Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.

Валюта (итальян сөзі, сөзбе – сөз - құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем – есеп айырысу айналымның каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы. «Валюта» термині екі мағынада қолданылады: біріншіден, бұл мемлекеттің ақшалай бірлігі; екіншіден, бұл шет елдердің ақшалай бірліктері. Қаржылық қатынастарда және қаржы құқығында «валюта» термині жиі түрде екінші мағынада қолданылады. Валюта бағамдары - бұл елдің территориясында айналым тәртібі орнатылған қатынастағы бағамдар. Валюта бағамдарына: а) шетел валютасы; б) шетел валютаға бағалы қағаздар; в) бағалы металдар; г)табиғи бағалы тастар. Валюталық реттеу - бұл валюталық операциялар жасау тәртібін реттеуге бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі. Валюталық реттеу процесінде осы реттеуді жүзеге асырылатын органдардың жүйесін өзгертеді. Валюталық құқықтық реттеу екі дәрежеде жүзеге асырылады: нормативті және индивидуалды. Ұлттық валюта – елдің ақша бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттарда ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер: ұлттық валюта; ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі турлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмаитын (тұйық) валюта; валюталық паритеттің бірдейләк ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысты. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991 жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР-арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралақ валютамен, бірақ алтын емес, анықталуы мүмкін 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды. Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды. Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң. Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар: Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерге мемлекеттік қызметте жүргендер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай – ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]