Бақылау сұрақтары:
Ескерткіштердің зерттелуі туралы не айта аласыз?
Дауысты дыбыстар сәйкестігіне мысалдар келтіріңіз.
Дауыссыз дыбыстар сәйкестігіне мысалдар келтіріңіз.
Қазақ тілінде еш өзгеріссіз кездесетін сөздерге мысал келтіріңіз.
Қазақ тілінде кездеспейтін сөздерге мысал келтіріңіз.
Ескерткіш мәтінінен түбір сөзге, туынды түбірге, қос сөзге, біріккен сөзге, тіркескен сөздерге мысалдар келтіріңіз.
Ескерткіш тіліндегі жалғаулар жайында не білесіз?
Орта түркілік жазба мұралар шамамен қай ғасырларда өмірге келген?
Орта түркі кезеңін Н.Баскаков нешеге жіктеген?
Монғол шабуылына дейінгі кезеңге жататын туындыларды атаңыз.
Монғол шабуылынан кейінгі кезеңге жататын туындыларды атаңыз.
Қазақ тілінде кездеспейтін сөздерге мысал келтіріңіз.
Қазіргі айтыс жанрымен сабақтас шығарманы атаңыз?
Махмуд Қашқаридың «Диуани луғат ит-түрк» еңбегінің тіл тарихындағы маңызы туралы баяндаңыз.
Ахмед Иүгнекидің «Һибат ул-хақайик» (Ақиқат сыйы) толғауының тілі туралы айтыңыз.
Қожа Ахмет Иасауидің «Хикмет» атты өлеңдер жинағының тілдік ерекшелігін қандай тарихи жағдайлармен түсіндіре аласыз?
Құтб ақынның «Хосрау - Шырын» шығармасының тілі туралы айтыңыз?
Хорезмидің «Мұхаббатнама» туындысының тілдік ерекшелігі туралы айтыңыз.
Сайф Сараидың «Гүлстан» поэмасының тілі жайында баяндаңыз?
«Кодекс Куманикус» қай тілде жазылған?
«Аттуһфа-уз закийя фил луғат ит-түркийа» ескерткішінің лексикасы жайында баяндаңыз.
Халық ауыз әдебиеті тілінің әдеби тілден айырмасы қандай?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Қазақ әдеби тілінің тарихы (хрестоматия).- Алматы, 2000.
2) Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993.
3) Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1996.
4) Айдаров Ғ. Тоникук ескерткішінің (VIII ғасыр) тілі. –Алматы: Қазақстан, 2000.
5) Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1971.
6) Кеңесбаев І., Керімов Ә. «Мухаббат-наме» ескерткішіндегі қазақ тіліне қатысты кейбір элементтер жайында// Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.- Алматы, 1981. Б.10-26.
7) Құрышжанов Ә. «Codex Cumanicus» лексикасын зерттеу мәселесіне// Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.- Алматы, 1981. Б.179-196.
8) Арынов Т. «Китаб Аттуһфа-уз закийа фил-луғат-ит туркийа» лексикасы туралы бірер сөз// Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.- Алматы, 1981. Б.165-170.
(3-дәріс) XV – XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілі
Дәрістің мақсаты: XV – XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер (халықтық сөйлеу тілі негізіндегі ақын-жыраулар шығармалары, кітаби тіл дәстүрі, Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» шежіресі) және олардың тілдік сипаты жайында білім жүйесін қалыптастыру.
