Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты атт. 2 вар. 2014 - каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.54 Кб
Скачать

Нефрология, қа.

Науқас 24 жаста, бас ауыруы, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің нашарлауы мазалайды. Ауырғанына 10 жыл болған. Объективті: бозғылт, терісінде қасыған іздер, белден ұрғылау симптомы екі жақта да оң. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЖСЖ - 100/мин. Қанда: Нв–96 г/л, эрит–2,8 млн., лейк-8,2 мың, ЭТЖ-35 мм/сағ, мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Зәр анализінде: сал. тығ.-1005, белок-4,5 г/л, лейкоциттер – 8-12 к/а, эрит – 20-25 к/а. Науқаста неғұрлым мүмкін дамыған асқыну://

Бүйректің жіті жетіспеущілігі//

+ Бүйрекің созылмалы жетіспеушілігі//

ТДҚҰ-синдром//

Бауыр жетіспеушілігі//

Гипертониялық криз

***

Науқас 43 жаста, әлсіздікке, ентігуге, бетінің, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Астыңғы жақ сүйектің остеомиелитімен көп жылдан бері ауырады. Объективті: терісі бозғылт, макроглоссия, гепатоспленомегалия. Қанда: диспротеинемия гипоальбуминемиямен. Осы патологиядағы зәр синдромына неғұрлым тән:/

Цилиндрурия никтуриямен/

Бактериурия лейкоцитуриямен//

Протеинурия лейкоцитуриямен//

Микрогематурия цилиндруриямен//

+ Протеинурияның "бос тұнбамен" үйлесуі

***

Науқас 32 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, ауырсынулы жиі зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтырауға шағымданады. Суық тигіннен кейін ауырған. Объективті: АҚҚ-160/80 мм с.б.б. Пульс-минутына 90 рет. Оң жақ бел аймағында ұрғылау симптомы оң мәнді. Қанда: лейк-10,2 мың, ЭТЖ-32 мм/сағ. Зәр анализінде: бұлыңғыр, сал. тығ.-1018, белок-0,036 г/л, лейкоциттер – бүкіл көру аймағында. Неғұрлым тиімді тағайындау://

Аминохинолин қосындылары//

+ Антибиотиктер//

Преднизолон//

Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар//

Сульфанидамидтер

***

Гломерулонефритпен ауыратын науқасқа қрамында төмен молекулалы гепарині бар терапия жүргізілуде (фраксипарин). Емнің екінші күні гематурия пайда болды. Неғұрлым тиімді тағайындау: //

Фраксипаринің орнына гепарин-сульфат//

+ Фраксипаринмен емді жалғастыру //

Фраксипариннің орнына индометацин//

Фраксипариннің орнына гемостатикалық терапия//

Фраксипариннің орнына дезагреганттар

***

Клиникалық зертханалық диагностика, қаз.

Теміртапшылықты анемияға неғұрлым тән ЕМЕС зерт ханалық белгі://

Анизоцитоз//

+ Мегалобластоз//

Гипохромия//

Пойкилоцитоз//

Микроцитоз

***

Пневмониямен ауыратын науқаста антибактериялық емнің 2 апталық курсынан кейін клиникалық зертханалық көрсеткіштері жақсармаған. Пневмонияның спецификалық сипатын дәлелдеуде неғұрлым деректі әдіс//

+ Жағындының микроскопиясы//

Қақырықты егу әдісі//

Флюорография//

Компьютерлі томография//

ПЦР – диагностика

***

Науқас К., 44 жаста, созылмалы пиелонефрит, СБЖ II дәрежесі диагнозымен емделуде. Осы науқаста гемодиализ жүргізу неғұрлым тиімді://

Калий 5 ммоль/л көп болғанда//

Натрий 150 ммоль/л көп болғанда//

Мочевина 10 ммоль/л көп болғанда//

Қалдық азот 30 ммоль/л көп болғанда//

+ Креатинин 1,2 ммоль/л көп болғанда

***

Науқас 35 жаста, кеуде клеткасының оң жағында күйдіру сезімімен кезектесетін кезеңді ауырсынуға; ауыздан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Соңғы айларда кейде дисфагия мазалайды. Пневмониямен жиі ауырады. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://

+ Өңешті рентгендңк зерттеу//

ЭКГ//

Қанның жалпы анализі//

ЭФГДС//

Кеуде клеткасы органдырының рентгеноскопиясы

***

Науқас 16 жаста, дене қызуының 40°С дейін көтерілуіне, ентігуге, жөтелге, саусақтардың ұсақ буындарындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: бір ай бұрын түсік тастаған. Объективті: төмен нәрлі, лимфаденопатия, бет ұшында және мұрын үстінде эритема, балтыр терісінде - «торлы ливедо»; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер - 2,4 млн., Нв-70 г/л, лейкоциттер - 2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәр анализінде: белок - 5,2 г/т, эритроциттер - 20-30 к/а. Қос тізбекті ДНК-ға антиденелдер – оң. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

