- •(I)Өнімнің мақсатты аудиториясы
- •(III)Банк кепілдігін алу шарттары
- •Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашып көрсетіңіз
- •Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігін, ерекше белгілерін атаңыз
- •Ақша жүйесінің қағидалары және элементтерін түсіндіріңіз
- •Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын атаңыз
- •Бюджет процесінің қағидалары мен сатыларын түсіндіріңіз
- •Бюджеттік реттеу және оның әдістерін сипаттап жазыңыз
- •Бюджеттік бақылаудың түрлері мен қағидаларын түсіндіріңіз
- •Бюджеттерді талқылауды және бекітуді ашып көрсетіңіз
- •Республикалық және жергілікті бюжеттерді орындау реттігін атаңыз
- •Салықтың белгілері мен функцияларын сипаттап жазыңыз
- •Мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың түрлері және формаларын түсіндіріңіз
- •Екінші денгейлі банктерінің құқықтық негіздерін атаңыз
- •Республикалық бюджеттердің жобаларын құрастыруды ашып көрсетіңіз
- •Жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды атаңыз
- •Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамын сипаттап жазыңыз
Қаржының ұғымын түсіндіріңіз
Қаржы құқығы — құқықтың жетекші және маңызды саласы. Қаржы мемлекеттің материалдық өмір сүру негізіне қызмет етіп, оның қызметін ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып табылады. Қаржы тетіктері арқылы мемлекет елдің экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Қаржы құқығы жоғарғы заң оқу орнының құқықтану мамандығының студенттеріне арналған міндетті пән болып табылады.
Қаржы құқығы ғылымы адамзаттың практикалық қажеттіліктерінен туындады және басқа ғылымдардың; мемлекеттік және полиция құқығы, саяси экономия және қаржы ғылымдары құрамында «тәжірибе жинақтаудан өтіп» түпкілікті өзін мойындатты.
Оқу құралы қаржы құқығының көп жақты салаларынан нақты түсініктер бере отырып, сондай-ақ әлемдік ақша бірліктерінің түрлерімен танысуға мүмкіндік береді.
Қаржылық құқық пәні және жүйесін атаңыз
Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақщалай қаржы жинау, яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының, пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде, бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі, мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі. Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістері. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспарлары, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Бүгінгі таңда несие берудің мемлекеттік, банктік және коммерциялық сияқты түрлері бар. Мемлекеттік несие бір мемлекеттің басқа шет мемлекеттердің және олардың жеке және заңды тұлғаларының, инвесторлардың, халықаралық қаржылық ұйымдардың ақшалай қаржыларын уақытша пайдалануы. Мемлекет бұндай жағдайда қарыз алушының рөлінде болады. Банктік несие банктік қарауына уақытша айналысатын бос ақшалай қаржыларды жинақтау қатынастарын қамтиды.
Ақшаның ұғымы және функцияларын ашып түсіндіріңіз
Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдің шеңберінде ғана оларға еріксіз өзіндік құн белгілейді. Бұл жерде ол ерікті түрде ақша бірлігінің номиналды құнын белгілеп, кез келген купюраларды шығаруы мүмкін.
Ақшалар ешқашан да алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Қағаз ақшалардың өздерінің меншікті құны болмағандықтан да, олар айналыс саласындағы ақшаның қызметтерін толық құнды ақшалардың қызметтері арқылы атқарады.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы тұрақсыз экономикаға тән.
4.Валюта реттеудің ұғымын ашыңыз
4-бап. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
1. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
2. Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.5-бап. Валюталық реттеу органдары
1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiболып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады. Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде: 1) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды; 2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн: лицензиялауды; тiркеудi; хабардар етудi; 3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн; 4) уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi. Жүзеге асырылу тәртібі осы Заңда белгiленбеген валюталық операциялар шектеусiз жүргізіледi
Қаржылық бақылаудың ұғымын түсіндіріңіз
Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері. Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардыңқұқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді: Президенттің аппараты, Қазақстан РеспубликасыныңПарламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары), жергілікті әкімшілік органдары. Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Жалпымемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Ұлттық банкі жатады.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган;
орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау службалары;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.
Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымын сипаттап жазыңыз
Қаржылық бақылау деп - әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызметті айтады.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элеметерінің бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық басқарудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдалануының туралы ескертіп отырады. Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері үнемі жетлдіріліп отырады, оларға есептеу техникасы негізіндегі ақпарат жүйесі белгілі түрде әсер етеді. Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі (келесі) бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскілерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әртүрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай – ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Бюджеттің ұғымын және бюджет терминінің мағынасын атаңыз
Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір- бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым- қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым — қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік фунцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым – қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады. «Бюджет» терминінің төрт мағынасы бар:
1. Материалдық мағынада - мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қоры, сондай-ақ жергілікті өкілді жəне атқарушы органдардың орталықтандырылған ақшалай қорлары.
2. Экономикалық мағынада - мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын немесе жергілікті ақша қорын қалыптастыратын жəне жұмсайтын экономикалық қатынастардың жүйесі.
3. Құқықтық мағынада – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары, яғни мемлекеттің жəне жергілікті өкілді органдардын кіріс жəне шығыс балансы.
4. Заң-техникалық мағынада - мемлекеттің негізгі қаржылық заңы немесе жергілікті өкілді органдардың қаржылық-құқықтық актілері.
ҚР бюджет құқығы ұғымын ашыңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Кодекс бюджеттік, бюджетаралық қатынастарды реттейді, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджет қаражатының құралуы мен пайдаланылуының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі ережелерін, принциптерін және тетіктерін белгілейді.
Бюджет процесіні ұғымы мен қағидаларын түсіндіріңіз
23) бюджет процесі - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген мемлекеттік органдардың бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есептілікті, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг жасау және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі; Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірыңғайлық принципі - бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасынжәне бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану; 2) толымдылық принципі - бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке жатқызуға жол бермеу; 3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі; 4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатынөзге де құпияболып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау; 5) дәйектілік принципі - мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы; 6) нәтижелілік принципі - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару; 7) бюджеттердің дербестік принципі - түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;
Бюджет кірістерінің құрамын атаңыз
Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту Салықтық кодекскеміндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалсіры - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.
Салықтың ұғымын түсіндіріңіз
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалықмаңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Мемлекеттік баж салығының ұғымын атаңыз
Мемлекеттік баж– заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем.[1]
Кәсіпорын, ұйым, мекемелер және жекелеген азаматтардан және зандық маңызы бар құжаттарды беру үшін (талап арыз бен кассациялық шағымдарды, шарттарды, өсиеттерді, сенімхаттарды бекіту және т.б.) арнайы өкілеттелген мекемелердің олардан жинайтын ақшалай алымдары.Баж - тиісті Мемлекеттік және басқа органдардың өздері атқарған белгілі бір жұмыстары үшін сол елдің заңдарында көзделген сомадағы ақша жиналымы; ол кеден және мемлекеітік ішкі салықтар болып ажыратылады.
Орта ғасырларда бажбен соттық процесстердiң жолдармен, Көпiрлермен пайдалануға қалалармен және феодал алынған жиындар деп аталды.
БАЖ - мемлекеттің жерін, өріс-жайылымын пайдаланғаны үшін төлейтін алымның байырғы түрі.
