- •2. Ұлттық спорт түрлеріндегі қозғалыстарының биомеханикалық негіздері «қазақ күрес спорты т.Б. Атаңыз»
- •5. Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-айласына анықтама.
- •7. Жүріс жасау ережелері
- •8. Тұздықты тастауды түсіндір
- •9, Атсырау ережесін түсіндірОйын.
- •10, Жарыс жасау ережесі
- •14. Ат спорт жарыс ережесін түсіндіріңіз.
- •17. Шамаң келсе тартып ал ойынын түсіндір.
- •1.Тай жарысын түсіндіріңіз
- •2. Бәйге өткізү мен тәртібі мен шарттарын түсіндір
- •3. Спортшының әдіс-тәсілді меңгеру дайындығын басқаруды түсіндіріңіз
- •4. Спорттық жетілдіруді жоспарлауды түсіндір
- •5. Қазақ күресінің әдіс-айла тәсілдеріне енгізілген өзгерістерді түсіндір
- •6. Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-айла тәсілдеріне енгізілген өзгерістерді түсіндір
- •7. Жарыс ережелерінің пайда болу ерекшеліктерін түсіндір
- •8. Төрешенің міндетін түсіндір
- •9. Ойын-сауық турмыс-салт ойындарын көрсет
- •10. Ұлттық спорт ойындарының түрлерін түсіндір
- •11. Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
- •12. Ұлттық спорт түрлерінен мерекені ұйымдастыру және өткізү түрлерін түсіндір
- •13. Ұлтық спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтарын түсіндір
- •14. Тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойындарын түсіндір
- •15. Қамшыгерлік көне спорт түрін түсіндір
- •16. Төрешілер қолданылатын белгілерді түсіндір
- •17. Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі дамуын көрсет
- •18. Спорттық федерацияларды түсіндір
- •19. Ұлттық спорт түрлетінің ,қр-ніңдене тәрбиесінен алатын орнын түсіндір қазіргі таңда ұлттық спорт
- •20. Ұлттық спорт түрлерінің жастарды тәрбиелеүдегіалатын орнын түсіндір
- •21. Студенттерге қойылатын талаптарын міндеттерін құқықтарын түсіндір
- •22. Қазақ күресінен әлем барысы қай қалада қай жылы өткенін айтыңыз
- •23. 2014 Жылдың қазақ барысы жайла айтыңыз
- •25. Қазақ күресінің шығу тарихы
- •1. Жас ерекшелігіне қарай оқу жаттығу жұмыстарын өткізү әдістемесі ерекшеліктері жоспарыларын түсіндір
- •2. Жаттығушы дайындығына әсер ететін дәрігерлік-биологиялық және психологиялық факторын түсіндір
- •3. Ұлттық спортты үйретүдегі жаттықтырушы-ұстаз орнын түсіндір
- •4. Спорттық дайындықты анықтау талдау түсіндір
- •5. Спортшының әдіс-тәсілді меңгеру дайындығын басқаруды түсіндір
- •6. Жаттықтырушының дене күш қабылетінің жетілуін қадағалау бағалауды түсіндір
- •7. Спортшының жеке басының ерекшелігін ескеріп оқу жаттығу жұмыстарын жүргізүін түсіндір
- •8. Спорттық жаттығулардаға қатысуды жоспарлау талдауды түсіндір
- •9. Спорттық жарыстарды өткізү ұймдастыруды түсіндір
- •10. Спорт мектептерінің спорт коледжілерініңспорттық сексияларын жұмыс жоспарлау ерекшеліктерін түсіндір
- •11. Бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыруьжәне өткізүді түсіндір
23. 2014 Жылдың қазақ барысы жайла айтыңыз
2014 жылы 29 маусым күні «Сарыарқа» велотрегінде Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің ФИНАЛДЫҚ сыны өтіп, еліміздегі ең үздік балуаны анықталды. Шығыс Барысы - Қазақстан Барысына айналды. Алтын белбеу иегері - Мұхит Тұрсынов. "Қазақстан Барысы" атағының иегерi 150 мың АҚШ долларын және алтын"Тайтұяқ" ұтып алды.
