Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пульма аллерго тест.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.98 Mб
Скачать

! 18 жастағы бозбаланы әлсіздік, бүкіл денесінің аурыру сезімі, бас ауыруы, тамағының жыбырлауы, көзінен жас ағу мазалайды. Қарап тексергенде – дене қызуы 380С, беті қызарған, склералары инъекцияланған, аңқасы қызарған. Өкпесінде қатаң тыныс, ТАЖ – 25 рет минутына ЖСЖ – 100 рет минутына. Жатақханада, науқастың тұратын жерінде грипп А анықталды.

  • Занамивир

  • Рибомунил

  • Ацикловир

  • Ремантадин

  • Ганцикловир

Бұл жағдайда төмендегі препараттардың ішінде қайсысы тиімді?

  • +Занамивир

  • Рибомунил

  • Ацикловир

  • Ремантадин

  • Ганцикловир

! Әйел 67 жаста, бас ауыруына, тамағының жыбырлауына, бүкіл денесіндегі ауыру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде – аңқасы, беті қызарған, мұрынмен дем алуы қиын. Дене қызуы 38, 2оС, өкпесінде қатаң тыныс, ТАЖ – 26 рет минутына. Кеше ауырып қалған – 14 ақпанда. Қай препаратты тағайындау барынша тиімді?

  • Арбидол

  • Ацикловир

  • Рибавирин

  • Ремантадин

  • +Осельтамивир

! 47 жастағы әйелді 2 апта көлемінде шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38 0С дейін көтерілуі мазалаған. Қарап тексергенде: ТАЖ- 22 рет минутына, өкпесінде қатаң тыныс, шашыранды гуілді шулар. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі.

Төмендегілердің қайсысын тағайындаған жөн?

  • Цефепим

  • Ципрофлоксацин

  • Гентамицин

  • Линкомицин

  • +Азитромицин

! Ұзақ уақыт темекі шегетін ер адам дене қызуының 37,5 0С дейін көтерілуіне, жасыл түсті қақырықпен жөтелге шағымданады. Аускультацияда өкпеде шашыранды гуілді сырылдар естіледі. Қақырық анализінде нейтрофилдер көп.

Қандай перпарат тағайындау барынша тиімді?

  • Ко- тримаксозол

  • Гентамицин сульфаты

  • Ампициллин тригидраты

  • Парацетамол

  • +Азитромицин

! Бала бақша тәрбиешісін қатты жөтел (изнуряющий сухой кашель с репризами) мазалайды. ТАЖ - 22 рет минутына, өкпесінде қатаң тыныс, сырылдар жоқ. Рентгенологиялық зерттеуде патология анықталмады. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

  • Өкпе сцинтиграфиясы

  • Фиброгастродуоденоскопия

  • Компьютерлік томография

  • Сыртқы тыныс функциясын тексеру

  • +Bartodella pertussis-ке назофарингеальды жуындыны зерттеу

! 67 жастағы ер адам жөтелінің күшейгеніне, қақырықтың мөлшерінің көбейгеніне, сипатының өзгергеніне шағымданады. Қақырық сұйық, сарғыш-жасыл түсті. Науқас ұзақ уақыт темекі шегеді. Объективті: дене қызуы 37,80С. Өкпенің барлық бөлігінде шашыранды гуілді сырылдар естіледі.Қақырық анализінде - 50% нейтрофилдер және альвеолярлы макрофагтар. Науқасқа төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау тиімді?

  • Тусупрекс (окселадин цитрат)

  • Робитуссин (декстрометорфан)

  • Глаувент (глауцина гидрохлорид)

  • +Лазолван (амброксол гидрохлорид)

  • Либексин (преноксиндиазин гидрохлорид)

! Созылмалы бронхитпен ауыратын ер адамда суықтанғаннан кейін ентігуі күшейді, жабысқақ қақырықпен жөтел пайда болды. Өкпесінде ысқырықты және ызылды сырылдар естіледі. Спирографияда - ОФВ1=60%, ЖЕЛ = 72%.

Аталған препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?

  • Будесонид

  • Флунизолид

  • Зафирлукаст

  • Преднизолон

  • +Ипратропиум бромиді

! Әйел 56 жаста, түнгі уақытта құрғақ жөтел, қыжыл мазалайды. Жөтел тек кеш кешкі тамақтанудан кейін пайда болады. Тамақтануы жақсы, тілі ақ жабынмен қапталған. ФГДС: өңеші қысқа, өңештің төменгі бөлігінің қызаруы және эрозиясы - кешкі тамақтануды ерте ішу ұсынылды. Осы патологияда қандай препарат жөтелді азайтады?

  • Эуфиллин

  • Будесонид

  • +Домперидон

  • Глауцин гидрохлориді

  • Амброксол гидрохлориді

! Науқас Ж. 69 жаста, емханаға барып келгеннен кейін дене қызуы 38°С жоғарылап, мұрынның бітелуі, көзінен жас ағу, жөтел, бүкіл денесінің ауыруы пайда болған. Науқас онкологта өңеш патологиясымен есепте тұрады. Басталып келе жатқан аурудың асқынуын болдырмау үшін нейраминидаза ингибиторын қай уақытта тағайындау керек?

  • маңызды емес

  • +алғашқы 28 сағатта

  • алғашқы 36 сағатта

  • алғашқы 48 сағатта

  • алғашқы 72 сағатта

! 56 жастағы ұзақ уақыт темекі шегетін ер адамда ентігу, жалпы әлсіздік, қан аралас қақырық пайда болды. Өкпесінде гуілді және ызылды сырылдар естіледі. Рентгенограммада өкпе түбірлері кеңейген, оң өкпенің ортаңғы бөлігінің ателектазы. Қақырық анализінде: нейтрофилдер, эритроциттер.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

  • Спирография

  • +Бронхография

  • Компьютерлік томография

  • Өкпе сцинтиграфиясы

  • Ангиопульмонография

! Жедел бронхит ауруының ұзарған ағым ұзақтығы есептеледі:

  • 2 аптадан ұзақ

  • +1 айдан ұзақ

  • 2 айдан ұзақ

  • 4 аптадан ұзақ

  • 1 айға дейін

! Қандай ауруда ең әсерлі емдік мақсат ретінде бронхоскопиялық лаваж жүргізеді?

  • Бронх демікпесі қанда IgE деңгейі жоғары

  • +Созылмалы іріңді бронхит

  • Үдемелі өкпе эмфиземасы

  • Экзогенді фиброзирленген альвеолит

  • Бронхоөкпелік аспергиллез

! Өкпеде қандай вазоактивті заттар активацияланады?

  • Ангиотензин 1, брадикинин

  • Брадикинин, Серотонин

  • Серотонин, простогандиндер Е және F1

  • +Простогандиндер Е және F1, брадикинин, серотонин

  • Адреналин, серотонин

! Қандай фактор мукоцилиарлы транспортты тежейді?

  • Жалпы анестезия

  • Алкоголь қабылдау

  • +Темекі шегу, вирусты инфекция, алкоголь қабылдау

  • Бас-ми жарақаты

  • Вирустық инфекция

! ДДҰ анықтауымен созылмалы бронхиттің критериі болып саналады егер созылмалы жөтел:

  • Бір жылда 6 айдан кем емес 2 жылда

  • Бір жылда 4 айдан көп

  • Бір жылда 3 айдан көп

  • +Бір жылда 3 айдан көп емес 2 жылда

  • Бір жылда 3 айдан көп емес 3 жылда

! Қалыпты жағдайда бронхтан күніне қанша мөлшерде шырышты секрет бөлінеді:

  • 10 мл дейін

  • 30-50 мл

  • +100 мл

  • 200 мл

  • 1 л

! Трахеобронхиальды дискинезияның негізгі диагностикалық әдісі:

  • Спирография

  • Кеуде қуысы рентгенографиясы

  • +Фибробронхоскопия

  • Өкпенің КТ

  • Бронхография

! Созылмалы бронхитті қай кезде антибиотиктермен емдеу керек?

  • Күзгі уақытта

  • Қысқы уақытта

  • Егер қақырық шырышты болса

  • Құрғақ жөтелде

  • +Іріңді қақырық бөлінген кезде

! Қандай синдромға төмендегі симптомкешендер тән: экспираторлы ентігу, қатаң тыныс фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨТС, ФӨТС, ФТШК1, ТШЖШ, Тиффно индексі, МКЖ25, МКЖ50, МКЖ75 көрсеткіштерінің төмендеуі.

  • Өкпелік-қабыну

  • +Бронхообструктивті

  • Өкпелік диссеминация синдромы

  • Тыныс жетіспеушілігі синдромы

  • Қанайналымы жетіспеушілігі синдромы

! Өкпе вентиляциясының рестриктивтік типті бұзылысы көрсетеді:

  • ТШФК1 төмендеуімен

  • +ӨТС төмендеуімен

  • РН 7,4 төмен

  • МКЖ өзгерістері

  • Бронх тарылуымен

! 53 жастағы әйел инсулин тәуелді қант диабетімен ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр желе тәрізді созылыңқы күйген еттің исіндей қақырықты жөтелге, қалтырауға, кеуде қуысындағы ауыру сезіміне шағымданады. Өкпе аускультациясында аздаған сырылдар. Рентгенограммада оң өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің деструкциялы ошақтарымен гомогенді массивті инфильтрация. Қан анализінде: лейкоциттер - 4,4 х 10/9/л, ЭТЖ-35 мм/сағ.

Қандай қоздырғыш БАРЫНША болуы мүмкін?

  • Хламидия

  • +Клебсиелла

  • Микоплазма

  • Вирус гриппа

  • Ішек таяқшасы

! 54 жастағы ер адам инсулин тәуелді қант диабетімен ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр желе тәрізді қақырықпен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің деструкциялы ошақтарымен гомогенді массивті инфильтрация. Қан анализінде: лейкоциттер 5,4 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ;

Осы науқастың емдеу жоспарында қандай перарат БАРЫНША тиімді?

  • +Имипенем

  • Доксициклин

  • Метронидазол

  • Кларитромицин

  • Ко-тримоксазол

3. 22 жастағы студентті кеуде артында қышу сезімі, құрғақ жөтел, айқын бас ауыру сезімі маңдай-төбе аймағында, қалтырау, бүкіл денесіндегі ауыру сезімі мазалайды. Дәрігер көп мөлшерде сұйықтық ішуді, аскорбин қышқылын, солпадеин тағайындады. Келесі күні кеуде қуысында ауыру сезім, қалтырау 39*С дейін, шырышты қақырық пайда болды. Объективті: мұрын қанаттарында герпетикалық бөртпелер, аңқасы қызарған, жұмсақ таңдайы дәнденген (зернистость). Сол жақ жауырын астында крепитация, майда көпіршікті сырылдар. ТАЖ 26 рет минутына. Қан анализінде: лейкоциттер-11,5 х 10/9/л, ЭТЖ-25 мм/сағ.

Науқасты емдеу жоспарында қандай препараттар комбинациясы БАРЫНША тиімді?

  • Ацикловир + Гентамицин

  • Ацикловир + Рифампицин

  • Рибавирин + Метронидазол

  • Рибавирин + Норфлоксацин

  • +Осельтамивир + Спирамицин

! 19 жастағы әскери борышын өтеуші дене қызуының жоғарлауына, кеуде куысындағы күйдіру сезіміне, қиын бөлінетін іріңді қақырықпен ұстама тәрізді жөтелге, әлсіздікке, бас ауыруына, миалгияға шағымданады. Казармада онымен бірге бірнеше адам ауырған. Объективті: қатаң тыныс, оң өкпенің төменгі бөлігінде бірен-саран сырылдар естіледі. Қанның иммуноферментті анализінде аурудың жасуша ішілік қоздырғышы анықталды.

Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

  • Цефазолин

  • Тобрамицин

  • Метронидазол

  • +Левофлоксацин

  • Амоксициллин/клавуланат

! 45 жастағы жиі ауыратын науқас жанұялық дәрігерге іріңді-шырышты қақырықпен жөтелге, 38,5°С дейін қызбаға, терең дем алғанда оң кеуде қуысында шаншып ауыру сезіміне, қатты терлегіштікке шағымданып келді. Ауырғанына 1 апта болған, өздігінен аспирин, мукалтин қабылдаған, бірақ жағдайы нашарлай берген. Қақырығынан алтын түсті стафилококк анықталды. Емдеу жоспарына қай препаратты қосқан БАРЫНША тиімді?

  • Ко-тримоксазол

  • Метронидазол

  • Тобрамицин

  • Офлоксацин

  • +Цефотаксим

! 37 жастағы ер адамда асқазанына жасалған операциядан 3 күннен кейін қақырықпен жөтел, кеуде қуысында шаншып ауыру сезім, 38°С дейін дене қызуының жоғарылауы пайда болды. Аускультацияда сол жақ жауырын астында сықыр және ашық майда көпіршікті сырылдар естіледі. Қақырықтың экспресс-анализінің нәтижесінде MRSA, энтерококктың пенициллин- және аминогликозидрезистентті штаммы анықталды.

Емдеу жоспарындағы қай препарат БАРЫНША тиімді болады?

  • Азитромицин

  • Доксициклин

  • +Ванкомицин

  • Тобрамицин

  • Цефазолин

! Автокөлік жүргізушісі бас-ми жарақатынан кейін 2 күн интенсивті терапия бөлімшесінде жасанды өкпе вентиляциясында болып шыққан. Төртінші күні науқастың дене қызуы 38,5°С дейін көтерілді, жағымсыз иіспен көкшіл түсті қақырықпен жөтел, кеуде қуысында ауыру сезім пайда болды, интоксикация үдей бастады. ТАЖ 30 рет минутына. Қан анализінде: лейкоциттер 18,0 мың, нейтрофилдердің токсикалық дәнденуі, ЭТЖ-35 мм/сағ. АҚҚ 90/60 мм с.б.б., ЖСЖ 120 рет минутына.

