- •(I)Өнімнің мақсатты аудиториясы
- •(III)Банк кепілдігін алу шарттары
- •Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашып көрсетіңіз
- •Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігін, ерекше белгілерін атаңыз
- •Ақша жүйесінің қағидалары және элементтерін түсіндіріңіз
- •Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын атаңыз
- •Бюджет процесінің қағидалары мен сатыларын түсіндіріңіз
- •Бюджеттік реттеу және оның әдістерін сипаттап жазыңыз
- •Бюджеттік бақылаудың түрлері мен қағидаларын түсіндіріңіз
- •Бюджеттерді талқылауды және бекітуді ашып көрсетіңіз
- •Республикалық және жергілікті бюжеттерді орындау реттігін атаңыз
- •Салықтың белгілері мен функцияларын сипаттап жазыңыз
- •Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формаларын түсіндіріңіз
- •Екінші денгейлі банктерінің құқықтық негіздерін атаңыз
- •Республикалық бюджеттердің жобаларын құрастыруды ашып көрсетіңіз
- •Жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды атаңыз
- •Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамын сипаттап жазыңыз
Екінші денгейлі банктерінің құқықтық негіздерін атаңыз
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептеу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу — сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді. Коммерциялык банктер нарықтық экономикада, несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталды қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары басқару органы — акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өткізілуі мүмкін. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден тұратын топтар құрылып олар банктің жұмысын қадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комиттерден құрылып нақты іс-әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді. Коммерциялық банктер бірнеше басқарма мен бөлімдерден құралады.
Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен; клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қарыздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсымен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзіне алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді.
Банктер сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін баскару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқару құқығынан айырылғандардьң (бойдақтардың, жесірлердің, жасы толмағандардың) мүлкін уақытша басқару, ізбасарларының мүддесі үшін өлген кісінің мүлкін басқару, пайда табу мақсаттарымен капиталды басқару (ақшаны акцияға, қозғалмайтыне мүлікке алу) құндылықтарды сейфте сақтау және т.б. қызметтер көрсетеді.
