Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прпед. метод.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.06 Кб
Скачать

1 Кіріспе

Психологиялық тұрғыдан қарағанда 11-12 жастағы балалардың дүниені тану қызығушылықтары ерекше және зейін салып тыңдауы, қабылдауы да осы жаста өте жоғары болады, сондықтан, қиынға түсетін жаратылыстану пәндерін (физика, химия, биология) ерте жастан бастап оқытуға болады. Ал егер мұғалім мен баланың арасында түсінушілік болмаса, сол сияқты баланың темперамент типі, қабылдау каналы ескерілмесе, мұғалім баға бергенде әділ болмаса, баланы жақсы жетістігі үшін мадақтамаса, алаңдатушылық жағдайлардың туындауы мүмкін, сондықтан да ерте жастан бастап оқытуды енгізуге мұғалім жауапкершілікпен қарап, оқу үрдісін ұйымдастыруда өте мұқият болуы тиіс.

Химияны ерте жастан бастап оқытудың басты мақсаты - оқушылардың білім және біліктілік дағдылар әзірлігінің базалық деңгейін және келешекте политехникалық бағытын күшейту.

Пәндік оқу-тәрбиелік міндеттер әр оқу жылына (сыныпқа) құрастырылған бағдарламаға сәйкес өзгеше болғандықтан, төменде жалпы пәндік оқу-тәрбиелік міндеттер көрсетілген:

  • химия ғылымының негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен теорияларды пәнаралық интеграция арқылы зерделеу;

  • оқушыларды химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіре алуға үйрету;

  • оқушыларда заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, тәжірибелерді жасай алу біліктіліктерін қалыптастыру;

  • оқушылардың химияға қызығушылықтарын, оның белгілі саласына бейімділіктерін арттыру;

  • оқушыларда тәжірибелік-эксперименттік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру;

  • қазіргі заманғы химиялық технология және өндіріс салаларында құзіреттерін қалыптастыру;

  • Қазақстандағы жалпы химиялық өндіріспен байланысты экологиялық мәселелерді шешу және оны алдын алу құзіреттерін қалыптастыру;

  • салауатты өмір салтын жүргізу, алкоголь, табак, психотропты және есірткі заттарды қолданудың салдары туралы білім дағдыларын қалыптастыру;

  • өздігінен білім алып, оны күнделікті өмірде қолдану біліктіліктерін қалыптастыру.

Химияны ерте жастан, яғни 6-сыныптан бастап оқыту мектептің оқу бағдарламасының вариативті бөлімі есебінен жүзеге асырылуда. Оқу бағдарламасы жалпы білім беретін мектептерге арналған ҚР білім және ғылым министрлігімен бекітілген бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Сонымен, химияны ерте жастан бастап оқыту:

  • тәжірибелік жұмыстар мен күрделенген есептер шығару барысында оқушылардың алған теориялық білімдерін тереңдетуге;

  • қойылған мәселелерді өздігінен шешуге оптималды жол табуға дағдыландыландыруға;

  • табиғаттағы және өндірістегі химиялық үрдістерді және олардың өзара байланысын тереңінен түсінуге;

  • күнделікті тұрмыс жағдайында көзбен аңғарылмайтын физикалық-химиялық құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен сараптама жасай алуға;

  • органикалық және бейорганикалық химиядағы негізгі үрдістерді күрделі физикалық, математикалық, биологиялық интерпретацияларды оңай жүргізуге мүмкіндік береді.

Тиімділігі:

  • политехникалық бағыт күшейеді, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген ізденушілігі дамиды;

  • шығармашылық ойлау қабілеті артады;

  • уақыт үнемделу нәтижесінде белгіленген тақырыпқа байланысты ғылыми жұмыспен айналысып, химияның белгілі бір саласына бейімделеді.

