Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак адеби тилдин тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.25 Кб
Скачать

Дәрісте қарастырылатын мәселелер:

1. Жыраулар шығармаларының тілі

2. Бұхар – жыраулар мектебін жинақтаушы

3. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық сипаты

4. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты

5. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ақындар шығармаларының тілі

6. Айтыс және айтыс ақындары.

7. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілі

8. Махамбет өлеңдерінің тілі

9. Дулат ақынның тілі

10. Қазақ әдеби тілі лексикасындағы кірме сөздер

Дәрістің қысқаша мазмұны. Дәріс материалдарында жыраулар шығармаларының тілі, Бұхар жырау толғауларының тілі, XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық сипаты, XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ақындар шығармаларының тілі, айтыс және айтыс ақындары, XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілі, Махамбет өлеңдерінің тілі, Дулат ақынның тілі, қазақ әдеби тілі лексикасындағы кірме сөздер туралы мәселелер қамтылған. XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылғаны белгілі. ХVІІІ ғасыр басында Ш.Уәлиханов айтқандай, «қазақ халқының басына күн туды». Әсіресе, жоңғарлардың қаһарлы жүзі қазақ елінің шымбайына батты. Абылай ханның айтуынша, «ХVІІІ ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды». Бұл кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармашылығы осы аталған тарихи оқиғалармен сабақтасып жатты. Ақтамберді жырау — суырып салма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығармалары табанасты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерімен қалың қауымға әсері күшті болған жалынды жырау деп санайды. Ақтамберді сөздері — ақыл-нақыл ретінде келетін дидактикалық толғаулар. («Балаларыма өсиет»). Жырау толғаулары берер ақылдың шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әділ азаматты ардақтайды. Ақыл нақылдарының ішінде талай адамгершіл нақылдар, өмірдің өзінен ойып алған бейнелі өсиеттер, ұзақ өмір тәжірбиесін қорытқан тұспалдар көп. Академик Ә.Марғұланның ескертуі бойынша, Тәтіқара жырау — ХVІІІ ғасырдың І жартысында жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы- импровизатор. Оның өлеңдері мен жырларынан тек ауыз әдебиетінің ерекшеліктері ғана емес, жазба әдебиетке тән сипаттар да байқалады. Бұхар жырау қазақ жеріне ертеден мәлім. Бізге жеткен арнау, терме, толғаулары негізінен әлеуметтік, қоғамдық мәселені көтереді. Көп жайтты ол өзінің заманы санасы тұрғысынан шешеді. Хандық құрылысты нығайту мақсатын көздейді. Соған қоса жыраудың кейбір толғаулары адамгершілікке, бейбітшілікке, әділеттікке үндейді, ұстамды моральдық пікірлер ұсынады. Абылайдың сыртқы саясатына араласып, ақыл береді. (Абылайға арналған өлеңдері).

Бұхар өмір сүрген дәуірдің ұлы бір оқиғасы — жоңғар қалмақтарының өктемдігі, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін бар ауыртпалықты Бұхар елімен бірге кешкен. Ол, әсіресе, өзі туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшылармен бірге ақылшы, үгітші боп белсенділік көрсеткен. Абылай Бұхармен осы тұста қатты санасқан. («Тыңда мені, ерлерім..», «Ордалы байтақ елім бар…» т.б.). Бұхардың «Керей, қайда барасың?» өлеңі ханға қарсылық еткен рулы елді келіске келтіру жөніндегі билік сөзі, ел бірлігін жақтаған жыраудың жалынды жыры. Ол көп өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады. («Батпақты сайға су түссе…», «Аңсаңнан биік тау болмас…»).

Бұхар тілі образды, тұспалды, суретті. Айтар терең ойларын ол жай баяндай салмайды. Ақындарға тән асыл сөздермен шарықтай, шабыт шақыра, асқақтата жырлайды. Сондай-ақ, жырау өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытарлық мәнді шығармалар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұхар толғауларының тілдік сипаты жайында баяндаңыз.

  2. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің лексикалық сипаты туралы айтыңыз.

  3. XVIII ғасырдағы қазақ әдеби тілінің грамматикалық сипаты жайында баяндаңыз.

  4. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ақындар шығармаларының тілі туралы айтыңыз.

  5. Айтыстың тілі жайында баяндаңыз.

  6. Махамбет өлеңдерінің тілдік ерекшелігі туралы баяндаңыз.

  7. Шоғырлар жайлы не білесіз?

  8. Ресми іс-қағаздар тілі туралы айтыңыз.

Пайдаланатын әдебиеттер:

    1. Қазақ әдеби тілінің тарихы (хрестоматия).- Алматы, 2000.

    2. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993.

    3. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1996.

    4. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000.

  1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.- Алматы, 2004.

  2. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. - Алматы,2001.

  3. Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. – Алматы, 2001.

(5-дәріс) XІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғ. 20 жылдары аралығындағы қазақ әдеби тілі

Дәрістің мақсаты: XІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғ. 20 жылдары аралығындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің қалыптасуы туралы және сол кезеңдегі әдеби тілді танытатын үлгілер және олардың тілдік сипаты жайында білім жүйесін қалыптастыру.