Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.

Валюта (итальян сөзі, сөзбе – сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем - есеп айырысу айналымның каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. «Валюта» термині екі мағынада қолданылады: біріншіден, бұл мемлекеттің ақшалай бірлігі; екіншіден, бұл шет елдердің ақшалай бірліктері. Қаржылық қатынастарда және қаржы құқығында «валюта» термині жиі түрде екінші мағынада қолданылады. Валюта бағамдары - бұл елдің территориясында айналым тәртібі орнатылған қатынастағы бағамдар. Валюта бағамдарына: а) шетел валютасы; б) шетел валютаға бағалы қағаздар; в) бағалы металдар; г)табиғи бағалы тастар. Валюталық реттеу - бұл валюталық операциялар жасау тәртібін реттеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі. Валюталық реттеу процесінде осы реттеуді жүзеге асырылатын органдардың жүйесін өзгертеді. Валюталық құқықтық реттеу екі дәрежеде жүзеге асырылады: нормативті және индивидуалды. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета ) және қолма-қол емес формада (банктік шоттарда ақша қалдығы ) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер: ұлттық валюта; ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі турлі болуы: а)шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмаитын (тұйық) валюта; валюталық паритеттің бірдейләк ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысты. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР- арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралақ валютамен, бірақ алтын емес, анықталуы мүмкін 70- жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады.

12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.

Әлемдік валюта жүйесі – валюталық қатынастарды ұйымдастырудың және реттеудің мемлекетаралық келісіммен баянды етілген нысаны. Әлемдік валюта жүйесі атқарымының сипаты мен тұрақтылығы оның құрылымдық қағидатының дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына, күштердің орналасуына және жетекші елдердің мүдделеріне сәйкес келуі дәрежесіне байланысты. Осы шарттар өзгергенде Әлемдік валюта жүйесі дүркін - дүркін дағдарысқа ұшырап отырады. Әлемдік валюта жүйесі ғалами әлемдік шаруашылық мақсаттарды көздейді. Олар: халықаралық айналымды сенімді төлемдік және есептесу қаражатымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету; халықаралық валюталық қатынастардың біршама тұрақтылығын және валюталық тетіктің әлемдік шаруашылықтағы өзгерістерге және әлемдік орталықтар күштерінің ара салмағына икемділікпен бейімделу. Әлемдік валюта жүйесі ұлттық валюта жүйесімен тығыз байланысты. Әйтсе де ұлттық валюта жүйесінің Әлемдік валюта жүйесінен міндеттері, атқарым және реттеу қағидаты, жекелеген елдердің экономикасына және әлемдік шаруашылыққа ықпал етуі жағынан өзгешеленеді. Бұл байланыс пен айырмашылық олардың элементтерінде көрініс табады. Әлемдік валюта жүйесі алғаш рет 19 ғасырда өздігінен қалыптасып, 1867 ж Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заң жүзінде ресімделді. Онда алтын әлемдік ақшаның бірден бір нысаны деп танылды. Ұзаққа созылған валюталық аласапыраннан кейін 2 Әлемдік валюта жүйесі 1922 жылы Генуэ халықаралық экономика конференциясында үкіметаралық келісіммен ресімделді. 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Бруттен Вуд келісімі негізінде 3 Әлемдік валюта жүйесі құрылды. Бұл келісім Бреттен Вудтта өткен валюталық қаржылық конференцияда (1944 ж) қабылданды. Онда доллардың үстемдігіне негізделген долларлық стандарт бекітілді. Бреттен Вуд валюталық жүйесі әлемдік сауда мен өндірістің дамуына 25 жылдай септігін тигізді. Бұл жүйенің дағдарысы 1960 – 70 жылы басталды. Валюталық дағдарыстан шығу жолын ұзақ іздестіру нәтижесінде 1976 – 78 жылдары Ямайка валюталық жүйесі құрылды. 1999 ж Еуропа экономикалық қоғамдастығына мүше елдер аймақтық Еуропа валюталық жүйесін құрды. Ол Әлемдік валюта жүйесі нің құрамдас бөлігі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]