2 Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндердің оқулықтары мен бағдарламасының анықтауымен химияның пропедевтикалық білім мен біліктері

Ғылыми жаратылыстану бағытындағы пәндерінде ( дүниетану IV сыныпта, биология VI сыныптарында, физика VII сыныпта) оқушылар болашақта химия курсына қажетті білім мен білікті пайдалана отырып оқытылады. Жоғарыда көрсетілген курстың оқушылары бастапқы алған пропедевтикалық білім мен біліктері химия курсын оқып тануына негіз болып табылады. Сондықтан дүниетану, биология және физика пәндерінің мұғалімдері болашақта оқытылатын химия курсына қажетті алғашқы ұғымдарға дұрыс түсінік беріп, алдына қойылған материалды оқушы әрі қарай алып кетіп, оның өздігінен ізденуіне демеу болуы керек. Жоғарыда аталған пәндердің мұғалімдері олардың пәні және оқыту әдістемесі - бұл жан - жақты оқыту үрдіс жүйесінің бөлімі екенін білуі абзал.

2.1 IV сыныптың дүниетану курсы мазмұнындағы пропедевтикалық білім мен біліктер

IV сыныпта дүниетану, V сыныпта ботаника және VII сыныпта физика курсында иемдеген, химияның оқып тануына негіз болып табылатын білім мен біліктің ауқымын қарастырайық.

1-кесте

IV сыныптың дүниетану курсында алатын пропедевтикалық білімдері

Дүниетану пәні бойынша сабақ тақырыбы

Химиямен байланысты сұрақтар

Химия пәні бойынша сабақ тақырыбы

Дүниетану пәнімен байланысты сұрақтар

1

2

3

4

Кіріспе

Дене туралы түсінік

Зат

Дене мен зат туралы түсінік және зат қасиеттерінің айырмашылғы

Дене және зат

Барлық денелер заттардан туратыны туралы түсінік

Таза зат және қоспа

Заттардың молекулалық құрылысы түсінік. Таза және қоспа

1

2

3

4

Табиғат құбылысы дегеніміз не?

Табиғат құбылыстары туралы түсінік

Физикалық және химиялық құбылыстар

Физикалық құбылыстар туралы түсінік. Химиялық құбылыстардың физикалық құбылыстардан айырмашылығы

Ауа, атмосфера

Айналаны қоршап турған ауа туралы түсінік. Ауаның қасиеттері (қысымы, сығымдылығы, жылуөткізгіштігі, қыздыру және салқындату кезіндегі ауаның өзгеруі)

Ауаның құрамы

Ауа құрамындығы жай және күрделі заттар

Ауа жылуды қалай өткізеді. Ауаны қыздырғанда және салқындатқанда не өзгереді?

Ауаның сығылған кездегі майысқақтығы. Ауаының массасы бар екендігі туралы түсінік

Жану және баяу тотығу

Заттаардың ауада жануы. Баяу тотығу

Ауа неден тұрады?

Ауаның құрамы өте күрделі және оның тұрақты құрамдас бөліктері оттек, азот пен көмірқышқыл газы турылы түсінік

Ауының құрамы

Ауаның құрамын белгілеу. Инертті газдар

Өмір сүруге ауаның маңыздылығы. Ауаны әртүрлі ластанудан қорғау қажеттілігі

Адам өміріне, өсімдік пен жануарларға ауаның маңызы зор болуы. Ауаны ластанудан қорғау

Ауаны қолдану

Ауада заттардың толық жану жағдайы. Ауадағы инертті газдарды қолдану

1

2

3

4

Оттегі

Оттегіні алу. Оттегінің қасиеттері. Болат сымының оттегінде жануы.Оттегінің маңызды қолдану аясы: металлдарды алуда жоғары температураны қамтамасыз етеді, кесу, дәнекерлеу және медицина

Оттегі. Оттегінің қасиеттері.Тотығу. Оксидтер. Оттегіні қолдану. Оттегіні алу

Оттегінің физикалық қасиеттері. Химиялық (фосфордың, күкірттің және темірдің оттегінде жануы). Оксидтер туралы түсінік. Оттегіні қолдану. Сутек пероксидін және калий перманганатын алу. Катализаторлар туралы түсінік

Көмірқышқыл газ

Алынуы. Қасиеттері. Қолданылуы.

