Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің түсімдері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жекелеген кезеңдерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: түсімдер мемлекетті қажетті ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржылық активтерді сатып алу, қарыздарды өтеу болып табылады. Түсімдер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы накты әлеуметтік- экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатты жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл ретте мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың колайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады. Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады және мынадай бөлімдерден тұрады: кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері; шығындар; таза бюджеттік кредиттеу; бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу; қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо: қаржылық активтерді сатып алу; мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер; бюджет тапшылығы (профициті); бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі;қарыздарды өтеу;бюджеттік қаражаттардың пайдаланылатын қалдықтары. Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. Қарыздарды өтеуді қоспағанда, республикалық бюджет шығыстарын шегергендігі республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздық түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры трансферттерінің түсімдерін есептемегенде, республикалық бюджеттік түсімдердің сомасына тең. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық максаттарда пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайлық емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайлық емес секторын нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері ұзақ мерзімді кезеңде кемітілуге тиіс. Кестеден көрініп түрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғысынша қосылған құн салығы мен қорпоративтік табыс салығы болып табылады. Бюджет кірістерінің басқа көзі - салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері. Кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджеттік түсшдер болып табылады. Бюджеттің кірістері салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер болып табылады. Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]