Науқасты емдеудегі бірінші қатардағы препараттарға жатады:

  • Линкозамид + аминогликозид

  • Аминопенициллин + нитрофуран

  • Фторхинолондар1 ұрпағы+ пенициллиндер

  • ЦефалоспориндерIұрпағы + пенициллиндер

  • +Цефалоспориндер ІІІ ұрпағы + аминогликозидтер

! 33 жастағы ер адамды қалтырау, қатты тершеңдік, оң кеуде қуысында ауыру сезім, қоңыр түсті желе тәрізді сасық иісті қақырықпен жөтел, тыныштықтағы ентігу, айқын әлсіздік мазалайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, арықтаған, қол-аяқтарында веналар бойында көптеген инъекциялар орны. Оң жақ бұғана астында өкпе дыбысының тұйықталуы, орташа және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. АҚҚ 80/60 мм с.б.б. ЖСЖ- 122 рет минутына.

Емдеу бағдарламасына қосымша қай препаратты қосқан БАРЫНША тиімді?

  • +Цефепим

  • Доксициклин

  • Азитромицин

  • Метронидазол

  • Ципрофлоксацин

! Әйел 35 жаста, ЖРВИ кейін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, түнгі уақыттағы қызбаның 37,5-38°С жоғарылауына, қатты тершеңдікке, әлсіздікке шағымданады. Тексеру кезінде оң жақ жауырын бұрышында жергілікті сықыр, әлсіз тыныс, құрғақ майда және орташа көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ 20 рет минутына. АҚҚ 120/80 мм с.б.б, ЖСЖ 95 рет минутына. Қанда: лейкоциттер 9,5 мың, эритроциттер – 3,9 млн., Нв-120 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ.

Осы науқасқа емдік тактиканы таңдаңыз?

  • Госпитализация + амикацин

  • Госпитализация + азитромицин

  • Госпитализация + левофлоксацин

  • +Амбулаторлы емдеу + ровамицин

  • Амбулаторлы емдеу + гентамицин

! АИТВ - оң науқас суықтанғаннан кейін құрғақ жөтелге, ентігуге, дене қызуының 39°С жоғарылауына шағымданады. Рентгенограммада: өкпе суретінің күшеюі және екі жакты майда ошақты біріккен көлеңкелер, әсіресе өкпенің орталық бөлігінде орналасқан. Науқастың емдеу бағдарламасына қандай препаратты қосқан БАРЫНША тиімді?

  • Пенициллин

  • Спирамицин

  • Левофлоксацин

  • Кларитромицин

  • +Сульфаметоксазол

! 27 жастағы әйелде суықтағаннан кейін ентігуі, іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38-39°С дейін жоғарылауы, терлегіштік дами бастады. Аускультацияда – қатаң тыныс, оң өкпенің төменгі бөлігінде майда көпіршікті сырылдар естіледі. Госпитализациядан 4 айлық емшектегі баласы болғандықтан бас тартты.

Науқасты емдеуде БІРІНШІ қатардағы препарат қайсысы?

  • Левофлоксацин

  • +Амоксициллин

  • Метронидазол

  • Доксициклин

  • Гентамицин

! 36 жастағы ер адамда суықтанғаннан кейін дем алған кезде кеудесіндегі шаншып ауру сезімі, ентігу, қалтырау, қан аралас тот түсті қақырықпен жөтел пайда болды. Студент кезінде өкпе туберкулезімен ауырған, есептен шыққанына 10 жыл болған. Рентгенограммада келесідей өзгерістер анықталған:

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

  • Өкпенің орталық рагы

  • Экссудативті плеврит

  • +Бөліктік пневмония

  • Өкпе туберкулезі

  • Пневмоторакс

! Ер адам Р. 32 жаста , эпилептикалық ұстамадан кейін ем қабылдау үшін психоневрологиялық диспансерге түсті. Науқаста екінші күні оң жақ кеуде бөлігінде шаншып ауру сезімі, ентігу, іріңді қақырықты жөтел, қызба, дене қызуының 38,5°С жоғарылауы пайда болды.

Рентгенограммада келесідей өзгерістер анықталды:

Науқаста қандай патология дамыды?

  • Ауруханадан тыс пневмония

  • +Аспирационды пневмония

  • Нозокомиальды пневмония

  • Иммунды тапшылық фонындағы пневмония

  • Ятрогенді иммуносупрессия фонындағы пневмония

! Науқас 72-жаста, аденомэктомиядан кейін екі күннен соң кенеттен кеуде қуысында қатты ауру сезімі, айқын ентігу пайда болды. Келесі күні дене қызуы 37,80С көтерілді, жөтел, қан түкіру пайда болды. Қарап тексергенде - еріндері көгерген, ТАЖ 28 рет минутына. Өкпенің оң жақ бөлігінде әлсіреген тыныс, ылғалды майда көпіршікті сырылдар, плевраның үйкеліс шуылы естіледі. Қан анализінде : лейкоциттердің солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ 35 мм/сағ. ЭКГ – жүректің оң жағында күштеме түсу белгілері анықталады. Плевральды пункцияда 200 мл геморрагиялық сұйықтық алынды.

Науқаста қандай патология БАРЫНША дамуы мүмкін?

  • Туберкулез

  • Пневмония

  • Өкпе рагы

  • Өкпе абсцессі

  • +Инфаркт-пневмония

! 26 жастағы әйелде ауруы жұтынған кездегі тамағындағы ауру сезімімен, бас аурыуымен, дене қызуының 37,5 °С көтерілуімен басталды. Бірнеше күннен кейін емханаға пневмония күдігімен қаралды, 3 күн амоксициллинді 500мг күніне 3 рет қабылдаған, бірақ тиімділігі болмаған. Дене қызуы 38-39 °С дейін жоғарылап, қақырықсыз жөтел, ентігу үдей түскен. Рентгенограммада: Оң өкпенің ортаңғы бөлігінде және сол өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті көлеңкелер анықталды. Емдеу тактикасының қайсысы БАРЫНША тиімді?

  • Амоксициллин мөлшерін жоғарлату

  • +Амоксициллинді ровамицинге ауыстыру

  • Амоксициллинді цефатаксимге ауыстыру

  • Амоксициллинді левофлоксацинге ауыстыру

  • Метронидазол қосу

! Пневмонияны нозокомиальды деп санайды (госпитальды), егер ол диагностикаланса:

  • Ауруханаға түскен кезде

  • +Жедел қарқынды терапия бөліміне тасымалданғаннан кейін 48 – 72 сағатта

  • Ауруханаға түскенне 10 сағаттан кейін

  • Ауруханаға түскеннен кейін 12 сағаттан кейін

  • Ауруханадан шыққаннан кейін дамыса

! Крупозды пневмония кезінде қақырық сипаты қандай болады?

  • Серозды

  • Шырышты

  • Әйнек тәрізді

  • +Тотбасқан

  • Көпіршікті

! Созылмалы алкоголизммен ауыратын қарт адамдарда дамитын пневмонияның этиологиясы байланысты:

  • +Стафилококпен

  • Микоплазммамен

  • Көкіріңді таяқшамен

  • Клебсиелламен

  • Стрептококпен

! Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғышы болып табылады:

  • Легионелла

  • Стафилококк

  • Гемофильді таяқша

  • Көкіріңді таяқша

  • + Пневмококк

! Науқас А., 24 жаста 16 апта жүктілікте оң жақ өкпенің ошақты пневмониясымен ауырған. Объективті: өкпеде везикулярлы тыныс, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде тыныс әлсізденген, сырылдар жоқ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс. АҚҚ 120/80 мм.сб. ЖҚА: лейкоциттер -12х10 9, СОЭ – 30 мм.сағ. Төмендегі аталған препараттардың қайсысы тағайындауға ең тиімді:

  • +Амоксиклав/клавунат

  • Гентамицин

  • Сумамед

  • Тетрациклин

  • Линкомицин

! 29 жастағы әйел, сол жақ кеуде клеткасындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39° жоғарлауына, үдей түскен ентігуге шағымданады. Объективті: сол жақта әлсізденген дауыс дірілі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Тыныс жиілігі – 22 рет минутын, ЖСЖ- рет минутына. Төмендегі берілген әдістердің қайсысы диагноз қоюға шешімді болады?

  • Жітіфазалы қан көрсеткіші

  • ЭКГ

  • + Кеуде клеткасы рентгенографиясы

  • Жалпы қан анализі

  • Спирография

! Бөліктік пневмонияның бауырлау сатысының зақымданған бөлігінде тыныс естіледі:

  • Везикулярлы

  • Амфорикалық

  • Қатаң

  • +Бронхиальды

  • Әлсізденген везикулярлы

! Сықырлау төмендегі ауруларға тән:

  • Жіті бронхит

  • +Пневмония

  • Бронх демікпесі

  • Созылмалы бронхит

  • Бронхоэктатикалық ауру

! 22-жаста әскери қызметкер басының ауыруы, құрғақ жөтел, мазасыздық, дене қызуының жоғарлауы шағымымен дәрігерге қаралған. Ауырғанын 3 күн. Рентгенографияда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің түбірлік аумағында өкпелік суреттің күшейгені анықталды. Осындай жағдай бұрын басқа әскери қызметкерлерде де байқалған. Ең негізгі пневмония даму себебі қандай?

  • +Микоплазма пневмониясы

  • Пневмококк

  • Алтын стафилококк

  • Р.carinii

  • Клебсиелла

! Науқас 22 жаста, бірнеше күн бұрын жедел ауырған, барлық денесінің қақсауы, қалтырау, оң жақ кеуде бөлігіндегі ауыру сезім, аз мөлшерде шырышты қақырықпен жөтел, ентігу пайда болған. Кеуде рентгенограммасында оң жақта S1, S3 – гомогенді көлеңке анықталады. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  • Өкпе абсцесс

  • +Өкпенің оң жақ бөлігінің SI- 3 пневмониясы

  • Экссудативті плеврит

  • Құрғақ плеврит

  • Өкпе ателектазы

! Науқас 22 жаста, бірнеше күн бұрын жедел ауырған, барлық денесінің қақсауы, қалтырау, оң жақ кеуде бөлігіндегі ауыру сезім, аз мөлшерде шырышты қақырықпен жөтел, ентігу пайда болған. Кеуде рентгенограммасында оң жақта S1, S3 – гомогенді көлеңке анықталады. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу міндетті болады?

  • Торокоскопия

  • Томография

  • Бронхоскопия

  • +Қақырықты микобактерия туберкулезіне жағынды

  • Фтизиатр ақыл-кеңесі

! Науқас 22 жаста, бірнеше күн бұрын жедел ауырған, барлық денесінің қақсауы, қалтырау, оң жақ кеуде бөлігіндегі ауыру сезім, аз мөлшерде шырышты қақырықпен жөтел, ентігу пайда болған. Кеуде рентгенограммасында оң жақта S1, S3 – гомогенді көлеңке анықталады.Қандай емдеуден бастау қажет?

  • Қанды жағынды

  • Физиоемдеу

  • Емдік бронхоскопия

  • Емдік физкультура

  • +Антибиотиктерапия

! Науқас 33 жаста 3 күн бұрын жедел ауырды. Дене температурасының 39,9 дейі көтерілуі, қалтырау, құрғақ жөтел, сол кеуде бөлігіндегі ауыру сезім, жөтелгенде және терең дем алғанда күшейеді. Қарап тексергенде:оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде дауыс дірілінің күшеюі, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, қатаң дыбыс, майда көпіршікті сырылдар естіледі. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

  • +Пневмония

  • ӨСОА

  • Бронхиальды астма

  • Құрғақ плеврит

  • Экссудативті плеврит

! 39 жастағы қонақ үй қызметкерінде жедел дене температурасы 40°С жоғарлап, діріл пайда болды. Легионелламен басталған жедел пневмонияны қандай дәрімен емдеу қажет?

  • Пенициллин

  • Оксациллин

  • +Эритромицин

  • Гентамицин

  • Левомицетин

! Әйел 19 жаста жүктіліктің 20 аптасында ауруханаға мынадай шағымдармен түсті: іріңді-шырышты қақырықпен жөтел, температурасы 38,2°С көтерілуі,ентігу. Объективті: перкуторлы дыбыстың қысқаруы және оң бөлікте әлсізденген везикульярлы тыныс. ТАЖ – 22 рет мин, ЖСЖ – 90 рет мин. Бұл науқасты емдеуде төмендегі дәрілердің қайсысын қолдану қажет?

  • Гентамицин

  • +Амоксициллин

  • Ципрофлоксацин

  • Эритромицин

  • Левофлоксацин

! Интенсивті терапия бөлімшесіне ер адам БОМЖ ауыр жағдайда түсті, дене қызуы 39,8 0С, тыныштықтағы ентігу, ТАЖ – 30 рет минутына, АҚҚ - 90/55 мм с.б.б. Аузынан сасық иіс, жасыл-қоңыр түсті төменгі қабатында қара түйіршіктері бар көп мөлшерлі қақырық байқалады. Рентгенограммада – сол өкпенің ортаңғы бөлігінде түбір маңы аймағында өкпе тінінің ошақты деструкциясымен кең көлемді интенсивті инфильтрация. Оң өкпеде – ортаңғы және төменгі бөліктерінде өкпе суретінің күшеюі фонында біріккен инфильтративті көлеңкелер.

Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?