Көміртек (IV) оксиді немесе көмірқышқыл газы

Физикалық және химиялық қасиеттері, оның қолдануы

Табиғаттағы су

Судың таралуы және маңыздылығы

Табиғаттағы су. Таза судың алу жолдары және оның физикалық қасиеттері

Судың таралу аймағы. Суды тазарту

Үш күйі

Судың үш агрегаттық күйі, оның бір күйден екінші күйге ауысуы

Судың құрамы

Судың анализі мен синтезі

Заттар, суда еритін және ерімейтін заттар

Судың қасиеті тек қатты заттарды емес, сонымен қатар сұйық және газдарды да еріту болып табылады.

Заттардыерігіштігі бойынша ажырату

Судың химиялық қасиеттері. Су еріткіш ретінде. Заттардың суда ерігішітігі. Ерітінділер

Судың металлдармен, металл оксидтерімен және бейметаллдармен әрекеттесуі

Қаныққан ерітінділер

Қаныққан ерітінділер және оларды алу жолдары туралы

Ерітінділер

Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Ерігіштіктің

1

2

3

4

түсінік

температураға тәуелділігі. Газдардың ерігіштігі

Судың құрамындағы бөгде заттардан тазарту

Суды айдау тәсілі арқылы тазарту. Дистилденген су және оның қолданылуы

Еріген заттың ерітіндідегі массалық үлесі

Су еріткіш ретінде. Ерігіштік. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі

Табиғат айналымындағы ерітінділер

Табиғатта, өндірісте және ауыл шаруашылығында ерітінділер

Табиғатта, өндірісте және ауыл шаруашылығында ерітінділер

Судың таралу ауқымы

Табиғаттағы судың атқаратын міндеті. Адамның суды қолдануы. суды қорғау

Судың қиратушылық және жаңартушылқ күші.Судың неден ластанады және оны алдын алу жолдары

Таза суды алу жолдары және оның физикалық қасиеті

Су табиғатта. Ауыз суды алу

Тау жыныстары және минералдар. Қара және түсті металлдардың кені

Тау жыныстары: қатты, жұмсақ, сұйық және газтектес болатыны туралы түсінік. Қара және түсті металлдар.

Темір. Алюминий. Алюминий қосылыстары, оның қолданылуы

Темірдің қасиеттері, қосылыстары оны табу жолдары. Қолданылуы және табиғатта таралуы

Темірден шойын алу

Домна пешінің құрылысымен танысу.

Металлдардың физикалық қасиеттері

Металлдардың жалпы физикалық қасиеттері

Жанғыш пайдалы қазбалар

Жанғыш пайдалы қазбалармен олардың қасиеттерімен танысу

Ауаны қолдану. Отынды жағу

Отындардың түрлері, түзілуі және тиімді жағу

Торфтың, мұнайдың және таскөмірдің түзілуі

Торфтың, мұнайдың және таскөмірдің түзілуі туралы түсінік

-»-

Отындарды қолдану

Кенсіз пайдалы қазбалар

Кенсіз пайдалы қазбалар туралы түсінік. Тұз бен тұз қышқылын алуда, сонымен қатар тыңайтқыш ретінде қолданады

Табиғатта сілтілік металдардың қосылыстары олардың қолданылуы. Фосфор табиғатта. Қосылыстарын қолдану.Фосфор тыңайтқыштары. Калий таңайтқыштар

Қасиеттері, тыңайтқыштарды қолдану. Фосфордың табиғаттағы айналымы

IV сыныпта дүниетану курсында алынған практикалық біліктер алдағы уақытта химия курсында оқытылып, одан әрі жетілдіріліп қолданылытын болады.

