Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПОТС ДӘРІС 1-15.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603.39 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

1. Жүн талшығының аз бұйраланған, жуан және дөрекі, үш қабаттан (қабықшалы, қабықты, өзекті) тұратын түрі қалай аталады?

А) қылшық жүн

Б) өлі жүн

В) құрғақ жүн

Г) ауыспалы жүн

Д) песига

2. Жүн талшығы өте дөрекі, сынғыш, қысқа және өзекті қабаты қатты дамыған түрі қалай аталады?

А) өлі жүн

Б) қылшық жүн

В) құрғақ жүн

Г) ауыспалы жүн

Д) песига

3. Жүн талшығы өте қатты, әлсіз жылтырлығы аз түрін қалай атайды?

А) құрғақ жүн

Б) қылшық жүн

В) өлі жүн

Г) ауыспалы жүн

Д) песига.

4. Жүн талшығының жануарлардың аяғында және басында орналасқан қатты жылтыр, түзу және қатты түрі қалай аталады?

А) қаптама жүн

Б) қылшық жүн

В) өлі жүн

Г) ауыспалы жүн

Д) песига

5. Қозыдағы өте ұзын, жуан, аз бұйраланған талшық қалай аталады?

А) песига

Б) қылшық жүн

В) өлі жүн

Г) ауыспалы жүн

Д) құрғақ жүн

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.

  2. Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..

  3. Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.

  4. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.

  5. Горбунова Л.С., Рогачев Н.В. и др. Первичная обработка шерсти. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 – 352 с.

ДӘРІС 12

Жүнді алғашқы өңдеу

Жуылмаған жүн талшықтарының алғашқы өңдеу этаптары: сорттау, қопсыту және түту, жуу немесе қосымша заттарды ерітіп жою, кептіру және қаптау.

Алғашқы өңдеу арнайы өнеркәсіптерде өткізіледі немесе жіп иіретін фабрикаларының цехтарында өткізіледі.

Сорттау . Бір терінің әржеріндегі жүннің қасиеттері әртүрлі болады. Қойдың ең жіңішке жүндері жауырын астында болады, ал қабырға жүндері дөрекілеу, артқы корпусы мен санындағы жүндер тіпті дөрекі келеді. Іріктеген кезде сапасы жағынан бірдей терілерді біріктіріп жинақтап, соңынан олардан алынған жүндерді бірнеше партияға іріктеп жіктейді.

Перекатка. Бұл бақылау іріктеуі. Бұдан барлық іріктелген жүндер өтеді.

Қопсыту және түту. Бұл процесс жүннің ірі шүйкелерін бөлшектеп, қосымша қоқыс заттардан тазарту үшін жүргізіледі. Жақсы қопсытылған, түтілген жүн жақсы жуылады. Екі процесс те бір н/се екі пістікті барабандары бар түту машинасында орындалады. Жүн машинаға 4-коректендіруші торлар және 3-біліктер арқылы беріледі. Айналатын барабандардың пістіктеріне ілінген жүн шүйкелері 2-торға соғылып, ондағы қоқыстар тор арқылы түсіп қалады. Кейбір машиналарда 1-пістікті барабан мен 5- білік арасында қосымша қопсыту процессі өткізіледі.

Жүнді жуу. Қойдағы өсетін жүн әртүлі май, тер, өсімдік және минеральды қоспалар, сонымен қатар тікендермен былғанып қоқыстанған. Әсіресе жіңішке жүндер көп кірлеп қоқыстанады. Оларды жуу және еріту арқылы жояды.

Жуу процессі келесі операциялардан тұрады: суға салу, жуу, таза сумен шаю және кептіру. Ең кең таралғаны сабынды-сілтілік әдіс. Әдетте жүн бес ыдыста жуылады. Оның алғашқысы жүнді салып сулау үшін, соңғысы оны шаю үшін.

Кептіру және қаптау. Жүннің жуылып сығылғаннан кейінгі ылғалдығы 60-80%. Оны ыстық ауамен кептіреді. Қалыпты ылғалдығы 15-20% (12% төмен болмау керек). Кептіру машинасынан шыққан жүн лабаздарға беріледі. Онда жүнге қалыпты ылғалдық қалыптасады. Одан кейін түтіліп, соңынан пресстеліп қапталады.