Ерте кезеңде сауда керуендері бағыт алған жеріне жету үшін қазақ жерін басып, көпірін, жолын пайдаланып отырған. Соған орай саудагерлер, көпестер қазақ иеліктерінен өтердеелдің қазынасына тиісті баж салығын төлеген. Алым алған иелік керуенді шөлді аймақтар мен өткелдерден өткізіп, жүктерінің талан-таражға ұшырамауын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мойнына алып, керуенге жол көрсетіп қызмет еткен. С.И. Руденконың дерегінде қазақ жерінің шығысын қоныстанған керейлер Қытай жеріне малотарлатуға барып, жайылымын пайдаланғаны үшін төлемінемың малдан он қой немесе бір жылқыны баж салығы ретінде Қытай өкіметіне беріп отырғандығы айтылады[
ҚР банк жүйесін сипаттап жазыңыз
Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банкілердің жиынтығы, яғни бір-бірімен және сыртқы ортамен тығыз байланыстағы банкілердің жиынтығы. Бір жүйедегі банкілер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілермен реттеледі. "Қазақстан Республикасындағы банкілер және банк қызметі тура- лы" ҚР Заңына (1995) сәйкес Қазақстанда Банк жүйесі екі деңгейлі. Ұлттық банк мемлекеттің Орталық банкі болып табылады және Банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіне жатады, айналысқа ақша шығарады, оның міндеті — ұлттық валютаның — теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банкілердің қызметін қадағалап, бақылау. ұлттық банкінің міндеттері, қызметі, қағидаты, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" ҚР Заңында (1995) белгіленген. Екінші деңгейдегі банкілерге коммерциялық банкілер жатады. Олардың міндеттері — клиенттерге (кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) түрлі қызметтер көрсету (несие беру, есеп айырысу, кассалық, валюталық, депозиттік, т. б. операциялар жасау).
Банк қызметін мемлекеттік реттеуді көрсетіңіз
Қаржылық құықтық нормалардың түсінігін сипаттаңыз
1. Қаржылық құқықтық қатынастар мен қаржылық нормалар Қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; - бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; - міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:
Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді
Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады.
Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымын, мазмұны және саласын сипаттап жазыңыз
Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістері Мемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс. Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің жүзеге асырылуы үш басты міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді: - қаржылық инфрақұрылымды және оның қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; - қаржылық тетіктердің көмегімен қоғамда болып жатқан үрдістерге әсер ету. Осыған сәйкес мемлекеттің қаржылық қызметі қоғамның қалауына қатысты орын алуы тиіс.
Мемлекеттің қаржылық қызметі келесі қағидалар негізінде қалыптасуы тиіс:
* қоғамның қажеттіліктерін ескеру және оның көзқарастарына икемделу;
* мақсаттылық пен тиімділік;
* айқындылық, қоғамның бақылауында болуы;
* нормативтілік пен жоспарлылық;
* тұрақтылық пен жүйелілік;
* қоғамдық қабылдауға ие болу.
Қаржылық құықтық нормалардың түрлерін анықтаңыз
Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді: v Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді v Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:
- Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді
-Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады. Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді o Бюджеттік o Бюджеттен тыс o Қаржылық-банктік o Қаржылық-сақтандыру o Қаржылық-шаруашылық. Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді § Біржақтылық-биліктік § Келісімділік. Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады. Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады.
Ақша жүйесінің ұғымын түсіндіріңіз
Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдін ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады (алтын мен күміс), монометализм тұсында - тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада XVI-XVIII ғасырларда кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жүйе монометализмге алмастырылады. Тарихқа монометализмнің үш түрі мәлім: Мыс (Рим — б.дд. V—III ғғ.), күміс (Ресей — 1843-1852 жылдары; Голландия, Үндістан — XIX ғ.), алтын (Англия — XVIII ғасыр аяғынан, басқа елдер — XIX ғасыр аяғынан).
Алтын метализмі алтын монеталық стандарт формасында бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін болды. Сол доуірде алтын монетасы еркін соғылған, қүн белгілері алтын монетаға еркін айырбасталған, елдер арасында алтын еркін жылжып отырған.