Қанды бактериологиялық зерттеу//

Ревматоидты факторды анықтау//

Стрептококктарға қарсы антиденелер титрін анықтау//

Иммуноферментный анализ на урогенитальную инфекцию//

+ Кардиолипинге антиденелер анықтау

***

Ер адам 45 жаста, оң жақ табанында қатты ауырсынуға шағымданады. Қонақта болып, көп мөлшерде ет жеп, ішімдік ішкен. Ауырсыну таңғы сағат 6 кезінде кенеттен басталған, негізінен оң аяқтың I-II плюснефалангалық буындары ауырған. Объективті: осы буындар үстіндегі терісі қошқыл түсті, ұстағанда ыстық, қасындағы жұмсақ тіндерге жайылған, пальпацияда қатты ауырсынады, қозғалу және жүру мүлдем мүмкін емес, дене қызуы – 37,4оС. Жалпы тәжірибелік дәрігердің жүргізетін неғұрлым тиімді тактикасы://

Ревматоидты факторда анықтау//

+ Зәр қышқылын анықтау//

СРБ анықтау//

Сілтілі фосфатазаны анықтау//

LE-жасушаларын анықтау

***

Дене қызуының жоғарылауы бір айдан көп уақыт бойы мазалап жүрген науқасты зерттегенде: қанның үлкен тамшысының микроскопиясы – теріс; Райта реакциясы – теріс; нәжісті бактериологиялық зерттеу – теріс, токсоплазмалық антигендермен РСК 1:160. Неғұрлым тиімді тактика://

Бюрне сынамасы//

гриппозды антигендермен РСК//

Бас сүйектің рентгенографиясы//

+ ВИЧ-ке ИФА//

вирусты гепатиттер маркерлеріне ИФА

***

Науқас М., 35 жаста, күйзелістен кейін пайда болған тершеңдікке, ашушаңдыққа, арықтауға шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолды алдыға созғанда саусақтардың треморы байқалады. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Негізгі зат алмасуы 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

Қандағы электролиттер деңгейі//

Қандағы кортизол деңгейі//

Липидтік спектр//

+ Т3, Т4, тиреотропты гормон//

Гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

***

Науқас әйел 40 жаста, Бір жыл бойы АҚҚ 220/120 мм с.б.б дейін тұрақты жоғарылауы, басының ауыруы, аяқтарының кезеңді әлсізденуі, тырысулар, полиурия, жүрек аймағында ауырсыну ұстамалары мазалайды. АПФ ингибиторлары және гипотиазид нәтижесіз. Компьютерлі томография – оң жақ бүйрек үсті безі үлкейген. Неғұрлым деректі зерттеу әдісі://

Қандағы кортизол деңгейі//

Қандағы тестостерон деңгейі//

+ Қандағы электролиттер деңгейі//

Липидтік спектр//

Қандағы паратгормон деңгейі

***

Науқас 19 жаста, қызыл иектің қанағаыштығына, тамағындағы ауырсынуға, әлсіздікке шағымданады. Объективті: дене қызуы 39˚. Терісі бозғылт, көптеген петехиялар және экхимоздар. Бадамша бездерінде - некроздық жабында. Жақ асты лимфотүйіндері үлкейген. Бауыры және көк бауыры қабырға доғасына 2 см шығып тұр. Қанда: эр-2,5 млн., Нв-75 г/л, ТК-0,9 лейк-29 мың, бласттар-98%, сегм-2%, тромб-28 мың, ЭТЖ-66 мм/сағ. Цитохимия: миелопероксидазаға реакция оң. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі көрсеткіш://

Анемия//

+ Бластемия//

Лейкоцитоз//

Тромбоцитопения//

ЭТЖ жылдамдауы

***

Науқас 45 жаста оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, диспепсиялық бұзылыстарға, әлсіздікке және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, кезеңді сарғаюға шағымданады. Соңғы кезде аяқ-қолдарының треморы, сөйлеуінің бұзылуы, бұлшық еттердің гипертонусы пайда болған. Объективті: терісі сарғыш; бауыры үлкейген және тығызданған; офтальмоскопияда радужка айналасында жасыл түсті сақина. Зертханалық зерттеуде алмасудың неғұрлым мүмкін бұзылуы://

Темір//

+ Мыс//

Цинк//

Фосфор//

Өт қышқылдары

***

Науқас 32 жаста, іштің оң жақ бөлігінде сыздап ауырсынуға, тәулігіне 5-6 ретке дейін сұйық нәжіске, соңғы жарты жылда 4 кг салмақ тастауына, ірі буындардағы ауырсынуға дене қызуының 37,2оС дейін көтерілуіне шағымданады. Жіті аппендицитке күдіктенуімен бірнеше рет хирургия бөлімшесіне жатқызылған, бірақ диагноз дәлелденбемен. Тексергенде: іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауырсынады, Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Колоноскопия: илеоцекальды аймақта афтылар. Тоқ ішектің шырышты қабатының биопсиясында неғұрлым анықталуы мүмкін://

Нейтрофильді инфильтрация//

Лимфоплазмоцитті гранулемалыр ірімшікті некрозбен//

+ Лимфоплазмоцитті гранулемалар ірімшікті некрозсыз//

Эозинофильді инфильтрация//

Плазматикалық инфильтрация

***