Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты атт. 1 вар. 2014 - каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.06 Кб
Скачать

Сәулелі диагностика және сәулелі терапия

В. атты 32жастағы науқас, гемофилия А, екі жақ тізе буыны жүрген кезде ауырады, 30 минутқа созылатын таңертеңгілік құрысу, буындардағы қозғалыстың айқын шектелуі. Қарағанда буындары үлшкейген, деформацияланған. Тізе буындары патологиясын визуализациялауда неғұрлым бірінші жүргізілетін әдіс://

+ УДЗ//

МРТ//

Артрография//

КТ-артрография//

МР-артрография

***

Науқас 46 жаста, жұтынудың қиындауына, құсуға, төс артындағы кезеңді ауырсынуға шағымданады, өңешті рентгендік зерттеу жүргізілген. Өңеште барий қоспасының іркілуі, өңештің айқын кеңуі, кардия бөлігінде тарылуы, перистальтикасының болмауы анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Диффузды эзофагоспазм//

+ Кардия ахалазиясы//

Өңештің қатерлі ісігі//

ГЭРБ II дәрежесі//

ГЭРБ III дәрежесі

***

Науқас 52 жаста бел аймағында, қабырғаларында және төсінде ауырсынуға; әлсіздікке, тәбетінің болмауына, арықтауға шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, ЭТЖ 78 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсіндінің гиперплазиясы, плазмалық жасушалар - 17%. Омыртқалар рентгенографиясында неғұрлым мүмкін ЕМЕС өзгеріс://

Омыртқалар денелерінің жалпақтануы//

Омыртқалардың компрессиялық сынуы//

Сүйектің «тескіш» тиіпті дефектілері//

Остеопороз//

+ Остеофитоз

***

Науқас 50 жаста, әлсіздкке, аздаған физикалық жүктемеде пайда болатын ентігуге және жүрек қағуына, бір ай ішінде 5 кг салмақ тастауына шағымданады. Гемограммада: Нв – 85 г/л, эритроциттер 4,5х10х12/л, ЭТЖ 32 мм/сағ. Нәжісті жасырын қанға зерттеу реакциясы – оң. Неғұрлым деректі ЕМЕС зерттеу://

Ректороманоскопия/

Ирригоскопия//

Колоноскопия//

ЭФГДС//

+ ЭРПХГ

***

Науқас 32 жаста, кешкі уақытта мазалайтын қалтырауға, әлсіздікке, тәбеттің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: белден ұрғылау симптомы оң жақта «+». Қанда: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализінде: сал. тығ. 1008, лейк. – 8,12 к/а, бактериялар ++. Бүйректі удбтрадыбыстық зерттегенде неғұрлым болуы мүмкін өзгеріс://

Екі бүйректің әртүрлі кішіреюі//

Тостағаншалар деформациясы//

Түбекшелер деформациясы//

Бүйрек контурының тегіс болмауы//

+Тамыр суретінің деформациясы

***

Науқас 42 жаста, бір жыл бұрын ентігу, оң қабырға доғасы астында ауырлық сезімі мазалай бастаған. Уақыт өте келе түнгі уақытта пайда болатын тұншығу ұстамалары, балтырдың ісінуі қосылған. Соңғы айларда қан түкіру кезеңдері болған. Объективті: өкпенің төменгі бөліктерінде – ұсақ көпіршікті дауыссыз сырылдар. Жүрек шекаралары солға қарай үлкейген, жүрек тондары тұйық. ЖСЖ – 90/мин. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыпылық аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол жақ жүрекше – 4,4; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі - 8,2. Оң қарынша – 3,2. Айдау фракциясы-21%. Диффузды гипокинезия. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Ревматизмдік емес миокардит//

Алкогольдік кардиомиопатия//

Ишемиялық кардиомиопатия//

Рестрикциялық кардиомиопатия//

+ Дилатациялық кардиомиопатия

***