  • Плеврит

  • Өкпе абсцесі

  • +Өкпе гангренасы

  • Жоғарғы бөлікті пневмония

  • Бронхоэктатикалық ауру

! Пневмониямен ем қабылдап жатқан ер адамда бірден әлсіздік, бас айналу, ентігудің, жүрек соғуының күшеюі, жабысқақ суық тер пайда болды. Ауырғанына 1 апта болған. Тері жамылғылары бозғылт акроционоз, ТАЖ – 28 рет минутына. Оң өкпесінің алдыңғы беткейінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, ылғалды сырылдар. АҚҚ – 60/40 мм с.б.б. ЖСЖ - 120 рет минутына. Жүрек үндері тұйықталған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

  • +Инфекционды- токсикалық шок

  • Бронхо-обструктивті синдром

  • Пароксизмальды тахикардия

  • Кардиогенді шок

  • Өкпе ісінуі

! Антимикробты терапия қабылдағанына қарамастан науқаста 2 апта бойы қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысындағы ауыру сезімі сақталған. Көп мөлшерлі іріңді қақырық түскеннен кейін жағдайы біршама жақсарды. Қарап тексергенде: оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады, амфорикалық тыныс және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Науқаста қандай рентгенологиялық көрініс болуы мүмкін?

  • Ошақты көлеңке

  • Өкпе түбірінің өзгеруі

  • Плевра қуысында сұйықтық

  • +Сұйықтық деңгейімен сақина тәрізді көлеңке

  • Өкпенің диссеминирленген өзгерісі

! Науқаста сол жақ кеуде қуысында ауыру сезім және ауырлық сезім, құрғақ жөтел. Кеудесін еңкейткенде, стетоскоппен сол кеуде қуысын басқанда ауыру сезім күшейеді. Дене қызуының жоғарылауы 2 апта бойы интермиттирлеуші сипатта, гектикалық қызба және қалтыраудың пайда болуымен жағдайының нашарлауы соңғы 3 күнде. Тыныс алуы беткей, ТАЖ минутына 40 рет, Пульс 120 рет минутына. АҚҚ 100/50 мм с.б.б. Қан анализінде – лейкоциттер – 20 мың, ЭТЖ – 50 мм/сағ.

Плевральды пунктаттың зерттеу нәтижесінде не анықталуы мүмкін?

  • Грам- теріс қышқыл тұрақты бациллалар

  • Хилезды сипаттағы сұйықтық

  • Эозинофильды цитоз

  • +Нейтрофильды цитоз

  • Мезотелий жасушалары

! 75 жастағы ер адамда үдемелі арықтау, қайталамалы плевральды қуыста сұйықтықтың жиналуы анықталды. 4 ай ішінде 3 рет плевральды пункция жасалып 1,5 л-дей сұйықтық алынған. Ривольт сынамасы теріс.

Плевриттің даму себебі не болуы мүмкін?

  • Туберкулез

  • Пневмония

  • Гипотиреоз

  • Плевра эмпиемасы

  • +Плевра мезотелиомасы

! Ер адамда жағымсыз иісті, жабысқақ, шырышты-іріңді қақырықпен жөтел, түнгі және таң алдындағы уақытта күшейеді. Қарап тексергенде: мұрын-ерін үшбұрышының акроцианозы, тырнақтары «барабан таяқшалары» тәрізді. Екі өкпенің төменгі бөлігінде, әсіресе оң жақта – орташа калиберлі ылғалды сырылдар, шашыранда гуілді сырылдар естіледі.

Төмендегі әдістердің қайсысы диагноз қоюда ақпаратты?

  • Торакоскопия

  • +Бронхография

  • Өкпе сцинтиграфиясы

  • Өкпенің магнитті- резонансты томографиясы

  • Кеуде қуысының шолу рентгенографиясы

 

! Әйел 55 жаста, әлсіздік, ұйқышылдық, есте сақтау қабілетінің нашарлауы, іш қату мазалайды. Қарап тексергенде – көз қуысы өзгерген (заплывшие глазные щели), тілінде тістерінің ізі, шынтақ және тізесінің гиперкератозы. Өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс әлсіреген, жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ – 46 рет минуиына. ЭХОКГда перикардта сұйықтық анықталады, және плевральды қуыста сұйықтық (100 және150 мл оң және сол жақ синустарда).

ТТГ - 30 uIU/ml.

Науқасқа қандай емдеу жолы барынша тиімді?

  • +Тиреотропных гормондарды тағайындау

  • Зәр айдағыш заттарды тағайындау

  • Антибактериальды терапия

  • Тыныс гимнастикасы

  • Плевральды пункция

! Науқасты қарағанда оң жақ кеуде қуысының ассиметриялы ұлғаюы, тыныс алу актісінде қалып қоюы, дем алғанда қабырға аралықтардың тегістелуі және байқалмауы анықталады. Оң жақ жауырын бұрышында дауыс дірілі әлсіреген, перкуторлы дыбыс тұйықталған, тыныс естілмейді.

Науқасқа қандай рентгенографиялық симптом тән?

  • Дөңгелек көлеңке

  • Диссеменация

  • Инфильтрация

  • +Гомогенді қараю

  • Ауаланудың жоғарылауы(повышенная воздушность)

! Науқаста 2 апта бойы гектикалық гипертермия. Тері жабындылары – бозғылт-сұр түсті, акроцианоз. Перифериялық лимфа түйіндері жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Екі өкпесінде де ылғал орташа көпіршікті сырылдар естіледі, ТАЖ 32 рет минутына, АҚҚ – 90/60 мм с.б.б. ЖСЖ 120 рет минутына. Жүрек үндері тұйықталған. Қан анализінде – лейкоциттер 12 мың, эритроциттер- 3,3 млн, ЭТЖ- 40 мм/сағ. УДЗде– гепатоспленомегалия.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

  • Жедел респираторлы дистресс синдромы

  • Жұқпалы - токсикалық шок

  • Бронхообструктивті синдром

  • Плевраэмпиемасы

  • +Сепсис

! Өкпені жасанды желдетуде ұзақ уақыт жатқан науқаста дене қызуының жоғарылауы, тынысының әлсіреуі, қақырығының көбейуі анықталды. бронхоскопияда: бронхтардың айқын қызаруы, негізгі бронхтардың түтігі сұр-жасыл түсті сұйық іріңді құраммен толған. қақырықты еккенде көкірің таяқшасы (pseudomonas aeruginosa) анықталды.

Төмендегі антибиотиктер комбинациясының қайсысы барынша тиімді?

  • Кларитромицин+норфлоксацин

  • Цефуроксим+ линкомицин

  • Доксициклин + ровамицин

  • Ампициллин + канамицин

  • +Цефтазидим+ амикацин

! Науқаста операциядан кейін дене қызуы ұзақ уақыт жоғарылап, ентігу, жөтел, дем алғанда кеудесінде ауыру сезім пайда болды. Рентгенограммада оң өкпенің төменгі төменгі бөлігінде гомогенді қараю байқалады. Плевральды пунктатты еккенде алтынды стафилококктың метициллин-резистентті штамы алынды. Таңдау препараты қайсысы?

  • А моксициллин/ клавуланат

  • Моксифлоксацин

  • Цефтриаксон

  • + Ванкомицин

  • Меропенем

! Науқаста гектикалық температура, әлсіздік, кеуде қуысында ауыру сезім. Компьютерлік томографияда перифериялық абсцесс анықталды. Бронхоскопияда ірің анықталмады.

Ошақты санациялаудың тиімді әдісі?

  • +Қуысты трансторакальды дренаждау

  • Экстракорпоральды детоксикация

  • Бронх арқылы дренаж

  • Плевра пункциясы

  • Лобэктомия

! НауқасК, оң өкпенің төменгі бөлігінің абсцесімен арнайыланған бөлімге ауыстырылды. Дене қызуы 1 айдан көп сақталған, астенизацияжәне интоксикация симптомдары үдеуде. Кешенді қабынуға қарсы және микрофлораның сезімталдығын ескере отырып антибактериальды терапия, абсцесс қуысын бронх арқылы дренаждау жүргізілді. Анализдерінде лейкоцитоз, анемия, гипопротеинемия, мочевина және билирубиннің жоғарылауы.

Науқасты ары қарай жүргізу тактикасы:

  • +Лобэктомия жасау

  • Емге преднизолон қосу

  • Парентеральды антибиотиктердің мөлшерін жоғарлату

  • Абсцесс қуысын трансторокальды дренаждау

  • Бронхоскопияда абсцесс қуысын дренаждау

! Науқас Ю., 74 жаста, бұрын плеврит диагнозы қойылып, кешенді қабынуға қарсы және антибактериальды терапия жүргізілген, екі рет плевральды қуыс пункцияланып антибактериальды парепарат енгізілген. Стационардан шыққан 1 айдан кейін бақылау жасап қарағанда – шағымы жоқ, жағдайы стабильді, дене қызуы қалыпты, қан анализінде патология жоқ. УДЗда оң синуста 50 мл сұйықтық анықталды.

Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз?

    • Емге саңырауқұлаққа қарсы препараттарды қосу

    • Емге антибактериальды препараттарды қосу

    • Плевральды қуысты диагностикалық пункциялау

    • +Терапиясыз динамикада бақылау

    • Плевральды қуысты антибиотиктер енгізіп пункция жасау

! Науқас М. 23 жаста, бала кезінен көп мөлшердегі іріңді қақырықпен жөтелі бар. Соңғы жылда жөтелі жиілеген, қан түкіру қосылған, дене қызуы жоғарылаған. Анализдерінде гипопротеинемия, гипербилирубинемия, зәр қышқылының деңгейінің жоғарылауы. Рентгенограммада қап тәрізді кеңейген бронхоэктаздар, оң жақ төменгі бөлікте пневмосклероз, көкірекаралықтың оң жаққа ығысуы.

Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы барынша тиімді?

    • +Лобэктомия

    • Бронхиальды тамырдың эмболизациясы

    • Муколитикалық препараттарды тағайындау

    • Бронхоскопиялық дренаж

    • Профилактикалық антибактериальды терапия

! Өкпе абсцесін шақыратын микроорганизмдер?

  • Пневмококк

  • +Алтынды стафилококк

  • Аденовирус

  • Пфейффер таяқшасы

  • Цитомегаловирустар

! Бронхоэктаз ауруына тән белгіні таңдаңыз?

  • Дене температурасының 40С дейін көтерілуі, тершеңлік

  • Тахикардия

  • +Көп мөлшердегі іріңді қақырықпен жөтел

  • Тұтқыр қақырықты жөтел

  • Брадикардия

! Науқас 19 жаста, Келгендегі шағымдары: көп мөлшердегі иісті шырышпен ірің аралас қақырыққ, қан қақыруға, дене температурасының 38С дейін көтерілуіне, шаршағыштыққа, ентігуге. Анамнезінде бала кезінен бастап қақырық аралас жөтел бар. Соңғы 5 жылда өршуі жиілей бастады. Сідің болжам диагнозыңыз?

  • ӨСОА

  • +Бронхоэктаз ауруы

  • Бронх демікпесі

  • Созылмалы бронхит

  • Өкпе поликистозы

! Өкпе абсцессіне аталған белгілердің қайсысы тән?

  • Ірің аралас шырышты қақырық, ентігу

  • Кеудедегі ауру сезімі, құрғақ жөтел

  • +Қалтырау мен жоғары қызба, ірің аралас көп мөлшердегі (>200мл) шырышты қақырық

  • Аз көлемдегі шырышты қақырық

  • Қан түкіру

! Студент қыз И., 19 ж. Емтихан кезінде тұмаумен ауырды, өз бетінше ем қабылдамады. Науқастың жөтелі күшейіп, ентігуі үдей түсті, Дене температурасы 400С, әлсіз. Дене температурасының көтерілуіне байланысты асперин таблеткасын қабылдап тұрды. Науқас жағдайының нашарлауына байланысты 1- айдан соң дәрігер қарауына келді. Кеуде қуысы рентгенограммасында сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде горизонталды деңгейдегі сұйықтықпен көлеңке қуыс. Өкпе түбірі қалындаған.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

    • +Сол жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі абсцесс

    • Сол жақ өкпедегі ателектаз

    • ӨСОА

    • Өкпе гангренасы

    • Эксудатты плеврит

! Өкпе гангренасы- бұл;

  • +Зақымданған өкпе тінінің некроздануымен ихорозды ыдырауы

  • Өкпе тінінің карнификациясы немесе өкпе пневмосклерозы

  • Бронх қабырғасы шырышты қабытының ісінуі

  • Бір неменсе бірнеше қоршалған ошақ іріңді некрозданған қуытармен

  • Альвеолалар қабырғасының және оны қоршаған тідердің зақымдануы.

! Абсцесспен ауырған науқаста қатты жөтелден соң оң жақ кеуде тұсында кенеттен пайда болған ауру сезімімен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ кеуде қуысы тыныс алу актіне қатнаспайды, қабырға аралықтары кеңейген. Перкуторлы- тимпанитті дыбыс. Науқаста қай асқыну орын алды?

  • Өкпе ателектазы

  • +Пневмоторакс

  • Өкпе инфаркті

  • Өкпе эмфиземасы

  • Эксудатты плеврит

! Дәрігерге 35 жастағы науқас ауыз толтырып тастайтын жағымсыз иісті ірің аралас қақырықпен жөтелге, жалпы әлсіздікке, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде жас кезінен бастап бронхитпен жиі ауырады. Тексергенде саусақтары « барабан таяқшалары » , тырнақтары «сағат әйнегі» сияқты. Аускултацияда қатаң тыныс, екі жақ өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

  • Туберкулез

  • Созылмалы өкпенің обструктивті ауруы

  • Өкпе абсцесі

  • Пневмония

  • +Бронхоэктаз ауруы

! Гектикалық қызбасы бар науқаста көп мөлшерде өткір иісті іріңді қақырық бөлінеді. Анамнезінде 2- ай алдын пневмониямен ауырған. Өз бетінше 5- күн цефазалин қабылдаған. Перкуторно сол жақ өкпенің 5-6 қабырға арасынан бастап дыбыт тұйықталған, стетоскопты басқанда ауырсыну байқалады. Қақырық анализин микроскопиялық тексергенде жасушалық детриттер, көп мөлшердегі лейкоциттер, бұзылған эластик талшықтар, гематоидин кристалдарымен холестерин және май қышқылдары. Науқасқа қандай ем тағайындауға болады?

