Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
230941 кур мат хим лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

Пластификаторларды қолданудың технико- экономикалық тиімділігі.

1.Пластификациялаушы қоспаларды қосу арқылы беріктігі бірдей бетондарда 5- 20% дейін цемент үнемделеді. Бетон араласпасының қабаттарға бөлінуі төмендейді. Пластификациялаушы қоспаларды қолдану арқылы цементтің тұрақты шығыны кезінде, бетонның бірдей жылжымалылығы жағдайында су- цементтік қатынасты төмендетуге болады.

2. Суперпластификаторлар мен күшті пластификаторларды қолдану бұйымды қалыптау технологиясын жеңілдетіп, энергетикалық шығындарды көп қажет еттетін қондырғылардан бас таратуға мүмкіндік береді.

3. Суерпластификаторларды қолдану арқылы жылулық өңдеу температурасын 30% төмендетуге, соған сәйкес бұйымның сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

4. Пластификациялаушы қоспаларды кез келген жұмыс жағдайында бетонның кез келген кластары үшін қолдануға болады.

Пластификаторларды бетондармен құрылыс ерітінділерінде қолданған кезде, портландцементтің клинкерлік минералдарында С3S мөлшері 40 % аз, ал C3A мөлшері 10 % жоғары болса, оларды қолдану тиімсіз екендігін ескеру қажет.

Кеуектендіруші қоспалар дегеніміз – бетон денесінде мақсатты түрде ауалы және басқа да газ тәрізді кеуектерді қалыптастыратын заттарды айтады.

Кеуектендіруші қоспалар әсер ету механизміне байланысты ауа жинақтаушы, көбік және газтүзуші қоспалар болып бөлінеді. Бұл қоспалар жылуоқшаулағыш, жылуоқшаулағыш-конструкциялық және ұялы бетондарды алу үшін қолданылады. Кеуектендіруші қоспалады қолданудағы негізгі мақсат бетонның тығыздығын төмендету болып табылады.

Кеуектендіруші қоспаларды қолданудың тиімділігін анықтаудың критериі

Қоспа түрі

Сенімділік талаптары

Қосымша эффектері

Ауа жинақтаушы

Бетонның біртұтас құрылымын қалыптастыру арқылы жинақталған ауа көлемі – 6-15% мөлшерінде. 30 минуттан кейінгі жинақталған ауаны жоғалтуы 25% артық емес. Орташа тығыздығы бірдей болған жағдайда беріктікті төмендетпейді.

Бетон араласпасының жайғасымдылығын төмендетпейді және қабатқа бөлінуді төмендетеді

Көбіктүзуші қоспалар

Алдын ала дайындалған көбік арқылы ендірілетін ауаның мөлшері 10-25% төмен болмауы керек. 30 минуттан кейінгі жинақталған ауаны жоғалтуы 25% артық емес. Орташа тығыздығы бірдей болған жағдайда беріктікті төмендетпейді.

Газтүзуші қоспалар

Бетон араласпасындағы газ түзілу арқылы қалыптасатын газдың көлемі 10-25% төмен болмауы керек. Белсенді газтүзілу уақыты 5-30 кем болмауы тиіс.

Ауажинақтаушы қоспалар – бұл бетон араласпасын араластыру кезінде, бетонда біркелкі таралған ұсақдисперсті ауа жинақтайтын беттік белсенді органикалық заттар. Ауажинақтаушы қоспаларды қолданудың тиімділігі олардың беттік белсенділігі мен көбіктүзгіштік қабілетіне тәуелді болады. Олар өз кезегінде ерітіндідегі қоспаның концентрациясы көбйуімен артатын, ерітіндінің беттік кернеулігіне тәуелді болады. Түзілген көбіктің тұрақтылығын қамтамасыз ететін ерітіндінің концентрациясы, «ерітінді-ауа» фазалар шекарасында адсорбциялық қанығуды қамтамасыз ететін концентрацияға жақын болуы тиіс.

