Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты атт. 1 вар. 2014 - каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.06 Кб
Скачать

Ішкі аурулар, Гематология, қаз.

32 жастағы науқас тісін жұлғаннан кейін пайда болған көлемді қан кетуге шағымданады. Анамнезінде мұрыннан қан кетулер. Объективті: теріде петехиялар және экхимоздар. Қанда: эр-2,9 млн, Нв-77 г/л, ТК-0,8, лейк-4,2 мың, тромб-28 мың. ЭТЖ-17 мм/сағ. Қан кету ұзақтығы-24 мин, қан ұю уақыты-4 мин. Миелограмма: мегакариоциттерден тромбопластинкалардың бөлінуінің бұзылуы. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Гемофилия//

Жіті лейкоз//

Апластикалық анемия//

Рандю-Ослер ауруы//

+ Иммунды тромбоцитопения

***

53 жастағы науқас жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарындағы шаншуға, тері қышуына, үдемелі әлсіздікке шағымданады. Объективті: плеториялық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚҚ-180/110 мм с.б.б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпайды, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, т-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика://

+ Қан ағызу + дезагреганттар//

Дезагреганттар + жаңа мұздатылған плазма/

Дезагреганттар + хлорбутин//

Дезагреганттар + алкеран//

Дезагреганттар + гепарин

***

40 жастағы науқас ІІІ дәрежелі үсу белгілерімен түсті. Объективті: тежелген, бозғылт. Терісі «мәрмәр», акроцианоз. Жүрек тондары тұйық, ЖСЖ 120 рет/мин. Пульс жіп тәрізді, аритмиялы. АҚҚ 85/55 мм с.б.б. Қанда: эр-2,3 млн., Нв-63 г/л, тромб-150 мың. Гемостаз жүйесін зерттеу: қан ұю уақыты4 мин, тромбоциттер 430 мың, фибриноген-4,1 г/л, этанол және протаминсульфатты тесттер оң. Фибрин деградациясы өнімдерінің және антитромбина III деңгейі жоғарылаған. Неғұрлым тиімді тактика://

Контрикал + курантил//

VIII фактор концентраты + викасол//

Аминокапрон қышқылы + дицинон//

+ Гепарин + жаңа мұздатылған плазма//

Тромбоциттер концентраты + эритроциттік масса

***

Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.

2 типті қант диабеті компенсациясының неғұрлым мүмкін критерийі://

HbA1с деңгейі 8,0 %//

HbA1с деңгейі  9,5 %//

Зәрдегі глюкоза деңгейі  0,5 %//

Қандағы холестерин деңгейі  6,0 ммоль/л//

+ Глюкозаның ашқарынғы қандағы деңгейі  7,0 ммоль/л

***

Науқас 17 жаста, дене салмағының жоғарылауына, бір жыл бойы менструация циклінің бұзылуына шағымданады. Сүт бездерінің, ішінің, санының терісінде қошқыт түсті стриялар. АҚҚ - 140/90 мм с.б.б. Глюкозаға толеранттылық тестті: аш қарынға – 4,5 ммоль/л; глюкозамен жүктеме жасалғаннан кейін 2 сағат өткенде – 8,6 ммоль/л. КТ: екі жақ бүйрек үсті безінің гиперплазиясы. Қандағы кортизол деңгейі сағат 8-де -1060 нг/л (қалыптыда – 260-720 нг/л), сағат 14-те -1250 нг/л. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Церебральды семіздік//

+Иценко-Кушинг ауруы//

Гипоталамиялық синдром//

Штейн-Левенталь синдромы//

Экзогенді-конституциялық семіздік

***

Науқас АҚҚ 300/130 мм с.б.б. дейін көтерілуімен қабылдау бөліміне жеткізілді. Криз тахикардиямен, полидипсиямен, бұлшық еттік дірілдеумен, қорқыныш сезімімен бірге өтеді. Қан анализінде: глюкоза 20 ммоль/л дейін. Неғұрлым мүмкін диагноз://

Кона синдромы//

Иценко-Кушинг синдромы//

+ Феохромоцитома//

Эссенциальды артериялық гипертензия//

Екіншілікті гиперальдостеронизм

***

К. атты науқас, 24 жаста айқын салмақ тастағанына (бір ай ішінде 9 кг), аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруына, жүрек айнуына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Объективті: терісі құрғақ, алақандары және табандары сарғыш реңді, фурункулез. Зәр анализінде қант - 2,9% және ацетон. Неғұрлым тиімді тағайындау://

бигуанидтер//

сульфаниламидтер//

инсулинді қоспалар//

+ қысқа әсерлі инсулин//

ұзақ әсерлі инсулин

***

17 жастағы жасөспірімде І дәрежелі эндемиялық зоб. Эутиреоидты. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://

левотироксин қабылдау//

мерказолил және в-блокаторлар//

күніне 100 мкг мөлшерде йод препараттарын өмір бойы //

левотироксин және йод препараттары//

+ күніне 200 мкг мөлшерде йод препараттарын 6 ай бойы

***

45 жастағы науқаста АҚҚ 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты көтерілуі, бұлшық еттік әлсіздік, тырысулар, жиі зәр шығару мазалайды. Осы симптомдар мазалағанына бір жыл болған. Компьютерлі томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің үлкеюі анықталған. Неғұрлым тиімді тағайындау://

Конкор//

Физиотенз//

Фуросемид//

Индапамид//

+ Верошпирон

***