  • +Оперативті ем

  • Бронх ағашының лаважы

  • Флораға сезімтал антибиотик

  • Антибиотиктерді эндобронхиальді құю

  • Бронхолитиктер

! Бронхэктаз ауруындағы патоморофологиялық өзгерістер:

  • Бронх шырышты қабатының ісінуі

  • Бронх бойымен өкпе тінінің фиброздануы

  • +Бронхтардың қапшық тәрізді кеңеюімен олардың іріңге толуы

  • Өкпе тінінің фиброздануы

  • Өкпе альвеоласындағы инфильтративті және пролефаративті өзгерістері

! Пневмония ауруының жиі қоздырғышын атаңыз?

  • Moraxella cataralis.

  • Chlamudia pneumonia

  • Legionella pneumonia

  • +Streptococcus pneumonia

  • Eshericia coli

! Науқас З., 32ж., дәрігерге жағымсыз иісті үлкен көлемдегі қақырықпен жөтелге, субфибрильді температураға, ентігуге, оң жақ кеуде тұсындағы ауырсыну сезіміне шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Перкуторлы оң жақ өкпесінің 7-8 қабырға аралығында дыбыстың тұйықталуы. Аускультацияда әлсәз дыбыспен сол аймақта ірі және орта көпіршікті ылғалды сырылдар. ЖСЖ 102 рет мин. АҚ 100/70 мм с.б.б. сіздің болжама диагнозыңыз және тактикаңыз?

  • Өкпе гангренасы, ауруханаға жатқызу

  • Бронх демікпесі, амбулаторлы түрде ем қабылдау

  • +Оң өкпенің абсцессі, ауруханаға жатқызу

  • Ауруханадан тыс пневмония, ауруханаға жатқызу

  • Бронхоэктаз ауруы, амбулаторлы ем қабылдау

! Науқас И., 26ж. дәрігерге мына шағымдармен келді: құрғақ жөтелге, қалтырауға, оң жақ кеуде тұсының тыныс алғанда күшейе түсетін ауыру сезімі. Анамнезінде: 1 ай алдын гриппен ауырып, ем қабылдамаған. ЖСС 110 рет /мин. АҚ 90/60. Кеуде торының рентгенографиясы: оң жақ өкпенің 4 қабырға аралығыны дейін гомегенді қараю. Науқасқа плевралды пункция жасалғанда көп мөлшерде лейкоциттер (15*109 ), нейтрофилдер 90%, глюкоза мөлшері азайған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

    • Геморрагиялық плеврит.

    • Экссудативті плеврит.

    • Құрғақ плеврит.

    • +Плевра эмпиемасы

    • Өкпе гангренасы

! Өкпе гангренасы кезіндегі қақырық сипатын таңдаңыз?

    • Сары түсті, іріңмен, көп мөлшерде лейкоциттер және эритроциттер

    • Ақ түсті, тұтқыр, көп мөлшерде лейкоциттермен эпителийлер.

    • Ірің араласқан тұтқыр, 2-қабатты

    • +Қара түсті, жағымсыз иісті, іріңмен, 3-қабатты

    • Жасыл түсті, шырышты, көп мөлшерде лейкоциттер

! Пневмониямен ауырған 45 жастағы науқаста 9-күні қан аралас іріңді қақырық пайда болды. Тексергенде дене температурасы 39С. С№ Өкпе ренгенографиясында 5-6 қабырға арасында деструкцияланған гомогенді қараюлар. Науқаста пневмониямен асқынудың кай түрі болды?

  • Қурғақ плеврит

  • +Пневмонияның абцеспен асқынуы

  • Пневмоторакс

  • ТЭЛА

  • Пневмония, өкпе ісінуімен асқынған

! Науқас А, 54 жаста, дене қызуының жоғарлауына 39оС, кеуденің оң жағының ауруына, тот басқан қақырықпен жөтелге шағымданады.Суықтанғаннан кейін жедел ауырған. Қарап тексергенде: оң өкпенің дем алу актісінде қалып отыруы, оң жақ алдыңғы беткей бөлігінде қысқарған перкуторлы дыбыс, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

    • Плеврит

    • Саркоидоз

    • Туберкулез

    • +Пневмония

    • Өкпе эмфиземасы

! Науқас цитостатикалық ем қабылдауда, дене қызуының жоғарлауына, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, қан қақыруға шағымданды.Рентгенде төмендегі көрініс-фото

Қақырықты зерттеу нәтижесінің қайсысы болуы мүмкін?

    • +Грам теріс қышқыл тұрақты бациллалар

    • Нейтрофильды цитоз

    • Эозинофильды цитоз

    • Атипиялық клеткалар

    • Куршман спиральдары

! Үнемі жүрекше фибрилляциясы бар науқас кеуде клеткасындағы ауыру сезімге, тыныштықтағы ентігуге, қан тукіруге шағымданады. ТАЖ- 30 рет минутына, перкуторлы дыбыстың қысқаруы және алдыңғы беткейінде әлсіз тыныс. ЖСЖ - 120 рет минутына, ырғағы дұрыс емес. АД – 90// 60 мм с.б.б.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек:

  • Спирография

  • Бронхография

  • Торокоскопия

  • +Ангиопульмонография

  • Компьютерлік томография

! Науқас рентгенограммасында –сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті гомогенді көлеңкесі. Қабырға аралықтары кеңейген, кеуде аралық көлеңкесі оң жаққа ығысқан.

Науқасқа қандай іс-шара жүргізу керек?

  • +Плевральды пункцию

  • Бронхиальды лаваж

  • Емдік бронхоскопия

  • Жарықты түзету операциясы

  • Компьютерлік томография

! Науқас суықтанғаннан кейін жедел ауырды. Жағдайының ауырлауына байланысты интенсивті терапия бөлімшесіне госпитализацияланды. Кеуде клеткасының рентгенограммасында тікелей проекциясында (жатқан қалыпта) оң өкпенің тотальды көлеңкесі, кеудеаралық ағзалар ығыспаған. Қан анализінде лейкоцит – 14 мың, эритроцит – 3,3 млн. ЭТЖ – 65 мм / сағ.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

  • +Оң өкпенің тотальды пневмониясы

  • Оң өкпенің төменгі бөлігінің циррозы

  • Оң өкпеннің орталық ісігі

  • Оң өкпенің аспергиллезі

  • Өкпе-пульмональды саркоидоз

! Науқас У., 23 жаста , жедел ауырған, жөтел, дем алғанда кеуденің ауруы, дене қызуының жоғарлауы. Рентгенограммада өкпенің сол жақ бөлігінде контуры анық емес қараю көрінеді, сол өкпенің түбірі кеңейген. Қақырық анализінде - нейтрофилдер, бірен-саран эритроциттер, бактерия.

Емдеуді қай препараттан бастау керек?

  • Тиенам

  • Преднизолон

  • Рифампицин

  • +Амоксицилин

  • Ципрофлоксацин

! Науқас П., жол апатынан кейін келіп түсті.

Рентгенограммада өкпенің сол жақ бөлігі анық емес, коллабирленген өкпенің (стрелка) шеті көрінеді. Кеуде аралық ығыспаған.

Бірінші кезекте қандай іс-шараны жүргізу керек?

  • +2-қабырғааралыққа плевральды пункция жасау

  • 7-қабырғааралыққа плевральды пункция жасау

  • Емдік бронхоскопия жасау

  • Операция - торакотомия

  • Бронхиальды лаваж жасау

! КТ да - оң өкпе жоғарғы бөлігінің араласқан бронхоэктазы анықталды (тубулярно- мешотчатые ) . Стрелкамен көрсетілген қуыста- жұмсақ тін, артқы қабырғаға жақын орналасқан- симптом «погремушки».

Төмендегі аурулардың қайсына бұл сиптом тән?

  • Силикоз

  • Саркоидоз

  • +Аспергиллез

  • Өкпе абсцесс

  • Өкпенің поликистозы

! 67 жастағы ер адамды ентігу, іріңді қақырықпен жөтел мазалайды. Жөтел дене қалпын өзгерткенде, кеудесін алдыға еңкейткенде пайда болады. Компьютерлік томографияда 4-7 реттегі бронхтардың цилиндрлі, қап тәрізді кеңейуі анықталды.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

    • Өкпе абсцесі

    • Өкпе туберкулезі

    • Өкпе альвеококкозы

    • +Бронхоэктатикалық ауру

    • Фиброздаушы альвеолит

! 24 жастағы науқаста қайталанған спонтанды пневматоракс анықталды. Балалық кезінен жиі суықтанатын. Компьютерлік томографияда (фото) майда бронхтар мен альвеолалардың қап тәрізді кеңейуі және сол өкпенің жоғарғы бөлігінің интерстициальді тінінің тығыздалуы байқалады.

Бұл жағдайда қандай емдеу жолы барынша тиімді?

  • Дренажды процедураларды тағайындау (массаж, тыныс гимнастикасы)

  • Базистіқабынуға қарсы терапияны жүргізу

  • Цитостатикалық препараттарды тағайындау

  • Антибактериальды терапияны тағайындау

  • +Лобэктомия жасау

! Науқас 74 жаста, пневмониямен антибактериальды терапия алған. Динамикада жағдайы жақсармаған, әлсіздік, арықтау, кеудесіндегі ауыру сезім күшеюде. Бақылау компьютерлік томографиясында - жоғары тығыздықты тегіс емес контурлы ошақтың көлемі ұлғайған.

Қақырықты зерттеу нәтижесінің қайсысы болуы мүмкін?

    • Грам-теріс қышқыл тұрақты бациллалар

    • Нейтрофильды цитоз

    • Саңырауқұлақ мицеллиі

    • +Атипті жасушалар

    • Гантель тәрізді денелер

! Науқас реанимация бөлімшесіне күшейген ентігумен, кеуде қуысындағы ауыру сезіммен, қан жағындылары бар жөтелмен келіп түсті. Ангиографиялық зерттеуде өкпе артериясының төменгі тармағының кесілгені тәрізді (стрелкамен көрсетілген).

Бұл патологияны скринингтеу үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

    • Қақырықта атипиялық жасушаларды анықтау

    • Жуындыда темірлі бөлшектерді (железистых гыбок) анықтау

    • Дисфералды сынаманы жүргізу пробы

    • Тропонинді анықтау

    • +Д димерді анықтау

! Бронх-өкпелік патологияның жиі өршуі бар баланың рентгеноскопиялық зерттеуінде жұқа контурмен сақина тәрізді көлеңке анықталды.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

    • Аспергиллез

    • Туберкулома

    • +Өкпе кистасы

    • Өкпе абсцесі

    • Өкпе ісігі

! 69 жастағы науқаста ентігуі күшеюде, қақырықсыз жөтел пайда болды, рентгенограммада өкпе бөлігінің ателектазы анықталды. Диагнозды нақтылау үшін қантай зерттеу әдісі ақпаратты?

    • Спирография

    • Технецимен сцинтиграфия

    • Өкпе тамырларының ангиографиясы

    • +Диагностикалық бронхоскопия

    • Өкпенің магнитті- резонансты томографиясы

! Науқас К., 35 жаста аз мөлшердегі қақырықпен жөтелге, ентігуге, шаршағыштыққа, жамбасында эритематозды бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Рентгенограммада бронхопульмональды топ лимфа түйіндерінің екі жақты ұлғаюы, өкпе түбірінің құрылымы бұзылған, олардың сырты бұдырлы.

Диагнозды нақтылау үшін қантай зерттеу әдісі ақпаратты?

  • +Лимфа түйіндерінің биоптаттарын гистологиялық зерттеу

  • Сыртқы тыныс функциясын зерттеу

  • Өкпенің радиоизотопты сканирлеуі

  • Кеуде аралықтың томографиясы

  • Торакоскопия

! Кеуде қуысы рентгенографиясында өкпе суретінің толық қараюы мына ауруға тән:

  • +Эксудатты плеврит

  • Өкпе абсцессінде

  • Өкпе туберкулезде

  • Өкпе эмфиземасына

  • Созылмалы обструктивті өкпе ауруына

! Бронхоэктаз ауруының диагностикасында дұрыс мәлімет беретін әдіс саналады:

  • Кеуде қуысы рентгенографиясы

  • +Өкпенің КТ

  • УДЗ

  • Ангиопульмография

  • Спирография

! Кеуде қуысы рентгенографиясында оң жақ өкпеде айналасында майда усақ ошақтары бар контуры анық емес, көлемі 1,5-2см болған көлеңке бар. Сіздің болжама диагнозыңыз?.

  • Пневмония

  • ӨСОА

  • Бронхиальды демікпесі

  • Өкпе абцсесі

  • +Өкпе туберкулезі

! Спирографиялық әдіспен тексергенде Бронх демікпесіне тән көрсеткішті көрсетіңіз?

  • Өкпенің тіршілік сыйымдылығы

  • +Өкпенің форсирленген тірішілік сыйымдылығы

  • Өкпенің максимальды вентиляциясы

  • Тыныс алудың резервті көлемі

  • Тыныс шығарудың резервті көлемі

! Созылмалы өкпетекті жүрек кезіндегі рентгенографиялық белгілер:

  • Өкпе түбірінде инфильтраттың болуы

  • Өкпенің төменгі және ортаңғы бөліктерінде симметриялы түрдегі инфильтаттар

  • Барлық өкпе аймағында диаметрі 1-2см болған көптеген ұсақ ошақтар

  • +Артерияның конусы мен бағанасының ісінуі

  • Өкпе аймағында бұлынғыр әйнек тәрізді тұнықтығының азаюы

! Бронхографиялық зерттеуде: брохтардың әртүрлі формада кеңеюі, олардың жақындасуы мен тармақтардың болмауы.

Қай ауру туралы ойлауға болады?

