Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_arzhy__1179__1201__1179_y_1171_y.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.02 Кб
Скачать

29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.

Бюджет саласындағы басқару бюджет саласындағы мемлекеттік органдардың құзіреті және оларды іске асыру бойынша әкімшілік аумақтық бөліністер құзыретін анықтайтын құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Бюджет саласындағы басқару бойынша ҚР Президенті мемлекеттің бюджеттік саясатын анықтай отырып, соған сәйкес жолдау арқылы жүзеге асырады, төтенше бюджет енгізеді; ҚР Парламенті ҚР бюджет жүйесінанықтайды, республикалық бюджет және оның есебін талқылап бекітеді, мемлеккеттік салықтар мен алымдарды анықтап, мемлекеттік заем туралы сұрақтарды шешеді; ҚР Үкіметі Парламентке республикалық бюджет жобасын әзірлеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді, республикалық бюджет бағдарламаларын жасайды; ҚР министрліктері (ведомстволары) республикалық бюджет бағдарламаларының администраторы ретінде қатысады; Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет саясатын салық және ақша-несие саясатымен байланыстырып іске асыруға қатысады, мемлекеттік және кепіл берілген қарыздардың мониторингі және басқаруды іске асырады; ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі бюджетке міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді. Әкімшілік аумақтық бөліністе маслихат әкімдер ұсынған жергілікті бюджет жобасын қарап, бекітеді, оның орындалуы мен есебін бекітеді; Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет жобасын жасайды, орындалуын қаматамасыз етеді. Әрбір бюджет табыстар мен шығыстардан құралады. Бюджет жүйесінің табыстарының құрамын заңды және жеке тұлғалар төлейтін әртүрлі төлемдерден құралады.

30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау,кедендік бақылау және т.б.болып ажыратылады. Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынадай түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты,соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау,бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.

32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.

1996 жылы Ұлттық банктің есеп айыру-кассалық орталықтарының базасында Республикалык Бюджеттік Банк құрылын, сол арқылы республикалық бюджетті атқару мен жергілікті бюджеттерге есеп айыру-кассалық қызмет көрсету толығымен Қазынашылыққа ауысты. Сол жылы ¥лттық банкте республикалық бюджет үшін Бірыңғай қазыналық шот пен екінші деңгейдегі банктерде қазынашылықтың аумақтық органдарының корреспонденттік шоттары ашылды. Осы шоттар арқылы қазынашылық органдар бюджетті атқару жөніндегі банктік операциялар мен қолма-қол ақша төлеумен байланысты операцияларды жүргізу бойынша өз өкілдіктерін іске асырады. Жергілікті бюджет бойынша қаржыландырудың бекітілген жиынтық жоспарының бір данасын жергілікті уәкілетті орган оны бекіткеннен кейін екі жүмыс күні ішінде қазынашылықтың аумақтық органына үсынады. Бұл құжатты уақытында тапсыруына жауапкершілікті болатын тиісті жергілікті уәкілетті орган басшысы. Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сол мекеменің міндеттемелері мен төлемдерін қаржыландыру жоспарын бекітілген, қол қойылған, мөрмен расталған түрде қазынашылықтың аумақтық органына тапсырады. Заңнамаларға сәйкес бұл құжаты уақытында тапсырмаған үшін жауапкершілік тиісті мемлекеттік мекеменің басшысына жүктеледі. Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісті қаржы жылы анықтау мен атқару процесі барысында оларды қаржыландырудың жиынтық жоспарына езгерістер енгізу ҚР заңдарының, Президент жарлықтарының, ағымдағы жылда қабылданған Үкімет өкімдерінің, жергілікті өкімдік және атқарушы органдар актілерінің және тағы басқа тиісті қаржы жылы қабылданған және сол жылғы бюджеттерге қатынасы бар номативтік құқықтық актілердің негізінде іске асырылады. Республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері рүқсат ету берілген бірақ та пайдаланбаған қалдықтарды қайта үлестіру бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің анықтамасы негізінде мемлекеттік мекемелерге олардың бюджет құралдарын мақсатты пайдаланбаған үшін қолданатын санкцияяар есебімен жүзеге асырынады. Республикалық бюджетті атқару женіндегі орталық уәкілетті орган өткен қаржы жылғы республикалық бюджетті атқару бойынша жылдық есепті ҚР Үкіметіне, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органына ұсынады. Бұл республикалық бюджетті атқару жөніндегі жылдық есеп беру бекітілген, анықталған, түзетілген республикалық бюджетті және оның кассалық атқаруын көрсетуі тиіс. Есепке қосымша ретінде түсіндірме хат және бюджеттің түсімдері бойынша атқаруы мен республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мен олардың тиімділігінің бағалауы жөнінде аналитикалық есеп қоса тіркеледі. ҚР Үкіметінің Парламент пен Есеп комитетіне ұсынған өткен қаржы жылғы республикалық бюдокетті атқару жөніндегі жылдық есеп Мәжіліс пен Сенатта Есеп комитетінің тұжырымын алғаннан кейін қаралып, Парламент палаталарының бірлескея отырысында бекітіледі. Ал облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан және облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерін атқару жөніндегі есептер Бюджет кодексында белгіленген тәртіппен тиісті Маслихаттар сессияларында қаралып бекітіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]