Валюта жүйесінің міндеттері және әдістерін атаңыз
Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны. Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілікшаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты. Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады. Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатыменжеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты. Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді. Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады. Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 жылы Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді. Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды. Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэхалықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды. Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 жылы) қабылданды. Онда доллардың үстемдігіне негізделген долларлықстандарт бекітілді. Бреттен Вуд валюталық жүйесі әлемдік сауда мен өндірістің дамуына 25 жылдай септігін тигізді. Бұл жүйенің дағдарысы 1960 – 70 жылы басталды.Валюталық дағдарыстан шығу жолын ұзақ іздестіру нәтижесінде 1976 – 78 жылдары Ямайка валюталық жүйесі құрылды. 1999 жылы Еуропа экономикалыққоғамдастығына мүше елдер аймақтық Еуропа валюталық жүйесін құрды. Ол Әлемдік валюта жүйесі нің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржылық бақылаудың жіктелуін түсіндіріңіз
Қаржы тәртібі – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектіліренің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның әс-ірекет етуін бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деігейіндегі бақылау.
Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік іділдікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процесстеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау – ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізіледі.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай – ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық (аналитикалық) қызметтік мынадай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау: қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау.
Қаржылық бақылау органдарын атаңыз
Қаржылық басқарудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қаңидаттары мыналар болып табылады:
бақылау реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік, нақтылық, жариялық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдасьырғанда негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
басқарудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын қаржылық мына төмендегілер жатады:
мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстылығын тексеру.
ұаржы операцияларын, есеп – қисаптарын жасау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау ережелерін орындауын (сақтауын) тексеру.
өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еібек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдылығын тездетудің, материал жінеақша қаражатарын неңұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу.
қаржы тәртіптерін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамасыз етіледі.
Оның органдары қаржылық бақылау комитеті,есеп комитеті және т.б. органдарды жатқызуға болады.
Бюджеттердің түрлерін атаңыз
Бюджеттік жүйе – мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын – бюджетті-қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен қатысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік қатынастар қосындысын жүйе деп түсіндіріледі.
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
— республикалық бюджет;
— облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
— аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталады.
Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттап жазыңыз
Мемлекеттің қаржысын басқару. Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойыншамемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары - Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономикалық даму және сауда министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технология министрлігінің Инвестиция жөніндегі комитеті басым инвестициялық жобалар бойынша инвесторлардың ұсыныстарын қарайды, оларды сараптау, тиімділігін анықтау, салықтық және кедендік преференциялардың мөлшерлері, іске асыру ұсыныстары, контракттарды дайындау жөнінде басқа мүдделі ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Сөйтіп, инвестициялық жобалар қаржылық ілеспемен, оларды іске асыру, жүзеге асыруға бақылаумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасында қаржыны басқару негізінен бюджет жүйесін және салық жүйесін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттік қаржыны мемлекеттік уәкілетті органдар - Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқарды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өзінің құзырына жатқызылғанқызмет саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Министрліктің негізгі міндеттерін және функцияларын жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен Қаржы министрігіне үлкен құқықтар берілген.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті, Қаржы мониторингі комитеті. Қаржы министрлігінің орталық аппаратында департаменттермаңызды орын алады.
Департаменттер мен комитеттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады. Бөлімдер басқармаларорындайтын функцияларды нақтылайды. Министрліктің құрылымында сондай-ақ Мемлекеттік сатып алуды үйлестіру басқарамасы және Ақпарат пен жұмылдыру жұмысын қорғау бөлімі бөлінген.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және облыстар, қалалар бойынша оған бағынышты аумақтық бөлімшелерден тұрады. Қазынашылық комитеті Қаржы министрлігінің құзыры шектерінде арнайы атқарушы және бақылау қадағалау функцияларын, сонымен бірге республикалық бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету, мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік мекемелерге есепқисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын мақсатты пайдаланылуына алдын ала және ағымдағы бақылау жасау жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Қаржылық бақылаудың субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін көрсетіңіз
Қаржы құқықтық қатынастар дегеніміз - қаржы құқықтық нормалармен реттелетін мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.Барлық қаржы құқықтық қатынастарға тән белгілер:
Бұл қатынастар мемлекеттің қаржы қызметі процесінде туындайды.
Міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.
Бұл қатынастар билікпен және бағынумен мінезделеді.
Матералдық қаржы құқықтық қатынастар ақша құрамдарының қозғалысын реттейді. Олар қозғалысың кімге, немесе кімнен қаражаттардың өтуіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Материалдық қаржы құқықтық қатынастарға келесі спецификалық белгілер жатады:
Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру немесе үлестірумен байланысты процестерді реттейді.
Объектісі болып ақша немесе ақщалай міндеттемелер болып табылады.
Мазмұны болып экономикалық қаржы қатынастар табылады.
Ұйымдастырушы қаржы құқық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін қалыптастыру, оның қаржы құрылымының қаржы саласындағы басқару органдар жүйесін қалыптастыру мемлекетік ақша қорларын қалыптастыру және үлестіру процестерін жоспарлауды ұйымдастыру, оларды пайдалануды ұйымдастыру, бақылауды реттейді.Ұйымдастырушы қаржы құқықтық қатынастар материалдық қаржы құқықтық қатынастардың дұрыс қызмет етуінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.Материалдық қаржы құқықтық қатынастарының объектісі болып ақша табылады. Ал, ұйымдастырушылықтың объектісі болып, мемлекетің қаржы қызметін жүргізу тәртібі болып табылады.
Бюджет кірістерінің құрылымын түсіндіріңіз
Бюджет кірістері – бұл өзіндік қоғамдық маңызы бар және мемлекет қызметінің қаржылық базасы болып саналатын, объективті келісілген категория.
Процесте оның жұмыс істеу материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне келіп түсетін, қаражаттар жиынтығы құралатын экономикалық қатынастар жүйесі мемлекеттік кірістер болып түсіндіріледі.
Мемлекеттік кірістерді қалыптастыру мемлекеттің белсенді қатысуы жағдайында жүзеге асырылады: ол таза кірістің үлесін, кәсіпорындар мен ұйымдарда қалдырылатын және бюджеттегі орталықтандыруды білдіреді, сондай-ақ халықтың жеке кірістерінің бір бөлігін және бюджеттің өзге қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістерді жіктеу мемлекеттік кірістердің экономикалық табиғатын, олардың құрамын және нысаналы бағытын, қалыптастыру принциптерін, яғни мемлекеттік кірістердің бүкіл жүйесін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қатысты мемлекеттік кірістер:
1. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың кірістерінен;
2. жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен:
3. халықтың салық төлемдерінен;
4. кооперативтік және ұжымдық ұйымдар мен кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5. қоғамдық ұйымдардың салық түсімдерінен қалыптасады.
Құралу аясына қатысты мемлекеттік кірістер:
материалдық өндіріс аясында қалыптасатын кірістерге;
өндірістік емес аяда құралатын кірістерге жіктеледі.
Салық түрлерін атаңыз
Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық»ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Салықтар: 1. Корпорациялық табыс салығы 2. Жеке табыс салығы 3. Қосылған құнға салынатын салық 4. Акциздер 5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері 6. Экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы 7. Әлеуметтік салық 8. Жер салығы 9. Көлік құралдарына салынатын салық 10. Мүлік салығы 11. ҚР жасалған келісім-шарттары бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі
Қарыз кепілдігін сипаттап жазыңыз
Банк кепілдігі - келісімшартты/ шартты қамтамасыз ету үлгісі, банк үшінші тараптың алдында клиенттің міндеттемелерін орындауға кепілдік береді. Контрагенттерге бір бірінің төлеу қабілеттігі белгілі болмаған және олар мәміле бойынша өз тәуекелдеріне шектеу қойғысы келген кезде, сол уақытта банк кепілдігіне қажеттілік туындайды.
