Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.

Мемлекеттік баж – заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін мемлекеттік органдар алатын міндетті төлем. Кәсіпорын, ұйым, мекемелер және жекелеген азаматтардан және зандық маңызы бар құжаттарды беру үшін (талап арыз бен кассациялық шағымдарды, шарттарды, өсиеттерді, сенімхаттарды бекіту және т.б.) арнайы өкілеттелген мекемелердің олардан жинайтын ақшалай алымдары. Мемлекеттік баж салығы мыналардан алынады: сотқа шағым арыз берушілерден, ерекше өндіріс істері жөніндегі өтініш берушілерден, аппеляциялық арызданушылардар, атқарушы парақтың екінші нұсқасын беру бойынша соттың анықтауына байланысты жеке арыздан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштен, сонымен қатар аралық сот, шетел соты мен арбитраждардың шешімімен атқарушы парақтарды, құжаттар көшірмелерін (екінші нұсақасы) беруге байланысты өтініштерден; нотариалдық әрекеттер жасауға, сонымен қатар нотариуспен рәсімделген құжаттардың көшірмелерін беруге; азаматтық хал актілерін тірекуге, сонымен бірге азаматтарға екінші рет азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік пен азаматтық хал акті жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы мен қайта жасалуына байланысты куәліктерді беруге; шетелге шығу құқына және басқа мемлекет тұлғасын Қазақстан Республикасына шақыру құжаттарын рәсімдеуге, сонымен қатар сол құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге; Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқын білдіретін шетелдіктер паспорттарына немесе сол құжатты алмастыратын құжатқа виза беруге; Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы, Қазақстан Республикасы азаматтығын бекіту және Қазақстан Республикасында азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды рәсімдеуге; тұрғылықты жерін ауыстыруға; аң аулау құқына рұқсат беруге; жоғалу қаупінде тұрған аңдардың сирек кездесетін түрлері мен бекіре тұқымдас балықтарды, сонымен қатар олардың бөліктері мен дериваттарын әкелуге және шығаруға рұқсат беруге; жеке басын куәландыратын құжаттар беруге; сәйкес құжаттар берілгенге дейін қарулар мен олардың оқтарын сақтауға және алып жүруге, көлікке тиеуге, Қазақстан Республикасы территориясына әкелуге рұқсат беруге; сәйкес құжаттар берілгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың азаматтық, қызметтік қаруларының әрбір бірлігін тіркеу және қайта тіркеу үшін (аңшылық суық қару, сигналдық, отпен атылатын қару, механикалық шаңдатқыш, жас шығаратын немесе тітіркендіретін заттармен оқталған аэрозольдік және басқа да құрылғылар, 7,5 Дж екпінді энергиялық және 4,5 мм дейінгі калибрлі пневматикалық қарулар); Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық келісім-шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға апостиль қоюға; жүргізуші куәлігі, тракторист-машинист куәлігі, механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беруге, сәйкес құжаттар бергенге дейін мемлекеттік тіркеу номерлері мен мемлекеттік тіркелген номер белгілерін беруге; Кодекстің 499-1 бабында қарастырылғандай зияткерлік меншігі аясындағы өкілетті органның заңдық маңызы бар әрекеттер жасағаны үшін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]