Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
LAW_FINAL_Answers_Good_Luck.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.11 Кб
Скачать
  1. Экономика және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындайтын мемлекеттік орган:Қаржы полициясы

  1. Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі:

36-бап. Еңбек шартындағы сынақ мерзімі туралы талап

1. Еңбек шартында қызметкердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сәйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі.

2. Сынақ мерзімі еңбек шарты күшіне енген кезден басталады.

3. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерлерге осы Кодекстің нормалары, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптары қолданылады.

4. Сынақ мерзімі қызметкердің жұмыс стажына қосылады және үш айдан аспауға тиіс. Қызметкер жұмыста іс жүзінде болмаған кезең сынақ мерзіміне есептелмейді.

5. Жұмысқа қабылдау кезінде:

тиісті лауазымға орналасуға конкурс бойынша жұмысқа қабылданатын адамдарға;

орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін адамдарға;

мүгедектерге сынақ мерзімі белгіленбейді.

  1. Қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар және бұл қосымша объектіні құрайтын қоғамдық қатынастар, қылмыс заты болуы мүмкін?

Қылмыстық объектісі - бұл қылмысты іс-әрекеттің неге бағытталғандығы.

Оған мемлекеттік құрылыс, меншік, азаматтың жеке басы, саяси, еңбек, мүліктік және басқа азаматтық құқықтары, қоғамдық тәртіп т.б. Мысалы, өлім кезінде қылмыстың объектісі басқа адамның өмірі, ұрлық кезінде мемлекеттік немесе жеке адамның меншігі.

  1. 14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмысшыға жұмыс уақытының қандай ұзақтығы белгіленеді?

14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін - аптасына 24 сағаттан, яғни 6 күңдік жұмыс аптасында күніне 4 сағат-тан, ал 5 күндік жүмыс аптасына - 4 күн - 5 сағаттан, 1 күн -4 сағаттан;

  1. Мерзiмнен тыс жұмысқа еңбек ақы:

Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

  1. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа еңбек ақы:

73-бап. Мерзiмнен тыс жұмыстарға, мереке және

демалыс күндерiндегi жұмыстарға ақы төлеу.

Түнгi уақыттағы еңбекке ақы төлеу

1. Мерзiмнен тыс жұмысқа ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

2. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмысқа ақы екi еседен төмен болмайтын мөлшерде төленедi.

3. Мереке және демалыс күндерiндегi жұмыстарға төленетiн өтемақы қызметкердiң тiлегi бойынша қосымша демалыс күнiмен ауыстырылуы мүмкiн.

4. Түнгi уақыттағы жұмыстың әрбiр сағатына ақы бiр жарым есе мөлшерiнен кем төленбейдi.

  1. Қылмыстық жазаның түрлерін көрсетіңіз:

39-бап. Жазаның түрлерi

а) айыппұл салу;

б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;

в) қоғамдық жұмыстарға тарту;

г) түзеу жұмыстары;

д) әскери қызмет бойынша шектеу;

е) бас бостандығын шектеу;

ж) қамау;

з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;

и) бас бостандығынан айыру;

к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.

3. Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.

  1. Төлемдер түрлері Төлем мынадай түрлерге бөлінеді: кәсіпорынның (ұйымның) бюджетке, бюджеттен тыс қорларға, т.б. міндетті Төлем, тауар алыс-берістері және шаруашылық шарттары бойынша төлем тапсырмалары, төлем талаптары, аккредитивтер, есептесу чектері, вексельдер, т.б. 

  1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана қандай нысанында құрылуы мүмкiн?тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.

  1. Абсолюттік монархияның белгісін көрсетіңіз: Абсолюттік мо¬нар¬хия¬ның белгілері: монарх билігі Конс¬ти¬туция немесе заңдармен шектелмеген; Пар¬ламент жоқ немесе оның іс-қимылы барынша шек¬телген.

  1. Қоғам құрылысы, мемлекет құрылымы, адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне байланысты қоғамдық қатынастарды оқытатын құқық саласы:Конституциялық құқық

  1. Конституция бойынша мәжбүрлі еңбекке қандай жағдайларда жол беріледі?

  1. Конституциялық Кеңес қанша мүшеден тұрады және өкілеттігі қанша жыл?71-бап

1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.

  1. Өлгендердiң мәйiттерiн қорлау не олар жерленген жерлердi, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе еске алуға байланысты рәсiмдер өткiзуге арналған зират үйлерiн жою, бүлдiру немесе аяққа басу қандай қылмысболып аталады?Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар

  1. Әскери қызметшiлерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүктi әйелдерге, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге қандай жазалар тағайындалмайды? Өлім жазасы

  2. Адам мен азаматтың саяси құқығы, бостандықтарына жатпайды: мемлекетті басқару ісіне араласу

  1. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына кірмейді:

Бас еркінен айыру

  1. Президент ҚР Ұлттық банк төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын кімнің келісімімен қызметке тағайындайды?

ҚР Президенті Парламент Сенат келісімімен

  1. Әкімшілік жазалардың түрлері

1.ескерту жасау; 2.әкімшілік айппұл салу; 3.әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемін төлеп алып қою;4.әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; 5.арнаулы құқықтан айыру;

  1. Сот қызметінің принциптері

1.Заңдылық 2.Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы 3.Адамның құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау; 4.Жеке адамның ар намысы мен қадір қасиеті құрметтеу 5.Жеке өмірге қол сұғұшылық

6.Меншік қол сұғылмаушылық 7.Судьялардың тіуелсіздігі

8.Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі 9.Сот ісін жүргізу тілі 10.Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы 11.Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау 12.Куәлік жауап беру мәндетінен босату 13.Сотта қараудың жариялылығы 14.Сот актілерінің міндеттілігі 15.Іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]