Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТПОТС ДӘРІС 1-15.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
603.39 Кб
Скачать

Жуандығы бойынша жүнді классификациялау

Жүн өндірістерінің техникалық жағдайына байланысты жүн классификациялаудың бірнеше жүйесі құрастырылған.

Сукондық өндірістерде жүнді жуандығы және бірлік ұзындығындағы бұйралық санымен анықтаған.

Ал камвольдық зауыттарда жүннің ұзындығына көңіл аударған.

Кейін брадфордтық классификациялау жүйесі еңгізілді.

Бұл жүйеде жүн талшық жуандығы бойынша 13 негізгі классқа жіктеледі. Мұнда тек біртекті жүнді жіктеуге мүмкіндік беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай иірім жіп жоғары сапалы мата алу үшін қолданылады?

А) тарақты

Б) кардтық

В) аппраттық

Г) өңделмеген

Д) штапельді

2. Жануарлардың жүні қандай белоктық заттан тұрады?

А) кератиннен

Б) фиброин және серициннен

В) аминқышқылдардан

Г) коллагеннен

Д) табиғи белоктан

3. Таза жүнді 3 – 6 %-тікH2SO4өңдеу процессі қалай аталады?

А) карбонизация

Б) мерсеризация

Г) шлихтасыздандыру

В) жуу

Д) илеу

4. Жануарлардың терісінен алынған жүнді қалай аталады?

А) зауыттық

Б) табиғи

В) қалпына келтірілген

Г) тондық

Д) қой жүні

5. Жеке талшықтарға бөлшектеу арқылы жүн маталарының қиындыларын алынып қайта өңделген жүн қалай аталады?

А) қалпына келтірілген

Б) табиғи

В) зауыттық

Г) тондық

Д) қой жүні

6. Жіңішке қой жүні қалай жіктеледі?

А) мериносты және мериносты емес, жабағыланған, бөлшектенген және төменгі сортты

Б) жабағыланған, қысқартылған, бөлшектенген, жіктелген

В) көктемгі, күзгі, қырқу мерзіміндегі

Г) классқа жәнеподклассқа

Д) түсіне және классына

7. Жуылмаған жартылай жіңішке қой жүні қалай жіктеледі?

А) жабағыланған, қысқартылған, бөлшектенген, жіктелген

Б) мериносты және мериносты емес, жабағыланған, бөлшектенген және төменгі сортты

В) көктемгі, күзгі, қырқу мерзіміндегі

Г) классқа жәнеподклассқа

Д) түсіне және классына

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.

  2. Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..

  3. Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.

  4. Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.

  5. Горбунова Л.С., Рогачев Н.В. и др. Первичная обработка шерсти. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1981 – 352 с.

ДӘРІС 11

Жүн ақаулары

Жүн жетілу, дайындау, сақтау кезінде әртүрлі ақаулар алуы мүмкін. Жүн ақауларына оның қоқыстармен ластануы және зақымдануы жатады:

- жүннің өсімдік текті, минеральдық және басқа да қоспалармен ластануы;

- малды дұрыс жемдеп бақпағаннан туындаған жүннің зақымдануы.

Жүннің зақымдануы қойды қырқу, жүнді қаптау, сақтау кезінде де туындауы мүмкін.

Жүннің өсімдік қоспаларымен ластануы.

Жылдам ажырайтын қоспаларға жемнің қалдықтары жатады: кебек, сабан, шөп т.б., ал қиын ажыратылатындарға тінектер т.б. жатады.

Дөрекі талшықтармен және түсті талшықтармен ластанған жүн.

Жіңішке жүннің дөрекі талшықтармен ластануы қырқу және сақтау тәртібінің бұзылуынан туындайды. Бұл дөрекі жүнді қойлар қырқудан өткен соң жіңішке жүнді қойларды сол орынға тазаламай қырққаннан туындайды.

Жүннің жіптердің қиықтармен ластануы

Жүннің құрамындағы өсімдік талшықтардың жіптері жүнмен бірге иіріліп кетсе, артынан жүн талшықтары боялатын бояуда боялмай қалуы мүмкін.

Қойды дұрыс күтпегеннен және қоректендірмегеннен туындайтын ақаулар

Жіңішкерген жүн. Қоректік заттың жетісреуінен жүннің жетілуі баяуласа талшықтардың орта бөлігі жіңішкеріп кетеді. Мұндай ақаулар жүн талшықтарының тарап түту кезінде үзілуіне соқтырады.

Қотыр жүн. Қотыр малдың жүні бір бірімен байланысқан, таралуы қиын.

Тавро жүн. Жүнде жуылмайтын бояулардың болуы. Егер иірілген жіптің құрамына осындай жүн түссе, артынан дайын матада ақаулардың туындауына соқтырады.

Базалық жүн. – бұл малдың санындағы, қарынындағы, кейде қабырғасындағы көңмен қатты ластанған жүндер. Мұндай ластанулар жүннің сарғайып, әлсіздеруіне әкеледі.

Клюнкер жүн (кизячная). Жабығының шеттерінен жұлынып алынған, кепкен көң тезекпен ластанған жүн талшықтары.

Тұтастанған жүн. Қолмен ажыратуға келмейтін жабағылар мен жүн бөлшектері.

Қысқа жүн. Малды қайта қырқудан шыққан 25 мм қысқа жүн.

Терілі жүндері. Терінің кішкене бөліктерімен бірге қырқылған жүн.

Қайызғақ жүн. Қайызғақты жүннен ажырату мүмкін емес. Ол жіптің үзілуін арттырады және боялмайды.

Сулаған жүн. Жүннің сулануы микроорганизмдердің әсерінен туындайды. Ол жүннің шіруіне әкеледі.

Көбелекпен зақымданған жүн. Ондай жүн жіп иіруге жарамсыз. Оларды киіз өндіруге ғана пайдаланады.