Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПОТС ДӘРІС 1-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603.39 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Жібек құрттарының кокондарындағы ең бастапқы оралған қабаты қалай аталады

А) вата-сыдырғыш

Б) кокондық сыдырғыш

В) фризона

Г) одонока

Д) тарқатылатын жіп

2. Тарқатылар алдында кокон жібінің ұшын табатын кезде сыдырылып тасталынатын қабат қалай аталады

А) кокондық сыдырғыш

Б) вата-сыдырғыш

В) фризона

Г) одонока

Д) тарқатылатын жіп

3. Кокон қабықшасының тарқатылмайтын ішкі қабаты қалай аталады

А) одонока

В) кокондық сыдырғыш

Б) вата-сыдырғыш

Г) фризона

Д) тарқатылатын жіп

5. Коконның жібек шығымы мынандай жолмен анықталады S=100*M0/Mk (%), мұндағы М0 – қабықша салмағы, ал Мk нені білдіреді

А) қоконның жалпы салмағы

Б) сыдырғыш қабатының салмағы

В) фризонаның салмағы

Г) одоноканың салмағы

Д) кокон сыдырғыш қабатының салмағы

6. Коконның жібек шығымы мынандай жолмен анықталады S=100*M0/Mk (%), мұндағы Мk – коконның жалпы салмағы, ал М0 нені білдіреді

А) қабықша салмағы

Б) сыдырғыш ватасының салмағы

В) фризонаның салмағы

Г) одоноканың салмағы

Д) кокон сыдырғыш қабатының салмағы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.

  2. Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..

  3. Джабаров Г.Д., Болтабаев С.Д., Котов Д.А., Соловьев Н.Д. Первичная обработка хлопка. М.: Легкая индустрия, 1978 – 430 с.

  4. Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.

  5. Оренбах Б.М., Плацсан А.Я. Основы технологии первичной обработки хлопка. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1982 – 88 с.

  6. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.

  7. Дядюра Н.Д. Общая технология шелка. – М.: Легкая индустрия, 1980. – 333 с.

ДӘРІС 8

Жүн талшықтарының химиялық құрамы мен құрылымының ерекшеліктері

Жүн химиялық құрылымы бойынша белоктық немесе протеиндік заттарға жатады. Оның негізгі заты кератин – күрделі белоктық қосылыс, басқалардан ерекшелігі күкіртік қоспасы айтарлықтай жоғары. Жүнде кератиннен басқа аздаған мөлшерде басқа да заттар болады.

Жүннің құрамы мен құрылымы

Жүннің құрамына келесі заттар жатады:

Көміртегі 50 %;

сутегі 6-7 %;

оттегі 21-24 %;

  • азот 15-21 %;

  • күкірт 2-5 %;

  • калий, натрий, кальций, алюминий, темір, кремнийжәне т.б. тотықтары 1-3 %.

Жүн – амфотерлік электролит, яғни көптеген химиялық топтардан тұрады, олардың зарядтары оң және теріс.

Жүннің химиялық ерекшелігі құрамында әртүрлі аминоқышқылдар болуында. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда жүнде 17 астам аминоқышқылдардың сополимері.

Жүннің құрамындағы аминоқышқылдар жанама топтарының табиғатына байланысты төрт түрге классификацияланады:

  • белсенді емес;

  • негізгі;

  • қышқылды;

  • көлденең байланыстыратын.

Белсенді емес жанама топтар бояу және өңдеу кезінде айтарлықтай қатыспайды, негізгі және қышқылды топтар белсенді қатысады. Аминқышқылдардың ішінде цистин қөлденең байланыс түзеді. Олардың болуы жүннің көптеген реагенттерге ерімеуіне себеп болады. Цистин байланыстары бұзылса жүн жарыққа, қышқылға, сілтіге, тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарға төзімділігін төмендетеді. Цистиннің құрамына талшықтағы күкірттің барлығы кіреді. Жүн үшін күкірттің маңызы зор. Өйткені ол жүннің химиялық қасиеттерін, беріктігін, эластикалығын арттырады.

Кератиннің негізгі пептидтік тізбегі талшықтың өсіне бағытталған және көптеген көлденен жанама байланыстармен қосылған: электроваленттік (тұздық), коваленттіх және сутектік, сонымен қатар Ван-дер-Ваальстік.