Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПОТС ДӘРІС 1-15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603.39 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. 2БТ-150Ш түту машинасындағы жуылмаған жүннің қопсытылу дәрежесін (%) анықтаңыз, егер жүн ұйыспаларының орташа салмағы түтуге дейін 0,33 гр, түтуден кейін 0,1 гр болса

А) 70,3

Б) 69,7

В) 75,8

Г) 80,2

Д) 85,4

2. 2БТ-150Ш түту машинасының өнімділігін Ат (кг/сағ) анықтаңыз, егер қоректендіруші тордың ені bпр=1500 мм, коректендіруші транспортердың жылдамдылығы Vпр = 0,13 м/сек, коректендіруші тордың төсем салмағы qпр= 3,5 кг/м2 болса

А) 1944

Б) 1928

В) 2106

Г) 2462

Д) 2457

3. 2БТ-150Ш түту машинасының коректендірушісінің жылдамдығын Vпр (м/сек) анықтаңыз, егер коректендіруші тордың төсем салмағы q = 3,7 кг/м2 болғанда оның өнімділігі Ат = 1598,4 (кг/сағ) болса

А) 0,075

Б) 0,065

В) 0,08

Г) 0,09

Д) 0,13

4. 2БТ-150Ш түту машинасының коректендірушісінің жылдамдығын Vпр (м/сек) анықтаңыз, егер коректендіруші тордың төсем салмағы q = 3,6 кг/м2,машина өнімділігі Ат = 1205(кг/сағ) болса

А) 0,065

Б) 0,062

В) 0,075

Г) 0,09

Д) 0,13

5. 2БТ-150Ш түту машинасының өнімділігін Ат (кг/сағ) анықтаңыз, егер қоректендіруші тордың ені bпр = 1500 мм, коректендіруші транспортердың жылдамдылығы Vпр = 0,08 м/сек, коректендіруші тордың төсем салмағы qпр= 4 кг/м2 болса

А) 1944

Б) 1928

В) 2106

Г) 2462

Д) 1728

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.

  2. Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..

  3. Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.

  4. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.

  5. Горбунова Л.С., Рогачев Н.В. и др. Первичная обработка шерсти. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 – 352 с.

ДӘРІС 13

Жүнді жуу

Жүнді жуардан бұрын қопсытып түту арқылы қоспа заттардан ажыратып, қопсытады. Қопсытылған жүн жақсы жуылады.

Жүнді жуудың мақсаты – оны май теріден және кірлендіргіш заттардан тазарту.

Жүнді жуу процессінің негізі:

- жүн талшықтарының бетіндегі кір заттарды жою;

- суда ерімейтін кірлендіргіш заттарды жуғыш ерітіндігі бөліп шығару;

- судағы кірлендіргіш заттардың жуылған жүн талшықтарына қайта қонуына кедергі жасау.

Жүнді жуған соң кептіріп, дем алдырып, пресстейді.

Жүнді өсімдік текті қалдықтардан тазарту үшін карбонизация процессі өткізілді.

Жуылған жүннің сапасы мен жуу процессін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

- қалдық майдың мөлшері;

- қалдық сілті мөлшері;

- ылғалдың және өсімдік қоспаларының мөлшері;

- тұтасуы;

- жұмсақтығы және сыртқы көрнісі.

Жүннің ластануы

Жуылған жүннің сапасы жуылмаған жүндегі ластандырғыш заттардың құрамына байланысты, (%):

Жүн талшықтары.....…………………………………………...28,0-72

Май ...………………………………………………………….0,5-25,4

Тер..…………………………………………………………….2,0-24,2

Минеральдық қоспалар.......………………………………… 4,1-43,8

Кизячтық қоспалар..……………………………………………0,1-8,0