Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прпед. метод.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.97 Кб
Скачать

Жартылыстану бағытындағы пәндерде оттек туралы ұғымның қалыптасуының негізгі кезеңдері

7- кесте

I кезең

Дүниетану

4 – сынып

II кезең

Биология

5 - сынып

III кезең

Химия

8 - сынып

IV кезең

Химия

9-10 cн

V кезең

Химия

11- сынып

Бұл кестеде оттек туралы ұғымның қалыптасу кезеңдері көрсетілген. I кезеңде, яғни 4 – сыныпта оттегінің қасиеттері, оның қолданылуы, физикалық қасиеттері, жануды қолдайтын қасиетін, көмірді және болат сымының жануына жалпы шолу жасайды. Ал қолдану аясында оның медицинада, металдарды кесу, дәнекелеуде қолдануын атап кетеді. II кезеңде, биология курсында адам өмірінде және табиғатта жасыл өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің демалу процесі. Бұдан шығатындар: тұқымдардың демалған кезде оттегіні сіңіруі, жапырақтары демалған кезде оттегіні сіңіруі, тамыр демалған кезде оттегіні сіңіріуін қарастырады. Жарық кезінде өсімдіктерің оттегіні бөліп шығаруы туралы оқиды. III кезеңде оттегінің физикалық және химиялық қасиеттерін, онымен қоса калий перманганатынан және сутек асқын тотығынан алуын оқиды. IV кезеңде оттегінің қосылыстары олардың қасиеттері туралы қарастырылады. V кезеңде оттегі бар органикалық қосылыстардың негізгі кластарын қамтиды.

Сонымен, пропедевтикалық білімдер мен біліктерді қолдану өзіне бірнеше әдістер мен тәсілдерді енгізеді. Бұндай тәсілдерді қолданудың маңызды сәттері де бар, мысалы актуализация, нақтылау, еске түсіру және өткен тақырыптарды еске түсіре отырып , жаңа тақырыптардың негізгі мәселелеріне жауап табу, оқытылған құбылыстар мен ұғымдар арасындағы логикалық байланысты орнату, бұл құбылыстар мен ұғымдардың жалпы және өздеріне ғана тән ерекшеліктерін белгілеу, жаңа білім мен біліктің және дағдының қалыптасуы және бекітілуі.

3.2 Пропедевтикалық білімдерді қолдана отырып, химия курсында заттар құрылысын оқыту

8-кесте

Тақырып атауы

Зат құрылысы туралы пайдаланылатын білімдер

Әдістемелік тәсілдер

Алғашқы химиялық заттар туралы түсінік

Дене, зат туралы түсінік. Заттардың молекулалық құрылысы.

Актуализациялау

Таза және қоспалар

Заттардың молекулалық құрылысы. Таза заттардың құрылысы

Еске түсіру және нақтылау

Атомдар мен молекулалар. Жай және күрделі заттар

Атомдар мен молекулар туралы түсінік. Таза заттардың құрылысы. Ауаның құрамы

Актуализациялау

Қоспалар және химиялық қосылыстар

Қоспалар туралы түсінік (ауа, сүт, теңіз суы, гранит)

Нақтылау

Атом молекулалық ілім

Диффузия туралы түсінік және оны атом молекулалық ілім тұрғысынан түсіндіру

Актуализациялау

Нақтылау

Оттек. Оксидтер. Жану. Ауаның құрамы

Ауаның құрамы оның құрамдас бөліктері

Еске түсіру және нақтылау

Су. Ерітінділер. Негіздер. Судың құрамы

Судың құрамы

Еске түсіру және актуализациялау

Қорытынды

Жоғарыда аталған курстарда қалыптасқан пропедевтикалық біліктер мен білімдер былайша топтарға жіктелген:

1.Есептеу біліктері - пропорция, теңдеулерді құрастыру, оларды шешу, проценттік шағу және өлшеу құрылғыларымен жұмыс істеу дағдылары;

2.Химиялық ыдыс пен құрылғыларды пайдалану біліктері;

3.Тәжірибе кезінде заттарды қолдана білу білігі.

IV- VII сыныптардағы жаратылыстану пәндерін оқыту нәтежесінде қалыптасқан білім мен біліктері 9 – кестеде келтірілген.

9 – кесте

Тақырып атауы

Зат құрылысы туралы пайдаланылатын білімдер

Әдістемелік тәсілдер

Заттардың бастапқы химиялық түсінігі

Бақылау жүргізу, термометрмен және ареометрмен жұмыс жүргізу

Оқытылған курстарағы практикалық біліктерді тасымалдау

Зертханалық жабдықпен танысу

--

Зертханалық жабдықпен жұмыс жүргізудің практикалық білігін тасымалдау

Физикалық және химиялық құбылыстар

Заттардың қасиеттерін, құбылыстпрын бақылау

--

Химиялық формула

Пропорцияларды құру және олардвы шеше білу

Есептеу білігін тасымалдау

Зат массасының сақталу заңы

Заттың массасын өлшей білу

Есептеу, өлшеу біліктерін тасымалдау

Химиялық реакциялардың типтері

Бақылау білігі. Тәжірибе көрсету

Практикалық біліктерді тасымалдау

Оттек. Оксидтер. Жану

--

--

Валенттілік

Есептеу білігі

Есептеу, өлшеу біліктерін тасымалдау

Сутек. Қышқылдар. Тұздар

Бақылау білігі. Тәжірибе қою

Практикалық біліктерді тасымалдау

Судың химиялық қасиеттері

Бақылау, тәжірибе қою, ыдыстармен жұмыс жасау біліктері

Практикалық біліктерді тасымалдау

Су. Ерітінділер. Негіздер

Бақылау білігі. Салыстыру, сәйкестендіру, қорытынды жасау

Практикалық біліктерді тасымалдау

Авогадро саны. Молярлық масса, т.б

Зат массасын және көлемін оның тығыздығы бойынша есептеу

Практикалық біліктер мен есептерді шыгару білігін тасымалдау

IV- VII сыныптардағы жаратылыстану пәндерін оқыту нәтежесінде қалыптасқан білім мен біліктері, одан әрі химия курсын оқу барысында дамып жетіле түседі.

Баланы ерте жастан оқыту

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Сарманова К.А Методика использования пропедевтических знаний и умений в курсе химий

26