- •1. Мемлекеттің қаржылық қызметін атаңыз.
- •2. Қаржының ұғымы мен мемлекеттік қаржының функцияларына сипаттама беріңіз.
- •3. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістерін ашыңыз.
- •4. Қаржылық құқық, пәні және жүйесі, құқықтық әдістеріне анықтама беріңіз.
- •5. Қаржылық құқықтық нормалардың түсінігі, түрлері және құрылымын сипаттаңыз.
- •6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекше белгілерін атаңыз.
- •7. Мемлекеттің ақша жүйесінің құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •8. Ақшаның ұғымы және функцияларын атаңыз.
- •9. Мемлекеттің ақша реформаларын сипаттаңыз.
- •10. Мемлекеттің валюта жүйесінің құқықтық негіздерін ашып көрсетіңіз.
- •11. Валюта реттеудің ұғымына анықтама беріңіз.
- •12. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдерін сипаттап көрсетіңіз.
- •13. Қаржылық бақылаудың құқықтық негіздеріне сипаттама беріңіз.
- •14. Қаржылық бақылаудың ұғымы, субьектілері, обьектілері, міндеттері, әдістерін атаңыз.
- •15. Қаржылық бақылаудың жіктелуін жазыңыз.
- •16. Қаржылық бақылау органдары және олардың компетенциясын ашыңыз.
- •17. Қаржылық бақылаудың әдістерін атаңыз.
- •18. Қаржылық бақылаудың әдістерінің ұғымына анықтама беріңіз.
- •19. Бюджет құрылымын ашыңыз.
- •20. Бюджеттің ұғымы және бюджет терминінің мағынасына анықтама беріңіз.
- •21. Бюджеттердің түрлерін атаңыз.
- •22. Бюджет жүйесі және оның құрылымын сипаттаңыз.
- •23. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқаруды ашыңыз.
- •24. Қр бюджет құқығы ұғымына анықтама беріңіз.
- •25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
- •26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
- •27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
- •29. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын атаңыз.
- •30. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларына сипаттама беріңіз.
- •32. Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын құрастыруды сипаттаңыз.
- •33. Бюджет кірістерінің құрамын ашыңыз.
- •34. Бюджет кірістерінің құрылымына сипаттама беріңіз.
- •35. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау реттігін анықтаңыз.
- •36. Салықтың ұғымына анықтама беріңіз.
- •37. Салықтардың белгілерін атаңыз.
- •38. Мемлекеттік алымдардың баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •39. Мемлекеттік баж салығының ұғымына анықтама беріңіз.
- •40. Салық түрлерін атаңыз.
- •41. Салық функцияларын атаңыз.
- •42. Қр банк жүйесін сипаттаңыз.
- •43. Банк қызметін мемлекеттік реттеуді сипаттап көрсетіңіз.
- •44. Қр ұлттық банк ісінің құқықтық жағдайын атаңыз.
- •45. Екінші деңгейлі банктерінің құқықтық негіздерін ашыңыз.
25. Бюджеттік саласындағы басқару органдарын сипаттаңыз.
Бюджет саласындағы басқару бюджет саласындағы мемлекеттік органдардың құзіреті және оларды іске асыру бойынша әкімшілік аумақтық бөліністер құзыретін анықтайтын құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Бюджет саласындағы басқару бойынша ҚР Президенті мемлекеттің бюджеттік саясатын анықтай отырып, соған сәйкес жолдау арқылы жүзеге асырады, төтенше бюджет енгізеді; ҚР Парламенті ҚР бюджет жүйесінанықтайды, республикалық бюджет және оның есебін талқылап бекітеді, мемлеккеттік салықтар мен алымдарды анықтап, мемлекеттік заем туралы сұрақтарды шешеді; ҚР Үкіметі Парламентке республикалық бюджет жобасын әзірлеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді, республикалық бюджет бағдарламаларын жасайды; ҚР министрліктері (ведомстволары) республикалық бюджет бағдарламаларының администраторы ретінде қатысады; Қаржы министрлігі мемлекеттік бюджет саясатын салық және ақша-несие саясатымен байланыстырып іске асыруға қатысады, мемлекеттік және кепіл берілген қарыздардың мониторингі және басқаруды іске асырады; ҚР мемлекеттік кіріс министрлігі бюджетке міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етеді. Әкімшілік аумақтық бөліністе маслихат әкімдер ұсынған жергілікті бюджет жобасын қарап, бекітеді, оның орындалуы мен есебін бекітеді; Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет жобасын жасайды, орындалуын қаматамасыз етеді. Әрбір бюджет табыстар мен шығыстардан құралады. Бюджет жүйесінің табыстарының құрамын заңды және жеке тұлғалар төлейтін әртүрлі төлемдерден құралады.
26. Бюджеттік бақылаудың түрлері, қағидаларын атаңыз.
Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау,кедендік бақылау және т.б.болып ажыратылады. Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынадай түрлерін кірістіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты,соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау,бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсауын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
27. Бюджет процесінің ұғымы, қағидалары, сатыларын сипаттаңыз.
Бюджет процесі бюджет жобасын әзірлеу, қарау, бекіту, орындалуын, оған бақылау және орындалуы туралы есепті бекіту бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың регламенттелген заңды қызметі болып табылады. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ҚР үкіметіне жүктелген, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын жасау үшін, Қазақстан Республикасының Президенті бюджет комиссиясын құрады, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспарының өлшемдері негізінде мынадай бюджеттік көрсеткіштерді: - республикалық бюджетке, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдердің көлемін, арнайы экономикалық аймақтардың қаржылық қорларын (бюджеттерін); - бюджеттік бағдарламалардың функционалдық топтары мен әкімшілері бойынша республикалық бюджеттің шығыстары мен кредиттендірілуінің лимиттерін; - республикалық бюджет тапшылығының (профицитінің) мөлшерін; - облыстар бөлігіндегі жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимитін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне еңгізеді. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері лимиттердің шегінде Қаржы министірлігі бекіткен нысан бойынша өздерінің бюджеттік бағдарламаларын Қаржы министірлігіне енгізеді. Республикалық бюджетті қарау және бекіту ҚР Парламентімен жүзеге асырылады. Республикалық бюджет туралы заң жобасы Үкіметпен Парламентке 15 қыркүйектен кешіктірілмей берілуі тиіс. Ол әуелі Мәжіліс, содан соң Сенатта қаралады. Ал республикалық бюджетті бекіту Палаталардың бірлескен отырысында жүзеге асырылады.15 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі. Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады. Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады: 1) кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер; ресми трансферттер түсімдері; 2) шығындар; 3) операциялық сальдо; 4) таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо: қаржы активтерін сатып алу; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер; 6) бюджет тапшылығы (профицит!); 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): қарыздар түсімі; қарыздарды өтеу; бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