Ауа көпіршіктерінің өлшемдерін кішірейту үшін, ерітіндінің беттік кернеулгін төмендету қажет. Оған ерітіндідегі беттік белсенді заттардың концетрациясын арттыру арқылы қол жеткізуге болады. Ауа эмульсиясын тұрақтандыруға кальций сабындарын қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі кезде құрылыста кең қолданылып жүрген ауажинақтаушы қоспалар: ауа жинақтаушы бейтараптанған шайыр СНВ, сабындалған ағаш шайыры СДО, Сульфанол С, микрокөбіктүзгіш БС т.б.

Көбіктүзуші қоспалар бұл – бұл түзілген техникалық көбіктің еселігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын, бетон араласпасының компоненттерімен араластырған кезде ұялы немесе кеуекті құрылымды түзе алатын беттік белсенді органикалық заттарды айтады. Бұл қоспалардың әсер ету механизмі, бетон араласпасы немесе құрылыс ерітінділерінде, толтырғыштардың бір біріне қатысты еркін қозғалысын жеңілдететін ауа микрокөпіршіктерімен түзумен түсіндіріледі.

Қазіргі кезде құрылыста кеңінен қолданылатын көбіктүзушілер: ПО-1, ПО-3НП, ПО-6НП, ПО-6К, Ареком-4, Морпен, Пеностром, ТЭАС, ЖСП- сұйықшынылы көбіктүзгіш.

Газтүзуші қоспалар бұл – цемент гидратациясы өнімдерімен химиялық әрекеттесу нәтижесінде газ бөлетін заттар.

Ұялы бетондар өндірісінде кеуекті құрылымды қалыптастыру, цемент қамырында газ көпіршікткерін түзу ақылы жүзеге асады. Ісіну процесі қарқынды газтүзілу мен газдыбетон араласпасының тұтқыл пластикалық күйінің сәйкес келуіне тәуелді болады. Көбінесе газ түзгіш ретінде алюминий ұнтағын қолданады, ол кальций тотығы гидратымен әрекетте отырып сутегі бөледі:

3Ca(OH)2+2Al+6H2O=3H2+3CaOAl2O36H2O

Химиялық реакция тендігіне сай 1 кг алюминий ұнтағы қалыпты жағдайда, 1,245 м3 сутегі бөледі. Температура көтерілгенде газ аумағы артады, мәселен, 400С-де 1,425 м3-ты құрайды. Іс жүзінде көп көлемде алюминий ұнтағы шығындалады, өйткені оның құрамындағы белсенді алюминий 100%-тен аз, газдың бір бөлігі лайды араластыру және кептіру процесінде жоғалтылады.

Бұл лай ұстап қалған газ аумағының (VУ) осы температурада бөлінетін газдың теориялық аумағына (VТ) қатынасын білдіретін газды ұстау коэффициенті (КГУ) ескертіледі:

КГУ=VУ/VТ;

Газ ұстау коэффициенті әдетте 0,7-0,85 құрайды да, аумақтық салмағы 600-700 кг/м3, 1 м3 ұялы бетон жасау үшін 0,4-0,5 кг алюминий ұнтағы жұмсалады.

Кальций гидрототығы үшкальцийлі силикат гидролизікде портландцементтің сумен әркетке түсуі кезінде түзіледі. Газ бөлінуін күшейту үшін ауа әгін немесе натрий гидроксидін қосады.

Алюминий ұнтағын су суспензиясы түрінде қолданады, гидрофильді қасиет беру үшін оны беттік-белсенді заттардың сулы ерітіндісімен (сульфитті ашымалы ашытқы, канифоль сабыны т.б.) өңдейді.

Құйма компоненттер салмағының 50-60%-ке дейін суы бар (су-қатты қатынасы) С/Қ=0,5-0,6) ағымды қоспалардан құюды қарастырады.

Қоспа бекіген соң (3-6 сағ. соң) массаның артығын «қабықты» арнайы тартылған сыммен кеседі. Газ түзілуді, сондай-ақ беку және қату процестерін жеделдету үшін температурасы қалыпқа құю кезінде 400С шамасындағы ысытылған судағы «ыстық»қоспаны қолданады.

Одан басқа құрылыста стегінің асқын тотығы да қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]