Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.

Қажылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің түрі ретінде есептелінеді, сондай-ақ экономикалық категория ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қаржыларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйкес жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: қаржылық қызметтің барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаржаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз ету; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекеттік емес шаруашылық субьекетілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою. Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымын екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қорларын қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз. Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттерін орындауларын тексеру жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органдардың іс-қимылдары болып табылады. Қаржылық бақылау мақсаты: 1)Қаржылық заңды бұзу фактілерін анықтау және қаржылық қызмет қатысушыларының өз міндеттерін дұрыс орындау фактілерін анықтау. 2)Кінәлілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту. 3)Қаржылық тәртіп бұзуды жою, яғни мемлекеттің қаржылық мүдделерін қорғау болып табылады және қаржылық қызмет қатысушылары өз міндеттерін толық қатаң сақтау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің маңызды бағыты және ол келесі элементтерден тұрады: Бақылау объектісі; Бақылау субъектісі; Бақылау пәні; Бақылау мақсаты; Бақылауды жүзеге асыру тәсілдері. Бұл элементтердің мазмұнын келесі сұрақтар бойынша шешуге болады. Кім тексереді? Кімді тексереді? Нені тексереді? Не үшін тексереді? Қалай тексеріледі? Қаржылық бақылау субъектілері тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес органдар мемлекеттің тапсырмасы бойынша жұмыс істейді. Қаржылық бақылау объектілері мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар, мемлкеттік емес заңды тұлғалар және жеке азаматтар. Бақылау пәні бұл бақылау объектісінің өз міндеттерін орындау кезіндегі іс-әрекеттері болып табылады. Ол бақылау обьектісімен анықталады. Қаржылық бақылау қатысушылары екіге бөлінеді: Басқару субьектісі және басқару обьектісі. Қаржылық бақылаудың негізгі обьектісі бұл шартты жүргізуші субьектілер және олар қаржылық бақылау сферасы қаржылық қызмет сферасымен байланысты. Қаржы заңдылығының орындалуын және қаржы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету құралдары: Құқық бұзушыларға қаржылық құқықтық санкцияларды қолдану; Азаматтарды қаржы органдарынан және заңды тұлғалардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту; Лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту; Қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]