- •1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.
- •2. Қаржының ұғымы мен мемлекеттік қаржының функцияларына сипаттама беріңіз.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашыңыз.
- •4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
- •5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
- •6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекше белгілерін атаңыз.
- •7. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •8. Ақшаның ұғымы және функцияларын атаңыз.
- •9. Мемлекеттің ақша реформаларын сипаттаңыз.
- •10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.
- •11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.
- •12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
- •13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.
- •15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.
- •16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
- •17. Қаржылық бақылаудың әдістерін атаңыз.
- •18. Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымына анықтама беріңіз.
- •19. Бюджет құрылымын ашыңыз.
- •20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.
- •21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
- •22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
- •23. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқаруды ашыңыз.
- •24. Қр бюджет құқығы ұғымына анықтама беріңіз.
- •25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
- •26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
- •27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
- •29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.
- •30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.
- •33. Бюджет кірістерінің құрамын ашыңыз.
- •34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.
- •35. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігін анықтаңыз.
- •36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.
- •37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
- •38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •40. Салық түрлерін атаңыз.
- •41. Салық функцияларын атаңыз.
- •42. Қр банк жүйесін сипаттаңыз.
- •43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
- •44. Қр ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз.
- •45. Екінші деңгейлі банктерінің құқықтық негіздерін ашыңыз.
37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
Мемлекеттің бюджет жүйесін қалыптастырушы міндетті төлемдер - салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б. жинақтап айтқанда салықтар болып есептелінеді. Салық дегеніміз - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде Республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті орган алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем. Салықтар эконмикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық-құқықтық құбылысы болып табылады. Осыған сәйкес салықтардың келесідей белгілерін атап өтуге болады: Салықтардың материалдық белгісі ретінде салық төлеушінің мемлекетке беруге қажетті ақша түріндегі салықтар - белгілі ақша сомасы, заттай салық түрінде ортақ белгілерімен айқындалған белгілі бір заттардың көлемі. Салықтардың заңи белгілері төмендегідей: біржақты-өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем; тек құқықтық нысанда болатын төлем; заң жүзінде белгіленген төлем; мәжбүрлі төлем; салық міндетті төлем болып табылады; салықты төлеу заңи міндет болуы; өте тұрақты қаржылық міндеттемелер туындататын төлем; құқыққа сай төлем; жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем; салық төлеуде мемлекеттік бақылаудың болуы. Экономикалық белгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады: мемлекетің салықтық құқығына сай мәжбүлеп алына отырып, бюджет жүйесінің мызғымас материалдық негізін құрайтын төлем; қайтарылмайтын төлем; жекелей-эквивалентсіз төлем; мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем; мөлшері алдын-ала айқындалған төлем; қатаң белгілі мерзімде жүзеге асырылатын төлем; салық-салу объектілерінің болуы; белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем; ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем; мемлекеттің кірісін қалыптастыратын төлем; меншік нысанының әрқашан мемлекеттік меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем; қоғамдағы бөлу және қайта бөлу қатынастарын бідіретін экономикалық категория.
38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
Алымдар дегеніміз - мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өтінуші-келуші белгілі бір тұлғаларға белгілі бір көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты-бағдарлы, біршама-эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлем. Қазақстан Республикасында алымдардың мынадай түрлері алынады: Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым; жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмлелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; Радиоэлектрондық құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым; Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым; Дәрі-дәрмек құралдарын мемлкеттік тіркегені үшін алым; Автокөлік құралдарының Қазақстан республикасының аумағы арқылы жүріп өткені үшін алымы; Аукциондардан алынатын алым; Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым. Баж - арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші- келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер. Қазақстан Республикасында мына келесідей кедендік баждар мен міндетті төлемдер алынады: Мемлекеттік баж; Кедендік баж; Кеден алымдары; Алдын-ала шешім қабылдағаны үшін төлемақы; Алымдар; Төлемақы. Төлемақы - мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын, кейде басқаша сипатта пайдаланылатын белгілі бір объектілерді, не болмаса соларға байланысты рұқсаттарды және құқықтарды бергені үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама-эквивалентті, міндетті ақшалай төлем. Қазақстан Республикасында мына келесідей төлемақылар алынады: Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы; Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы; Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы; Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы.
