Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.

Салықтар мемлекет пен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады. Салықтар адамзат өркениетінің бастапқы кезеңдерінде пайда болған болатын. Көне Үндістанда «Ману заңдарында»: «шалынған құрбандықты өзіне, яғни құрбандыққа шалынған мал-мүліктерді өзіне тек брахмандар ала алады.» деп белгіленген. Ал патшаға жне басқада басқарушыларға байланысты сол «Ману заңдарында»: «Патша жыл сайын елде тұратын бұқара халықты дербес кәсіппен айналысуға мәжбүр етсін және оларды салық деп аталатын төлемді төлеуге мәжбүрленсін» деп көрсетілген. Көне Римдегі салықтар цензус деп аталған. Ценздер әрбір бес жылдың көлемінде азаматтардың мүліктеріне сәйкес белгіленіп алынған. Кейде салықтар мен баждардан және жерді жалға беруден түскен қала шараушылығына кететін шығындарды жаппаған жағдайда, тек қалада тұратын азаматтардан «мунира» деп аталатын салық алынған. Мунирамен бірге мемлекеттік салық «трибутумды» төлеу рим азаматтарының борышы әрі міндеті болған. Римдегі негізгі салықтардың бірі жер салығы «анона» болған. Оның төлемдері ауылшаруашылығы өнімдері түрінде алынған. Қазақстанда да өз заманына сай салық жүйесі болғандығын дәлелдейтін «Ұлы Жібек жолы» мен өркендеп дамыған қамал –қалалар «Сығанақ», «Отырар», «Тараз», «Мерке» және басқада қамал-қалалар жөніндегі мағлұматтарды жатқызуға болады. Кезінде салық салу мәселелеріне қатысты аса зор үлесін қосқан құқықтық дерек көзі ретінде Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысын» айтуға болады. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Мемлекеттің бюджет жүйесін қалыптастырушы міндетті төлемдер - салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б. жинақтап айтқанда салықтар болып есептелінеді. Салық дегеніміз - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімдерде Республикалық немесе жергілікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті орган алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем. Салықтар эконмикалық және әлеуметтік-саяси қатынастарды өзінің бойында жинақтаушы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық-құқықтық құбылысы болып табылады. Осыған сәйкес салықтардың келесідей белгілерін атап өтуге болады: Салықтардың материалдық белгісі ретінде салық төлеушінің мемлекетке беруге қажетті ақша түріндегі салықтар - белгілі ақша сомасы, заттай салық түрінде ортақ белгілерімен айқындалған белгілі бір заттардың көлемі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]