Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак адеби тилдин тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.25 Кб
Скачать

Дәрісте қарастырылатын мәселелер:

1. Орхон-енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың ауызша және жазба әдеби тілінің қайнар көздерінің бірі

2. Ескерткіштің фонетикасы

3. Ескерткіштің лексикасы

4. Ескерткіштің морфологиясы

5. Ескерткіштің синтаксисі

6. Монғол шабуылына дейінгі жазба мұралардың тілі

7. Монғол шабуылынан кейінгі жазба мұралардың тілі

8. Халық ауыз әдебиетінің тілі және қазақ әдеби тілі

Дәрістің қысқаша мазмұны. Дәрісте Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілі – қазақтың ауызша және жазба әдеби тілінің қайнар көздерінің бірі ретінде қарастырылып, ескерткіш тілінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктер туралы баяндалады. VI ғасырдың орта кезінде түркі тайпалары Түркі қағанатының құрамында өмір сүрді. Олардың ортақ жазуы болды. Орхон-енисей жазуында дыбыс пен таңба арасында үлкен қайшылықтар болды. Ескерткіштердегі сөздерде ашық буын, тұйық буын, бітеу буын кездеседі. Ескерткіш лексикасында қазақ тілінде ешбір өзгеріссіз кездесетін сөздер, мысалы:,аз, қыз, аң т.б.; дыбысталуы жағынан өзгеше сөздер, мысалы, адырылты – айырылды, анта – онда, бен – мен, игірмі – жиырма т.б.; қазақ тілінде кездеспейтін сөздер, мысалы, төгүн – таңба, үгүз - өзен, ыдық – қасиет т.б. бар. Мәтіннен түбір, туынды түбір, қос сөздерді, біріккен сөздерді, күрделі сөздерді ұшыратуға болады. Ескерткіш тілінде зат есім, сан есім, сын есім, есімдік, етістік, үстеу, көмекші сөздер бар. Синтаксис бойынша хабарлы, лепті, сұраулы сөйлемдерді, сондай-ақ, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, құрмалас сөйлемдерді, төл сөз және төлеу сөзді кездестіруге болады.

Дәрісте сондай-ақ, орта түркі ескерткіштерінің, яғни Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанының, Махмуд Қашқаридың «Диуани луғат ит-түрк» еңбегінің, Ахмед Иүгнекидің «Һибат ул-хақайик» толғауының, Қожа Ахмет Иасауидің «Хикмет» атты өлеңдер жинағының, Құтба ақынның «Хосрау - Шырынының», Хорезмидің «Мухаббатнама», Сайф Сараидың «Гүлстан» поэмасының, «Аттуһфа-уз закийя фил луғат ит-түркийа» ескерткіштерінің тілдік сипаты туралы баяндалады. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» дастанының үш түрлі нұсқасы белгілі. Оның бірі – Вена қолжазбасы ұйғыр жазуымен жазылған да, екеуі – Герат немесе Каир қолжазбасы және Наманған қолжазбасы араб жазуымен жазылған. Шығарманың жазылған уақыты - шамамен 1069 жыл. Шығарманың өзі өлеңмен жазылған да, кіріспесі қара сөзбен жазылған. Ғалымдар арасында шығарманың кіріспе бөлімін көшірушілер қосқан, өйткені кіріспе мен негізгі бөлімнің арасында тілдік, сөз саптау ерекшеліктері жағынан айырмашылықтар байқалады деген пікір бар. Шығарма төрт кейіпкердің арасындағы бақыт, құт туралы сөз сайысына құрылған. Зерттеушілер дастанды түркі халықтарының айтыс жанрымен байланыстырады.

Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат-ат түрк» атты үш томдық еңбегі – көне түркі тілдері жайында жазылған салыстырмалы филологиялық еңбек. Еңбекте жеке сөздердің мағынасымен қатар, түркі тілдерінің грамматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі, түркі тайпаларының бір-бірінен тілдік айырмашылықтары, олардың тарихы, географиясы мен этнографиясы туралы көп мағлұматтар берілген. Онда фольклорлық өлеңдер, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер кездеседі.

Ахмед Иүгінекидің «Һибат ул-хақайиқ» (Ақиқат сыйы) шығармасы 506 жолдан тұратын өлеңмен жазылған дидактикалық туынды. Қараханид түркілері тілінде жазылған. Біздің дәуірге араб және ұйғыр алфавитімен жазылған нұсқалары келіп жеткен. Шығарма бірнеше бөліктен тұрады. Кіріспе Алланы, Мұхаммед пайғамбарды, халифтерді мадақтаудан басталады, одан соң ғылым-білімнің пайдасы мен білмеудің зияны, тілді қалай сақтау керектігі туралы кеңестер, дүниенің тұрақсыздығы, жомарттық пен сараңдық, адамгершілік пен зұлымдық жайлы жырланады.

Қожа Ахмет Ясауидің «Хикмет» (парасаттылық немесе даналық) атты өлеңдер жинағы ХІІ ғасырда өмірге келген түркі жазба ескерткіштерінің бірі. Бізге Ясауи хикметтерінің бірнеше қолжазбасы келіп жетті. Автордың өз қолтаңбасы жоқ. Ең көне деген көшірмесі - 1693/94 жылдары жазылған қолжазба, ол Стамбулдағы Вафик-паша кітапханасында сақтаулы. ХVІІ ғасырда көшірілген деп есептелетін Самарқандтан табылған екінші көшірмесі Санкт-Петербургте сақтаулы. Кейін Қожа Ахмед Ясауи мұрасы Қазанда бірнеше рет жарық көрді. Бірақ көшірмелер мен Қазан басылымдарының арасында едәуір айырмашылықтар бар.

Китаб «Атууһфа-уз закийя фил-луғат-ит туркия» лексикасы. Бұл еңбектің қазақша аты – «Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық». Қолжазбасы бір-ақ дана. Көлемі – 91 парақ немесе 182 бет. Әдеби (мәңгілік) аталатын қалың қағазға жазылған. Үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі - шағын кіріспе, екінші бөлімі – сөздік, үшінші бөлімі – грамматикалық талдау. Авторы – белгісіз. Кіріспеде еңбектің қыпшақ тілінде жазылғаны айтылған.