2 - кесте

IV сыныптың дүниетану курсында оқушылар иемденген практикалық біліктері

Білім мен біліктер

Қандай әрекеттер нәтежесінде иемденеді

1

2

Әртүрлі табиғат құбылыстарын бақылап, оларды сәйкес шартты белгілермен тіркеу

Күнделікті бастап, оған күнделікті өгерістерді: ауаның температурасы, желдің бағыты, ауа құрам бөліктерін оттегінің, көмірқышқыл газының, судың, тау жыныстарының, топырақтың қасиеттерімен танысып оқыту.

Ауа райы күнтізбесін я күнделікті бастау

Темпертурының графигін,диаграммасын тұрғызу және оны оқи білу

Фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізгенде, күнделікке тіркейді

Бақылау материалдарын өңдеу

Өсімдіктер мен жануарларды бақылағанда, кесте толтырылады

Өздігінен жинақтама жасау. Белгілерді анықтау

Ауа,су,оттегі,көмірқышқылгазы және тау жаныстарын оқып тануда - олардың қасиеттері мен қолданылуы бойынша жалпы шолу жасау

Оқулықпен жұмыс, сұрақтарға жауап беру

Бүкіл курсты оқу барысында

Денелер және олардың қасиеттерін салыстыру, талдау, қорытынды жасау

Оттегінің, көмірқышқыл газының қасиеттері мен олардың айырмашылығын салыстыра оқу барысында. Сондай – ақ тау жыныстары, қатты кенді және кенсіз тау жыныстарын оқу барысында

Кестелерді толтыру

Металдардың өздеріне тән қасиеттерін оқу ісінде. Салыстырмалы кестелер тұрғызғын кезде(шойын мен болаттың қасиеттері,оттегінің, көмірқышқыл газының және азоттың салыстырмалы қасиеттері, т.б)

Коллекцияны жинау және жөңдеу

Пайдалы қазбалар колекциясын жинаған кезде

Практикалық біліктері:спирт шамының, пробиркалардың, термометрдің көмегімен қарапайым тәжірибелерді жүргізу. Фильтрлеу, қыздыру, буландыру, тұндыру секілді лабораториялық құрал- жабдықтарымен жұмыс жүргізу дағдысы.

Ағаш, топырақ құрамында судың барын, суды зерттеу кезінде. Оттегін және көмірқышқыл газын алу мен қасиеттерін зерттеу барысында. Судың еріткіш ретінде қасиеттерін және қаныққан ерітінділер алу, судың температурасын, мұздың еруін анықтау барасында

Кестеде көрсетілгендей, IV сыныпта дүниетану курсында оқушылар зат туралы алғашқы түсінік алады, сонымен қатар нақты заттар қатарымен танысады: су, оттегі, көмірқышқыл газы, азот, күкірт, темір, мыс, қорғасын, алюминий, мырыш, қалайы және т.б. Оқушылардың заттар туралы білімі «Ауа», «Су», «Тау жыныстары мен минералдар» атты тақырыптарын оқу барысында одан әрі кеңейтіліп, нақтыланады. 1, 2 кестеде келтірілген пропедевтикалық білімнің талдауы келесіні көрсетеді: дүниетану курсында оқушылар химия пәніне қажетті көптеген заттардың қасиеттері туралы ақпарат алады, сондай – ақ ауаның, оттегінің, көмірқышқыл газының, судың, тау жыныстарының қасиеттерімен танысады. Металдардың қасиеттерімен (металдық жылтыры, созылғыштығы, балқуы, жылуөткізгіштігі, элекрөткізгіштігі); кенсіз пайдылы қазбалардың қасиеттерімен(калий тұзы, апатиттер, қайнатылған тұз) танысады. Оқушылар тау жыныстарының физикалық қасиеттерімен қоса, олардың органикалық шығу тегімен де танысады. Оқушылар заттардың қолдану аясымен, мысалы, ауаны, оттегіні, көмірқышқыл газын, суды, қатты тау жыныстарын, кенді және кенсіз пайдалы қазбаларын қолдану туралы акпарат алатыны талдау қорытындысы көрсетті. Заттар және олардың қасиеттері, қолдануы туралы білімдерімен қоса, оқушылардың практиклық біліктері химия пәнін жетілдіруде пайдаланылады.