- •5В073000 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандығы студенттері үшін
- •Ã м. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2014ж.
- •Диспесті жүйелердің жіктелуі.
- •Кремнийдің негізгі қосылыстары:
- •Күй диограммалары жайлы жалпы түсінік.
- •Біркомпонентті жүйе күйінің диаграммасы.
- •- Металл
- •Рентгендік талдау әдісі.
- •Дәріс жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Пластификаторларды қолданудың технико- экономикалық тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалар
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •1Сурет – Сұйықтың қатты денеге жұғу сызбасы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Дәрісті өту жоспары:
- •Ұялы бетондар үшін кешенді қоспалар.
- •Дәріс жоспары:
- •Битум мен қара майлардың негізгі қасиеттері
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай қоспаларды пластификациялаушы қоспалар деп атайды?
2. Пластификациялаушы қоспалар қалай жіктеледі?
3. Суперпластификаторлар мен күшті пластификациялаушы қоспалардың әсер ету механизмі қандай?
4. Орташа пластификациялаушы қоспалардың әсер ету механизмі қандай?
5. Нашар плпстификациялаушы қоспалардың әсер ету механизмі қандай?
6. Пластификациялаушы қоспаларды қолданудың техника-экономикалық тиімділігі неде?
7. Кеуектендіруші қоспалар қалай жіктеледі?
8. Кеуектердің қандай түрлері бар?
9. Кеуектердің бетон қасиетіне әсері қандай?
10. Ауажинақтаушы қоспалардың әсер ету механизмі қандай?
11. Көбіктүзуші қоспалардың әсер ету механизмі қандай?
12. Газтүзуші қоспалардың әсер ету механизмі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Ратинов В.Б. и др. Добавки в бетоны.-М.: ВІІІ., 1989. 276с.
2. Вавржин Ф. Химические добавки в бетон .-М.: ВІІІ., 1964. 256с.
3. Косторных Л.И. Добавки в бетоны и строительные растверы. Р-н-Д. Феникс. 2007. 179с.
4. Ратинов В.Б. и др. Химия в строительстве. Стройиздат ,1977. 248с.
5. Хигерович М.Н. Физико-химические методы исследования строительных материалов. М. 1968. 234с.
6. Гост 24211-91. Добавки для бетонов. Обшие технические требования.-М.: Изд. Стандартов. 1992г. 20с.
7. Афанасьев Н.Ф. Добавки в бетоны и растворы.-К.: Будивельник, 1989. 128с.
8. Жуков А. Цементы. Добавки в бетонные и растворные смеси. –М.: НТС Стройинформ, 2002г. 213с.
Тақырып 22. Бетон мен бетон араласпасының ұстасуы мен қатаюын реттеуші қоспалар
Дәрісті өту жоспары:
1. Ұстасу мен қатаюды баяулатушы қоспалар.
2. Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалар.
3. Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспалардың әсе ету механизмі.
4. Ұстасу мен қатаюды жылдамдатушы қоспаларды қолданудың техника-экономикалық тиімділігі.
Құрылыс индустриясында әр кезде де үздіксіз бетондау жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес. Көп жағдайда конструкцияны бетондауда үзіліс болады. Бұл жағдайда құрылыс алаңдарында «жұмысшы жамау» жасау қажет болады.
Жұмысшы жамау - конструкцияның беріктігіне әсер етуші ең осал орын болып табылады. Бұндай жұмысшы жамауды болдырмаудың негізгі жолдарының бірі алдыңғы құйылған беттонның қатаюы мен ұстасу мерзімін баяулату болып есептеледі.
Ұстасу мен қатаюды баяулатушы қоспалардың негізгі әсері клинкер минералдарының гидролизі мен гидратациясын төмендетуден тұрады, яғни ерітіндіге бос әктің бөлінуін төмендетіп, цемент дәндері және олардың гидраттарының бір-біріне жақындап коагуляциялану процесін төмендетеді.
Цемент қамырының ұстасуы С3S алиттен бөлініп шығатын Са(ОН)2 -ні тез байланыстыруға мүмкіндік беретін қоспаларды қолдану арқылы, клинкер минералдарының гидролизі мен гидратациясына кедергі жасамастан-ақ төмендетуге болады.
ГОСТ 24211-91 талаптарына сәйкес ұстасу мен қатаюды баяулатушы қоспалар бетон араласпасының жылжымалылығын жоғалту уақытын 2 есеге арттыруы қажет (20-220 С тем-а).
Бұл қоспалар 7 тәулік мерзімдегі бетон беріктігін 30% төмендетеді. Бірақ жобалық 28 тәуліктік мерзімде бетонның беріктігін арттырып, өткізгіштігін төмендетеді.
Қазіргі кезде құрылыс практикасында кеңінен қолданылатын ұстасу мен қатаюды баяулататын қоспалар:
Нитрилотриметиленфосфон қышқылы НТФ;
Сүт сары суы;
Натрий глюканаты т.б.