  • Созылмалы пневмония

  • ӨСОА 2 дәрежелі, бронхитикалық форма

  • ИФА

  • Өкпе абсцесі

  • Өкпе абцесі

  • +Бронхоэктаз ауруы

! Берілген өкпе КТ да құрылымы біртекті көлемі 1,8 см дөңгелек көленке көрсетілген. Өкпе түбірімен плевраға қарай «жол» және «радиальды сызық» регионарлы лимфангит түрінде көрінеді. Қай ауру туралы ойлауға болады?

  • VI сегментте оң жақ өкпеде туберкулема

  • VI сегменте оң жақтық ошақтық пневмония

  • VI сегментте оң жақтық өкпе абсцесі.

  • +VI сегментте оң жақтық өкпеде перифериялық жалпақ клеткалы рак

  • Оң жақ өкпе туберкулезі ыдырау сатысында

! Төмендегі көрсетілген өкпе рентгенографиясында эмфизема фонында екі жақтық қалың дессименацияланған, түбінде инфильтратты көрініс.

Қандай ауру туралы ойлайсыз?

  • Екі жақтық пневмония

  • Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

  • +Диссеминирленген өкпе туберкулезі

  • Өкпе саркоидозы 1 дәрежесі

  • Өкпе саркоидозы 2- дәрежесі

! Пневмонияның сепсиспен асқынуының қатерлі ісік метастазынан ерекшелігін көрсетіңіз?

  • Жайылған ошақтар санымен

  • Зақымдану локализациясымен

  • Көлеңкенің көлемімен

  • Көлеңкенің формасымен

  • +Процесстің динамикасымен

! ӨСОА мен науқастың спирография көрсеткіші:

ӨТС 53%, ФТШК 46%, ФТШК/ӨТС 47%. Қорытынды жасаңыз?

  • Өкпе вентиляциясы қызметінің бұзылысы рестрикциялық тип бойынша 1дәрежеде

  • Өкпе вентиляциясы қызметінің (ӨВҚ)бұзылысы рестрикция тип бойынша 2дәреже

  • ӨВҚ бұзылысы ресртикциялық типте 3 дәреже

  • ӨВҚ бұзылысы обструктив бойынша 2дәреже

  • +ӨВҚ обструктивті тип бойынша 3дәреже

! Бронхоэктаз ауруын анықтауда ақпаратты әдіс:

  • Рентгенография 

  • Томография 

  • +Бронхография 

  • Ангиопульмонография

  • Торакоскопия 

! Диагноз қоюда бронхоскопиялық тексеруге көрсеткіш болып табылады:

  • +Өкпе ателектазы

  • Бронхиальды демікпе

  • Обструктивті бронхит

  • Өкпе туберкулезі

  • Экусудативті плеврит

! Бронхиальды демікпе диагностикасында қолданылатын әдісті көрсетіңіз?

  • +Спирография

  • Рентгенография

  • Өкпе КТ

  • Бронхография

  • ФБС

! Бронх обструкциясын айқындайтын сезімтал көрсеткішті көрсетіңіз?

  • ФЖЕЛ/ОФВ1 төмендеуі

  • ФЖЕЛ төмендеуі

  • ЖЕЛ және ОФВ1төмендеуі

  • Тиффно индексінің төмендеуі

  • +ОФВ1 и ФЖЕЛ төмендеуі

! Науқас 28 жаста, дәрігерге субфибрилді температураға, оң жақ кеудесіндегі ауру сезіміне, тыныштық кезіндегі ентігуге, тершеңдікке шағымданып келді. Анамнезінде 15 күн бойы жоғары температура мен жөтелге байланысты өз бетінше цефозалин қабылдаған. Тексергенде науқастың жағдайы ауыр, ТЖ- 40рет мин. суық тер басқан, еріндері көгерген. ЖСЖ- 120 рет мин. Кеуде клеткасының оқ жақ жартысы тыныс алуда қалып отырады. Рентгенограммада келесі сурет көрсетілген.

Қай ауру турысында ойлайсыз?

  • Құрғақ плеврит

  • Плевра мезотелиомасы

  • +Эксудатты плеврит

  • Төменгі пневмония.

  • Спонтанды пневмоторакс

! Науқас М. 45 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданады. 15 жылдан бері бронхөкпелік патологиямен зардап шегеді. Обьективті: саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, кеуде қуысы бөшке тәрізді, тынысы қатаң, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар естіледі. Қандай диагноз БАРЫНША нақтырақ?

  • +Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

  • Созылмалы іріңді бронхит

  • Бронхоэктаздық ауру

  • Ошақты пневмония

  • Өкпе эмфиземасы

! Антихолинергиялық бронходилататорлар тобының препараты (М-холинолитик), бронхтардың тегіс бұлшық етінің мускариндік рецепторларына (М3-рецепторлары) холинолитикалық әсер етеді, бронхоспазмды, шырыштың гиперсекрециясын жояды, туссогенді аймақтағы кезбе нервтің афферентті ұштарының белсенділігін, шырышты қабаттардың ісінуін тежейді. Нәтижесінде 1секундтағы форсирленген дем шығару көлемі (ОФВ1) және өкпенің форсирленген өмірлік көлемі (ФЖЕЛ) жоғарылайды. Бронхолитикалық әсері 24 сағат сақталып, қысқа әсерлі b2-агонисттерге қажеттілікті төмендеті. Бұл қандай препарат болуы мүмкін?

  • +Тиотропия бромиді (Спирива)

  • Натрий кромогликаты (Интал)

  • Фликсотид (Флутиказон)

  • Даксас (Рофлумиласт)

  • Фенспирид (Эреспал)

! ӨСОА ауыратын 65 жастағы науқаста аздаған күштеме кезіндегі ентігу, аз мөлшерлі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, зәр көлемінің азаюы анықталған. Объективті: акроцианоз, мойын тамырлары ісінген, эпигастрий аймағында пульсация, өкпе артериясындағы II тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісіктер. Науқастың ЭКГ - да төмендегілердің қайсысы байқалуы мүмкін?

  • АV - блокада

  • Сол қарыншаның гипертрофиясы

  • Сол жүрекшенің гипертрофиясы

  • +Оң қарыншаның гипертрофиясы

  • Гис шоғырының сол аяқшасының блокадасы

! Ер адам 67 жаста, қиын бөлінетін қақырықпен ұстамалы жөтелге, ауыр дем шығарумен ентігуге, жүрек қағуына, аяқтарының тізесіне дейінгі ісінуіне, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 30 жылдан көп темекі тартқан. Объективті: диффузды цианоз, бөшке тәрізді кеуде қуысы; аускультативті: өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар, өкпе артериясында II тонның акценті, гепатомегалия, асцит. ЖСЖ – 110 рет минутына. ЭхоКГ: оң жүрекше және оң қарынша қуысының кеңейуі, лақтыру фракциясы - 36%. Төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте тағайындау керек?

  • +Фуросемид

  • Амброксол

  • Эссенциале

  • Преднизолон

  • Амоксициллин

! 53 жастағы әйел физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, жүрек қағуына шағымданады. 20 жылдан астам бронхөкпелік патологиямен ауырады, суық мерзімде 2-3 рет өршиді. Объективті: саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Аускультативті: өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар, тыныс шығару ұзарған. ТАЖ 26 рет минутына. Спирографияда: ОФВ1 68 %; ОФВ1/ФЖЕЛ 95 %

Науқастың базисті терапиясында қай препаратты тағайындаған БАРЫНША дұрыс?

  • +Тиотропия бромиді

  • Преднизолон

  • Сальбутамол

  • Амброксол

  • Будесонид

! Ер адам52 жаста, жүрек қағуына, басының ауруына, құлақтағы шуға, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, күштеме кезіндегі ентігуге шағымданады. 30 жылдан бері темекі тартады. Обьективті: қатаң тыныс, құрғақ ызылды сырылдар, дем шығаруы ұзарған. АҚҚ 160/90 мм с.б.б., ЖСЖ 90 рет минутына . Дәрігер амброксол, амоксиклав бұлшық етке, эгилок(метопролол) 50 мг/тәул, беродуал ингаляциясы, кардиомагнил тағайындады. 2 күннен кейін жағдайы нашарлап, ентігу күшейген.Төмендегі кандай препарат науқас жағдайының нашарлауына алып келді?

  • Кардиомагнил

  • Амоксиклав

  • Амброксол

  • Беродуал

  • +Эгилок

! Науқас 58 жаста, құрылысшы, ӨСОА ұзақ уақыттан бері ауырады. Соңғы айларда күніне бірнеше рет болатын, кейде түнде дем шығарудың қиындауымен тұншығу ұстамасы пайда болған. Ұстамалар темекі түтінінен, күшті иістерден қозады. Жүрген кезде ентігудің күшеюіне шағымданады. Аускультацияда : өкпеде көп мөлшерде ысқырықты сырылдар естіледі. Науқасқа дифференциялды диагностика жасау үшін төмендегі әдістердің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

  • Эхокардиография

  • Бес минуттық жүру тесті

  • +Бронходилататормен сынама

  • Кеуде клеткасының рентгенографиясы

  • Аллергенмен скарификационды сынама

! Науқас аз мөлшерлі қақырықты ұстама тәрізді жөтелге, жүктеме кезіндегі ентігуге, шаршағыштыққа шағымданады. Диагностикалық мақсатта бронходилататорды қабылдап спирография жасады. Нәтижесінде: ОФВ1 қалыптыдан 75 % аз ; ОФВ1/ФЖЕЛ қалыптыдан 68 % аз.

Науқаста сыртқы тыныс функциясы бұзылысының қандай түрі және дәрежесі анықталды?

  • Обструктивті түрі I дәрежесі

  • +Обструктивті түрі II дәрежесі

  • Обструктивті түрі III дәрежесі

  • Аралас түрі II дәрежесі

  • Рестриктивті түрі I дәрежесі

! Науқас Т., 60 жаста, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге , физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. 15 жылдан бері бронхөкпелік патологиясымен ауырады. Бұрын көп жыл темекі тартқан. Обьективті: қатаң тыныс, дем шығаруы ұзарған, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ ызылды сырылдар естіледі. Науқасқа базисті терапия мақсатында төмендегі препараттың қайсысын БАРЫНША тағайындаған дұрыс?

  • +Ипратропия бромиді

  • Преднизолон

  • Сальбутамол

  • Амброксол

  • Будесонид

! Темекі тартатын 60 жастағы ер адам қиын бөлінетін шырышты – іріңді қақырықты жөтелге , ентігуге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданады. Аускультацияда –ұзарған дем шығару фонында шашыранды құрғақ сырылдар , оң жақ жауырын асты аймақта ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі, сол жерде перкуторлы дыбыс тұйықталған.Рентгенограммада: оң өкпенің төменгі бөлігінде көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталған. Лейкоциттер – 14 мың, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Қандай препаратты науқасқа БАРЫНША тағайындаған тиімді?

  • Ципрофлоксацин

  • Эритромицин

  • Ампициллин

  • +Амоксиклав

  • Бисептол

! Ер адам 67 жаста , көп темекі тартады, аздаған физикалық күштеме кезіндегі ентігу, шырышты –іріңді қақырықты жөтел, жүрек қағуы мазалайды. Қарап тексергенде: ТАЖ -35 рет минутына, ерін – мұрын үшбұрышының цианозы, бөшке тәрізді кеуде қуысы. Аускультацияда әлсіреген тыныс, дем шығару кезіндегі құрғақ сырылдар. ЖСЖ – 92 рет минутына, ырғағы дұрыс. Қанда: лейкоц.- 10,6 мың., эритроциттер-5,8 млн, гемотокрит – 50%, ЭТЖ- 2 мм/сағ. Антибиотиктер, муколитиктер, бронходилататорлар, оксигенотерапия тағайындалған. Емдеу жоспарына қосымша қандай препаратты қосу қажет?

  • +Гепарин

  • Дигоксин

  • Курантил

  • Варфарин

  • Пентоксифиллин

! Әйел 53 жаста, жүрек қағуына, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. 18 жасынан бері темекі тартады. Объективті: тынысы қатаң, ызылды сырылдар, дем шығаруы ұзарған. ТАЖ- 22 рет минутына, АҚҚ – 110/70мм с.б.б. ЭКГда: III, aVF, V1-V2 әкетулерінде f толқындары, ЖСЖ – 95-120 рет минутына. Барлық кеуде әкетулерінде әлсіз теріс Т тісшесі. ЭхоКГ: Оң жүрекше мен оң қарынша қуыстарының кеңейуі. Лақтыру фракциясы – 50%. Амбробене, беродуал ингалциясы, цефтриаксон, сальметерол, кардиомагнил, оксигенотерапия тағайындалды. Емдеу жоспарына қосымша қандай препаратты тағайындаған жөн?

  • Преднизолон

  • Фуросемид

  • +Амиодарон

  • Предуктал

  • Панангин

 

! Ер адам 59 жаста, жүрек қағуына, эпизодты бас айналуына, аз мөлшерлі қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. 30 жастан бастап темекі шегеді. Объективті: тынысы қатаң, ызылды сырылдар бүкіл өкпе алаңында, дем шығаруы ұзарған. ТАЖ- 22 рет минутына, АҚҚ – 110/70мм с.б.б. ЭКГда: III, aVF, V1-V2 әкетулерінде f толқындары, ЖСЖ – 55-93 рет минутына. Барлық кеуде әкетулерінде әлсіз теріс Т тісшесі. ЭхоКГ: Оң жүрекше мен оң қарынша қуыстарының кеңейуі. Қанда: эритроциттер-5,8 млн,  гематокрит 51%,  ЭТЖ 2 мм/сағ. Индап, серетид, беродуал, аспирин, дигоксин қабылдайды. Ұзақ терапия үшін емдеу бағдарламасына қосымша қандай препарат қосу қажет?