Ақтық сында Қарағанды облысының өкiлi Асыл Бәрменов пен Шығыс Қазақстан намысын қорғаған Мұхит Тұрсынов белдескен болатын. «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде қарағандылық Асыл Бәрменов күміс белбеу иегері атанды. Оған 30 мың АҚШ доллары, ал бапкері Сұлтан Тынысбаевқа 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Қола жүлде "Сыр барысы" Руслан Әбдiразақовқа бұйырды. Қызылордалық Руслан Әбдіразақов пен жамбылдық Дәулетхан Жақыпов өзара бәсекеге түскен еді. Бұл додада 2013 жылғы «Қазақстан Барысынан» басым түскенімен, жартылай финалда Мұхит Тұрсыновқа жол берген Р.Әбдіразақов Жақыповтан басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді. Үшiншi орын үшiн таласта ол "Талас арланы" Дәулетхан Жақыповты (Жамбыл облысы) тiзе бүктiрдi. Дегенмен Дәулетхан Жақыпов көрермен көзайымына айналып, су жаңа автокөлiкке ие болды.
24. Көкпар сайысының тарихын түсіндір
Көкпар тарту-Көкпар көшпенделердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық ойыны. Бұл тек үлкенді-кішілі той-томалақтарда, қуанышты сәттер мен күндерде өткізілетін ойын түрі болғандықтан, кейбір ас беру, марқұм болған адамды еске алып жылдығын өткізу сияқты рәсімдер кезінде ойналмайды. Жалпы аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеуші Ә.Қалиұлы, «қазіргі көкпар тарту әуелде әлеументтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезіндегі «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған» дейді.Көкпар ойынына дайындық. Жалпы елімізде кең тараған аталмыш ойын түрін біртекті етіп жалпыластыру 1949 жылы қолға алынып, алғаш рет жаңа ереже бекітілді. Ол 1958 жылы толығып, көкпарды арнайы алаңқайда өткізу жайлы шешім қабылданды. Қысқасы, көкпар ойынын өткізу үшін жазық алаңқай таңдап алынатын болды. Ол жерде ат сүрінетін оғаш ағаш-тастар немесе жан-жануарлардың қазған іні сияқты кедергілер болмауы тиіс. Алдымен ауыл ақсақалдары жиналып тұрады. Олардың алдына көкпар ретінде тартатын малды (лақты, ешкіні, серкені) алып келеді. Аузы дуалы бір қария «Аллаһуакпар» деп бата айтып, ешкіні бауыздайды да, көкпаршыларға ақ жол тілейді. Ел арасында атақты көкпаршылар ешкі түлігін місе тұтпай тайынша тарқан кездерде ара-тұра болып тұрады.
Көкпардың түрлері. Бізге белгілі көкпардың көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: жаппай тарту, ұтысып тарту, дода көкпар, айналма көкпар, мәре көкпар, тақым тартыс т.б. Сондай-ақ көкпардың аталған түрлеріне қатысты жеке-жеке ережелері болған немесе көкпаршылар ойын үстінде жағдайға қарай келісіп алатын да үрдіс бар. Бірақ бұл біртекті емес үрдіс әр өлке де әрқилы түрлері кездесе береді.
Мысалы, жаппай таруды алатын болсақ: бұл ойын түрінде кәрі-жас, үлкен-кіші дейтін шектеу жоқ. Барлық адам қатысатын болғандықтан жоғарыдағыдай атауға ие. Көкпаршылардың тақым күшін, ептілігін, қол қайратын талап ететін бұл көкпардың ерекшелігі барлық өңірге тән екендігінде
Көкпаршы. Ат құлағында ойнайтын, көкпар таруға өте епті, қарымды жігіттерді айтады. Мысалы, даңқты батыр Бауыржан Момышұлының атасы Аққұл дейтін адам күллі қазақ-қырғызға аты кеткен әйгілі көкпаршы болған екен. Бұл адам жайлы әңгімелер ел аузында әлі күнге айтылады. Тіпті өзі де, аты да, кезекті бір дода тартыста ауыр апатқа ұшырап қаза болған деседі.