Дәрісте қарастырылатын мәселелер:
1. XV – XVIII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер
2. Халықтық сөйлеу тілі негізіндегі ақын-жыраулар шығармаларының тілі
3. Кітаби тіл дәстүрі және оның қазақ әдеби тілі тарихынан алатын орны
4. Ортақ түркі дәстүріндегі жазба әдеби тіл нұсқалары
5. Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілі
Дәрістің қысқаша мазмұны. Дәрісте XV – XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер, халықтық сөйлеу тілі негізіндегі ақын-жыраулар шығармаларының тілі, кітаби тіл дәстүрі және оның қазақ әдеби тілі тарихынан алатын орны, ортақ түркі дәстүріндегі жазба әдеби тіл нұсқалары, халық ауыз әдебиетінің тілі және оның әдеби тілге қатысы, шешендік сөздер, билер сөздері, мақал-мәтелдер, олардың әдеби тілге қатысы, Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» шежіресінің тілі жайында баяндалады. ХV- ХVІІ ғасырлардағы қазақтың көркем әдебиетін танытатын едәуір үлгілер бар. Бұлар - ХV ғасырдан Асанқайғы мен Қазтуған, ХVІ ғасырдан Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, ХVІІ ғасырдан Жиембет пен Марқасқа т.т. туындылары. Осы дәуірдегі әдебиет нұсқаларының тілін толық сипаттау мүмкін емес. Әсіресе олардың фонетикалық күй-қалпын толық сипаттау мүмкін емес. Өйткені бұл шығармалар бүгінгі ұрпаққа ауызша сақталып, ауызша жеткен. Ұзақ жылдар ағымында тілдік нұсқалар құрылымдық өзгерістерге де душар болған. Қазақтың ХV- ХVІІ ғасырлардағы поэзиясы тілінде «ноғайлық» элементтер көп ұшырасады. ХV- ХVІІ ғасырлар - қазақ ру-тайпаларының өз алдына ұлыс(халық) болып құрыла бастаған кезеңі. Бұған дейін ноғайлылар мен қазақтың ру-тайпалары Алтын Орда құрамында бірге, аралас-құралас өмір сүргені белгілі. Бір текті түркі тілінде (қыпшақ тобында) сөйлейтін ру-тайпалардың бұл араластығы олардың мәдени-әдеби өмірінде де, тілдерінде де үлкен із қалдырды. Сондықтан осы кезеңдегі сөз зергерлерінің туындыларын ноғай, қазақ жинақтарынан қатар кездестіруіміздің өзі заңдылық болып табылады. ХV- ХVІІ ғасырлардағы көркем әдебиет үлгілері тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнешеге жіктеледі: дидактикалық толғаулар, арнау толғаулар және портрет өлеңдер. Поэзиядағы философиялық бағыт – ақыл-насихат сөздердің иелері – Асанқайғы мен Шалкиіз болса, портрет өлеңдердің шебері ретінде Қазтуған, Доспамбет, Шобандарды айта аламыз. Арнау толғаулар Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқаларда бар. Шешендік-дидактикалық толғауларда жыраулар ой түйіндерін жеткізу мақсатында анологияға сүйенеді.
Бақылау сұрақтары:
XV – XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілерді атаңыз.
Арнау толғауға мысал келтіріңіз.
Дидактикалық сарындағы толғауларға мысал келтіріңіз.
Портрет өлеңдерге мысалдар келтіріңіз.
Жыраулар толғауларының лексикалық сипаты жайында баяндаңыз.
Жыраулар толғауларының грамматикалық сипаты жайында баяндаңыз.
Қадырғали Жалайыридың «Жами ат-тауарих» шежіресінің лексикасы мен фразеологиясы хақында айтыңыз.
Кітаби тіл дәстүрінің ерекшелігі неде?
Пайдаланатын әдебиеттер:
1) Қазақ әдеби тілінің тарихы (хрестоматия).- Алматы, 2000.
2) Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993.
3) Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1996.
4) Сыздықова Р. ХV-XVII ғасырлардағы қазақ көркем әдебиеті тілінің лексикасы жайында// Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.- Алматы, 1981.- Б.165-170.
5) Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары.- Алматы, 1981. Б.179-196.
(4-дәріс) XVIII ғасыр мен
XIX ғасырдың I жартысы аралығындағы
қазақ әдеби тілі
Дәрістің мақсаты: XVIII ғасыр мен XІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілін танытатын үлгілер және олардың тілдік сипаты жайында білім жүйесін қалыптастыру.
