағымданады. Сонымен қатар оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауыру сезімі, лоқсу, кекіру мазалайды. Тексеру кезінде H.pylory-ге уреазды тест – оң. Қандай диагноз барынша тән?

  • Уртикарлы васкулит

  • Жеделдеу терілік қызыл жегі

  • +Созылмалы есекжем

  • Жедел есекжем

  • Аллергиялық дерматит

! 33 жасар ер адам 6 ай бойы мойынында, кеудесінде, арқасында және қолдарында пайда болып, 30-60мин ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелерге шағымданады. Сонымен қатар оң жақ қабырға астында және эпигастрий аймағында ауыру сезімі, лоқсу, кекіру мазалайды. Тексеру кезінде H.pylory-ге уреазды тест – оң. Қандай емдік тактика барынша тиімді?

  • Белсендендірілген көмір және гипоаллергенді емдәм

  • Н-1 рецепторлардың тежегіші ұзақ уақыт

  • Н-2 рецепторлардың тежегіші ұзақ уақыт

  • Жергілікті стероидтар ұзақ уақыт

  • +H.pylory-дың эрадикациясы

! 21 жасар әйелде санынан сона шаққаннан кейін қышитын күлдіреуік пайда болды, 1 сағаттан кейін ісіну аймағы және гиперемия ұлғайды және санның барлық сыртқы беткейін қамтыды. Қандай емдік тактика барынша тиімді?

  • Бұл сонаның шағуына кәдімгі реакция – емді қажет етпейді

  • +Бұлшықетке тавегил енгізу қажет

  • 10 мг лоратадин ауыз арқылы беру керек

  • 5 мг преднизолон ауыз арқылы беру керек

  • Кальций хлоридінің ерітіндісін көктамырға енгізу керек

! 35 жасар әйелді 2 жылдан бері тағам немесе дәрі қабылдауға байланыссыз пайда болып, бірнеше сағат ішінде өздігінен жойылатын, қышитын, бір-бірімен қосылған күлдіреуік бөртпелер мазалайды. Бөртпе пайда болған кездерде тыныс алудың қиындауы мен жөтел мазалайды, Қақырығында «ақ жармалар(крупинки)». ЖҚА: Эр-2,8х1012/л, Гем – 109 г/л, Л- 5,2х109/л, нейтрофилдер – 60%, эозинофилдер – 25%, лимфоциттер – 15%, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қандай диагностикалық тактика барынша ұтымды?

  • Терілік аллергиялық сынамалар жүргізу

  • АІЖ патологиясын анықтау үшін ФГДС жасау

  • Спирография және бронхолитикпен сынама жасау

  • +Ішектік инвазияның кешенді диагностикасын жүргізу

  • H.pylory анықтауға ИФА және уреазды тест жасау

! 14 жасар ұл бала айқын себепсіз кезеңді түрде (аптасына 1-2 рет) пайда болатын, 30-40мин ішінде ұлғаятын, сосын 1-2 күн ішінде қайтатын бетіндегі (ерні, көздері, тілі) ісінулерге шағымданады. Дәл осындай симптомдар қарындасында да бар. Тексеру кезінде С4 айқын төмендеген, С3 қалыпты.Қандай диагноз барынша тән?

  • Аллергиялық Квинке ісінуі

  • +Ангионевротикалық ісіну

  • Созылмалы есекжем

  • Уртикарлы васкулит

  • Жедел есекжем

! 38 жастағы ер кісіде керосинмен тамағын шайғаннан кейін (науқаста ангинаның симптомдары болған) 2 сағаттан соң пайда болған бетінің ісінуі байқалады (сурет). Науқасқа қандай шұғыл көмек көрсету қажет?