- •5В073000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттері үшін
- •Ã м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2014ж.
- •Диспесті жүйелердің жіктелуі.
- •Кремнийдің негізгі қосылыстары:
- •Күй диограммалары жайлы жалпы түсінік.
- •Біркомпонентті жүйе күйінің диаграммасы.
- •- Металл
- •Рентгендік талдау әдісі.
- •Дәріс жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Пластификаторларды қолданудың технико- экономикалық тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалар
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •1Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұялы бетондар үшін кешенді қоспалар.
- •Дәріс жоспары:
- •Битум мен қара майлардың негізгі қасиеттері
Дәрісті өту жоспары:
1. Бетон мен құрылыс ерітінділерінің қасиеттерін реттеуші қоспалардың негізгі түрлері.
2.Судың шығынын төмендетуші қоспалар.
3. Кольматтаушы қоспалар (тығындаушы).
4. Болат арматура коррозиясының ингибиторлары.
Құрылым түзілу үрдісін басқару, қатаюшы бетон жүйесінің белгілі бір күйін саналы түрде қалыптастыруға мүмкіндік беріп, мақсатты түрде технологиялық амалдарды таңдау арқылы өндірістік үрдістің ең жоғарғы экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.
Тұтқыр заттың қатаюы үрдісі барысында жаңа түзілімдер кристалогидраттарынан, сумен әрекеттеспеген цемент дәндерінен, сұйық фазадан және кеуектерден тұратын жүйе түзіледі. Mикробетон құрылымындағы жаңа түзілімдер коагуляциялық және кристалдық құрылым түрінде қалыптасады.
Цемент тасының құрылымындағы, оның физика-механикалық қасиеттерін қалыптастыруда ерекше ролі бар маңызды элемент – кеуектер. Кеуектілік бетонды конструкцияларда қолданудың тиімділігін анықтап береді.
Бетонның жалпы кеуектілігі – қатаю суының мөлшеріне, тұтқыр заттың түрі мен шығынына, ендірілетін кеуектендіруші қоспалардың мөлшеріне, араласпаны араластыру уақытына, тағы да басқа факторларға тәуелді болады. Цементтің қатаю үрдісінің өзі де кеуектер түзілуінің көзі болып табылады. Микробетон кеуектерінің мынадай түрлері бар:
а) Гель тәрізді
б) конструкционды
в) капиллярлы
г) ауалы ( шартты тұйық)
Одан басқа бетонда « құрылымдық» деп аталатын кеуек пен қуыстардың басқа түрлері де қалыптасуы мүмкін.
Тұтқыр зат пен судың әрекеттесуі нәтижесінде түзілген конструкционды және гель тәрізді кеуектердің өлшемдері: 1·10-8... 10·10-6 мм конструкциондық кеуектер мен гель тәрізді кеуектер үшін 15∙10-8...40∙10-8мм мөлшерінде болады. Бұл кеуектердің жалпы көлемдегі алатын үлесі – 1,5 – 2,5 %. Бұл кеуектердің көлемі цементтің заттық құрамы мен оның шығынына тәуелді. Гель тәрізді және контракциондық кеуектілік бетонның физико – механикалық қасиеттеріне елеулі әсер етпейді, резервтегі кеуектілік қызметін атқарып, бетонның аязға төзімділігін арттырады.
Ауа қалыптастыру мен микрогаз түзілу арқылы түзілетін «шартты тұйық» кеуектердің өлшемдері 1·10-3 – 300·10-3 мм аралығында болады. Олардың өлшемі бастапқы шикізаттардың сипаттамалары мен бетонның құрамына, бетонды араластыру уақытына тәуелді. Мұндай кеуектер бетонның орташа тығыздығын елеулі төмендетуі мүмкін. Сонымен бірге мұндай микрокеуектер капиллярларды бөгеу және су өткізбеу қабілетін арттруға көмектеседі, бетонды сызаттанудан сақтайды.
Артықша судың булануы нәтижесінде түзілетін капиллярлық кеуектер, негізінен, кеуекаралық қабаттарда орналасып, бір – бірімен қатынасатын кеуектер жүйесін түзеді. Мұндай кеуектердің өлшемдері 1·10-3 ... 1·10-4 мм шамасында болады.
Жалпы көлемде алатын үлесі 7... 19%. Капиллярлық кеуектер бетонның біріктігі мен бетонның конструктивті сапасына әсер етеді.
Кеуектердің көлеміне материалдың гиграскопиялығы тәуелді болады: капиллярлық кеуектіліктің артуына байланысты сусіңіргіштік пен тепе – теңдіктегі ылғалдылық артып, бетонның жылуөткізгіштігі артады, беріктігі кемиді.
Осылайша капияллярлық кеуектілік жалпы кеуектілікті аздап қана өзгерте отырып бетонның физика – механикалық қасиеттеріне кері әсер етеді.
Бағытты құрылым түзудің технологиялық әдеттерірнің бірі бетонның құрамына модификациялаушы қоспаларды қосу болып табылады.
С/Ц қатынасы = 0,3 аспайтын жоғары берікті бетондарды алу үшін суды реттеуші қоспалар қолданылады. Олар төмендегі топтарға жіктеледі:
– судың шығынын 20% және одан жоғары мөлшерге азайтатын, ал су өткізбеу қасиеті бойынша бетонның маркасын 4 немесе одан көп сатыға арттыратын қоспалар. Бұған суперпластификаторлар мен олардың негізіндегі кешенді қоспалар жатады.
– судың шығынын 12-19% төмендетіп су өткізбеу қасиетін 2...3 сатыға арттырады.
I және II топтағы қоспалар жылу бөлінудің қарқындылығын арттырып, бетонның беріктігі, аязға төзімділігін, коррозияға тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
– судың шығынын 6...11% төмендетіп су өткізбеу бойынша бетон маркасын 1...2 сатыға арттырады.
– судың шығынын 5% төмендетіп, су өткізбеу бойынша бетон маркасын 1 сатыға арттырады.
I, II топтағы қоспалардың су реттеу әсеріне байланысты цемент қамырында дәнаралык қуыстылықтың көлемі азаяды, гидратты туындылардың дәндері арасындағы байланыс күшейеді, соның нәтижесінде олар тығыз және берік конгломератқа бірігеді. Цемент тасы құрылымындағы мұндай тығыздалу бетондағы кеуектілікті төмендеп, беріктіктің жоғарлауына алып келеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Бетонның құрылымын реттеуші қоспалар қалай жіктеледі?
2. Кеуектер бетонның қасиеттеріне қалай әсер етеді?
3. Кеуектердің қандай түрлері бар?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ратинов В.Б. и др. Добавки в бетоны.-М.: ВІІІ., 1989. 276с.
2. Вавржин Ф. Химические добавки в бетон .-М.: ВІІІ., 1964. 256с.
3. Косторных Л.И. Добавки в бетоны и строительные растверы. Р-н-Д. Феникс. 2007. 179с.
4. Ратинов В.Б. и др. Химия в строительстве. Стройиздат ,1977. 248с.
5. Хигерович М.Н. Физико-химические методы исследования строительных материалов. М. 1968. 234с.
6. Гост 24211-91. Добавки для бетонов. Обшие технические требования.-М.: Изд. Стандартов. 1992г. 20с.
7. Афанасьев Н.Ф. Добавки в бетоны и растворы.-К.: Будивельник, 1989. 128с.
8. Жуков А. Цементы. Добавки в бетонные и растворные смеси. –М.: НТС Стройинформ, 2002г. 213с.
Тақырып 24-25. Бетонға арнайы қасиет беруші қоспалар
