- •I вариант
- •Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Кардиология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Ревматология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Гастроэнтерология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Гематология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Эндокринология, қаз.
- •Ішкі аурулар, Нефрология, қаз.
- •Клиникалық зертханалық диагностика
- •Клиникалық фармакология
- •Сәулелі диагностика және сәулелі терапия
I вариант
Ішкі аурулар, Пульмонология, қаз.
Бронх демікпесінің ұстамасы және демікпелік статустың бірінші сатысы арасында ажыратпа диагноз жүргізгенде неғұрлым маңызды белгі://
айқын цианоз//
экспираторлық тұншығудың ауырлық дәрежесі//
науқастың мәжбүрлік қалпы//
эуфиллинді көк тамырға енгізудің нәтижесіздігі//
+ бета 2-агонистерге рефрактерлік
***
Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқас қатты жөтелгеннен кейін кенеттен кеуде клеткасының оң жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Қарағанда: оң жақ кеуде клеткасы тыныс алуда қалыңқы және қабырға аралықтары томпайған; перкуссияда - тимпанит. Неғұрлым мүмкін асқыну//:
Өкпе ателектазы//
+ Пневмоторакс//
Өкпе инфаркты//
Өкпе эмфиземасы//
Экссудациялық плеврит
***
48 жастағы науқасты мөлшері тәулігіне 50 мл дейінгі шырышты іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, аурудың өршуі соңғы 2 жылда жылына 3-4 ретке дейін жиілеген. Өкпесінде әлсіз тыныс, барлық алаңында құрғақ және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Пневмония//
Өкпе туберкулезі//
Бронхоэктаз ауруы//
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы//
+Созылмалы іріңді бронхит
***
Аурудың жіті ағымы, ылғалды сырылдар, рентгенограммада өкпенің ортаңғы-төменгі бөліктерінде орташа интенсивті инфильтрациялық көлеңкелер, тез оң нәтижелі динамика неғұрлым тән: //
+Саркоидозға//
Пневмокониозға//
Ошақты пневмонияға//
Милиарлы туберкулезге//
Инфильтрациялық туберкулезге
***
Әйел адам, 25 жаста, жүктіліктің 8-10 аптасы, қиын бөлінетін шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, дене қызуының 37° дейін көтерілуіне шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел түрде ауырған. Сол жақ жауырын аралығында құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://
Ципрофлоксацин, амброксан//
Метрогил, гентамицин//
+ Лазолван, теплое питье//
Амоксиклав, бронхолитин//
Бромгексин, тетрациклин
***
Науқас 53 жаста, жоғарғы бөліктің пневмониясы диагнозы қойылған. Қақырықта алтынды стафилококк анықталған. 2 апта өткенде науқастың қызуы көтеріліп, мөлшері 100 мл дейінгі жағымсыз иісті қақырық шыға бастаған. Рентгенде оң жақ өкпенің барлық жоғарғы бөлігін қамтыған деструкциялық үдеріс анықталған. Оң жақ өкпенің зақымданған бөлігінің резекциясы жасалынған. Опреациядан кейінгі кезеңде неғұрлым тиімді препарат://
Эритромицин//
Экстенциллин//
Метронидазол//
+ Левофлоксацин//
Амоксициллин
***
Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын 65 жастағы науқас ентігудің, жөтелдің күшейе түсуіне, жасыл-сары түсті қақырық көлемінің көбеюіне, субфебрильді температураға шағымданады. Объективті: ТЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ – минутына 92 рет. Аускультацияда: қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді тағайындау://
Гентамицин б/е//
+Кларитромицин per os//
Сальбутамол к\т//
Вентолин ингаляциялық//
Сальбутамол ингаляциялық
***
Ішкі аурулар, Аллергология және иммунология, қаз.
М. атты, 48 жастағы науқас тәулігіне 5-6 ретке дейін мазалайтын тұншығу қстамаларына, шырышты көбікті қақырықпен жөтелге шағымданады, тұншығу ұстамасы түн сайын мазалайды. Қарғанда: ТАЖ – минутына 26 рет. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 55%. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II// Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II//
Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ II//
Созылмалы обструкциялық бронхит, өршуі ТЖ III//
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ II
***
К. атты, 45 жастағы науқас, тыныс шығарудың қиындауымен айқын ентігуге, жүрек қағуына, әлсіздікке шағымданады. Объективті: ТАЖ минутына 25 рет, ЖСЖ минутына 95 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., өкпе аускультациясында – өкпенің барлық алаңында әлсіз тыныс, жайылған ысқырықты сырылдар, тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы – қалыпты деңгейден 50%. Неғұрлым мүмкін диагноз://
Жүрек демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі//
+ Бронх демікпесі, орташа ауырлық дәрежесі, өршуі, ТЖ II//
Бронх демікпесі, жеңіл дәрежесі, өршуі, ТЖ I//
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршуі, ТЖ III//
Бронх демікпесі, демікпелік статус, ТЖ IV
***
38 жастағы науқасты тұншығу ұстамасы, экспираторлық ентігу ұзақ уақыт бойы мазалайды. Тұншығу ұстамаларын беротекпен емдейді, 2 жыл бойы тәулігіне 10 мг преднизолон қабылдайды. Тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы - 65%. Осы науқас үшін неғұрлым тиімді базисті терапия://
Теотард//
Атровент//
+ Будесонид//
Сальмотерол//
Дексаметазон
***
Науқас 42 жаста, бронх демікспесімен ауырады, аптасына бірнеше рет мазалайтын тұншығу ұстамаларына шағымданады. Дипроспан инъекциясынан кейін бір айға жуық уақыт бойы тұншығу ұстамалары болмаған. Дәрігерге қаралар алдында жөтел және беротекпен басылмаған ентігу пайда болған. Түнде жағдайы нашарлаған. Қарағанда: науқас мәжбүрлік қалыпта, ентігу айқын, дистанциялық сырылдар естіледі. Неғұрлым тиімді емдеу тактикасы://
фенотерол к\т, оттегі//
вентолин небулайзер арқылы, оттегі//
преднизолон к\т 30-60 мг, оттегі//
преднизолон к\т 30 мг, эуфиллин к\т, оттегі//
+ метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі
***
