- •Негізгі текстильді материалдардың классификациясы (талшық және элементарлы жіптер). Өсімдік текті табиғи талшықтардың құрамы және құрылымы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Мақта талшықтарының ластануы мен ақаулары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Лекция 4 Шитті мақтаға және сынау әдістеріне қойылатын стандарт
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Мақта дәндері және қалдықтары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Зығыр топты талшықтар. Зығырды алғашқы өңдеу
- •Зығыр талшықтарын алғашқы өңдеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жібек және жібек шаруашылығы. Кокондарды алғашқы өңдеудің мақсаты мен маңызы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүн талшықтарының химиялық құрамы мен құрылымының ерекшеліктері
- •Жүн талшығының құрылымы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жүн және оның түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүн классификациясының негіздері
- •Жабағыдағы жүннің тығыздығы
- •Жабағыны біртектілігі
- •Жуандығы бойынша жүнді классификациялау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүн ақаулары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Жүнді жуу процессінің теоретикалық негіздері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •Әр түрлі жуғыш ертінділермен жуылған жүннің қасиеттері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
ДӘРІС 1
Негізгі текстильді материалдардың классификациясы (талшық және элементарлы жіптер). Өсімдік текті табиғи талшықтардың құрамы және құрылымы
Тоқыма талшықтарының классификациясы. Талшықтарды классификациялау негізі екі принципке негізделген.
Барлық талшықтар табиғи және химиялық болып бөлінеді. Табиғи талшықтарға өсімдік текті, жануар текті және минериалды талшықтар, ал химиялық талшықтарға зауытта өндірілген талшықтар енеді. Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып өзара тағы бөлінеді. Жасанды талшықтар табиғи жоғары молекулалық қосылыстарынан (ЖМҚ), ал синтетикалық талшықтар табиғи төменгі молекулалы қосылыстарынан (ТМҚ) синтездеу жолымен алынған.
Текстиль талшықтарының классификациясы
Текстиль талшықтарының құрылымын білу үшін олардың химиялық құрылымымен, оларды құрайтын заттардың қасиеттерімен танысу керек.
Барлық өсімдік текті талшықтардың негізгі заты целлюлоза. Мұндағы оттектік байланыс глюкозды деп аталады. Минериалды қышқылдар целлюлозалық талшықтар мен жіптерге қауіпті. Ал сілті химиялық өзгеріске әкелмейді. Целлюлоза молекуласында үш гидроксилді топтар бар, олар эфир түзеді.
Өсімдік текті табиғи талшықтарды өсімдіктің қай бөлігінен (сабағы, жапырағы, қабығы) алуына байланысты топшаларға және түрлерге бөледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Табиғи талшықтар қандай принциппен классификацияланады?
А) шығу тегіне
Б) негізгі құраушысының құрамына
В) текстильді құрылымына
Г) алу тәсіліне
2. Бастапқы текстиль материалдарда тип нені білдіреді?
А) шығу тегін және алыну тәсілін анықтайды
Б) алыну тәсілін анықтайды
В) шығу тегін анықтайды
Г) материалдардың текстильді құрылымын анықтайды
3. Бастапқы текстиль материалдарда жіктелуінде класс нені сипаттайды?
А) материалдың негізгі заты қандай химиялық қосылысқа жататынын анықтайды
Б) шығу тегін
В) алу тәсілін
Г) текстильді құрылымын
Д) материалдың аталуын
4. Бастапқы материалдар классификациясында тегі дегеніміз не?
А) шикізаттың түрін
Б) шығу тегін
В) алу тәсілін
Г) текстильді құрылымын
Д) материалдың аталуын
5. Бастапқы материалдар классификациясында түр нені білдіреді?
А) материалдардың атын береді
Б) шығу тегін
В) алу тәсілін
Г) материалдрадың текстильді құрылымын анықтайды
Д) шикізаттың түрін нақтылайды
6. Өсімдік текті талшықтардың негізгі химиялық заты қандай қосылыс?
