- •1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.
- •2. Қаржының ұғымы мен мемлекеттік қаржының функцияларына сипаттама беріңіз.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашыңыз.
- •4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
- •5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
- •6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекше белгілерін атаңыз.
- •7. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •8. Ақшаның ұғымы және функцияларын атаңыз.
- •9. Мемлекеттің ақша реформаларын сипаттаңыз.
- •10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.
- •11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.
- •12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
- •13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.
- •15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.
- •16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
- •17. Қаржылық бақылаудың әдістерін атаңыз.
- •18. Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымына анықтама беріңіз.
- •19. Бюджет құрылымын ашыңыз.
- •20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.
- •21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
- •22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
- •23. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқаруды ашыңыз.
- •24. Қр бюджет құқығы ұғымына анықтама беріңіз.
- •25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
- •26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
- •27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
- •29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.
- •30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.
- •33. Бюджет кірістерінің құрамын ашыңыз.
- •34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.
- •35. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігін анықтаңыз.
- •36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.
- •37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
- •38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •40. Салық түрлерін атаңыз.
- •41. Салық функцияларын атаңыз.
- •42. Қр банк жүйесін сипаттаңыз.
- •43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
- •44. Қр ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз.
- •45. Екінші деңгейлі банктерінің құқықтық негіздерін ашыңыз.
43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады: заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу; банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу; заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу; кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау; аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау; есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт); заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру; заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу; сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару; клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анықтау; сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру; чек кітапшаларын шығару; бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау; ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепілхаттарды беру; үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру. Банктердің түрлері олардың құқықтық мәртебесі, құрылу тәртібі функциялануы және тоқтатылуы банктік және басқа да Қазақстан Республикасының банк саласындағы заңдылығымен анықталады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банк және банк әрекеті туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында мынадай банктердің түрлері бар: Мемлкеттік банк – Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі негізінде құрылған екінші дейгейдегі банк. Мемлкеттік банк Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы банк және банк әрекеті туралы» заң күші бар жарлығында белгіленген тәртіпке сәйкес әрекет етеді. Шетелдік қатысы бар банк – екінші деңгейлі банк, оның акцияларының үштен бірінің көбі мыналардың меншігінде немесе басқарылуында: Бұл банктер өзінің филиалдарын, өкілдіктерін Қазақстан Республикасының территориясында және одан тыс жерлерде аша алады. Банк қызметі «Қазақстан Республикасы банктері мен банк қызметі туралы» 31.08.1995ж заң күшіне енген жарлығына сәйкес банк операцияларын, сондай-ақ банктердің басқа операцияларды өткізу болып табылады. Заң күшіне енген 17.04.1995ж «Лицензиялау туралы» президенттің жарлығына сәйкес банк операциялары, банк заңдарына сәйкес басқа да операцияларды, валюталық операциялар заңына сәйкес шетел валютасы операцияларын, клирингтік және есептеу ұйымдар қызметін, банк қызметінің аудиторлық тексеруін жүзеге асыру міндетті түрде лицензиялауға жатады.
