Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
32 жастағы науқас әйел рецидивті түйінді эритемаға, еріндерінің және беттерінің шырышты қабаттарындағы афтозды жараларға шағымданады. Тексергенде: қынаптың шырышты қабатында увеиттің белгілері және жаралар анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Туберкулез//
Рейтер синдромы//
+ Бехчет синдромы//
Шарп синдромы//
Шегрен синдромы
***
52 жастағы науқас әйел қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсынуға және қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындарда өлшемдері 0,5 см дейін, пальпацияда аздап ауырсынатын тығыз түйіндер. Буындары аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол басы буындарының рентгенографиясында: буын қуыстары тарылған, остеопороз. Неғұрлым тиімді тактика://
СеҚҚП + метотрексат//
СеҚҚП + антибиотики//
+ СеҚҚП + хондропротекторы//
СеҚҚП + аллопуринол//
СеҚҚП + преднизолон
***
Науқас 16 жаста, білезік, тізе, тобық буындарындағы ауырсынуға, дене қызуының 39 С дейін көтерілуіне, жүрек қағуына шағымданады. Екі апта бұрын ангинамен ауырған. Қарағанда: сақина тәрізді эритема анықталады. Буындары дефигурацияланған, ұстағанда ыстық, қозғалғанда қатты ауырсынады. Жүрек шекаралары үлкейген, тондары тұйық. ЖСЖ-52/мин. Қанда: эритроциттер - 4,2 млн., Нв-140 г/л, лейкоциттер - 15 мың, ЭТЖ-40 мм/сағ. Неғұрлым тиімді емдеу://
+ Амоксициллин + диклофенак + преднизолон//
Амоксициллин + диклофенак + дигоксин//
Диклофенак + преднизолон + конкор//
Диклофенак + преднизолон + эналаприл//
Амоксициллин + диклофенак + гипотиазид
***
Гастроэнтерология, қаз.
Асқазан диспепсиясының жара тәрізді вариантына неғұрлым тән симптом: //
Қыжылдау//
Жүрек айну//
Тез тою сезімі//
+ Аш қарынға және түнгі ауырсыну//
Тамақ ішкеннен кейін эпигастрий аймағында керу сезімі
***
Науқас 54 жаста, тамақтан кейін 40-60 минут өткенде эпигастрий аймағында басып ауырсынуға және ауырлық сезіміне, қышқылмен, ауамен кекіруге, әлсіздікк, ашушаңдыққа шағымданады. Объективті: эпигастрийде ауырсыну анықталады. Қан анализінде: Нв – 90 г/л, эритроциттер – 3,8 х 1012/л, жалпы белок – 56 г/л. Рентгенологиялық: асқазанның үлкен иінінде және синусы аймағында привратникке шығып тұрған алып қыртыстар. Диагнозды нақтылауда неғұрлым деректі әдіс://
Асқазанішілік манометрия//
Ирригоскопия//
+ ЭФГДС нысаналы биопсиямен//
Ректороманоскопия//
Колоноскопия биопсиямен
***
Науқас 39 жаста, дефекациядан кейін басылатын іштің төменгі бөліктеріндегі толғақ тәрізді ауырсынуға; тәулігіне 3-4 ретке дейін үлкен дәреттің жиілеуіне, әлсіздікке, ашушаңдыққа шағымданады. Тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде, әсіресе сол жағына таман, аздап ауырсынады. Анализінде өзгерістер жоқ. Колоноскопияда тоқ ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Тоқ ішектің дивертикулезі//
Гиршпрунг ауруы//
+ Тітіркенген ішек синдромы//
Псевдомембранозды колит//
Созылмалы дизентерия
***
Науқас 47 жаста, ішімдікті, цитрустыларды және кофені қабылдаумен байланысты қыжыл және төс артында ауырсыну мазалағанына бір жыл болған. Ауырсыну еңкейіп жұмыс істегенде күшейеді. Кейде құсу болады. Спазмолитиктер және аналгетиктер нәтижесіз. Неғұрлым тиімді тағайындау://
Маалокс + фамотидин //
Гастроцепин + сукральфат//
Фамотидин + висмут субцитрат//
+ Домперидон + рабепразол//
Омепразол + метронидазоа
***
32 жастағы науқасты тамақтан кейін бір жарым сағат өткенде пайда болатын эпигастрий ай мағындағы ауырсыну; қышқылмен кекіру, қыжыл мазалайды. ЭФГДС: асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты айқын гиперемияланған, санаулы эрозиялар. Неғұрлым тиімді тактика://
Домперидон + алмагель + де-нол//
Маалокс + фамотидин + домперидон//
+ Амоксицилин + кларитромицин + рабепразол//
Омепразол + гастроцепин + тетрациклин//
Амоксиклав + метронидазол + висмута субцитрат
***
Науқас 56 жаста, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, өт аралас құсуға, таңертеңгілікте пайда болатын ауыздағы ашы дәмге шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрийде және оң қабырға доғасы астында ауырсынады. Оң жақ төс-бұғана-емізікше бұлшықеттері аяқшаларының арасын басқанда ауырсыну анықталады. ЭФГДС: эрозиялық гастрит. Неғұрлым тиімді тактика://
Алмагель + урсофальк + дюфалак//
+ Домперидон + одестон + сукральфат//
Мизопростол + алмагель + омепразол//
Висмута субцитрат +маалокс + фамотидин//
Амоксицилин +кларитромицин + рабепразол
***
