- •5В073000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттері үшін
- •Ã м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2014ж.
- •Диспесті жүйелердің жіктелуі.
- •Кремнийдің негізгі қосылыстары:
- •Күй диограммалары жайлы жалпы түсінік.
- •Біркомпонентті жүйе күйінің диаграммасы.
- •- Металл
- •Рентгендік талдау әдісі.
- •Дәріс жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Пластификаторларды қолданудың технико- экономикалық тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалар
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •1Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұялы бетондар үшін кешенді қоспалар.
- •Дәріс жоспары:
- •Битум мен қара майлардың негізгі қасиеттері
- Металл
Соңғы кезде құрылыс практикасында аллюминий мен оның құймалары кең қолданылуда.
Жоғарыда көрсетілгендей, қалыпты электродтық потециалына байланысты (-1,67) аллюминий коррозиялық белсенді метал. Бірақ қалыпты жағдайда аллюминий және оның құймалары коррозияға төзімді, себебі оның сыртқы қабатында нашар еритін және атмосферада, тұщы суда тұрақты анод қабаты болады. Бірақ мұндай тұрақтылық (аллюминий және мырыш) қышқылдық және сілтілік ортада тез өзгереді.
а) қышқылдық орта
2Al + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2↑ Zn + HCl → ZnCl2 + H2
Al2O3 + 6HCl → 2AlCl3 + 3H2О ZnO + 2HCl → ZnCl2 + H2O
б) сілтілік ортада
2Al + NaOH → 2Na3AlO3 + 3H2↑ Zn + 2NaOH → Na2ZnO2 + H2
Al2O3 + 6NaOH → 2Na3AlO3 + 3H2О ZnO + 2NaOH → Na2ZnO2 + H2O
Аллюминий ылғалды бетонмен жанасқан кезде коррозияға ұшырайды.
2Al + 3Сa(OH)2 + 6 H2O → Сa3(AlO3)2 ∙ 6H2О + 3Н2
Бірақ бұл үрдіс уақыт өтуімен тоқтайдығ себебі түзілген алты сулы кальций гидроалюминаты суда ерімейтін зат.
1) Қалыпты атмосфералық жағдайда арматура, егер оның бетіндегі бетон қорғаныш қабаты (10-15мм) жеткілікті болса және ешқандай ақау болмаса, коррозияға ұшырамайды.
2) Қалыпты жағдайда бетонның рН көрсеткіші 12 – 13 құрайды. Ортаның рН көрсеткіші осындай болған жағдайда арматура бетон кеуектері мен капиллярындағы сумен жанасқан кезде де тотықпайды. Яғни ол пассивтілігін сақтайды. Пассивтілік деп металдың коррозияға тұрақтылығын айтады. Металдың пассивтілігін жоғарылататын заттар пассиваторлар және индиваторлар деп аталады (Са(NO2)2, NaNO2, NaCrO4, KCrO4).
3) Тығыз бетонда судың және коррозия өнімдерінің диффузиялануы нашар жүреді. Сондықтан арматураның коррозиясы нашар жүреді.
4) Бетонның өткізгіштігін төмендететін қоспаларды қолдану (кольматациялаушы қоспалар).
5) Арматураны арнайы қорғаныш қабаттарымен қамтамасыз ету (обмазка, аяқ бояу).
Бақылау сұрақтары:
Металдар коррозиясының құрылыс материалдары коррозиясынан ерекшелігі
Металдарды коррозиядан қорғаудың катодтық әдісі
Металдарды коррозиядан қорғаудың анодтық әдісі
Металл коррозиясына орта факторларының әсері
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Пащенко А.Л. «Физическая химия силикатов»-М.: ВШ, 1986.368с.
2. Киреев В.А. «Краткий курс физической химии».-Учебник.-М.: ВШ, 1978
3. Горшков В.С. «Физическая химия силикатов и других тугоплавких соединений». М.: ВШ, 1988г.336с.
Ратинов В.Б. Химия в строительстве. М.: Стрйиздат, 1977г.
ПисаренкоА.А. Курс коллоидной химий».Учебник.-М.: ВШ, 1978
Тақырып 18. Анлитикалық химияға кіріспе.
Дәріс жоспары:
1. Сандық және сапалық талдау әдістері.
2. Гравиметрлік және титриметрлік талдау түрлері.
Құрылыс маетриалдары, бұйымдарын зерттеуде сандық және сапалық талдау әдістерінің бірнеше түрі қолданылады.
Диференциалды-термиялық талдау әдісі.
Термиялық талдау температураның өзгерісі кезінде жүретін физика-химиялық өзгерістердің барысын бақылауға мүмкіндік беретін, жеткілікті дәрежеде жылдам және нақты талдау әдісі болып табылады.
Мұндай талдау минералдарды қыздыру және салқындату кезіндегі фазалық өзгерістерді зерттеуге мүмкіндік беретін тиімді әдіс бола отырып, күйдірілетін құрылыс материалдарын, сонымен бірге жоғары температурада қатаятын бұйымдардың минералогиялық құрамын қосымша талдау әдісімен зерттеуде ерекше маңызға ие.
Әдістің мазмұны термиялық эффектермен (жылу сіңіру - эндотермиялық немесе жылу бөлу - экзотермиялық) бірге жүретін заттардың әрекеттесу және өзгеру температураларын анықтау болып табылады (материалды қыздыру немесе салқындату қисықтары негізінде).
Төмендегі процестерде эндотермиялық эффект байқалады: материалды кептіру кезіндегі адсорбциялық ылғалдың кетуі; кристалогидраттарды қыздыру кезіндегі гидратталған судың кетуі; құрамында кальций немесе магний карбонаты бар материалдарды қыздыру кезінде газ бөлу арқылы диссоциациялануы; заттардың балқуы т.б.
Экзотермиялық эффектер төмендегі процестер кезінде байқалады: тұтқыр заттың қатаюы кезінде; кейбір полиморфты ауысулар кезінде; заттардың аморфты күйден кристалды күйге өту процестері кезінде; заттардың қайта кристалдану процесі кезінде.
Затты қыздыру кезінде жүретін эндотермиялық және экзотермиялық процестер температураны дифференциалды - автоматты жолмен жазу арқылы тіркеледі.
