- •1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.
- •2. Қаржының ұғымы мен мемлекеттік қаржының функцияларына сипаттама беріңіз.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашыңыз.
- •4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
- •5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
- •6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекше белгілерін атаңыз.
- •7. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •8. Ақшаның ұғымы және функцияларын атаңыз.
- •9. Мемлекеттің ақша реформаларын сипаттаңыз.
- •10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.
- •11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.
- •12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
- •13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.
- •15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.
- •16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
- •17. Қаржылық бақылаудың әдістерін атаңыз.
- •18. Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымына анықтама беріңіз.
- •19. Бюджет құрылымын ашыңыз.
- •20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.
- •21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
- •22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
- •23. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқаруды ашыңыз.
- •24. Қр бюджет құқығы ұғымына анықтама беріңіз.
- •25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
- •26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
- •27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
- •29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.
- •30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.
- •33. Бюджет кірістерінің құрамын ашыңыз.
- •34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.
- •35. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігін анықтаңыз.
- •36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.
- •37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
- •38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •40. Салық түрлерін атаңыз.
- •41. Салық функцияларын атаңыз.
- •42. Қр банк жүйесін сипаттаңыз.
- •43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
- •44. Қр ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз.
- •45. Екінші деңгейлі банктерінің құқықтық негіздерін ашыңыз.
4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
Қаржы құқығы - бұл мемлекеттік ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдалану процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңды нормалардың жиынтығы. Қаржылық құқық қаржы жүйесінің құрылымын орнықтырады. Қаржылық құқығының пәні болып ақша қорларын құру, қалыптастыру және пайдаланудағы мемлекеттің қызметі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады. Өз мазмұны бойынша бұл қатынастар түрліше болып келеді. Қаржы құқығының пәні болатын қоғамдық қатынастарды келесідей топтарға бөлуге болады: а) Қазақстан Республикасының субъектілері, атқарушы органдары арасында; б) қаржы және салық органдары арасында; в) мемлекеттік қаржылық несиелік органдар арасында; г) мемлекеттік және жергілікті ұйымдар арасында. Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғамдық қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастардың жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық құқықтың пәнінің, яғни қаржылық қатынастардың өздеріне тән айрықша белгілері болады. Қаржылық құқық, құқық саласы бола отырып, көптеген қаржылық құқықтық нормалардан тұрады. Осы біртұтас жүйесінің ішінде қаржылық құқық нормалар түрлі институттарға топтастырылады. Қаржылық құқықығының жүйесі - бұл қаржылық құқық қатынастардың объективті шартталған жүйесі. Қаржылық құқығының жүйесі екіге бөлінеді: жалпы және ерекше. Жалпы бөлімге мемлекеттің қаржы қызметінің құқықтық нысандары мен әдістерін бекітетін қаржы құқығының нормалары жатады. Жалпы бөлімнің нормалары ерекше бөлімде нақтыланады. Ерекше бөлім бірнеше бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдердің әрқайсысы қаржылық құқықтық нормалардың жиынтығын көрсетеді. Ерекше бөлімге топтастырылған нормалар келесідей саладағы қатынастарды реттейді. а) бюджет жүйесінің; б) мемлекттік қаржылардың; в) мемлекетттік және жергілікті пайдалардың; г) мемлекттік және жергілікті несиенің; д) банктік несиелердің; е) валюталық реттеудің. Қаржы құқығының жүйесінде ҚР қаржы жүйесі объективті экономикалық категория ретінде көрініс табады. Қаржылардың біртұтастығы жалпы бөлімде көрініс тапты. Қаржы құқығының қайнар көздері - бұл мемлекттік атқарушы билІк органдарының құқықтық актілері. Қаржы құқығынң басты қайнар көзі - ҚР Конституциясы онда мемлекеттің қаржы қызметін құқықтық ұйымдастыру негіздері бекітілген. Қаржы құқғының қайнар көздері құқықтық белгілері бойынша бірдей емес.Олардың арасында атқарушы билік органдарының,заңшығарушы органдарының актілері, министрліктердің қаулылары болады. Сонымен қатар қаржылық қатынастарды реттейтін ҚР Президенттің жарлықтары да жатады.
5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
Қаржы құқығында құқықтың бастапқы элементтері қаржы-құқық нормалары, яғни қаржы қатынастарындағы мемлекет белгілеген және мемлекеттік мәжбүрлеу шаралар арқылы қамтамасыз етілетін қатаң белгіленген тәртіп ережелері пайдаланылады. Сөйтіп, каржы-құқық нормаларының бұйрық сипатына тән. Олар кесімді түрде қойылған талаптардан тұрады да, қалай болса, солай өзгертуге жол қоймайды, қаржы-қатынастарын қатысушылардың қүқықтары мен міндеттерін дәл анықтайды. Қаржы-құқық нормалары міндетгеуші, тыйым салушы, өкілеттік беруші нормаларға бөлінеді, яғни қаржы-қатынастарына қатысушылардың белгілі бір іс-қимыл жасауға құқықтарын бекітіп береді. Сөйтіп, базистік қатынастар болып табылатын қаржы-қатынастары қаржы-құқық нормаларын пайдалану барысының қаржылық құқық қатынастарына айналады. Оған қатысушылар субъективті заң қүқылары мен міндеттері арқылы өзара байланыста болады, ал қатынастары мемлекеттің күшімен сақталады. Мемлекеттік органдар қаржы құқығы қатынастары қатысушылары кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар орындауға міндетті өкілеттіктерді иеленеді. Мемлекеттің қаржы құқығы қатынастарын жүргізетін органдар басқа қаржы қатынастарына қатысушыларға қатысты тек екім ғана жүргізіп қоймай, белгілі бір міндеттерді де өз мойындарына алады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қамқорлығына алынып, күштеу арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік күштеу әдістері, формалары арқылы шаруашылық жүргізудің нақты нөтижелеріне жеткізетін қаржы құқығы қатынастарын өзгерту қоғамның қаржы өмірін реттеудің қүқықтық механизмі, ал сан алуан қаржы құқығы нормалары мен актілері оның тұтқалары болып табылады. Сөйтіп, қаржы мен қүқық формалары мен әдістері экономикалық процестерге қаржылық құқықтық ықпал етудің біртұтас механизміне айналады. Қаржылық құқықтық реттеудің негізгі әдісі мемлекет тарапынан өкілеттігі бар қаржы қатынастарына қатысушылардың өктемдігі, басқа әдістері ұсыныстар, келісімдер. Қаржы міндеттемелерінің орындалуы, негізінен, азаматтар мен лауазымды адамдардың саналы келісімдері арқылы қамтамасыз етіледі. Қаржы міндеттемелерін орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға күштеу әдістері қолданылады: бюджетке уақтылы төленбеген төлемдер үшін айып пұлдары салынады. Қаржы-құқық нормаларын бұзғандарға айып салу-жауапкершілік шараларының бірі. Олар ақшалай салынып, нормаларды бұзғандарға қолданылатын тиісті шаралар болып табылады. Айыптар: айыпақы, пұрсатпұлы, қаржыландыруды немесе несие беруді доғару, процесті өсіру, үнемдемегені үшін тарифтерді көтеру т.б. Қаржы қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар белгілі бір қаржылық заң актілерін қабылдайды. Бұлар арқылы олар өздерінің өкілеттері шеңберінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, олардың шығындарын бақылау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейді және бұл қатынастарға қатысушыларды басқарады. Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады: 1.Мемлекетгік - өктем, императивтік әдіс; 2.Қаржылық - шартты, диспозитивтік әдіс. Мемлекет тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп, осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.