  • Гепарин

  • Курантил

  • +Варфарин

  • Верапамил

  • Пентоксифиллин

! ӨСОАмен ауыратын 62 жастағы ер адамда тыныс жеткіліксіздігі, екіншілік эрироцитоз, декомпенсацияланған өкпе текті жүрек . Кенеттен төс артындағы ұстамалы қатты ауру сезімі пайда болды. Қарап тексергенде : ТАЖ – 24 рет минутына, ЖСЖ – 100 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм с.б.б. Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындағанда тыныс жетіспеушілік күшейуі мүмкін?

  • Изокет

  • Аналгин

  • +Морфин

  • Баралгин

  • Нитроглицерин

! 55 жастағы темекі тартатын әйел қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дем шығаруының қиындауымен ентігуге, дене қызуының 38°С жоғарлауына шағымданады. Амоксиклав инъекциясынан кейін қолында және ішінде қышымалы бөртпелер пайда болған. Анамнезінде йод, пенициллин, ципрофлоксацин, гентамицин және  тетрациклинге аллергиясы бар. Амоксиклавты төмендегі препараттардың қайсысымен алмастыруға болады?

    • Левофлоксацин

    • +Азитромицин

    • Доксициклин

    • Линкамицин

    • Тобрамицин

! М-холиноблокатор тобына кіретін препарат?

    • Сальбутамол

    • +Спирива

    • Беротек

    • Алупент

    • Астмопент

!Бронхиальды ұстаманы анықтайды:

    • +Спирография

    • Бронхоскопия

    • Қандағы газды тексеру

    • Эхокардиография

    • ЭКГ

! СОӨА пайда болуына ықпал етеді:

    • Жоғарғы тыныс жолдарының созылмалы ауруы

    • Тірек-қимыл жүйесінің патологиясы

    • +Темекі шегу, өндірістік поллютанттар әсері

    • Өкпе ауруларының тұқым қуалауына бейімділік

    • Семіздік

! Науқас С. 48 жаста, айқын экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел, жүректің қатты қағуы, әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түскен. Объективті: еріндердің көгеруі. ЭКГ – оң қарынша гипертрофия белгілері, тахикардия. Кеуде клеткасының рентгенографиясында өкпе ауданы эмфизематозды, өкпе суреті деформацияланған. Диагнозды анықтау мақсатында бірінші орында қандай зерттеулер жүргізу қажет?

    • Қақырық анализі

    • +Фармакологиялық сынамамен спирография

    • Кеуде клеткасын УДЗ

    • Кеуде клетка мүшелерінің КТ

    • ЭХОКГ

! Науқас С., 48 жаста, СОӨА ауырады. айқын экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел, жүректің қатты қағуы, әлсіздік шағымдарымен ауруханаға түскен. Объективті: еріндердің көгеруі. ЭКГ – оң қарынша гипертрофия белгілері, тахикардия. Кеуде клеткасының рентгенографиясында өкпе ауданы эмфизематозды, өкпе суреті деформацияланған. Бұл науқасқа қандай ем тағайындауға болады?

    • +Антибиотиктер, бронхолитиктер

    • Бронхолитиктер

    • b-адреноблокаторлар

    • Кальций антагонисттері

    • Диуретиктер

! Науқас Л., 53 жаста. СОӨА диагнозымен ауруханаға келіп түскен. Шағымдары айқын тыныштық күйдегі ентігу, эпигастральды аймақтағы пульсация, құрғақ жөтел, аяқтарында ісік. Сіздің болжама диагнозыңыз?

    • Пневмония

    • Бронхоэктатикалық ауру

    • Бронх демікпесі

    • + СОӨА. Созылмалы декомпенсирленген өкпе текті жүрек

    • Экссудативті плеврит

! Науқас К., 55 жаста қиындықпен шығатын қақырықты жөтелге, физикалық күштегі ентігуге шағымданады. Шылым шегеді. 20 жылдай уақыт бронхөкпелік патологиясы бар. Объективті: тынысы қатаң, өкпенің барлық бөлігінде құрғақ сырылдар, дем шығаруы ұзарған. Берілген диагноздың қайсысы ең негізгі?

    • Пневмония

    • Бронх демікпесі

    • Бронхоэктатикалық ауру

    • Созылмалы іріңді бронхит

    • +СОӨА 2 сатысы., аралас типті, өршу сатысы

! Науқас Т., 66 жаста қиындықпен бөлінетін шырышты-іріңді сипатта қақырықты жөтелге, физикалық күште күшейетін ентігуге, дене қызуының 38С дейін жоғарлауына шағымданады. Моншадан кейін жіті ауырған. Тәулігіне 25 талға дейін шылым шегеді, анамнезінде созылмалы бронхит. Аускультацияды әлсізденген тыныс фонында ұзарған дем шығару кезінде, екі жағында құрғақ сырылдар естіледі, оң жағында жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталған, майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенологияда оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті жайылған контуры бар көлеңке анықталды. Лейкоциттер – 12 мың., СОЭ - 22 мм/сағ. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы ең негізгі?

  • Созылмалы іріңді бронхит, өршу сатысы

  • СОӨА, орташа ауырлық дәреже, өршу сатысы

  • Созылмалы бронхит, жеңіл дәрежесі, өршу сатысы

  • +СОӨА, өршу сатысы, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы

  • Созылмалы бронхит бронхоэктазбен, өршу сатысы

! Науқас Ж., 48 жаста, СОӨА ауырады, пневмония диагнозымен науқас ауруханада ем қабылдануда. Клиникалық жақсару бақылағаннан кейін соңғы 3 тәулікте дене қызуы 38°С дейін жоғарлаған, үздіксіз жөтел пайда болған. Науқас жағдайының нашарлауына байланысты, себебін анықтау мақсатында төмендегі берілген зерттеу әдістерінің қайсысы ең негізгі?

    • Өкпенің КТ

    • +Бронхоскопия

    • Қақырық анализі БК-ке

    • Атипиялық клеткаға қақырық анализі.

    • Қан жағындысы

! Науқас 64 жаста, СОӨА көп жылдар бойы ауырады. Дене қызуының жоғарлауына, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, салқын тиюден кейін пайда болған тершеңдікке шағымданады. Рентгенологиялық оң жақ өкпе тінінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталды. Цефазолин, линкомицин дәрілері тағайындалған. Қақырық себіндісінде 3-ші күні – пневмококктар анықталған. Сіздің ары қарайғы тактикаңыз:

    • Тетрациклин + метрогил + лазолван

    • Амоксиклав + гентамицин + бромгексин

    • +Кларитромицин + амброксол + тиатропиум бромид

    • Пенициллин + амброксол + сальбутамол

    • Цефазолин + преднизолон + бромгексин

! СОӨА ауыратын 72-жастағы науқаста тыныштық күйдегі ентігу, шырышты-іріңді сипатта қақырықты жөтел, дене қызуының 37,6 С жоғарлауы. Объективті: ТЖ - 30 рет минутына, ЖСЖ – рет минутына. Аускультативті өкпеде қатаң тыныс фонында құрғақ ызылдаған тыныс естіледі. Төмендегі берілген препараттардың қайсысы ең негізгі болады?

    • Гентамицина б/е

    • +Кларитромицин, атровен

    • Сальбутамол

    • Ингаляциялық вентолин

    • Пенициллин, беротек

! Науқас, 65 жаста, шылым мөлшерден тыс шегеді. Аралас ентігуге, қиындықпен бөлінетін ұстымы тәрізді жөтелге, жүрек тұсындағы иррадиациясыз, қысқан сипаттағы ауыру сезіміне, оттегі ингаляциясынан кейінгі жағдайының жақсаруына шағымданады. Объективті: оң жақ жүрек шекарасының кеңеюі, өкпе артериясында II тон акценті және қосарлануы. Кешенді терапия құрамына қандай топтағы препарат қолайлы болып табылады?

    • β2-адреноблокаторлар

    • Жүрек гликозидтері

    • +Кальций каналының антагонистері

    • Диуретиктер

    • ААФ ингибиторлары

! Созылмалы обструктивті өкпе аурумен ауыратын 62 жастағы науқасты зерттеу кезінде ОФВ1=35% болған. Қандай комбинациялық препараттар ең тиімді болып табылады?

    • Ипратропиум бромид+амбробене + интал + гепарин

    • Ипратропиум бромид + теотард + интал + амоксициллин

    • Ипратропиум бромид + сальбутамол + эфедрин + ацетилцистеин

    • +Ипратропиум бромид + сальбутамол + теофиллин + преднизолон

    • Ипратропиум бромид + теофиллин + амоксициллин + ацетилцистеин

! Науқас 56 жаста. СОӨА орташа ауырлық дәрежеде. Қаралған кезінде өршу үрдісі жоқ. Ең тиімді терапия схемасына болады:

    • Қақырықтүсіруші

    • Антибиотиктер

    • +Пролонгирленген М-холинолитиктер (тиотропиум бромид)

    • Пролонгирленген симпатомиметиктер (сальметерол)

    • Ингаляциялық глюкокортикостероидтар

! Науқса К., 55 жаста қиындықпен шығатын қақырықты жөтелге, физикалық күштегі ентігуге шағымданады. 20 жылдан астам уақыт бронхөкпелік патологиямен ауырады. Шылым шегеді. Объективті: тынысы қатаң, барлық бөлігінде ызылдаған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс шығаруы ұзарған. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы ең негізгі?

    • Пневмония

    • Бронх демікпесі

    • Бронхоэктатикалық ауру

    • Созылмалы іріңді бронхит

    • +Созылмалы обструктивті ауру

! СӨОА 3 сатысымен науқаста гепатомегалия, балтырындағы ісіктер анықталды. Науқаста қандай аускультативті өзгеріс БАРЫНША болуы мүмкін?

    • Семсер тәрізді өсінді негізінен систолалық дыбыс

    • Сол жақта 2ші қабырға аралықта диастолалық дыбыс

    • Жүрек ұшында систолалық дыбыс

    • Жүрек ұшында қатаң 1 тон

    • Аортада II тон акценті

! Ер адам 47 жаста соңғы жылдары біртіндеп күшейген физикалық күштемеден кейінгі жүрек соғуына, ентігуге шағымданды. Анамнезінде тыныс алу жүйесінің аурулары жоқ. .Қарап тексергенде: кеуде клеткасы деформацияланған: айқын кифосколиоз, дем алу экскурсиясы шектелген, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, тынысы әлсіреген. ТАЖ 20 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол жағында 2 ші қабырға аралығында II тонның акценті. ЖСЖ 84 рет мин. Дамыған асқынуды диагностикалау үшін БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісі:

    • Спирография

    • Бронхоскопия

    • Бронхография

    • +Эхокардиография

    • Фонокардиография

! Ер адам 65 жаста аздаған физикалық күштемеден соң экспираторлы ентігуге, аздаған қақырықпен жүретін ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. 30 жылдай темекі шеккен. Терісі жылы, диффузды цианоз, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді. Кеуде клеткасы «бөшке тәрізді» перкуторлы-қораптық дыбыс, аускултативті - қатаң тыныс, дем шығаруы ұзарған, сирек құрғақ сырылдар. Эпигастральді пульсация, жүректік лүпіл пальпацияланады. Қандай өзгерістер электрокардиограммада БАРЫНША айқын болады?

    • PQ интервалының қысқаруы

    • Биік R - I, AVL әкетулерінде

    • I, II, аVr әкетулерінде rSr комплексінің пайда болуы

    • Терең , кеңейген Q тісшесі - II, III, aVF әкетулерде, ST элевациясы

    • +Биік Р тісшесі - II, III, AVF әкетулерде, терең S - I, V5, V6. әкетулерде

! Экссудативты плевритпен науқастың спирографиялық зерттеуінде беткей тыныстың қандай функциясы бұзылуы анықталады?:

  • +Көбінесе рестриктивті сипатта

  • Көбінесе обструктивті сипатта

  • Форсирленген тыныс шығару көлемінің жоғарлауы

  • Өкпенің қалдық көлемінің жоғарлауы

  • Минуттық көлемінің жоғарлауы

! Ер адам 65 жаста жиі ентігуге, әсіресе таңертең мазалайтын аз мөлшердегі қақырықты жөтелге шағымданады. Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпелік алаңның мөлдірлігінің жоғарлауы, диафрагма куполдарының түсуі, қабырғалардың горизонтальді орналасыуы анықталады. ЭКГ да –электр осінің оңға ығысуы, терең S тісшесі - I, V5, V6. әкетулерде.

Спирограмма қандай өзгерістір БАРЫНША болуы мүмкін ?

  • Өкпе вентилляциясының максимальды жоғарлауы

  • Форсирленген дем шығарудың көлемінің жоғарлауы

  • Өкпенің өмірлік сыйымдылығының жоғарлауы

  • Өкпенің қалдық көлемінің төмендеуі.

  • +Тиффно индексінің төмендеуі.

! Ер адам ӨОСА ауырады, жүрген кездегі ентігудің күшеюіне, бас ауруына шағымданады. Аяқтарында ісінулер, оң қабырға астында ауырлық сезімі пайда болған. Сварщик болып жұмыс істейді, темекі шегеді. Берілген асқынудың дамуында басты фактор БАРЫНША мүмкін болып табылады:

  • Миокард дистрофиясы

  • Митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі

  • Сол жақ жүрекшенің жиырылуының төмендеуі

  • Сол жақ қарыншаның миокардының жиырылуының төмендеуі

  • +Оң жақ қарыншаның миокардының жиырылуының төмендеуі

! Қандай шудың пайда болуы өкпенің ауыр гипертензиясының белгісі болып табылады:

  • Жүрек ұшында систолалық шу

  • Сол жақ 2-ші қабырға аралығында систолалық шу

  • +Сол жақ 2ші қабырға аралықта диастолалық шу

  • Оң жақ 2 ші қабырға аралықта систолалық шу

  • Оң жақ 2 ші қабырға аралықта диастолалық шу

! 28 жастағы ер адам дәрігердің кабинетіне қатты қозған, қызбаланған күйінде кірді. Сөйлей алмайды, ауаны аузымен жұтады, беті қызарған, бірақ диффузды жаңадан басталған цианоз анықталады. Жұтқыншақты қараған кезде тіл түбірінің, жұтқыншақ қуысын жалған байламдармен жабылған ісінулер байқалады. Науқасқа бірінші кезекте қандай шұғыл көмек көрсету керек?

