- •5В073000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттері үшін
- •Ã м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2014ж.
- •Диспесті жүйелердің жіктелуі.
- •Кремнийдің негізгі қосылыстары:
- •Күй диограммалары жайлы жалпы түсінік.
- •Біркомпонентті жүйе күйінің диаграммасы.
- •- Металл
- •Рентгендік талдау әдісі.
- •Дәріс жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Пластификаторларды қолданудың технико- экономикалық тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалар
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •1Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұялы бетондар үшін кешенді қоспалар.
- •Дәріс жоспары:
- •Битум мен қара майлардың негізгі қасиеттері
Кремнийдің негізгі қосылыстары:
кремнийдің сутегімен қосылыстары- кремнийсутектер(силандар- SiН4);
кремнийдің галогендермен қосылысы – кремнийгалогенидтер:
(SiҒ4; SiСI4; SiBr4; SiI4)
газ сұйық сұйық кристалл
силицидтер - өте жоғары температурада элементтік кремний балқымада металдармен әрекеттесіп, МехSiу типтегі қосылыстар түзеді. Бұл заттар металдық жылтыры бар, тез үгітілетін зат.
кренмний карбиді – (корборунд, көміртекті кремний) SiС;
кремний боридтері – кремнийдің бормен қосылысы В3Si; В6Si;
кремний нитридтері - Si3N4;
кремнийорганикалық қосылыстар;
Кремнийдің химиясында ең ерекше орынды кремнийдің оттегімен қосылысы иеленеді. Бұл кремнеземнен, силикаттардан, алюмосиликаттардан тұратын табиғи және синтетикалық қосылыстардың ерекше қасиеттері, негізінен силоксанды байланыстың табиғатымен сипатталады.
Силоксанды байланыс ионды-ковалентті сипатқа ие (иондану дәрежесі -50%) және кремнийдің түзетін байланыстарының ішінде тек Si - Ғ байланысынынан кейінгі ең берік байланыс болып табылады.
Байланыс Si – Si Si – Н Si – О Si – Ғ Si - СI
Байл. ұзындығы, нм 0,234 0,148 0,171 0,158 0,158
Байл. энергиясы, 222,6 335,6 470,4 567 382,2
кДж/моль
Кремний қос оксиді. SiO2 кремнезем кремнийдің табиғатта ең көп таралған және тұрақты қосылыстарының бірі. Жер қыртысындағы кремнеземнің алатын үлесі - 12% жетеді және негізінен клисталды түрде кездеседі. Кремний қос оксидінің мынадай кристалдық түрөзгерістері бар: кварц, тридимит, кристоболит, коэсит, менанофиогит, стишовит, китит, талшықты кремнезем.
Түсі, мөлдірлігі, сыртқы түріне байланысты SiO2 бірнеше кристалды түрөзгерістері бар: кварц – тау хрусталі (кварцтың химиялық таза түрөзгерісі), аметист (күлгін түсті), морион (қара түсті), цитрин (сары түсті), раухтопаз (сұр-қоңыр түсті). Түстерінің әр түрлі болуы Si+4 ионын Ғе+3 және АI+3 иондарымен алмастыру және Na+, Li+. OH- иондарын ендіру кезіндегі кристалдық құрылымдағы дефектердің түзілуімен сипатталады.
Кварц сонымен бірге басқа да ұсақ диперсті қоспалардың болуы есебінен де боялуы мүмкін.
Табиғатта кристалды кремнеземмен бірге жасырынкристалды формалары (аморфты), кейде жартылай гидратталған формалары да кездеседі (опока, диатомит, гейзерит, трепел, опалдар т.б.). Кремнеземнің соңғы формуласын SiO2 Д.И. Менделеев көрсетті және оның кремнеземнің полимерлі құрылымы туралы гипотеза айтты.
Қазіргізаманғы көзқарастарға сәйкес кремнеземнің барлық модификациялары оттегінің атомы екі көрші тетраэдрге ортақ және кремнийдің екі атомымен байланысқан түрдегі [SiO4]4- тетраэдрінен тұратындығы анықталған. [SiO4]4- тетраэдрлері бір-бірімен төбелерімен оттегі атомы арқылы байланысады. Бұл тетраэдрлердің бір-бірімен ортақ қабырғасы және қырлары болмайды, сондықтан тұрақсыз болып келеді. Тетраэдрдің төрт төбесі болғандықтан, бір,екі, үш немесе төрт төбесі де ортақ болуы мүмкін. Бұл силикаттардың құрылымының және Si : O қатнасының әр түрлі болуын қамтамасыз етді. Бір-бірімен байланысқан әр түрлі формадағы [SiO4]4- тетраэдрлерін кремнийоттекті мотивтер деп атайды.
Кремнийоттекті мотивтердің өлшемдері шекті және шексіз болуы мүмкін. Олар шеңбер, тізбек, таспа, қабаттар, қаңқа түзуі мүмкін.
Кремнезем қазіргі күнде техникада нақты приборжасаудан бастап, құрылыс индустриясына дейін қолданылады. әсіресе кремнеземнің силикаттар технологиясындағы маңызы ерекше.
