Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
230941 кур мат хим лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Битум мен қара майлардың негізгі қасиеттері

Полярлығы – битум компоненттеріндегі электр зарядтарының бөлінуін сипаттайды. Органикалық тұтқұрлардың полярлығы еру коэффициенті арқылы сипатталады.

α ·100%

мұндағы А - битумның метил спиртінде ерігіштігі, В - бтумның бензолдағы ерігіштігі. Мұнай битумдар үшін α= 5-35 аралағында

Α – ның мәні жоғары болған сайын битумның тас материалдарға адгезяиысы жоғары болады.

Битумның тұтқырлығы қыздырған кезде күрт өзгереді. Қатты битумдарда ол 250С температурада массасы 100 г затты 5 секунд көлемінде инеге әсер еткенде стандартты иненің битумға ену тереңдігімен сипатталады. Бұл битумның тұтқырлыққа қарсы қасиеті аққыштығын сипаттайжы және пенетрометр көмегімен анықталады. Пенетрация (П) градуспен белгілейді. Әрбір градус иненің 0,01 м тереңдегенін сипаттайды.

П =10 · 0,1г

250С кезендегі тұтқыр және қатты битумдардың пенертациясы П25 =5…..300 арасында болады.

Пенетрациядан динамикалық тұтқырлыққа өту үшін Зааль формуласын қолданады.

ηн =

Мұндағы ηн динамикалық тұтқырлық (Па·с) П –иненің битумға еті тереңдігі.

Пенетрамотрдің көрсеткіш 5 0, битумның бпенетрациялық көрсеткіші мен динамикалық тұтқырлығын анықтаңдар.

Динамикалық тұтқұрлығы 1,85·109 Па·с болған битумның пенегтациялық көрсеткішін анықтаңдар

Битумның негізгі қасиеттері жайлы қорытынды жасаңдар

Битумның тұтқырлығы температураға байланысты өзгереді.

Икемділігін стандартты сегіздікті дуктилометрде созу арқылы анықтайды. Битумның икемділігі температура төмендегенде азаяды және ол битумның топтық құрамына тәуелді болады. Битумның созғышщтығы 00 және 250С температурада анықталады және ∆25 және ∆· деп белгілейді.

Жұмсару температурасы стандартты «шығыршық -шар» әдісімен анықталады.

Битумның морттығы Фраас приборымен анықталады.

Битумның температураға төзімділігі тек қана жұмсару температурасымен ғана емес, пенетрация индексімен де анықталады.

ИП =

Мұндағы А= - жұмсару температурасы

Пенетрациялық индексі 2-ден төмен битумдар температураға сезімтал, ал 2-ден жоғары битумдар төменгі температурадағы морттығы төмен, температураға төзімді болып есептеледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Битуның заттық құрамы, оның битум қасиетіне әсері

  2. Битумның элементтік құрамы, оның битум қасиетіне әсері

  3. Битумның негізгі эксплуатациялық қасиеттері

  4. Қара майдың заттық құрамы, оның қара май қасиетіне әсері

  5. Пенетрациялық индекс, оның байланыстырғыш қасиетіне әсері

  6. Полярлылық, оның адгезия,а әсері

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Пащенко А.Л. «Физическая химия силикатов»-М.: ВШ, 1986.368с.

2. Киреев В.А. «Краткий курс физической химии».-Учебник.-М.: ВШ, 1978

3. Горшков В.С. «Физическая химия силикатов и других тугоплавких соединений». М.: ВШ, 1988г.336с.

  1. Ратинов В.Б. Химия в строительстве. М.: Стрйиздат, 1977г.

5. ПисаренкоА.А. Курс коллоидной химий».Учебник.-М.: ВШ, 1978

Рысдәулетов Р.А.

«Құрылыс материалдары химиясы» пәнінен лекциялар жианағы

050730 - «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығының студенттеріне арналған

Баспаға қол қойылды. Қағаз пішімі 60˟84 1/16

Көлемі 3,5 б.т. Таралымы 50 дана. Тапсырыс № .

М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 160018. Шымкент қаласы

Тәуке хан даңғылы, 5 үй,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]