Дәрісте қарастырылатын мәселелер:
1. Қазақ поэзиясы тілінің дамуы
2. Қазақ әдеби тілін дамытудағы Ы. Алтынсариннің рөлі
3. Абай – ұлттық әдеби тілдің негізін қалаушы
4. Жазба әдебиет жанрларының дамуы
5. Көркем әдебиеттің қисса жанры және оның тілі
6. Аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби тіліне тигізген әсері
7. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ лексикографиясы
8. Жазу және емле мәселелері
Дәрістің қысқаша мазмұны. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілі Ыбырай мен Абайдан басталып, ХХ ғасыр басында ұлттық сипат алды. Ол сипат ең алдымен, көркем әдебиеттің идеялық мазмұнының сыршылдық, сыншылдық қасиетке ие болуынан танылса, екіншіден, оның жанрлық жағынан түрленуінен көрінеді. Дәріс материалдарында қазақ поэзиясы тілінің дамуы, қазақ әдеби тілін дамытудағы Ы. Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың рөлі, жазба әдебиет жанрларының дамуы, көркем әдебиеттің қисса жанры және оның тілі, аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби тіліне тигізген әсері, ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ лексикографиясы, жазу және емле мәселелері қамтылған. Қисса қазақ даласына XІХ ғасырдың ІІ жартысында тараған. О баста шығыс әдебиеті сюжетіне құрылған уақиғалы шығармалар «қисса» (арабтың «әңгіме, тарих» мағынасындағы сөзі) аталса, кейін бұл термин баспа бетін көрген, өлеңмен жазылған дүниелердің бәріне қосыла берген. Бұл кезеңде қазақ әдеби тілі ұлттық деңгейдегі жаңа сатыға көтерілді. Ы.Алтынсариннің әңгімелері қазақ прозасының бастамасы болса, әдістемелік құралы мен жобасын жасаған «Қырғыз газетасы» әдеби тілге жаңа бағыт әкелген еді. А.Құнанбаев шығармашылығы өлең құрылысына да, лексикасы мен фразеологиясына да соны өзгерістер әкелді. ХХ ғасыр басында аударма барынша дамыды. Медицина, биология ғылымдары салаларынан қазақ тіліне аударылған кітапшалар көптеп жарық көрді. Мысалы, «Асрат яки холера әңгімесі» (1905), «Арақ у яки арақтың зарары» (1907). Аударушылар аударманы қазақ ұғымына барынша бейімдеп беруге тырысқан. Дегенмен орыс тілінің сөйлем құру тәртібінен орын алған термидер кездеседі.
Бақылау сұрақтары:
Қазақ әдеби тілін дамытудағы Ы. Алтынсариннің рөлі жайында баяндаңыз.
Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абай Құнанбаев шығармаларының маңызы туралы айтыңыз.
3. Көркем әдебиеттің қисса жанры жайында баяндаңыз.
4 ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ лексикографиясы туралы не білесіз?
5. Жазу және емле мәселелері туралы айтыңыз.
6. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қашан қалыптасты? Дәлелдеңіз.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Қазақ әдеби тілінің тарихы (хрестоматия).- Алматы, 2000.
Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993.
Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1996.
ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000.
Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.- Алматы, 2004.
Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. - Алматы,2001.
Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. – Алматы, 2001.
(6-дәріс) ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бергі
(Кеңес дәуіріндегі) қазақ әдеби тілі
Дәрістің мақсаты: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдеби тілінің дамуы және сол кезеңдегі әдеби тілді танытатын үлгілер және олардың тілдік сипаты жайында білім жүйесін қалыптастыру.
