Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак адеби тилдин тарихы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
117.25 Кб
Скачать

2. Дәрістер кешені

Қазақ әдеби тілінің тарихы

Глоссарий (анықтамалар мен сөздік)

Әдеби тіл – жазу арқылы белгілі жүйеге түскен, тұрақты, орныққан нормалары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін халықтың барлығына, не көпшілігіне ортақ түсінікті әр алуан қоғамдық қызмет атқаратын жалпыхалықтық тілдің өңделген, сұрыпталған түрі.

Әдебиет тілі – көркем әдебиет шығармаларының тілі.

Стиль – қоғамдық өмірдің белгілі бір саласында қолданылатын өзіндік ерекшеліктері мен тілдік элементтер жүйесі бар әдеби тілдің сараланған бір бөлігі.

Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі - әдеби тілдің адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы қызметін атқаруы.

Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетикалық қызметі - әдеби тіл арқылы берілген оқиғаға адамдардың көзқарасының, сезімінің т.б. қоса көрінуі.

Әдеби тілдің нормалары – тілдік құрылымның әрбір деңгейіне сай қолданылған тілдік заңдылықтардың жиынтығы. Мысалы:орфографиялық норма, фонетикалық норма, орфоэпиялық норма т.т.

Диалект – белгілі бір аймаққа тән тілдік ерекшеліктер жиынтығы.

Көне түркілік жазба мұралар – V-VIII ғасырлардағы жазба ескерткіштер. Оларға Орхон, Енисей, Талас жазбалары жатады.

Орта түркілік жазба мұралар – Х-Х V ғасырлардағы жазба материалдар.Оларға Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит түрк», Хорезмидің «Мұхаббат-наме» т.б. шығармалары енді.

Жаңа түркілік кезең - Х V- Х ІХ ғасырдың ІІ жартысына дейінгі кезең. Бұл кезең халықтық кезеңдегі әдеби мұраларды қамтиды.

Ұлттық кезеңдегі әдеби тіл - Х ІХ ғасырдың ІІ жартысынан күні бүгінге дейінгі қолданыстағы әдеби тіл.

Дәрістердің қысқаша сипаты

(1-дәріс) Әдеби тілдің сипаты

Дәрістің мақсаты: Әдеби тіл туралы, қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму кезеңдері жайында білім жүйесін қалыптастыру.

Дәрісте қарастырылатын мәселелер:

1. Әдеби тілдің анықтамасы

2. Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатысы

3. Әдеби тілдің қызметі

4. Әдеби тілдің өмір сүру формалары

5. Әдеби тілдің нормалары

6. Әдеби тілдегі стильдер мен әдебиет жанрлары

7. Әдеби тілдің қалыптасу жолдары

8. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастар

Дәрістің қысқаша мазмұны. Дәрісте әдеби тілдің анықтамасы ұғымына түсінік беріліп, әдеби тілдің қалыптасу жолдары, әдеби тіл нормалары, әдеби тілдің өмір сүру формалары, жалпыхалықтық тілмен байланысы, әдеби тілдегі стильдер мен әдебиет жанрлары, әдеби тілдің қызметі, қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастар мен даму, қалыптасу кезеңдері туралы баяндалады. Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі – адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тілге тән қасиет-коммуникативтік қызмет-әдеби тілге тән. Әдеби тіл арқылы айтушының ойын, пікірін ұғамыз, сұрағанға жауап береміз. Әдеби тіл арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Адамдар арасындағы қатынас құралының біден-бір көрінісі әдеби тіл ғана емес. Жалпы тіл атаулы ол қызметті атқарады. Тіпті тілден басқа да құбылыстар адамдар арасындағы қатынас қызметін, коммуникативтік қызмет атқара алады. Әдеби тіл коммуникативтік қызмет атқарумен ғана шектеліп қоймайды. Әдеби тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, оқушының сезіміне әсер етуге болады; ол әдеби тілдің екінші, экспрессивтік-эстетикалық қызметі болып саналады. Әдеби тілді эстетикалық қызметі оның коммуникативтік қызметіне негізделеді де, олар тұтасып келіп бірлікте көрінеді. Әдеби тіл – белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Әдеби тілдің сұрапталып, сымбатталған тұрақты нормалары болмаса, ол /әдеби тіл/ жалпыға ортақ жалпыхалықтық тілдің жетілген, ең жоғары сапалы түрі болу қасиетіне жетпес те еді. Әдеби тілді сөз еткенде, қалыптасқан өзіндік нормалары бар тілдік элементтердің жүйесі бірден ескеріліп, әдеби тілдің анықтамасы бір жағынан, осы ұғымдармен байланысты болып, екінші жағынан, солармен айқындалып, басқа тілдік құбылыстардан ажыратылады. Өйткені тілдің әдебилігі, сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның /сол тілдің/ орныққан жүйелі нормалары негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар – бір күннің, тіпті бір жылдың ғана жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Ал енді қазақ әдеби тілінің сондай нормалары қайсы деген сауал қойсақ, оған бір сөзбен жауап бере қою оңай емес. Әдеби тілдің өзіндік нормалары тілдік құрамның әрбір деңгейімен /уровень/ немесе қабатымен /ярус/ тығыз байланыста болып, солардың шеңберінде көрініп отырады. Әдеби тілдің қоғамдық қызметінің жан-жақты кеңейуімен байланысты оның жанрлық - стильдік тармақтары қалыптасып, дамиды. Әдеби тіл белгілі бір халықтың, қоғамдағы адамдардың бәріне түсінікті, ортақ қатынас құралы болғандықтан, оның /әдеби тілдің/ туып, қалыптасуы, дамуы сол халықтың дүниеге келіп, құрылуы мен тарихына тығыз байланысты. Сондықтан да дүние жүзіндегі әр түрлі әдеби тілдер бірдей, бір кезеңде, бір жолмен, біркелкі қалыптасқан жоқ. Әр тілдің қалыптасуында өзіндік еркешеліктері, айырмашылықтары болады.

Бақылау сұрақтары:

1. Әдеби тілдің анықтамасын айтыңыз.

2. Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілден қандай айырмасы бар?

3. Әдеби тілдің негізгі қызметі жайында айтыңыз.

4. Әдеби тілдің ауызша және жазбаша өмір сүру формалары жайында баяндаңыз.

5. Әдеби тілдің орфографиялық нормасы жайында айтыңыз.

6. Әдеби тілдің фонетикалық нормасы жайында айтыңыз.

7. Қазақ әдеби тілі қандай жолмен қалыптасқан?

8. Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы туралы көзқарастарды нешеге топтастыруға болады?

9. Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы жайындағы Р.Сыздықтың пікірі қандай?

Пайдаланатын әдебиеттер:

    1. Қазақ әдеби тілінің тарихы (хрестоматия).- Алматы, 2000.

    2. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1993.

    3. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 1996.

    4. ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000.

  1. Сыздық Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.- Алматы, 2004.

  2. Қалиев Ғ., Боранбаева Г. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Практикалық курс. - Алматы,2001.

  3. Мұхамбет-Кәрім Х. Диалектология мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері. – Алматы, 2001.

(2-дәріс) Қазақ әдеби тілінің тарихи негіздері мен даму кезеңдері

Дәрістің мақсаты: Көне түркі, орта ғасырлық түркі жазба мұраларының, қазақ халық ауыз әдебиеті нұсқалары тілінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы рөлі жайында мәлімет беру.