  • +Коникотомия

  • S-тәрізді түтікшені енгізу

  • Маска арқылы ылғал ауа беру

  • Көк тамырға адреналин енгізу

  • Көк тамырға преднизолон енгізу

! Созылмалы өкпе текті жүректің мүмкін болатын рентгенологиялық көрнісі:

    • Аорты доғасының кеңейуі

    • Өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі

    • Өкпе түбірінің кеңейуі және деформациялануы

    • Ретрокардиальді кеңістіктің азаюы

    • +Өкпе артериясының орталық тармақтарының пульсациясының күшеюі

! Науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің диагностикасында БАРЫНША мәліметті әдіс:

  • Бронхоскопия

  • Өкпенің рентгенографиясы

  • Физикалық зерттеу

  • Өкпенің компьютерлік томографиясы

  • +Қанның газдық құрамын зерттеу

! Ер адам Т,34 жаста, іріңді қақырықты жөтелге , ентігуге, қалтырауға, дем алғанда кеуде клеткасының ауруына шағымданды. Объективті: температура 390С. ТАЖ -30 рет мин. Перкуторлы екі жақты жауырынның төменгі бұрыштарында өкпелік дыбыстың қысқаруы . Спирографиия көрсеткіші: ЖЕЛ-38%, ОФВ1-39%, Тиффно индексі (ОФВ1/ЖЕЛ)-78%, МВЛ-45%, МОД -181%. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және сатысы?

  • Рестриктивті 1 сатысы

  • Рестриктивті 2 сатысы

  • +Рестриктивті 3 сатысы

  • Обструктивті 3 сатысы

  • Аралас тип 3 сатысы

! Ер адам 55 жаста ауыр жағдайда госпитализацияланды. Объективті: айқын цианоз, тыныштық кезіндегі ентігу, перкуторлы өкпеде – қорапты дыбыс, қатаң тыныс, дем шығаруда құрғақ сырылдар және әртүрлі калиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекарасы оңға жылжыған, тоны тұйықталған. Пульс – 100 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан 4-5 см төмен, табанында және балтырында ісінулер бар. Оксигенотерапия , бронходилататор, муколитиктер, зәр айдағыш препараттар, антибиотикитер тағайындалды. Емдеу жоспарына төмендегілердің қайсысын қосқан тиімді?

    • β-блокаторлар

    • +Антикоагулянттар

    • Калий препараттары

    • Гепатопротекторлар

    • Кардиопротекторлар

! Әйел 47 жаста айқын ентігуге шағымданады. Спирография қортындысы: ЖЕЛ-53%, ОФВ 1-29%, Тиффно индексі ОФВ1/ЖЕЛ -57%, МВЛ-44%, МОД -222%, ТАЖ 20 рет мин. Науқаста тыныс алу бұзылысының қай түрі және сатысы?

  • Рестриктивті 1 сатысы

  • Рестриктивті 2 сатысы

  • Рестриктивті 3 сатысы

  • +Обструктивті 3 сатысы

  • Аралас түрі 1 сатысы

! Ауыр вирусты пневмониямен науқаста естің шатасуы, тері жабындыларының ылғалдылығының жоғарлауы, цианоз анықталды. ЭКГ да синусты тахикардия, ЖСЖ-125 рет мин, бірен-саран қарыншалық экстрасистолиялар. Артериялық қанда оттегінің парциальды қысымның деңгейі (рО2 ) 48 мм сын бағ. АҚҚ 70/50мм с.б.б. Төмендегілердің қайсысы науқасты өкпенің жасанды вентиляциясына ауыстыруына көрсеткіш болып табылады?

  • Естің шатасуы

  • Пневмонияның аурлығы

  • Айқын гипотония

  • Тұрақсыз гемодинамика

  • 2парциальды қысымы 60 мм с.б.б. төмен

! Ер адам 37 жаста тотальді пневмониямен өте ауыр жағдайда келіп түсті. Тежелген. Диффузді цианоз. Мұрын қанаттары, қабырға аралық бұлшықеттер дем алуға қатысады.ТАЖ-35 рет мин. Өкпесінде екі жақтада ылғалды сырылдар. АҚҚ - 80/40 мм с.б.б. РаО2- 45 мм с.б.б. қандағы рН– 7,5. Төменде көрсетілген жүргізу тактикаларының қайсысын таңдаған жөн?

  • Тыныс аналептиктерін еңгізу

  • +Өкпені жасанды желдетуге ауыстыру

  • Дем шығару соңында оң вентиляциялық қысым

  • Дем алу кезінде оң вентиляциялық қысым

  • Дем алу және дем шығару уақытында оң вентиляциялық қысым

! ӨСОА мен науқастың созылмалы өкпетекті жүрекпен асқынуын нақтылайтын әдіс болып табылады:

  • Бронхоскопия

  • +ЭКГ, ЭхоКГ

  • Спирографтия

  • Өкпе рентгенографиясы

  • Бронхография

! Созылмалы өкпетекті жүрек кезінде оң жақ жүрек қарыншасы шамасыздығы кезіндегі белгіні көрсетіңіз?

  • Плевра шуылы

  • +Аяқтарының ісінуімен бауырдың ұлғаюы

  • Перикард шуылы

  • Бетінің ісінуі

  • Жүрегінің тез согуы және аритмия

! Декомпенсирленген өкпетекті жүрек ауруымен емделушілерге қолданылатын ем әдісі:

  • Гликозидтер

  • +Кальций каналдарының блокаторлары

  • Бета блокаторлар

  • АПФ ингибитрлер препараттары

  • Антиаритмиялық препараттар

! Науқас С. 48 жастағы науқас қабылдау бөліміне келгендегі шағымдары: физикалық кездегі ентігуге, құрғақ жөтелге, жүрек қағуына, әлсіздікке . Тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Еріндерімен саусақтарының ұштары көгерген. ЭКГ оң жақ қарыншада гипертрофия белгісі. Кеуде клеткасының рентгенографиясы өкпе алаңы эмфизематозды, өкпе суретінің деформациясы. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  • Пневмония

  • Бронхоэктаз ауруы

  • Өкпе туберкуломасы

  • +ӨСОА. Созылмалы өкпетекті жүрек

  • Экссудативті плеврит

! 42 жастағы науқаста асқазан ойық жарасымен операция жасалғаннан соңғы 3 күні кенеттен ентігу, кеудесінің сол бөлігінің қысып ауруы, ауа жетпеу сезімі, кеудесінің жоғарғы бөлігімен бетінің көгеруі, қан түкіру пайда болды. ЖСЖ 120рет мин. АҚ 80/40мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз?

  • Құрғақ плеврит

  • Пневмония

  • Өкпе рагі

  • +Өкпе артериясында тромбоэмболия

  • Эксудатты плеврит

! Науқас Л. 53 жаста. Дәрігерге келгендегі шағымдары тыныштық кезіндегі ентігу, құрғақ жөтел. Анамнезінде: ӨСОАмен дәрігерде есепте тұрады. Обьективті: эпигастрастрий аймақта пульсация белгісі, аяқтарында ісінулер. Аускультативті өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныспен құрғақ сырылдар естіледі. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  • +ӨСОА. Созылмалы декомпенсирленген өкпетекті жүрек.

  • Бронх демікпесі жеңіл ағымда

  • ӨСОА. Созылмалы компенсирленген өкпетекті жүрек

  • Жедел бронхит. ТЖ1

  • Жедел пневмония ТЖ 2

! Тыныс жетіспеушілігі кезіндегі айқын белгі болып табылады:

  • Тұтқыр қақырықпен жөтел

  • Кеуде қуысндағы ауру сезімі

  • Ауа жетпеу сезімі

  • +Ентігу немесе диспноэ

  • Тыныс алудың қыйындауы

! 42 жастағы науқаста асқазан ойық жарасымен операция жасалғаннан соңғы 3 күні кенеттен ентігу, кеудесінің сол бөлігінің қысып ауруы, ауа жетпеу сезімі, кеудесінің жоғарғы бөлігімен бетінің көгеруі, қан түкіру пайда болды. ЖСЖ 120рет мин. АҚ 80/40мм.с.б. Сіздің диагнозыңыз?

  • Құрғақ плеврит

  • Пневмония

  • Өкпе рагі

  • +Өкпе артериясында тромбоэмболия

  • Эксудатты плеврит

! Науқас К., 35 жаста. Қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен жеткізілді. Дәрігерге қалтырау,бүкіл денесінің құрсып ауруына, дене температурасының 39,8*С дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге, сол жақ кеудесінің тыныс алғандағы қатты ауру сезіміне мазалайтынын аитты. Тексергенде : науқастың жағдайы ауыр, дене температурасы 39,8*С. Беті гиперемияланған, акроцианоз.ТЖ – 28 рет мин. Екі жақ өкпесінің барлық аймағанда қатаң тыныс 4-ші қабырғадан төмен крепитация. Пульс - 13 рет мин., АҚҚ - 90/60 мм с. б. Қанның газ құрамы РаСО2-35%., РаО2 70%.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

  • +Пневмония ТЖ1дәреже

  • Жедел бронхит ТЖ0

  • Пневмония асқынуы плевритпен ТЖ3дәреже

  • Өкпе бронхоэктазы

  • Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит ТЖ2дәреже

! ӨАТЭ (ТЭЛА) ғана тән ерекшелікті атаңыз?

    • Тахикардия және ентігудің күшеюі.

  • Цианоз, дене температурасының жоғарлауы.

  • АҚ кенеттен жоғарылауы, ауа жетпеу сезімі

  • +Ентігу, цианоз, тахикардияның кенеттен пайда болуы

  • Тахикардия, цианоз, АҚ көтерілуі

! Спонтанды пневмоторакс кезиндегі белгілерді атаңыз?

  • +Кеудесінде кенеттен пайда болған ауру сезімі

  • Қиын бөлінетін қақырық

  • Экспираторлы түрдегі ентігу

  • Инспираторлы түрдегі ентігу

  • Қан түкіру

! Пневмоторокстың диагнозын нақтылайды:

  • Фибробронхоскпия қортындысы

  • Бронхография

  • +Кеуде торы рентгенографиясы

  • Қақырық анализі

  • Спирография

! ӨАТЭ (ТЭЛА) ғана тән ерекшелік.

  • + Ентігу,цианоз, тахикардияның кенеттен пайда болуы

  • Цианоз, дене температурасының жоғарлауы.

  • Ентігудің өршуі және дене температурасының жоғарлауы.

  • Тахикардия және ентігудің күшеюі.

  • Тахикардия және тері жабындысының цианозы.

! Науқас 65 жаста ӨСОА мен дәрігерде есепте тұрады. Шағымы ентігу құрғақ жөтел, жүрек тұсындағы ауру сезімі, аяғында ісінулер, тахикардия. Созылмалы өкпетекті жүректі нақтылайтын ЭКГ белгісін көрсетіңіз?.

  • Сол қарынша гипертрофиясы

  • ST сегментінің депрессиясы

  • Қарыншалар фибрилляциясы

  • +Оң қарыншаның гипертрофиясы

  • Қарыншалар экстрасистолиясы

! Өкпе асцесімен ауырған науқаста жөтелгеннен кейін кенеттен пайда болған кеуде тұсындағы ауру сезімімен ентігуі үдейе түсті. Қарағанда өкпенің оң бөлігінің тыныс алудан қалуы, қабырға араларының кеңеюі байқалды. Қай ауру турысында ойлайсыз?

  • Өкпе ателектазы

  • +Клапанды пневмоторакс

  • Өкпе инфаркті

  • Өкпе инфаркті

  • Эксудатты плеврит

! 44 жастағы ер адамның шағымдары: аздаған жүктемеден кейінгі ентігу, субфебрилитет, 3 ай көлеміндегі буындарындағы ауыру сезімі.Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері 1,5 см-ге дейін ұлғайған, қозғалмалы, ауыру сезімінсіз. Аускультативті-әлсіреген тыныс, сырылдар жоқ. Анамнезінде артериальды гипертензия. Зиянды әдеттері жоқ. Рентгенограммада келесі көрініс анықталды:

Қандай диагноз болуы мүмкін?

  • Өкпе туберкулезі

  • Өкпенің орталық рагы

  • Екі жақты ошақты пневмония

  • +Кеудеішілік лимфа түйіндерінің саркоидозы

  • Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

! 38 жастағы науқаста профилактикалық зерттеуде оны 6 айдай физикалық жүктемеден кейін ентігу, жөтел, терлегіштік мазалайтыны анықталған. Тексерілмеген, дәрігерге терісінде қызыл түсті бөртпелер пайда болғанда қаралған. Дерматолог пен аллергологта емделген, бірақ нәтиже болмаған.Өкпе рентгенографиясы жасалған:

Диагнозды нақтылау үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ақпаратты болып табылады?

  • Кеуде клеткасының компьютерлік томографиясы

  • +Өкпенің трансбронхиальды биопсиясы

  • Бронхоскопия

  • Бронхография

  • Спирография

! 45 жастағы ер адамды 38,5С дейінгі көтерілген қызба, қалтырау, жөтел, терлегіштік және миалгиялар мазалайды. Жағдайы орташа ауырлықта. Өкпесінде әлсіреген тыныс, базальды бөліктерінде – крепитация. Рентгенде: екі жақтық инфильтрация. Қанында: лейкоциттер - 15,5 мың, ЭТЖ - 33 мм/сағ. Форсирленген тыныс шығаруын зерттегенде рестриктивті типтегі тыныс алу жетіспеушілігінің көріністері анықталды. Массивті антибактериальды терапия жүргізілді, бірақ нәтиже болмады.