А) целлюлоза
Б) серицин
В) кератин
Г) фиброин
Д) лигнин
7. Шитті мақта дегеніміз не?
А) мақта өсімдігінің дәнінен ажыратылмаған талшықтары
Б) мақта қорабшасы
В) талшықтармен қоршалған дәндер
Г) подпушек
Д) линт
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1985 – 211 с.
Севастьянов А.Г., Осьмин Н.А., Щербаков В.П. и др. Механическая технология тестильных материалов. – М.: Легпромбытиздат, 1989 – 509 с..
Джабаров Г.Д., Болтабаев С.Д., Котов Д.А., Соловьев Н.Д. Первичная обработка хлопка. М.: Легкая индустрия, 1978 – 430 с.
Бузов Б.А. Алыменков Н.Д. Материаловедение в производстве изделий легкой промышленности ( швейное производство) . – М.: Академа, 2004 –442 с.
Оренбах Б.М., Плацсан А.Я. Основы технологии первичной обработки хлопка. – М.: Легкая и пищевая промышленность, 1982 – 88 с.
Кукин Г.Н., Соловьев А.Н. Кобляков А.И. Текстильное материаловедение. – М.: Легпромбытиздат, 1992. – 272 с.
ДӘРІС 2
Мақта және оны алғашқы өңдеу
Мақта - өсімдіктің тұқымын жауып тұратын қоза деп аталатын өте жіңішке талшық. Тоқыма өнеркәсібінің маңызды шикізаты болып табылатын мақта өсімдігі климаты ыстық аудандарда өседі. Өсімдік пісіп жетілгеннен кейін талшықтар дәндерімен бірге жиналады да мақта тазарту зауытына жіберіледі. Онда талшықтар дәндерінен бөлініп алынады және пресстелінеді.
1 -сурет. Мақта өсімдігі
Мақта өсімдігі 120-170 күннің ішінде өсіп жетіледі. Мақта наурыз айының аяғында себіледі. Екі айдан кейін толық өсіп жетіліп, гүлдей бастайды. Әр гүлі бір күн ғана гүлдейді. Одан кейін олардан қорабшалар пайда болады. Олардың әрқайсысы 3 - 5 ұяшыққа бөлінген, әр ұяшықта 5 - 9 дән болады. Бір дәннің ішінде 7 - 15 мың талшық орналасқан. Осы талшықтар екі ай ішінде жетіледі. Бірінші айында олар ұзындығы бойынша жетіледі, бұл кезде талшықтың ішкі қабырғасына целлюлоза қабатын жинау процессі бірге жүріліп отырады. Екінші айында целлюлозаның жинақталуы белсенді жүріледі. Соңғы сатысында целлюлоза протоплазмалары кеуіп, оның сыртқы қабықтары түседі. Сөйтіп мақта талшықтары бұралған формалы болады. Осы кезде мақта қорабшасы ашылып, ішінен дәндері шығады.
Мақта талшықтары жіңішке, 1-50 мм (кейде одан ұзын) болатын, дәндерді қоршаған шашшалар. Мақтаның қысқа талшықтарын (15 мм қысқа) мамық (линт), ең қысқаларын делинт д.а. Талшық дәндерінен ажыратылмаған кезінде мақта шикізаты деп аталады. Егер олардан бөлінген болса мақта талшығы д.а.
Мақта талшығы қалыңданған қабырғасы, ішінде каналы бар созылған түтікше. Оның бірінші қабаты кутикула д.а. Ол жиравоск дейтін, тұрақтылығы жоғары химиялық заттан тұрады. Ал екінші қабаты химиялық тұрақтылығы төмен таза целлюлозадан тұрады.
Мақтаны алғашқы өңдеу мақта тазалау заводтарында жүргізіледі. Негізгі процесстері мақтаны қосымша заттардан тазалау, талшықты дәнінен ажырату, талшықтарды бумалап пресстеу.