Шағын бизнесті кредиттеу технологиясының негізінде қаржы қызметтерін ұсынуға халықаралық тәжірибесі бар. Бұл технологияның басты аспектісі — клиент бизнесінің нақты жағдайы туралы деректер негізінде жүргізілетін қарыз алушының кредитті төлеу қабілеттігіне қаржылық талдау жүргізу. Талдау жүргізу кезінде банктің қызметкері қажетті кеңес беріп, басқарушылық есептеменің бірдей үлгісін жасауға көмектесіп, дұрыс баға береді. Банк ВТБ (Қазақстан) кредит технологиялары кредитті төлеу қабілеттігін бағалап, қысқа мерзім ішінде банк кепілдігін ұсыну туралы шешім қабылдайды.
(I)Өнімнің мақсатты аудиториясы
Заңды тұлғаның құрылуынсыз қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар –шағын бизнестің субъектілері.
(ii)
(III)Банк кепілдігін алу шарттары
Негізгі қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі алты айдан кем емес;
Негізгі қызмет бойынша соңғы алты ай ішінде тұрақты ақша ағынының бар болуы (бизнестің ашық көрінген маусым кезінде - негізгі қызмет бойынша соңғы он екі ай ішінде тұрақты ақша ағынының бар болуы);
Қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы;
Ағымдағы шотқа өткен үш ай ішінде ұзақ (бес күн ішінде) картотеканың жоқтығы;
Соңғы алты ай ішінде банк шотына үшінші тұлғалардың ірі инкассалық талаптарын алу, үшінші тұлғалардың талаптары бойынша банк шоттарын оқшаулау немесе тыйым салу жағдайларының жоқтығы;
Жауапсыз қатысушылардың тізімінде мемлекеттік сатып алулардың жоқтығы.
ҚР ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (1925- ) 1925 ж. 29 маусымда[1] КСРО Мембанкінің Қазақ өлекелік кеңсесі[2] ашылды. ҚР Президентінің 2001 ж. 18 сәуірдеЖарлығымен [3] ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:
банктік және сақтық қадағалау департаменттері біртүтас банктік және сақтық қадағалау департаменті болып қайта құрылды;
әкімшілік департаменті шаруашылық басқармасы болып қайта құрылды;
құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы құрылды;
банктерді тарату процесін бақылау басқармасы банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) үйымдарын тарату процесін бақылау басқармасы болып құрылды;
қауіпсіздік қызметі басқармасы қауіпсіздік басқармасы болып қайта аталды ҚР Президентінің 2001 ж.
11 шілдедегі Жарлығымен[4] ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия таратылды, оның функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық Банкіне берілді. ҚР Президентінің 2001 ж. 21 тамыздағы Жарлығымен[5] ҚР Ұлттық Банкінің негізгі міндеттеріне бағалы қағаздар нарығының тұрақты қызмет етуіне жәрдемдесу, қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу міндеті жатқызылды. ҚР Президентінің 2002 ж. 17 мамырдағы Жарлығымен[6] ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қайта үйымдастырылды, оның жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ұлттық Банкіне берілді.
ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымына мынадай өзгертулер енгізілді:
төлем балансы және валюталық реттеу департаменті, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу департаменті, Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылды;
халықаралық қатынастар және көпшілікпен байланыс басқармасы халықаралық қатынастар басқармасы болып қайта құрылды; валюталық реттеу және бақылау басқармасы құрылымнан шығарылды.
Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттап жазыңыз
Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын кіріктірумен түсіндіріледі. Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлықтипімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Реалистік қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне негізделген.
2005 жылы бюджетті қалыптастырудан бастап, оны атқарумен және бақылаумен аяқтаудың барлық қаржылық рәсімдерін регламенттейтін бірыңғай заң - Бюджеттік кодекс күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа қағидаттары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидаттары,барлықденгейлербюджеттерініңкірісжәнешығысбөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді.
Сақтандыру қызметінің мемлекетік реттеп түсіндіріңіз
Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі 4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi
1. Сақтандыру – сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға басталған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қатынастар кешенiн білдіреді. 2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнесәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi. 3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.