Науқас емінде барынша тиімдісі қайсысы?

  • Муколитиктер

  • Бронхолитиктер

  • Туберкулостатиктер

  • +Глюкокортикостероидтар

  • Аминохинолин туындылары

! Науқас 35 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, көрудің нашарлауына, тобық буынының және қол мен аяқтың майда буындарының ауыру сезіміне, 10 күндей 38С дейін көтерілген қызбаға шағымданады.Ауруын 3 ай бұрын басынан өткерген суықтаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: бет терісінде пурпуралы тығыз табақшалары(бляшки), мойын, қолтық асты және шап лимфа түйіндері 1,5 см-ге дейін ұлғайған, ауыру сезімінсіз.Кеуде клеткасында – түйінді эритема. Рентгенограммада: бронхопульмональды және медиастинальдық лимфа түйіндерінің ұлғайуы. ЭТЖ, АЛТ, АСТ көрсеткіштері жоғарылаған.

Науқаста не болуы мүмкін:

  • Жүйелі қызыл жегі

  • Жүйелі склеродермия

  • Картагенер синдромы

  • Гудпасчер синдромы

  • +Лефгрен синдромы

! Науқас С. 48 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, әлсіздікке, терлегіштікке, буындарының ауыруына, қызбаға 37,8С шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 ай бұрын басынан өткерген суықтанумен байланыстырады. Объективті: полилимфоаденопатия, балтыр терісінде - түйінді эритема, гепатоспленомегалия. R-граммада: бронхопульмональдық және медиастинальдық лимфа түйіндерінің ұлғайуы. Қанында ЭТЖ, АЛТ, АСТ көрсеткіштерінің жоғарылауы. Болжама диагноз: саркоидоз.

Төмендегі аурулардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізу керек?

  • Бронхоэктатикалық аурумен

  • Өкпенің орталық ісігімен

  • Созылмалы гепатитпен

  • +Өкпе туберкулезімен

  • Сепсиспен

! Әйел 39 жас, ентігуге, аз мөлшердегі жөтелге, жалпы әлсіздікке, артралгияға, миалгияға шағымданады. Өкпе аускультациясында «салофан жарылуы» түрі бойынша крепетация естіледі. Компьютерлік томографияда сызықты көлеңкелер, «жылтыр емес әйнек (матового стекла)», түрі бойынша өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі, кистозды жарықтану (просветления) диаметрі 2-ден 20 мм дейін анықталды.

Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын емдеу жоспарына қосқан жөн?

    • Спирива

    • Ксефокам

    • +Преднизолон

    • Карбоцистеин

    • Ципрофлоксацин

! Әйел Р. 35 жас, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, қызбаға шағымданады.Ауруын суықтауымен байланыстырады. 2 ай бойы пневмония бойынша емдеген, эффектсіз. Тексеру кезінде мойындық және қолтық асты лимфа бездері 1,5 см дейін ұлғайған, ауру сезімсіз. Тынысы қатаң, сырылдар жоқ. Көрсеткіштер: ЭТЖ,АЛТ,АСТ жоғарлаған. КТ: медиастенальді лимфа түйіндері ұлғайған. Өкпенің трансбронхиальді биопсиясында: эпителоиті- жасушалық гранулема некрозсыз. Қандай ем БАРЫНША таңдаған дұрыс?

    • +Преднизолон, хлорохин

    • Доксициклин, либексин

    • Теофедрин, бромгексин

    • Цефтриаксон, амбробене

    • Оперативті ем, амоксиклав

! Өршімелі ентігуі бар әйелде кеуде клеткасының компьютерлік томографиясында өкпе алаңының көлемінің кішіреюі, «жылтыр емес әйнек (матового стекла)», түрі бойынша өкпе алаңының мөлдірлігінің төмендеуі, ара ұяшықтарына ұқсас кистозды өзгерістер анықталды. Қандай патологияға бұл өзгерістер БАРЫНША тән?

    • Бронхоэктатикалық ауру

    • +Фиброздаушы альвеолит

    • Пневмония

    • Милиарлы туберкулез

    • Өкпе саркоидозы

! Әйел 52 жаста, жарты жыл көлемінде өршіген ентігуге, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге, жүрек қағуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады.«Пневмония» диагнозымен антибиотикотерапия алды, бірақ жағдайы жақсармады. Объективті: цианоз, тынысы әлсіреген, екі өкпенің төменгі бөліктерінде сықыр естіледі. Р-графияда: екі өкпенің төменгі алаңдарының өкпе суреті торлы-ұяшықты құрылымды,өкпе түбірлері деформацияланған. Қанда: эр - 3,7%, Hb-115 г/л, лейкоц.– 8,2х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. СРБ +++. Спирография: ЖЕЛ – 55%. Емдеу жоспарына қай препаратты қосқан тиімді?

  • +Циклофосфамид

  • Рифампицин

  • Доксициклин

  • Будесонид

  • Беродуал

! 37 жастағы әйел өршімелі ентігуге, құрғақ жөтелге, жүрек қағуына, артралгияға, миалгияға шағымданады. 1 жыл көлемінде ауырады, антибиотиктермен және қақырық түсіруші препараттармен ем нәтижесіз. Қарап тексергенде: саусақтары барабан таяқшалары тәрізді, өкпе артериясының үстінде II тонның күшеюі, артқы-базальды бөліктерде жұмсақ крепитация естіледі. Спирографияда: өкпенің форсирленген өмірлік көлемінің (ФЖЕЛ) және өкпенің диффузионды қабілетінің (ДСЛ) азаюы. Науқастың емдеу жоспарындағы БАРЫНША тиімді препараттар комбинациясы:

    • Преднизолон + пенициллин

    • +Преднизолон + азатиоприн

    • Преднизолон + амбробене

    • Рифампицин + мукалтин

    • Дигоксин + верошпирон

! Әйел 38 жаста. Шағымдары жоқ. Жыл сайын жүргізілетін диспансеризацияда профилактикалық флюорографияда кеуде қуысында патологиялық өзгерістер анықталған. Обективті басқа ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ. Рентген суретінде орталық аймағында екі жақтық 2-3 қабырға деңгейінде 8,0-9,0 см кеңею көрінеді. Сыртқы контуры анық, полициклды, “кулис” симптомы. Екі жағында түбірлік аймағында дөңгелек формалы, контуры тегіс ұлғайған лимфа түйіндері көрінеді. Үлкен бронхтар аздап тарылған. Үлкен емес плевралды шварттар көрінеді. Бронхоскопияда лимфа түйіндерінің ұлғаюының жанама көріністері көрінеді, бронхтар өзгеріссіз. Қандай диагноз қоясыз?

  • Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

  • Өкпе рагының медиастиналды формасы

  • Саркоидоз+

  • Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

  • Лимфогранулематоз

! Көптеген жүйелер мен ағзалардың соның ішінде өкпенің зақымдануымен жүріп, зақымданған тіндерде гранулема түзілуімен көрініс беретін жүйелік ауру:

  • +Өкпе саркоидозы

  • Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

  • Өкпе рагінің медиастиналды түрі

  • Лимфагранулематоз

  • Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

! Өкпесінде этиологиясы белгісіз диссиминациясы бар науқасқа өкпе биопсиясы жасалған. Биопсияда гранулематозды процесс, Пирогов Ланганс эпителиоидты жасушалары, лимфоциттер анықталған. Гранулеманың ортасында казеоз анықталмаған. Қандай диагноз қоясыз?

  • +Өкпе саркоидозы

  • Лимфогранулематоз

  • Өкпе рагының медиастиналды формасы

  • Лимфогранулематоз

  • Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

! Науқас 41 жаста, өкпесінде этиологиясы белгісіз диссиминация анықталған. Аурудың басқа көріністері болмаған. ЖҚА патологиясыз. Манту екпесі теріс болған. Қақырығында БК анықталмаған. Осыдан бір жыл бұрын өкпе рентгенограммасында кеудеішілік лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталған. Қандай диагноз қоясыз?

  • +Өкпе саркоидозы , активты фаза. Емі ауруханада кортикостероидтар антиоксиданттар

  • Лимфогранулематоз. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

  • Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

  • Өкпе рагының медиастиналды формасы. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

  • Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит, Емі кортикостироидтар

! Науқас 44 жаста, шағымдары балтыр аумағындағы бөрітпеге, әсіресе тізе және балтыр- табан буындарында, буындарындағы ауру сезімге, дене температурасының 38C дейін көтерілуіне шағымданады. Өкпе рентгенограммасында екі жақ өкпе түбірінің ұлғаюы анықталған.

Қандай диагноз қоясыз?

  • +Саркоидоз 2а сатысы, активті фаза. Лефгрена синдромы

  • Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

  • Өкпе рагінің медиастиналды түрі

  • Лимфагранулематоз

  • Идиопатиялық фиброздаушы алвеолит

! Науқас М. , 30 жаста, программист. Жоспарлы флюорография жасау кезінде өкпесінде өзгерістер анықталған. Рентген суретінде екі жақ өкпенің түбірінің 3 см дейін енінен ұлғаюы және бронхопульмональды лимфа түйіндерінің ұлғаюының әсерінен гомогенділігінің күшейуі көрінеді. Қақырығында туберкулез микобактериалары анықталмады. Торакоскопиялық биопсияда эпителиодты және Пирогов-Лангерганс гигант клеткадан құралған грануляциялық тіндердің болуы.

Сіздің диагнозоңыз?

  • +Өкпе саркоидозы

  • Лимфогранулематоз. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

  • Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

  • Өкпе рагының медиастиналды формасы. Емі кортикостироидтар, антиоксиданттар.

  • Өкпе туберкулезі. Емі кортикостироидтар, антибиотиктер.

! Саркоидозды қандай аурулармен дифференциация жасау керек?

  • Экссудативты плевритпен

  • +Инфильтративты туберкулезбен

  • Пневмониямен

  • Бронхиальды демікпемен

  • Муковисцидозбен

! Идиопатиялық фиброздаушы альвеолиттің ерте диагностикасында ақпаратты әдіс болып табылады:

  • Флюорография

  • Бронхоскопия

  • Қақырықты цитологиялық зерттеу.

  • +Кеуде торы ағзаларының КТ

  • Спирография

! Науқас 57 жаста сізге тыныс алу кезінде кеудедегі ауру сезіміне, құрғақ жөтелге, арықтауға, ентігуге, жалпы әлсіздік шағымдарымен келеді. Қарап тексеру кезінде тырнақ фалангларында тырнақ фалангларының «барабан таяқшасы» тәрізді тығыздануы және тырнақтарында « сағат әйнегі» түрінде өзгерістер, тексеруде температура қалыпты. Аускультацияда: өкпеде әлсіз везикулярлы тыныс, екі өкпенің жауырын аралық аймағында крепитация. Кеуде қуысы рентгенографиясында өкпенің екі жағынанда ұялышықтар көрінісі. Қандай ауру туралы ойлауымыз мүмкін?

  • Муковисцидоз жайлы

  • Инфильтративты туберкулез жайлы

  • Бронхиальды демікпе жайлы

  • Екіжақты пневмония жайлы

  • +Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит жайлы.

! Науқас 57 жаста сізге тыныс алу кезінде кеудедегі ауру сезіміне, құрғақ жөтелге, арықтауға, ентігуге, жалпы әлсіздік шағымдарымен келеді. Қарап тексеру кезінде тырнақ фалангларында тырнақ фалангларының «барабан таяқшасы» тәрізді тығыздануы және тырнақтарында « сағат әйнегі» түрінде өзгерістер, тексеруде температура қалыпты. Аускультациядf : өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, және жауырын аралық аймағында екі жағынан крепитация естіледі. КТ ренгенологиялық зерттеуден кейін науқасқа ИФА диагнозы қойылды. Науқасқа препараттарды тағайындайсыз?

  • Антибиотиктер

  • +Глюкокортикостероидтар

  • Бронходилятаторлар

  • Қабынуға қарсы препараттар

  • Антиоксиданттар, антикоагулянттар

! Науқас Б , 62 жаста.бірнеше жылдан бері құрылыс материалдарын шығаратын жерде жұмыс жасайды. Ентігудің күшеюіне , тұрақсыз жөтелге, плевральды қуыста сұықтық жиналған және плевральды қуысты пункциялағанда иненің өтуі қиын. Бронхоальвеолярлы шайынды да «железистые » тельцы. Бірінші кезекте қандай ауру жайлы ойлауға болады?

  • +Асбестоз

  • Антракоз

  • Биссиноз

  • Аспергиллез

  • Гистиоцитоз

! Тау жұмысшысы (Горнопроходчик ) 54 жаста , ұзаққа созылған жөтелге,ентігуге шағымданады.Өкпесінде мозаикалық перкуторлық дыбыс, аускультативті – қатаң тыныс,ТАЖ-24 рет мин. Кеуде клеткасының КТда-интерстициалды өзгеріс фонында анық шектелген көп мөлшерде майда түйіндер. Науқасқа қандай диагноз қоямыз?

    • Антракоз

    • +Силикоз

    • Асбестоз

    • Биссиноз

    • Станиоз

! Қант қамысының шаңымен демалғанда дамитын пневмокониоз:

    • Антракоз

    • Биссиноз

    • +Багассоз

    • Силикоз

    • Баритоз

! Науқас С, 50 жаста жөтелге, ентігуге шағымданды, рентгенологиялық зерттеуде өкпесінде майда кальцинацияланған түйіндер, лимфа түйіндерінің кальцинациясы "жұмыртқа қабығы " тәріздес.МТға қақырық анализінде атипиялық клеткада - теріс.