Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LAW_FINAL_Answers_Good_Luck.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.11 Кб
Скачать

99. Орталық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік ақша қорының қалыптасуының және бөлінуінің қаржылық жоспары бекітілетін қаржылық-құқықтық акт: бюджет

100. Мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгіленген, белгілі бір мөлшерде алынатын, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн міндетті ақшалай төлемдер: салықтар

101. Қылмыстық жазаны болдырмайтын мән-жайлар

53-бап.      

а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;     

б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;  

в) жүктiлiк;

г) айыпкердiң жас балалары болуы;      

д)қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету,қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;      

е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;     

 ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;      

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделмеген мән-жайлар да жаза қолдану кезiнде жеңiлдетушi ретiнде ескерiлуi мүмкiн.

102. Қылмыстың белгісіне жатпайды:

Қылмыстың белгілері:   

1.Қоғамға қауіптілігі

2.Заңға қайшылығы  

3.Айыптылығы    

4.Жазаланатындығы

103. Қылмыс құрамына кірмейді

Қылмыс құрамының элементтері Элементтердің қажетті белгілері Элементтердің факультативтік белгілері Қылмыс объектісі Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар Қосымшы об-ні құрайтын қоғамдық қатынастар, қылмыс заты Қылмыстың объективтік жағы Қоғамға қауіпті әрекет Қоғамға қауіпті зардар, қылмыс жасаук тәсілі, уақыты орны, жағдайы, құралы, қаруы Қылмыс субъектісі Адам болуы, есі дұрыстық, белгілі жасқа толуы 16 жасқа Арнайы суб-ні сипаттайтын белгілер: лауазымды адам, туыстық қатынасы бар адам, ҚР азаматы тб Қылмыстың суб-тік жағы Кінә (абайсыздық немесе қасақана) Кінә кез-келген қылмыстың суб-тік жағының негізі және міндетті белгісі. Мотив, мақсат, эмоционалдық жағдай

104. Қр Конституциялық Кеңестің негізгі қызметіне не жатады?

Республика Президентінің сайлауы;

Парламент депуттарының сайлауы;

Республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселеге қатысты туған таласты шешеді. Конституциялық Кеңес:

Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін;

Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды. Конституциялық Кеңес: Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

105. Қылмыстың санаттарына жатпайды:

Қылмыс санаттары –  әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне қарай қылмыстардың жіктелуі.

106. Қылмысты болдырмайтын мән-жайларды көрсетіңіз: 101 сұрақтың жауабын қара.

107. Халық мәслихаттарды қандай мерзімге сайлайды? бес жыл мерзiмге

108. Жеке еңбек шарты дегеніміз: Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім.Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

109. Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы бiр жыл бойы деректер болмаса, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны  қалай деп таниды?

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану.

110. Мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлік қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн заңды тұлғаның түрін көрсет? Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары.

1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.

111. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi қалай аталады? филиал болып табылады

112. Қозғалатын мүлiкке нені жатқызасыз?  

мүлiк, оның iшiнде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлiк деп танылады.

113. Рақымшылық жасау туралы актіні кім шығарады:

1. Рақымшылық жасау туралы актiнi адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнiнде Қазақстан Республикасының Парламентi шығарады.

114. Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:

А) қоғамдық қауіптілігі;                            

B) құқыққа қарсылығы;

С) кінәлігі;                                                   

D) бас еркінен айыру;

115. Азаматтық құқық қабілеттілігі:

Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі.Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді.Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

116. Мәслихат қызметі. Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган.Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

117. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азаматты сот кім деп таниды?

------------- Әрекет қабiлеттiлiгi жоқ

118. Демалыс уақыты түрлері?

1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) — демалыс және тамақтану үзілісі; ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;

2. күнделікті демалыс (ауысымаралық);                     

3. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);

4. мейрам күндері;

5. еңбек демалыстары

119. Президеттік республиканың белгісін көрсетіңіз:  

- Президентті тікелей халық сайлауы;

- Үкіметті Президент құруы;

- Үкімет Парламент алдында емес, Президенттің алдында жауапты болуы;

- Парламенттік республикаға қарағанда мемлекет басшының өкілеттігінің кең болуы.

120. Құқықтық мемлекеттің белгілері:

Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері: - мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы; - қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің жақсы дамуы; - мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы; - қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық органның қызметін қатаң бақылау; - қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]