Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қаржы ответ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
356.35 Кб
Скачать
  1. Ақша жүйесінің қағидалары және элементтерін түсіндіріңіз

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып,заңмен бекітілген формасы.Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелденбелгілі әрі олар құнның ақшалай формасы – ақшаның пайда болуымен байланысты.Ұлттық ақша жүйесі XV-XVII ғасырлардан қалыптаса басталды.

Ақша жүйесін ұйымдастырудың принциптері мыналар:

—       ақша жүйсінің орталықтандырылған басқару принципі.Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;

—       тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымын жоспарлау принципі;

—       ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принципі,ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек,алайда инфляцияның дамуына жол бермеу қажет;

—       ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі.Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;

—       эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;

—       орталық банк тәуелсіздігінің принципі.

Әр елдің өзінің калыптасқан ақша жүйесі болады. Ақша жүйелері өздерінің елдегі экономикадағы рөлін өзінің аткаратын негізгі қызметтері аркылы орындайды.

Ақша-несие айналымының тетігі – ақша-несиелік реттеу тікелей және жанама құралдарының,ақша-несие тұрғысынан реттеуш органдарың құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіеді.

Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады

ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің деңгейлері

Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің нормативі

Мемлекеттік құнды қағадарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы операциялары

  1. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын атаңыз

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитет! және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.

Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:

1) сәйкестікке бақылау жасау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау;

2) қаржылық есептемені бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;

3) тиімділікті бақылау мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бағалау.

Мемлекетт қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:

1) кешенді бақылау мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезендегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;2) тақырыптық бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезендегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;

3) үстеме бақылау — мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірмен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі. Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қаржылық бақылауга қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.