II вариант
Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
***
Өкпе тінінің іріңді-деструкциялық ыдырауы, қабырғасы жұқа ішінде сұйықтығы жоқ қуыстардың пайда болуы тән пневмонияның қоздырғышы://
Микоплазма//
Клебсиелла//
Аденовирус//
Пневмококк//
+ Стафилококк
***
М. атты науқас, 38 жаста, ентігуге, құрғақ жөтелге, тершеңдікке, әлсіздікке, дене қызуының 38°С дейін көтерілуіне шағымданады. 3 ай бұрын ЖРВИ болған. Қарағанда: мойын, қолтық асты, шап аймағы лимфа түйіндері 1,5 см дейін үлкейген, ауырсынбайды. Кеуде клеткасы терісінде – түйінді эритема. Рентгенде бронхопульмональды және медиастинальды лимфотүйіндердің үлкейгендігі анықталады. Қанда: ЭТЖ-35 мм/сағ, АЛТ– 128 ед/л, АСТ–78 ед/л. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ Саркоидоз//
Өкпе амилоидозы//
Ауруханадан тыс пневмония//
Фиброздаушы альвеолит//
Өкпенің қатерлі ісігі
***
Науқас 55 жаста, кезеңді тұншығу ұстамаларына, айқын әлсіздікке, қиын бөлінетін шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» симптомдары, кеуде клеткасы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорапты өкпелік дыбыс, аускультацияда – әлсіз везикулярлы тыныс. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Пневмония//
Пневмоторакс//
Жіті бронхит//
+ Өкпе эмфиземасы//
Созылмалы бронхит
***
Ауыр дәрежелі бөлікті пневмония анықталған 72 жастағы науқастың жоғары температурасы тез түскенде кенеттен айқын әлсіздік, бас айналуы, құлағының шуылдауы, жүрек айнуы, құсқысы келу сезімі пайда болды. Объективті: бозғылттық, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондары тұйық, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының күрт нашарлауының неғұрлым мүмкін аебебі://
Сепсис//
Кардиогенді шок//
Өкпе артерияларының тромбоэмболиясы//
+ Инфекциялық-токсикалық шок//
Жіті респираторлық дистресс-синдром
***
Науқас 72 жаста, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен көп жылдан бері ауырады, дене қызуының көтерілуіне, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, ентігуге, әлсіздікке, тершеңдікке, шағымданады. Бұл шағымдары суық тигеннен кейін пайда болған. Рентгенде оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Неғұрлым тиімді тактика://
Тетрациклин + метрогил + лазолван//
Амоксиклав + гентамицин + бромгексин//
Кларитромицин + преднизолон + бромгексин//
+ Кларитромицин + амброксол + ипратропиума бромид//
Цефуроксим + амброксол + ипратропиума бромид
***
Науқас 46 жаста, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде сыздап ауырсыну, жағымсыз иісті іріңді көлемді қақырықпен жөтел мазалайды. ТЖ – минутына 26 рет, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде амфоралық тыныс. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің рентгенограммасында қуыс анықталады. Неғұрлым тиімді тактика://
Ампициллин + гентамицин//
Плазмаферез курсы + цефтриаксон//
+ Ошақты санациялау + қуысқа моксофлоксацин енгізу//
Өкпе бөлігінің резекциясы + цефтриаксон//
Левофлоксацин + инфузиялық терапия
***
43 жастағы науқаста 4 ай бұрын субфебрильді лихорадка, аз өнімді жөтел, баяу үдейтін ентігу, әлсіздік пайда болған. Обьективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Өкпеде әлсіз тыныс, базальды бөліктерде – крепитация. Рентгенде: өкпе суретінің күшеюі. Қанда: лейкоциттер-10,5 мың, ЭТЖ-23 мм/сағ. Пенициллинмен емдеу барысында науқастың ентігуі күшейіп, жағдайы нашарлаған. Сыртқы тыныс қызметін зерттеу: рестрикциялық типті тыныс жетіспеушілігінің белгілері. Неғұрлым мүмкін этиологиялық фактор://
Вирус//
+ Саңырауқұлақ///
Токсин//
Паразит//
Бактерия
***
